kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Спорт бізді? досымыз

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы:«Спорт бізді? досымыз!»

«Спорт бізді? досымыз» спортты? сайысыны? ?тілу барысы:
Сайысты? ма?саты: О?ушыларды бір орта? ма?сат?а ж?мыла білуге, ?жымшылды??а баулып, ?имыл - ?рекетке жатты?тыру

??рметті ?стаздар, о?ушылар! Б?гін сіздер о?ушылар арасында ?тетін «Спорт бізді? досымыз» спортты? сайысын тамашалау?а жиналып отырсыздар! Сонымен сайысты бастау?а р??сат еті?іздер!

Ендігі кезекте б?л сайысты? ба?дарламасымен таныс болы?ыздар!

1. Топтарды орта?а ша?ыру
2. ?н?ран
3. Сайыс 2 б?лімнен т?рады.
І б?лім «Жарысайы? б?ріміз». Б?л б?лімде топтар топтасып сайыс?а т?седі.
ІІ б?лім «Кім ??ыпты, кім шапша?». Б?л б?лімде топта?ы ойыншылар жеке сайысады.
4. ?орытынды. Же?імпаздарды аны?тау. Топтарды марапаттау.

?азылар ал?асымен таныс болайы?.
Сайысымызды? басталуы.
Таныстыру. Топтар ?з топтарын таныстырады.
І б?лім «Жарысайы? б?ріміз». Б?л б?лімде топтар топтасып сайыс?а т?седі.

1 - ойын «Допты шапша? бер»
?р топты? алды??ы жа?ынан 6 - 8 м ?ашы?ты?тан ше?бер сызылады. Ше?берде топ басшысы допты ?стап т?рады. Ж?ргізушіні? берген белгісі бойынша топ басшы ?з жа?ыны? 1 - ойыншысына ла?тырады да, ?зі ж?гіріп барып сапты? со?ына т?рады. 1 - ойыншы ?олына доп тиісімен ше?берге ж?гіріп келіп, допты келесі ойыншы?а ла?тырады. Ойын осылайша а?ыр?ы ойыншы?а дейін жал?асады. Топ басшысы ше?берге ?айта келгенде ойын ая?талады. Топ басшы ше?берге б?рын келген топ же?іске жетеді.
2 - ойын «Допты домалатып тез ла?тыр»
С?ре сызы?ынан 5 - 7м жерде параллель сызы? сызылады. Белгі бойынша 1 - ойыншылар допты сызы??а дейін домалатып тура сызы??а допты тигізіп, ?олына алып 2 - ойыншы?а кеуде алдынан ла?тырады да ?зі сапты? артына барып т?рады. Ойын осылай жал?асады. Топ басшы со??ы ойыншыдан допты ал?ан мезгілде ойын ая?талады.

3 - ойын «Кім шапша?»
Ойыншыларды? ая?тарына т?сау салынып, біріні? артына бірі лек т?зеп, сапта т?рады. Белгі бойынша 2 - ойыншы шапша? ж?ріп, белгілі ара?ашы?ты?тан айналып келесі ойыншы?а ?олын тигізеді. ойын осылай жал?асады.

4 - ойын «Картобы?ды егіп кел де, жинап ал»
Ойыншыларды? алдында арасы 1м ?ашы?ты??а т?зу бойынша сызыл?ан 10 кішкене ше?бер ж?не топ басшыны? ?олында дорбада 10 картоп болады. белгі бойынша топбасшылар картопты ше?берге отыр?ызады да шапша? ж?гіріп барып дорбаны 2 - ойыншы?а береді. Ол картопты жинайды, 3 - ойыншы егеді. Ойын осылай жал?асады. Топ басшы дорбаны со??ы ойыншыдан ал?ан мезгілде ойын ая?талады.

ІІ б?лім «Кім ??ыпты, кім шапша?».
1 - тапсырма «Секіргіш жіппен к?зді байлап секіру»
?р топтан 1 - ойыншы шы?ып, секіргіш жіппен к?зді байлап секіреді 30 сек ішінде. Егер ойыншы ?ателессе секіру то?татылады.

2 - тапсырма «Секіргішпен ж?птасып секіру»
2 - ойыншы ж?птасып секіргіш жіппен секіруі керек. Екі ойыншы бір – біріне ?арама - ?арсы ?арап т?руы керек.

3 - тапсырма «Кім ??ыпты?»
Орта?а т?сеніш ?ойылады. ?р топтан 1ойыншыдан шы?ып, Е?кейіп сауса?ыны? ?шына ?арап 10рет айналады да бол?ан со? т?сеніштен то??ала? асып допты алып серіктесі ?стап т?р?ан са?ина?а ла?тырып т?сіруі керек.

