1. 2. 3. | Ұйымдастыру бөлімі. 1. 1.Сапқа тұрғызу, сәлемдесу, рапорт. 2.Оқушыларды түгендеу. 3.Сабақ мазмұнын хабарлау. 4.Саппен жаттығулар жасау. Оңға, солға, артқа бұрылту. 5.Жеңіл жүгіріс. 6.Жалпы дамыту жаттығулары орнында 1. БҚ аяқ алшақ, қол белде мойынымызды 4 санға алға, оңға, артқа, солға айналдырамыз. 2. БҚ аяқ алшақ, қол белде мойынымызды 4 санға оңға, 4 санға солға айналдырамыз. 3. БҚ қолдың басын, шынтақты, иықты 4 сан алдыға және артқа айналдыру. 4. БҚ қолды кеуде алдына ұстап 1-2 санына жартылай, 3-4 санына толық жазамыз. 5.БҚ оң қол жоғары, сол қол төменде 1-2, 3-4 санына қолды ауыстыра сермейміз. 6. БҚ аяқ алшақ, денені сәл алға еңкейтеміз қол жанда созулы 1-2 санына оң қолды сол аяққа, 3-4 санына сол қолды оң аяққа тигіземіз. 7. БҚ аяқ алшақ, қол белде, белімізді айналдырамыз. 8. БҚ аяқ алшақ қолды құлыпта ұстап алдыға, артқа соза айналдырамыз. 9. БҚ аяқ алшақ, оң қол белде, сол қол жоғары көтерулі 1-2 санына оңға, 3-4 санына қолды ауыстырып солға иілеміз. 10. Аяқ алшақ алдыға еңкейіп 1 санына оң аяқ, 2 санына орта, 3 санына сол аяқ, 4 санына денені түзу ұстаймыз. 11. БҚ аяқ алшақ, 1-2 санына оң аяққа отырамыз, сол аяқты созамыз, 3-4 санына аяқты ауыстырып отырамыз 12. БҚ қолды алдыға созып отырып тұру. Негізгі бөлімі. Оқушыларды қыздар бөлек, ұлдар бөлек екі топқа бөлеміз. Орындалатын жаттығуларды түсіндіріп, көрсету. Ұлдар: Бөренеге қолдың күшімен секіріп шығу. Қолды жанға созып, аяқтың ұшымен бөренеде жүру, артқа бұрылу, бір аяқты созып отыру. Секіріп түсу. Қарлығаш кейпіне келу. Қыздар: Бөренеге көмекші көмегімен секіріп шығу. Қолды жанға созып, аяқтың ұшымен бөренеде жүру, артқа бұрылу, бір аяқты созып отыру. Қарлығаш кейпіне келу. Секіріп түсу. Арқанға шығу:Ұлдар 3 метр, қыздар 2 метр. Кіші аттан секіру: аяқты екі жаққа ашып үстінен секіріп түсу. Акробатикалық жаттығулар: алдыға, артқа домалау, алдыға домалап жауырынға тұру, ұлдар маңдайға тұру, қыздар көпірше жасау. Бірнеше рет қайталату. Қорытынды бөлімі. Оқушыларды сапқа тұрғызу, сабақты қорытындылау. Бағаларын қою, сұрақ –жауап. Үйге тапсырма беру. Оқушылармен қоштасу. | 15 мин. 2 мин. 1 мин. 1 мин. 1 мин. 4 мин. 6 мин. 3-4 рет 3-4 рет 4-5 рет 4-5 рет 3-4 рет 4-5 рет 3-4 рет 3-4 рет 4-5 рет 3-4 рет 4-5 рет 20 рет 25 мин. 5 мин. | Түзу тұрғызу, рапорт алу Кезекшіден сұрау. Сабақ мақсатын айту. Барлығы бірдей бұрылу. Арақашықтықты сақтау. Денені толық қыздыру. Мойынды толық бұрамыз. Дене түзу, мойынды толық айналдыру Тізені және шынтақты бүкпеу керек. Қол иық бойында, аяқты алшақ ұстау керек. Қолды сермегенде шынтақты бүкпеу керек. Тізені бүкпей, денені қолмен бірге бұру керек. Белді терең айналдыру. Қолды құлыптан алмай денені терең айналдыру Денені түзу ұстау, қолды түзу сермеу керек. Аяқты бүкпей, алақанды толық жеткіземіз. Аяқты созғанда түзу ұстау, отырған аяқтың өкшесін көтеру керек. Дене түзу, отырғанда өкшені сәл көтеру Бөренеде жүргенде басты жоғары көтеріп жүру керек. Тізені түзу ұстау керек. Отырғанда аяқ созылған күйінде болу керек. Қарлығаш болғанда тізені сәл бүгіп, белді майыстыра, бір аяқты созу керек. Арқанға 3 тәсілмен шығуды қадағалау. Кіші аттан секіргенде ұшу мен жерге түсу кезіндегі қалыпты қарау керек. Акробатикалық жаттығуларда алдыға домалағанда басты тигіз-беу, жауырында түзу тұру, маңдайда қол мен бас үшбұрыш болу, көпіршеде басты астыға кіргізу керек. Түзу тұрғызу, көрсет-кіштерін айту. Сабаққа байланысты сұрақ қою. Үйде қайталап жаттығу жасауды ескерту керек. |