| Сабақтың тақырыбы: Гимнастика. «Гимнастикалық жаттығулар» | ||
| Сабақтың мақсаты: | Дене шынығуының жан-жақты дамып, дұрыс мүсін ұстау қабілетін тәрбиелейді, гимнастикалық жаттығуларды дамыта үйретіп, күштілік, ептілік, икемділік қасиеттерін дамытады. | |
| Міндеттері: | Сабақ кезінде қауіпсіздік ережесін сақтап, алғашқы дәрігерлік көмек көрсетеді. Жеке басының шынығу қабілетінің қалыптасуын бағалай біледі. | |
| Сабақтың түрі: | Жаңа сабақ | |
| Әдіс-тәсілдері: | Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланады. | |
| Пәнаралық байланыс: | АӘД | |
| Ұйымдастыру кезеңі 13 минут | ||
| Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |
| Сапқа тұрғызады, рапорт қабылдайды. Сабақ тақырыбын хабарлайды. Саптық жаттығулар жасайды. 
 
 Жалпы дамыту жаттығуларын музыка әуенімен бір орында тұрып жасайды. 
 | Бір сызықтың бойына спорттық киіммен тіке тұрады. Денені тіке ұстайды Қолды жоғары ұстап, аяқ ұшымен жүреді. -Екі қол белге ұстап, өкшемен жүреді. -Екі қол белде, аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүреді. -Бір қалыпты жеңіл жүгіреді. -Тіркеме адыммен оң және сол бүйірмен жүгіреді. -Алға қарай созылған қол алақанына екі тізені тигізе жүгіреді. -Өкшені артқа көтеріп, екі алақанға тигізе жүгіреді. -Екі қол тізеге қойып, толық отырып жүгіреді. -Отырып, секіре жүреді. -Дем алады, дем шығарады. | |
| Сабақтың негізгі бөлімі 20 минут | ||
| Слайдтағы суреттермен жұмыс. Қауіпсіздік ережелерін сақтайды. Жерге гимнастикалық төсеніштерді төсейді. Жаттығуларды көрсетіп тұрады және дұрыс орындалуын қадағалайды. | Оқушыларды 4 топқа бөледі (түрлі түсті карточкамен) 
 Гимнастикалық құрал-жабдықтардың суреттерін салады (секіртпе, ат ағаш, гимнастикалық орындық, арқанға өрмелеу, обруч, гимн-қ төсеніш, керме, доп) | |
| Қорытынды бөлімі. Күтілетін нәтиже 5 минут | ||
| Қалыпқа келтіреді. Сапқа тұрғызады. Ескерту жасайды. 
 | Мұрынмен демалады, ауызбен дем шығарады. Саптал,түзел,тік тұр! | |
| Бағалау 2 минут | ||
| Бағалаймын. | -- | |
| Үйге тапсырма 5 минут | ||
| Сапқа тұрғызамын Үйге тапсырма беремін. | Боймен сапқа тұрады. Жаттығуларды қайталайды. | |







 
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
         
	 
     
                                     
                                     
                                     
                                    