Сайысты ?орытындылау.
Т?решілер ал?асыны? шешімі бойынша 1, 2, 3 орындар аны?талып, арнайы дипломдар тапсырылады. Сол сия?ты т?мендегі арнайы ж?лделерді? белгіленгені д?рыс.
1. «Е? ?здік» ойыншы
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Спорт бізді? досымыз »

Эссе
Жаңашыл ұстаз


Ұстаз болу – жүректің батырлығы, 
Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы. 
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Ұстаз болу – адамның асылдығы,-

деген Ғафу Кайырбековтың өлең жолдарын оқығанда, мен өзімді бақытты сезінемін. Ұстаз болғаныма мақтанамын. Өйткені ұстаз – мақтан тұтар мамандық. Киелі әрі өте көне мамандық. Адам Ата Хауа Анадан бері жұмыр басты пендені ойландырып,толғандырып келе жатқан, қоғам өзгерсе де қажеттігін жоймайтын үлкен мәселе – шыр етіп дүниеге келген нәрестені өмір сүруге дайындау. Бұл – қиынның қиыны. Себебі әр адам – қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі - өзінше бір әлем. Ал ұстаз сол әлемді шар-тарапқа жетелеуші. Ұстаз - бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі.
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.
Осындай қызығы да, қиындығы мол мамандықты мен де таңдадым. Ұстаз болу – бала кезімнен арманым еді. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»демекші, шәкірт бойындағы ұстамдылық пен тәрбиелілік көбіне ұстазға келіп тіреледі. Ескендір Зұлқарнайын: «Даңқ пен абыройға кенелуімде мен бір адамға қарыздармын, ол – ұстазым Аристотель»,- десе, Абылайхан Төле биді, Шәкәрім ұлы ақын Абайды ұстазым деп, шексіз құрметтеп кеткен екен. Ендеше, менің табынатын ұстазым – математика пәнін жетік меңгерткен ұлағатты ұстаз Түсіпов Марклен мұғалім.
Бұрынғы қазақ даласындағы ағартушылық қызмет балаға жазу-сызу, оқуды үйретуге ғана саятын болса, бүгінгі таңдағы білім беру саясы мүлде басқаша. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, зкономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. 
Ал жаңашыл ұстаз қандай болуы керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл - әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет.
Сондай-ақ ұстаз күнбе күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс. Өмірдің көшінен қалмау, яғни білімі мен біліктілігін әрдайым жетелдіріп, жаңа инновациялық технологияларды меңгеріп отыруы керек. Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады.
«Ұстаз» сөзінің 2 түрлі сипаты бар. Бірі – белгілі пәннен сабақ беретін оқытушы да, екіншісі – жоғары беделді адамдарға ықпал етуші дана адам. Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. Осы тұста Абайдың: 
Ақырын жүріп, анық бас, 
Еңбегің кетпес далаға. 
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға,- деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?! 
Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге себін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. 
Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында.Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге.
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: 
Жай мұғалім хабарлайды, 
Жақсы мұғалім түсіндіреді,
Керемет мұғалім көрсетеді, 
Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. «Педогогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Мұғалім шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес. Барлығы да өзімізге байланысты»,- дейді Дүйсенова Әлия апай. Біздер, мұғалімдер, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, мұғалім мұратының қандай болатыны өзінен-өзі айқын. Осыған байланысты ұстазға тән мынадай сипаттарды даралап көрсетуге болады: 
- Дүниетанымдық көзқарасы, сенімі
- Қызметке бейімділігі
- Кәсіптік білімі мен біліктілігі 
- Қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезім
- Ұйымдастырушылық қабілет
- Заманға сай жаңашылдық
Осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді. Бақыттың үлкені - өзіңді-өзің тану. Ұстаз өзін-өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.



