kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

О?ушыларды? сыныптан тыс спорт секциясына ?атысуыны? дене шыны?тыру саба?ына ?сері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Дене шыны?тыру п?нінен сыныптан тыс ж?ргізетін секциялы? ж?мысты? о?ушыларды? денсаулы?ы мен физикалы? саулы?ына ?сері туралы айтыл?ан ж?не жеке т?жірибемні? ?ортындысымен б?лісемін.  Дене шыны?тыру п?ніні? м??алімдеріне ?дістемелік к?мек ретінде ?олдану?а ?те тиімді. Зерттеу волейбол секциясына баратын о?ушылар мен спорт секциясына бармайтын о?ушылар арасында ж?ргізілді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«О?ушыларды? сыныптан тыс спорт секциясына ?атысуыны? дене шыны?тыру саба?ына ?сері»


Бұқар жырау ауданы, Үштөбе орта мектебінің

дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Кусаинов Тулетай Мантаевич



























Оқушылардың сыныптан тыс спорт секциясына қатысуының

дене шынықтыру сабағына әсері

Дене тәрбиесін жүзеге асыру-денсаулықты нығайту, білім беру, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін шешуге арналған педогогикалық жұмыстардың бірі бола отырып, жеке тұлғаның денсаулық деңгейін арттыру, табиғи күш-қуатын нығайту, дене мүшелерін гигиеналық негіздері мен дене қозғалыс қабілеті мүмкүндіктеріне сай, өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап, өзін өзі үнемі дамытып, көңілді де сергек жүруге баулиды. Өзін сергек ұстауға басты шарт өз бетіңмен жаттығулар жасау немесе спорт үйірмелеріне қатысу, мектепте кез-келген спорт түрінен өткізілетін үйірмелердің оқушылардың физикалық дамуына және спорттық әр түрлі дағдыларды қалыптастыруға қосатын үлесі зор. Үйірмеге қабылданған оқушылар жастарына сәйкес әр түрлі топтарға бөлінеді. Әр топтың жас ерекшеліктеріне қарай берілетін жүктемелер де әр түрлі болуы қажет.

Мысалы, волейбол үйірмесінде 10-11 жастағы балаларға негізінен қимыл ойындары орта, баяу жылдамдықтағы қозғалыс жаттығулары көбірек берілсе, 13-15 жастағы балаларға бұлшық еттердің күшейуіне арналған гантель, ауырлау тығыз доптармен, турникте, брусьяда көбірек жұмыс істеу қажет. Жаттығулар дұрыс берілмеген жағдайда балалар тез шаршайтын болады, жалығады, қажиды. Үйірмеге қатысатын және қатыспайтын балалардың арасында жыл өткен сайын физикалық жағынан, дене бұлшық еттерінің жетілуі жалпы организімнің өсуі жағынан айырмашылық көбейе береді.

Ең қарапайым олардың жеңіл атлетикадағы көрсеткіштерін алып қарауға болады.

Мысалы, 7-сынып оқитын оқушының (үйірмеге қатыспайтын) 30 м жүгіріп, уақыты 6 сыныптағына қарағанда 0,25-0,35 сек өседі, ал үйірмеге қатысатын оқушының нәтижесі 0,75-0,80 сек шамасында.

Орнынан ұзындыққа секіруде: біріншісі 10-15 см болса

екіншісі 25-30 см болды

Орта және алыс қашықтыққа жүгіруде бұл көрсеткіштер тіптен алшақтай түседі. Өйткені орта және алыс қашықтық шыдамдылықты, күшті, дұрыс тыныс алуды, төзімділікті қажет етеді. Үйірмеге қатысатын оқушылардың бұлшық еттері, төзімділігі мен жылдамдығы әлдеқайда жоғары. Қан айналуы жүрек соғысы да дұрыс деңгейде және өкпе оттегін жеткілікті мөлшерде қабылдайды, сондықтан қан оттекпен көбірек байып адам шаршамайды.

Үйірмеге қатыспайтын оқушылар алғашқы 400-500 метрден кейін болдыра бастайды, өйткені бұл жерде тек аяқ бұлшық еттері мен тыныс алу органдары ғана кінәлі емес, адамнның бұндай жүктемеге ағзаның 70% дайын еместігі.

Жалпы кез-келген спорт түрінде тек 2-3 арнаулы жаттығулар, әдістер болмайды, спорттың барлық түріне келе беретін жаттығулар мен жүктемелер бар, сондықтан төменгі сыныптан бастап кез келген үйірмеледе: жүгіру, секіру, жарысу, эстафеталық ойын тәрізді жаттығуларын пайдалану қажет.

