Просмотр содержимого документа
«Қимыл қозғалыс ойындары»
Қимыл қозғалыс ойындары
Сабақтың тақырыбы: Қимыл қозғалыс ойындары.
Сабақтың мақсаты: Ойын барысында қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыра отырып, ойын ережесімен таныстыру.
Сабақ бөлімі
Сабақтың мазмұны
Уақыты
Ұйымдастыру, әдістемелік нұсқау
Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларды сапқа тұрғызу.
Рапорт қабылдау, сәлемдесу
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Саптық жаттығулар: Спорттық жүріспен жүру. Аяқты алға қайшылап жүру. Аяқты артқа қайшылап жүру. Оң қапталмен қолды толық алға айналдырып жүгіру. Сол қапталмен қолды толық алға айналдырып жүгіру. Қол белде, аяқты алға сермеп жүгіру. Қол белде, аяқты артқа сермеп жүгіру. Біртіндеп жүріске көшу. Терең дем алып, дем шығару.
Арнайы жеңіл атлетикалық жаттығулар: Тізені жоғары көтеріп жүгіру. Өкшені артқа сермей жүгіру. Оң аяқпен секіру. Сол аяқпен секіру. Дем алып, дем шығару. Шеңбер бойынша тұру.
20 мин
Оқушылардың көңіл-күйіне, спорттық киіміне назар аудару.
Бір мезгілде орындау, сағат тіліне қарсы.
Қолды шынтақтан бүкпеу.
ЖДЖ
Б.қ. аяқ арасы иық деңгейінде, қол белде, 4 рет басты оңға, 4 рет солға қарай айналдыру.
Б.қ. аяқ арасы иық деңгейінде, қол басы иықта, 1-2 сан алға айналдыру, 3-4 сан артқа айналдыру
Б.қ. аяқ арасы иық деңгейінде, қол кеуде алдында, 1-2 қолды жазбай сермеу. 3-4 қолды жазып сермеу.
Б.қ. негізгі тұрыс, оң қол жоғары, сол қол төмен, 1-2 артқа сермеу, 3-4 қол алмастыру.
Б.қ. аяқ арасы иық деңгеінде, белді 1-4 оң жаққа айналдыру, 1-4 сол жаққа айналдыру.
Б.қ аяқ арасы кең, қол белде, 1 оң аяққа иілу, 2 ортаға иілу, 3 сол аяққа иілу, 4 бастапқы қалып.
Б.қ. негізгі тұрыс, 1-4 оң аяқпен секіру, 1-4 сол аяқпен секіру, 1-4 қос аяқпен секіру.
Б.қ. аяқ арасы иық кеңдігінде, қол алда, 1 оң аяқты сол қолдың басына тигізу, 2 бастапқы қалып, 3 сол аяқты оң қолдың басына тигізу, 4 бастапқы қалып.
3-4 рет
4-5 рет
5-6 рет
5-6 рет
5-6 рет
5-6 рет
4-5 рет
4-5 рет
Бір бағытта
Айналдыру
Шынтақты жазып ұстау
Аяқты тізеден бүкпеу
Тізе бүкпеу
Бірде орындау
Тізені бүкпеу
Негізгі бөлім
Сапқа тұрғызу. Командаларға бөлу.
«Жеткізбе» ойыны. Ойыншылар екі командаға бөлінеді. Екі команданың ойыншылары қарама-қарсы тұрады. Сызықтың дәл ортасына белгі қойылады. Әр командадағы бірінші тұрған бала тез жүгіріп барып, ортадағы белгіні алуға тырысады. Жалаушаны бұрын алып кеткен ойыншыны қарсы команданың ойыншысы сызыққа жеткенше қуып, қолын тигізсе, онда сол белгі сол балаға беріледі.
«Алмасу» ойыны. Ойыншылар қарама-қарсы екі параллель сызылған екі сызықтың үстінде тұрады. Белгі берілген соң, екі жақтан бір-бір ойыншы шығып, сыңар аяқтап секіріп, алаңның ортасына келгенде қол беріп амандасып, аяқтарын жерге тигізбей тұрып, әрі қарай секіруін жалғастырады.
«Айдаһар» ойыны. Ойыншылар бойларына қарай бірнеше топқа бөлінеді. Ойыншылар алдыңғы тұрған баланың белінен қапсыра құшақтап тұрады. Әр тізбек бір «Айдаһар». Белгіден соң, бірінші ойыншы тізбектен бөлініп кетпей, оңға-солға тез бұрылып, артындағы тізбекті күшпен сүйрей жүріп, қолын алға соза «құйрығын», яғни соңғы тұрған ойыншыны ұстап алуға тырысады
22 мин
Командаға бөлгендегі оқушылардың күштерінің бірдей болуына назар бөлу.
Ойыншы секіру кезінде екінші аяғын жерге тигізбеу
Тізбектер бір-бірімен соғылысып қалмауы тиіс. Ара қашықтық сақталуы тиіс
Қорытынды бөлім
Оқушыларды қатарға тұрғызу.
Тынысын қалпына келтіру.
Сабақты қорытындылау:
А) Ойын қорытындысын шығару.
Ә) Оқушыларды бағалау.
Б) Үйге тапсырма: жүгіру, секіру элементтері бар жаттығулар орындау.