Оқушыны дене шынықтыру сабағымен қызықтыру

Мектепте дене тәрбиесі сабағында дене тәрбиесінен қажетті біліктілікпен дағдыларды меңгеру әрбір жас жеткіншектің міндеті.Себебі кез келген елдщің болашағы оның халқының күш-қуатына байланысты.Дене тәрбиесі сабағы негізінен төменгі сыныптарда қозғалмалы ойындар,орта буын және жоғарғы сыныптарда белгілі бір спорт ойындары:баскетбол,волейбол,гандбол,футбол,жеңіл отлетика сабақтары болып өтіледі.Дене шынықтыру сабақтарнын сыныптарда жекелей немесе командалық жарыс түрінде өткізу тиімді.Бала ойынмен өседі,дене тәрбиесі сабағы негізінен ойын жарыс түрінде өтетіндіктен,ойын бала өмірінде өмірлік дағдыларын қалыптастыру құралдарының бірі болып табылады.Баланың қуанышымен реніші жеңіске деген құштарлығымен жігері,батылдығымен ептілігі,командада бір-біріне деген сенімі мен сыйластығы ойында айқын көрініс табады.Ойын кезінде баланың эмоциялық әсері,белсенділігі артады,ерік-жігері,ойлау қабілеті мен қимыл-қозғалыс әрекеттері ұшталадыы.Демек ойын-тәрбие құралы.Ойын арқылы баланың ерік пен мінез қасиеттері беки түседі.Ойын ептілікке батылдыққа,төзімділікке,машықтандырады.Олай болса қазіргі мектеп оқушыларының денсаулығы елдің де қоғамның да байлығы.Адам өз халқына,еліне мүмкіндігінше көбірек пайдасын тигізу үшін-дені сау,күшті,епті,төзімді болуы тиіс.Олай болса бұған дене тәрбиесі сабағы арқылы және сабақтан тыс кезде жеке машықтану арқылы қол жеткізуге болады.

Мектептерде дене тәрбиесі сабағының өтілу барысы:

Дене тәрбиесі сабағында шешілуге тиісті барлық мақсат,міндеттер үш бағытта жүргізіледі.

1.Білім беру:сабақ барысында өтілетін сабақтың теориялық,техникалық,тактикалық әдіс тәсілдерін үйрту,тусіндіру,көрсету.

2.Тәрбиелеу:оқушыларды ептілікке,ұйымшылдыққа,төзімділікке,адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

3.Сауықтыру:оқушылардың қимыл-қозғалыс әрекеттерін дамыту,денсаулықтарын нығайту,іскерлікпен машықдағдыларын меңгерту.

Осыған байланысты әр сабақты нақтыланған үш міндет қойылады және сабақтың барлық этаптары осы үш міндетті шешуге негізделеді.Қойылған мақсат міндеттер оқушылардың жас ерекшеліктеріне және сыныптарына сәйкес болуы керек.

Сабақтың негізгі өтілетін жері спорт зал немесе спорт алаң талапқа сай болуы керек.Сабақ өтілетін спорт залдың санитарлық тазалық жағдайы сабақта қолданылатын спорттық құралдарың сабаққа қолдануға жарамдылығы техникалық,қауіпсіздігі барлығы алдын-ала дайынболуы керек.

Дене тәрбиесі сабағы төрт бөлімнен тұрады.

1.Сабақты ұйымдастыру кезеңі 3 мин.

2.Дайындық бөлімі 12 мин

3.Негізгі бөлім 25 мин

4.Қортынды бөлім 5 мин

1.Ұйымдастыру кезеңі:мұғалім оқушыларды сапқа тұрғызу,кезекшінің мәліметі,сәлемдесу сабақтың тақырыбымен оқушыларды таныстыру және оқушылардың сыртқы бейнесіне ,спорттық формасына көңіл аудару.Мұғалімінің өзінің спорттық киімде болуы сөйлеген сөзі,жүрген жүрісі ,оқушыларға берілген командасы анық,түсінікті болуы шарт.Оқушымен мұғалімнің қарым-қатынасы жақсы болуы сол сабақтың жоғары деңгейде өтілуінің кепілі.

2.Дайындық бөлімінде оқушыларды жүгірту,жалпы дене қыздыру жаттығуларын жасату кезінде негізгі бөлімде өтілетін сабаққа байланысты жаттығулардың іріктелініп алынуы,сәйкестігі,реттілігі, жүйелігі оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты физикалық жүктеменің берілуі,сол сабақтың жоғарғы деңгейде өтілуі,нәтижелігі дене шынықтыру мұғалімінің шеберлігіне байланысты.Оқушылардың дене қыздыру жаттығуларын дұрыс орындауы мұғалімнің көрсеткен методикалық нұсқаулары мұғалім мен оқушының өз-ара түсінушілігі,сол сабақта қойылған мақсат міндеттердің орындалуының негізі болып табылады.

3.Негізгі бөлімде жаңа сабақты өткізу тақырып бойынша.Оқущыларға сабақтың негізгі мақсат міндеттерін түсіндіру,практикалық жүзінде көрсетуі.Мысалы спорт ойыны волейбол ойынында екі қолымен допты саусақпен алу жаттығуында мұғалім оқушыларға жаттығудың әдіс-тәсілдерін түсіндіру практикалық жүзінде көрсете білу,үйрету,үйренген жаттығуды ары қарай дамыту,бекіту негізгі бөлімнің міндеттеріне жатады.