Мысалы, өзім волейбол үйірмесі мен футбол, баскетбол үйірмесіне қабылданған балаларды 6-8 ай бірге жаттықтырамын. Бұл спорт түрлерінің 60%-70% жаттығулары бір-біріне өте жақын. Мысалы: жүгіру баріне ортақ. Баскетболда қол, аяқ қимылы, күш және мықты шапшаңдық қажет болса, футболда аяқ қозғалысы, баспен ойлау және күшке жұмыс жасау керек.

Ал волейболда ойыншының жылдам қабылдау реакциясы, тез арада бағыт пен қозғалыс жылдамдығын ауыстыру, секіру қабілеттерін дамытып, жүрек-қан тамыр және демалу жүйелерінің жұмысын жақсартады. сонымен бірге, сүйек жүйесін де нығайтады. Буын қозғалысының қимылын, есту реакцияларын дамытады. Бұлшық еттің күші мен созылғыштығын, көздің көру қабілетін күшейтеді.Мұның бәрі қажет оқушы денсаулығына өте қажет, сондықтан әр жаттығуда олар бірін-бірі толықтырып отырады.

Үйірме жұмыстарын шама келгенше далада табиғаттқа жақын өткізген жөн. Бұл балалардың шыдамды, төзімді болуына, бұлшық еттерінің сіңірленуіне әсерін тигізеді. Футбол үйірмесінің командасын 20 күн бойы газонда жаттықтырдым, ал волейбол үйірмесінің командасын даладағы үлкен алаңда ойнаттым.

Енді осы екі команданы үлкен жасыл алаңда ойнатқанда бірінші 25 минутта футболшылар ұтып жатты, ал екінші 25 минутта олар шаршап қалды, керісінше волейбол командасы жылдамдық қосып ұтып кетті.

Бұдан шығатын қортынды - кортта доп алысқа кетпейді және алаң кіші балалар адымын ашып қатты жылдамдықпен көп жүгірмейді, қысқа пастармен, аз қозғалыспен жүргендіктен олардың физикалық деңгейлері аса жоғары емес.

Керісінше волейболшылар қатты алаңда аяқ сіңірлерін бәрін күшейтіп 30-40 метр қатты екпіндермен жүгіріп, аса алшақ ойнағаннан тыныс алуы да, күш деңгейлері де өте жақсы жағдайда болды.

Қысқы күндерінде де далада өткізген жаттығулардың да пайдасы зор. Таза ауа жылы ауыға қарағанда ауыр болғандықтан, тыныс алу мүшелеріне көбірек қысым түсіп шынығады.

Қорыта айтқанда, өз тәжірибеммен үйірме жұмыстары балалардың денсаулығын күшейтіп қана қоймай, ойлау қабілетінің де дамуы, арқашанда алға ұмтылу, қиындықтарды жеңу, жігер, күш сияқты қасиеттерді қалыптастырады.

Волейболмен үнемі аналсыу тек қоғалыс пен қимылды ғана дамытып қоймай, қоғамдағы оқушының тұлға болып қалыптасуы мен салауатты өмір салтын сақтауға, баланың әлеуметтенуіне зор ықпал етеді.



Жеңіл атлетикада оқушылардың көрсеткіштерін салыстырмалы

түрде талдау нәтижесі.

9 «А» сынып


Әр түрлі спорт үйірмелеріне қатысатын оқушылар

Спорт үйірмелеріне қатыспайтын оқушылар




Аты, фамилиясы



30 м


Ұзындыққа секіру м

Жоғарғы кермеде тартылу






Аты,

фамилиясы



30 м


Ұзындыққа секіру м

Жоғарғы кермеде тартылу

Төменгі кермеде тартылу

Төменгі кермеде тартылу

1

Зейнуллинов Асхат

5,74 сек

460

15

1

Казкенов Нұрдаулет

6,34

сек

370

6

2

Жуматов Ернур

5,81 сек

445

13

2

Мағаз Қуат

6,30

сек

380

9

3

Жамахан Асанәлі

6,00 сек

410

10

3

Омарова Айтолқын

6,36

сек

350

6

4

Кабашева Тоты

6,70 сек

310

16

4

Тұрсынханова Алуа

7,42

сек

260

10

5

Әлсейт Аида

6,74 сек

315

15

5

Сыздықов Санжар

7,14

сек

225

9










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
О?ушыларды? сыныптан тыс спорт секциясына ?атысуыны? дене шыны?тыру саба?ына ?сері

Автор: Кусаинов Тулетай Мантаевич

Дата: 15.02.2016

Номер свидетельства: 293790


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства