Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың қысқы спорт түрлері туралы алған білімдерін пайдалана оытырп, шаңғы тебуге дайындық жөнінде теориялық мәліметтермен және қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру.
-Бой жазу жаттығуларын орындауы (музыка ырғағымен).
ІІ .Мағынаны тану: 1. Үй тапсырмасының тексерілуі. (топтық жұмыс) 1-топ: Қысқы спорт түрлерінен қысқаша мәліметтер және жұмбақтар. 2-топ Қысқы спорт құралдарының суретін көрсету және «Үндемес» ойынын ұйымдастыру.
ІІІ. Қызығушылықты ояту.
«Ой шақыру» стратегиясы
Бейнебаян көрсету (қысқы спорт түрлері жөнінде).
«Ассоциация» стратегиясы
шаңғы
хоккей
биатлон
мәнерлеп сырғанау
коньки
шанамен сырғанау
сноуборд
Бейнебаян «Шаңғы тебудің әдісін үйрету»
Мұғалімнің түсіндіруі.
Шаңғының түрлері
Жүгіріп сырғанауға арналған Тауда сырғанауға арналған
Ағаштан жасалған 1) Жарысуға арналған
(классикалық жүріс) 2) Әмбебап сырғанауға арналған
2)Пластикпен жасалған
(конькише жүріс)
Шаңғының сырғанау әдісі
Табиғи жүріс
Алма-кезек екі адымдап жүру
Бір мезгілдегі екі адымдап жүру
Шырша әдісімен өрге шығу және жоғарыдан төмен түсу
Соқа әдісімен тежеу
(Мұғалім осы әдістерді іс-жүзінде түсіндіріп көрсетеді)
1. Шаңғы спорты-қысқы спорт түрлері негізгілерінің бірі. Бұл спорт түрлерінің қатарына шаңғымен жарысу, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қос сайысы, тау шаңғысы, биатлон түрлері енеді. Бұлардың барлығы да қысқы Азия ойындардың, олимпиадалық ойындардың бағдарламаларында бар. Шаңғы спортынан жаттығулар мен жарыстар ашық аспан, таза ауада өтетін болғандықтан адамның денсаулығына өте пайдалы. Ол адамның бойындағы шыдамдылық, күш шапшаңдық, батылдық, ептілік, табандылық, айналаңды бақылау сияқты аса керек қасиеттерді өкпенің сйымдылығы жан-жақты дамытады. Шаңғы спортымен айналысу кезінде адамның барлық дене мүшелері жұмыс істейді. Сондықтан ол жан-жақты жетілуге, дамуға, шынығуға негіз салады. Шаңғы спортынан алғашқы ресми жарыс 1767 жылы Норвегияда өтті. ШАҢҒЫ ДАЙЫНДЫҒЫ сабақтарында қауіпсіздік ережелерін сақтау.
1.Киім ойдағыдай жылы болу керек. Міндетті жылы іш киім, тоқыма қолғап пен бөрік болуы керек. Желді күні кеудеше киген дұрыс.
2.Шарықтар кең болғаны жөн, жылы болу үшін шұлық киіп, ұлтарақ салғанда, аяқты қыспауы үшін аяқ киімінің кең болғаны керек. 3.Аязды күндері оқушылардың денесін үсік шалғандай белгі байқалса, ол жердің айналасын қармен қызарғанша ысқылап, көмек көрсету қажет. 4. Шаңғының бекіткіші мен шарықтың дұрыс киілуіне әрдайым назар аударып отыру қажет.
2-тапсырма: Сұрақ- жауап. (екі топ бір-біріне сұрақ қояды Мәтінмен жұмыс)
ІҮ. Бекіту: Тест (ауызша тест жұмысын орындау)
1.Табанына байлап, қолға қос таяқ ұстап жүру қандай спорттың түрі.
а) шаңғы ә) коньки б) велосипед
2. Шаңғы спортының Отаны қай ел болып есептеледі?
а) Испания ә) Норвегия б) Англия
3. Шаңғышы қандай арнаулы киім кию керек?
а) қалың әрі суық өтпейтін киім
ә) жеңіл әрі жел өтетін киім
б) ыңғайлы әрі жел өтпейтін киім
4. Өз бойыңа лайықты қандай шаңғы таңдап алу керек?
а) шаңғының ұзындығы жоғары көтерген қолдың алақаны деңгейінде, таяқтың ұзындығы жанға созған қолға тірелетіндей деңгейде
ә) шаңғының ұзындығы жоғары көтерген қолдың алақаны деңгейінде, таяқтың ұзындығы мықын деңгейінде
б) шаңғының ұзындығы иық деңгейінде, таяқтың ұзындығы жоғары көтерген қолдың алақаны деңгейінде
Шаңғы ортасының көтеріңкі қалпын жоғалтпас үшін шаңғыны қалай жинастырып қою керек.?
а) шаңғының табандарын беттестіріп, бас жағы мен аяқ жағын жіппен байлап қою керек
ә) шаңғының табандарын беттестіріп, бас жағы ортасы мен аяқ жағын жіппен байлап, қою керек.
б) шаңғының табандарын беттестіріп, бас жағы мен аяқ жағын жіппен байлап, ортасына керіп ашып тұратындай ағаш осына қысып қою керек.
Шаңғы жақсы сырғанау үшін табанына не жағу керек?
а) крем ә) арнаулы май б) сұйық май
Ү. Үй тапсырмасын беру. Шаңғы тебу ережелерін жаттап, жаттығу жасау.