4.Қорытынды бөлімде сабақты қорытындылау жекелеген оқушыларды,сабаққа белсене қатысқан балаларды мақтау,көтермелеу,білімдерін бағалау,организмді бастапқы қалпына келтіретін дене жаттығуларын жасату,жекелеген оқушыларға ескертулер үйге тапсырма қорытынды бөлімге жатады.























Баяндама

Тақырыбы:  «Дене шынықтыру пәнінде жаңа инновоциялық технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру.»  

Сабақ бастамас бұрын мен оқушылардың жалпы дене дайындығының деңгейін анықтау мақсатында сабаққа қажетті жаттығулар жүргіземін. Жаттығу жүгіруден басталады. Дене қызғаннан соң сабақ тақырыбына лайық жаттығулар жүргіземін. Қойған мақсатым: Оқушыларға дене сабағында жүгірту арқылы дене құрылыстарының дұрыс өсіп жетілуіне қадағалау және шапшандыққа, икемділікке, күштілікке, төзімділікке баулу.  Міндеттерім: Күнделікті сабақ барысында оқушыны дене шынықтыру сабағына деген қызығушылығын арттыру  және сабақта жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушыларды сабаққа жалпы қамти отырып қалыптастыру. Егер сабақтың өткізу тәсілдеріне  тоқтала кететін болсам: Жүгіру түрлері –жеңіл атлетикалық көп сайыс, жүру түрлері, спорттық снарядтады лақтыру, биіктікке секіру, ұзындыққа секіру.  Жеңіл атлетика түрлері – өткізу алаңына және  ұйымдастырылуына байланысты.  Жеңіл атлетиканның негізгі жаттығулары: Тегіс жерде жүгіру, Бедерлі жерде жүгіру, жүру, кедергілермен жүгіру, ұзындыққа және биіктікке секіру,лақтыру және көп сайыс. Жүгіру –қысқа, орташа және ұзақ қашықтық болып үшке бөлінеді.  100 метрге жүгіру төрт кезеңнен тұрады: 1. төменгі сөреде тұру. 2. төменгі сөреден шығу. 3. ара қашықтық бойы жүгіру. 4. мәреден өту. «Сөреге» деген бұйрықта сөреге тұру. «Дайындал»  деген бұйрықта көтерілу. «Жүгіру» деген бұйрықта аяқ-қолды тез-тез қимылдатып, 20 метрге дейін аяқты жиі-жиі басып, қарқын алғанша жүгіріп, қалғанын барынша қарқынмен жүгіріп келіп, мәре сызығын  кесіп отыру керек. Осы тәсілдерді дұрыс қолдана білген оқушы болашақта ел намысын қорғайтын  еліміздің спорт шеберлері   Ш.Бекбаев, О.Шишигина, О.Рыпакова сияқты Олимпияда чемпионы болады дегенге кәміл сенемін.  Әрине, дене шынықтыру сабағында ең басты назар қоятынымыз қауіпсіздік ережелер. Мен өзіміздің жоғарғы санатты ағай, апайлардың сабағына үнемі қатысып, ол сабақтардан өзіме керектігін алып отырамын. Қайрат ағайдың топтық әдіс тәсілдерін пайдалансам, Дурияш апайдың әр оқушымен жекелей тапсырма бере отырып жүргізген қозғалмалы ойындардың, Асылбек, Сұңқар, Жұман ағайлардың   баскетбол,волейбол  т.б. сабақтарындағы  ереже әдіс тәсілдерін жетілдіруге өз сабағыма қолданамын. Тәлімгерім Мартбек ағайдың сабақтарына да  қатысып біраз тәжірбие алдым. Ел басымыз  Н.Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін  тең ететін-білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесіеің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып жатыр.  Бүгінгі жаһандану үрдісі жүріп жатқан жағдайда ұлттық мүдде, ұлттық тәрбие, ұлттық рухты сақтап қалу –үлкен міндет. Жас ұрпақты ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлық тәжірбиесі бар екені даусыз. Сондықтан, сол мол тәжірбиені пайдалануға тырысып, ең бірінші жаны таза, рухани биік, адамгершілігі мол, халқына пайдасын тигізетін адам тәрбиелеу ұстаздың басты міндеті.  Ғұлама Абай баланың бойына қасиет пен үш асыл мінез-құлық сіңіру парыз деген. Міне, осы адами қасиетпен бірге үш асыл мінез-құлықы.

  1. Елімен туған-туыс, жұрағат, дос- жолдасқа адал болу.

