Просмотр содержимого документа
«Гимнастикалы? жатты?улар кешені »
«Ақсу ауданының №6 психологиялық – педагогикалық коррекциялық кабинеті» мемлекеттік мекемесі
Маман : Жалдыбекова Ардақ Нұрлыбекқызы
Сабақтың тақырыбы: Гимнастикалық жаттығулар кешені
Сабақтың мақсаты: Гимнастикалық жаттығуларымен таныстырып өту
Түзете-дамытушылық: баланы салауатты өмір салтына баулу, баланың ойлауын, қабылдауын. Сөздік қорын молайту. Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: өзін сбақта дұрыс ұстауға, сабаққа белсенділік танытып қатысуға, баланы гимнастикалық жаттығуларға деген қызығушылығын ояту.
Сабақтың түрі: түзету- дамыту сабағы
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, ЕДТ кабинетінің құрал жабдықтары.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Баламен амандасып, дұрыс отырғызу
Бүгінгі ауа – райын сұрай
Бұл қай мезгіл?
Сен бүгін қалай киініп келдің?
Қандай мейрам келе жатыр?
Үй тапсырмасын еске түсіру.
Өткен сабақта үйге қандай тапсырма берілді? Қане еске түсірейік. (бала жауабы)
Үйде жасайтын жаттығулар түрлерін көрсетіп берші?
Жаңа сабақ
1. Жалпы дамыту жаттығулары. (жүгіріп, отырып орындалатын жаттығулар) Гимнастикалық таяқша. (Таяқты төмен көлденең ұстайды. Таяқты жоғары көлденең қалыпта көтереді.) Тізерлеп тұрып, таяқты алақанға тіке қойып, оны құлатпай тік тұру және тізерлеп тұру қалпына келу.
2. Тепе – теңдік сақтау жаттығулары. Гимнастикалық орындықпен. (қоқыс толтырылған допты 2-3 рет алып жүру; алақанға қойылған гимнастикалық таяқты құлатпай алып жүру; допты лақтырып, қағып алып жүру; аяқтың ұшымен, қолды жан-жағына соза жүру; «Қарлығаш» жасау, бір аяқпен тұрып, екінші аяқты алға соза, секіріп аяқты алмастыру;скакалкамен жүгіру.
Әңгіме «Аппақ бала»
Сұрақтар
Анасы Асанға тазалықты қалай түсіндірді?
Шынықсан қандай боласын деді?
«Шынығу – денсаулық кепілі» дегенді қалай түсінесің?
Ерте тұру
Орталық тазалығын сақтау
Жер ананы аялау
Денені шынықтыру
Өзіңді таза ұстау
Артық тамақ ішпеу
Сергек жүру
Өзінің күн тәртібін жазып беру.
Ойын «Жағымды және жағымсыз»
Дәптерге денсаулыққа пайдалы және пайдасыз заттарды жазып беру.