  2. Өте әділетті болу.

  3. Шындықты тура бетке айту сияқты асыл мінезді атап көрсеткен.

Ұстаз тәрбие жұмысын ұйымдастырғанда осындай ұлттық құндылықтар тақырыбында тәрбиені тәрбиеленуші бойына дарытады.

Мен өзім  сабағымда  ғаламторды қолданамын бұның тиімді жағы: сабаққа қажетті материалдар, оқушыларды машықтандыру (практикалық және тәжірбиелік) фильмдер, үлкен жарыстағы шеберлерді талқылаймыз

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық cпорт түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақтың  ұлттық ойындарына тоқталу.  Көкпар ойыны туралы мәлімет беру;сөздік қорларын молайта отырып,олардың өз ойларын жеткізе білуге үйрету.
Дамытушылық:  өз ойларын сұрақтар арқылы жеткізе білуге баулу,сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелілік: ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу арқылы қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, адамгершілік біліктіліктерін жетілдіру.
Сабақтың әдісі:  сұрақ- жауап, әңгімелеу, ойындар.
Cабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,  асықтар, ұлттық ойындар суреттері,сандық,ноутбуктар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу
Оқушылар топқа бөлініп отырады.
Келесі кезекте топтар өздерін таныстырады.
І топ  Топтың аты- «Көкпар ».Ұранымыз: «Талапты ерге-нұр жауар». «Көкпар»-ұлттық ойын түрі.
ІІ топ   Топтың аты- «Тұлпар ».Ұранымыз: « Хас жүйрікте мін болмас!». Тұлпар төрт түлік малға жататын ,жүйрік ат.
Мұғалім :Балалар үйге қандай тапсырма берілді?
Асық санына байланысты оқушыларды бағалау
8 ‹ 5
7-6 ‹  4
5 ‹3
III Жаңа сабақты қалыптастыру (бейнероликті көру)
Сабақтың тақырыбы қандай екен.
Ұлттық спорт түрлері
1.Қазақ халқының тұрмысы, салт – дәстүрі, ойындары немен байланысты?
2.Олар жануарлардың нелерін пайдаланды?
3.Ұлттық ойындардың қандай түрлері бар?
-Біз бүгін қандай ұлттық ойын түрімен танысатынымызды,сөзжұмбақты шешейік      ,                                   ,,,                               ,,

 
 Жаңа сөздермен танысу
 
IV. сөздік жұмыс
а) жаңа сөздер
 Көкпар –национальная спортивная игра,скачки с козлом
Серке – туща козла
Күш-жігер -сила
Төзімділік – терпеливость
Батылдық – мужество
Ептілік – ловкость
Қазандық – котел
Салым – очко
ә) сөздердің дұрыс дыбысталуына көңіл бөлу.
б) сөздермен сөз тіркестерін, сөйлем құру.
V. Мәтінді оқып түсіндіру.
а) мәнерлеп оқу (мұғалім)
Көкпар
Көкпар-қазақтың ұлттық ат спорты ойындарының бірі.Бұл ойын Орталық Азия халықтары арасында кең тараған ойын түрі.Көкпар жігіттердің күш -жігерін,төзімділігін,батылдығы мен ептілігін,ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады.
Ойынға екі команда қатысады.Ойынға салмағы 30-40 кг болатын серкені алады.Ойында қарсыласының қазандығына ең көп салым салған команда жеңімпаз болып танылады.
ә) мәтіндегі сөйлемдерге сұрақ қою.
1. Көкпар қандай ойын?
2.Бұл ойын қайда кең тараған?
3.Көкпар ойынында жігіттердің қандай қасиеттерін сынайды?
Оқулықпен жұмыс
1-тапсырма .Берілген диалог бойынша сөйлесіңдер.Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
-Қасен,сен ұлттық спорт ойын түрлерін ұнатасың ба?
-Иә,әрине ,ұнайды.
-Қандай ұлттық спорт ойындарын білесің?
-Көкпар,күрес,қыз қуу,арқан тартысу,бәйге,теңге алу,аударыспақ,дойбы,асық ойындары,т.б.
-Иә,солай десе болады,маған да ұнайды.
-Иә ,әсіресе наурыз тойында ұлттық спорттық түрлері кең көрсетіледі.
-Ұлттық спорттың тек наурыз тойында ғана емес,күнделікті тұрмыста да қолданғаны жақсы ғой.
-Әрине,мектепте арқан тартысу,тоғызқұмалақ секілді ұлттық ойындар өткізіліп жүр ғой.
Сұрақтар:
1.Қасен ұлттық спорт ойындарын ұната ма?
2.Қандай спорттық ойын түрлері аталды?
3.Қасен ұлттық спорт түрлерін қандай тойда көп көргенін айтты?
4.Мектепте қандай ұлттық ойындар ойналып жүр?
– Балалар, қазір біз ұлттық  ойындар ойнау арқылы бүгінгі сабақтан алған білімдерімізді бекітеміз. Ұлттық ойындар атауын есімізге сақтай отырайық.

VI. Ұлттық ойындарды ойнау.
1.«Арқан тартыс»(Білім тартысы) ойынын ойнау.
Екі топқа шашыраңқы сөздерден сөйлемдер құрау тапсырмасы беріледі.
Тұлпар тобы:   1) Айгүл ,ойнайды,жақсы,тоғызқұмалақ,ойынын
2) Жарысы,наурыз, болды,мерекесінде,ат
3) Біздің ,балалары,ауылдың,асықты,ойнайды,жақсы
  Көкпар тобы: 1) Мен «Көкпар» теледидардан,көрдім,ойынын
2)  Досанның ,бірінші,бәйгеден,аты,алды,орын
3) Ойындары,көп,ұлттық,қазақтың,өте.
“Бәйге”ойынын ойнаймыз.Бұл
тапсырмада ұлттық ойындарға байланысты сұрақтар қойылады.
1….- екі балуан бір-бірімен  жекпе-жекке шығады.
2….Ойын тақ сандар мен жұп сандардың өзара    тартысына құрылған.
3…-алаң ортасынан көлденең сызық сызылады,ұзын жіп немесе арқан керек.
4…. – бұл –елдің сыртында әткеншек құрып,өлең айту.
5….-ойынға 4-5 бала қатысады.Ойынға 10 асық алынады.
6…. – қыз бен жігіт аттың үстінде отырып,бірін-бірін қуады.
7…. –жігіттер мен қыздар түнде жиналып,ойналатын ойын түрі.
8…. –белгіленген қашықтықта үш-төот жерге шүберекке оралып күміс немесе теңге тасталынады.Ойыншылар шауып келе жатып,шүберекті алу керек
Сергіту сәті
Шынықтырып денені «Қара жорға » билейік
«Жасырынбақ»  ойынын ойнаймыз.«Сиқырлы сандықтан» тапсырманы алып орындау.
Ұлттық ойын туралы әңгімеле.Әр топ тапсырманы алып орындайды.
Бәйге
Аударыспақ
«Көкпар»ойында екі топ мақал-мәтелдерден жарысады.
Тақтамен жұмыс
Сатылай талдау кешені бойынша
Әр топ тапсырмаларды орындайды
1 топ бәйге сөзіне фонологиялық талдау жасау
2 топ  көкпар  сөзіне фонетикалық талдау
Бес жолды өлең стратегиясы.
 Жігіттер
1
2
3
4
5
     VIІ. Ой қорыту:  Бүгінгі сабақта не білдім? Не үйрендім?
     VIІІ. Үйге тапсырма:Ұлттық ойындардың бір түрін әңгімелеп келу.

     ІХ.  Бағалау

Тақырыбы:«Спорт біздің досымыз!»

«Спорт біздің досымыз» спорттық сайысының өтілу барысы:
Сайыстың мақсаты: Оқушыларды бір ортақ мақсатқа жұмыла білуге, ұжымшылдыққа баулып, қимыл - әрекетке жаттықтыру

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін сіздер оқушылар арасында өтетін «Спорт біздің досымыз» спорттық сайысын тамашалауға жиналып отырсыздар! Сонымен сайысты бастауға рұқсат етіңіздер!

Ендігі кезекте бұл сайыстың бағдарламасымен таныс болыңыздар!

1. Топтарды ортаға шақыру
2. Әнұран
3. Сайыс 2 бөлімнен тұрады.
І бөлім «Жарысайық бәріміз». Бұл бөлімде топтар топтасып сайысқа түседі.
ІІ бөлім «Кім ұқыпты, кім шапшаң». Бұл бөлімде топтағы ойыншылар жеке сайысады.
4. Қорытынды. Жеңімпаздарды анықтау. Топтарды марапаттау.

Қазылар алқасымен таныс болайық.
Сайысымыздың басталуы.
Таныстыру. Топтар өз топтарын таныстырады.
І бөлім «Жарысайық бәріміз». Бұл бөлімде топтар топтасып сайысқа түседі.

1 - ойын «Допты шапшаң бер»
Әр топтың алдыңғы жағынан 6 - 8 м қашықтықтан шеңбер сызылады. Шеңберде топ басшысы допты ұстап тұрады. Жүргізушінің берген белгісі бойынша топ басшы өз жағының 1 - ойыншысына лақтырады да, өзі жүгіріп барып саптың соңына тұрады. 1 - ойыншы қолына доп тиісімен шеңберге жүгіріп келіп, допты келесі ойыншыға лақтырады. Ойын осылайша ақырғы ойыншыға дейін жалғасады. Топ басшысы шеңберге қайта келгенде ойын аяқталады. Топ басшы шеңберге бұрын келген топ жеңіске жетеді.
2 - ойын «Допты домалатып тез лақтыр»
Сөре сызығынан 5 - 7м жерде параллель сызық сызылады. Белгі бойынша 1 - ойыншылар допты сызыққа дейін домалатып тура сызыққа допты тигізіп, қолына алып 2 - ойыншыға кеуде алдынан лақтырады да өзі саптың артына барып тұрады. Ойын осылай жалғасады. Топ басшы соңғы ойыншыдан допты алған мезгілде ойын аяқталады.

3 - ойын «Кім шапшаң»
Ойыншылардың аяқтарына тұсау салынып, бірінің артына бірі лек түзеп, сапта тұрады. Белгі бойынша 2 - ойыншы шапшаң жүріп, белгілі арақашықтықтан айналып келесі ойыншыға қолын тигізеді. ойын осылай жалғасады.

4 - ойын «Картобыңды егіп кел де, жинап ал»
Ойыншылардың алдында арасы 1м қашықтыққа түзу бойынша сызылған 10 кішкене шеңбер және топ басшының қолында дорбада 10 картоп болады. белгі бойынша топбасшылар картопты шеңберге отырғызады да шапшаң жүгіріп барып дорбаны 2 - ойыншыға береді. Ол картопты жинайды, 3 - ойыншы егеді. Ойын осылай жалғасады. Топ басшы дорбаны соңғы ойыншыдан алған мезгілде ойын аяқталады.

ІІ бөлім «Кім ұқыпты, кім шапшаң».
1 - тапсырма «Секіргіш жіппен көзді байлап секіру»
Әр топтан 1 - ойыншы шығып, секіргіш жіппен көзді байлап секіреді 30 сек ішінде. Егер ойыншы қателессе секіру тоқтатылады.

2 - тапсырма «Секіргішпен жұптасып секіру»
2 - ойыншы жұптасып секіргіш жіппен секіруі керек. Екі ойыншы бір – біріне қарама - қарсы қарап тұруы керек.

3 - тапсырма «Кім ұқыпты?»
Ортаға төсеніш қойылады. Әр топтан 1ойыншыдан шығып, Еңкейіп саусағының ұшына қарап 10рет айналады да болған соң төсеніштен тоңқалаң асып допты алып серіктесі ұстап тұрған сақинаға лақтырып түсіруі керек.

Сайысты қорытындылау.
Төрешілер алқасының шешімі бойынша 1, 2, 3 орындар анықталып, арнайы дипломдар тапсырылады. Сол сияқты төмендегі арнайы жүлделердің белгіленгені дұрыс.
1. «Ең үздік» ойыншы
2. Жеңіске жеткен топ















Мемлекеттік барлық құрылымдардың маңызды мәселелердің бірі – салауатты өмір салты. Мектептегі дене тәрбиесінің негізгі міндеттерінің бірі оқушыларды салауаттылыққа деген ынтасын қалыптастыру.
Салауатты өмір салты – өмір тіршілігі. Оқушылардың денсаулығы бір қатар факторлардың әсерлеріне тікелей байланысты болады, олардың ең маңыздысы – өмір салты.
Оқушылардың салауатты өмір салтын құрайтын қозғаушы күштерге мыналар жатады:
• еңбек және демалыс тәртібін дұрыс қолдану,
• қозғалыс белсенділігін ұйымдастыру,
• тазалық сақтау,
• шынығу талаптарын орындау,
• зиянды әдеттерден сақтандыру,
• оқушылардың өз ара қарым - қатынастарды қалыптастыру,
• ағзаның психофизикалық жағдайын, есепке алу,
Осы жағдайда оқушы өзінің денсаулық деңгейін анықтай алады. Ол үшін оқушылардың
анатомиялық, физикалық, психикалық, ақыл – ой қабілеттік деңгейі, ағза мүшелерінің дұрыс жұмыс жасауы керек. Оқушыларды өз денсаулық деңгейін анықтай білуге үйрету керек. Олар өз мүмкіншіліктерін білгеннен кейін, біз оларға денсаулықты нығайтатын жолдарды, әдіс амалдарды үйретеміз.
Салауатты өмір сүру - тіршіліктің биологиялық өзгерістері ғана емес, сонымен қоса әлеуметтік маңызы зор құбылыс. Адам баласы туған күннен бастап өмір бойы тіршілік қабілетін жоғалтпай жас ерекшеліктеріне қарай қызмет етеді. Осы құбылыстар ағзаның орталық жүйке жүйесінің негізгі реттеуіш бөлігі мидың адам өмірінде атқаратын қызметі – тіршіліктің негізгі көзі.
Салауатты өмір сүру үшін оқушылар дене тәрбиесінде, дене шынықтыру жаттығуларының бір түрімен тұрақты түрде шұғылданған жөн. Оқушылар спортпен шұғылданған кезде, ағзаларының мүмкіншіліктерін біліп алуы керек. Бұл жағдайда оқушылар салауатты өмір сүремін, ұзақ жасаймын деп жүріп, ағзаларына мүмкіншіліктен тыс күш түсіріп, ағзаны ауыруға шалдықтырып алуы мүмкін.
Адам денсаулығы өмірде өте маңызды көп факторларға тәуелді. Денсаулық физикалық, психикалық, әлеуметтік болып бөлінеді.
• физикалық – адам ағзасында функциялардың өздігінен реттелуі, функциялық үрдістердің келісімді өтуі;
• психикалық – ауруды болдырмау және одан арылу;
• әлеуметтік – адамның әлеуметтік белсенділігінің, яғни қоршаған ортамен араласуы;
Дене тәрбиесінің маңызды міндеттерінің бірі мектеп оқушыларының салауатты өмірге деген ықылас жігерін қалыптастыру болып табылады. Олай болса оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруда отбасының балаға деген тәрбиенің маңызы зор.
• ата - ананың балаға деген қамқорлығы,
• баламен тығыз қарым – қатынасты дамыту,
• баланың күйзеліс сезімін бақылау,
• баланың білімін, оқуға деген ынтасын байқау,
• қоршаған орта және ересектермен қарым – қатынастарын бақылау,
• денсаулыққа нұқсан келмейтін іс – әрекет қимылдарына мән беру,
• еңбек пен демалыстың тиімді пайдалануын қадағалау.
Салауатты өмір салтын меңгерген оқушы төмендегідей қасиеттерге ие болады.

Демек, осындай оқушы өзінің құзіреттілік мәртебесіне сай деп ойлаймын.
Сонымен қорыта айтқанда, «Салауатты өмір салты» нақты өмір жағдайында денсаулықты сақтап нығайтуда оқушының әлеуметтік, кәсіптік және биологиялық функцияларын толық орындауды қамтамасыз етуге бағытталған тіршілік әрекеті. Дене тәрбиесі сабағы тек қана жаттығуларды орындау емес, сонымен қатар, оқушылардың еңбек сүйгіштікке, қажырлыққа, төзімділікке, батылдыққа, жігерлікке, патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелейтін пән.
Ден шынықтыру – спорттық жаттығулар ғана емес, жеке тұлғаның маңызды адамгершілік белгісі, оқушыларды тәрбиелеуге және «Салауатты өмір салтын» сақтауға, оларды естен шығармауға жетелеу.
«Бірінші байлық – денсаулық», «Дені саудың жаны сау» - деп ата - бабамыз айтқандай, дендеріңізге саулық тілеймін.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Спорт бізді? досымыз

Автор: Бекжанов Бакытжан Насрадиневич

Дата: 16.04.2015

Номер свидетельства: 201938

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) ""Спорт - біздің досымыз!""
    ["seo_title"] => string(20) "sport_bizdin_dosymyz"
    ["file_id"] => string(6) "382475"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1485100545"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "Спорт - біздің досымыз!"
    ["seo_title"] => string(22) "sport_bizdin_dosymyz_1"
    ["file_id"] => string(6) "465909"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1523506141"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Конспект урока на тему "Денсаулық - зор байлық""
    ["seo_title"] => string(46) "konspiekt_uroka_na_tiemu_diensaulyk_zor_bailyk"
    ["file_id"] => string(6) "415723"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1494907977"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(22) "мериприятие"
    ["seo_title"] => string(14) "mieripriiatiie"
    ["file_id"] => string(6) "368287"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1481454518"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) ""Мен т?уелсіз елді? спорт с?йер ?ланымын" спортты? сайыс 1 сынып"
    ["seo_title"] => string(67) "mien-t-uielsiz-ieldin-sport-suiier-u-lanymyn-sporttyk-saiys-1-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "288635"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454659999"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства