Қысқа мерзімді жоспар |
7.3. бөлім Когнитивті және гимнастика арқылы өзінің денесін басқару дағдылары | Мектеп: С. Сейфуллин атындағы жалпы орта мектеп |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Жаненов Сейтмұрат |
Сынып: 7 ә,б | Қатысқаны | Қатыспағаны |
Сабақ тақырыбы: Гимнастикалық жабдықтардағы жаттығулардың түрлілігі |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.1.5.1 - композициялық идеялар мен стратегиялар, қарапайым тактикаларды бағалау және құрастыра білу; |
Сабақ мақсаттары | Гимнастика сабағындағы жеке гигиена және қауіпсіздік іс-шараларын түсіну. Гимнастикалық жабдықтардағы жаттығулардың түрлерін орындалу техникасын үйрену |
Бағалау критерийлері | Қауіпсіздік және сақтану іс-шараларын сабақ үрдісінде қолданады Гимнастикалық жабдықтардағы жаттығуларды құрып,оны көрсетеді |
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: өздерінің когнитивтік және физикалық білімдерін, гимнастика контексінде түсініктері мен дағдыларын көрсете және талқылай алады Пәндік лексика және терминология: бұрылулар, аударылып түсулер, тік тұрулар, дене бөліктері, гимнастикалық снарядтар, гимнастикалық қабырғалар, қанат, саты, кермелер, әр түрлі биіктіктердегі қоссырықтар, гимнастикалық теке, ат, гимнастикалық маттар, орындықтар, қозғалыстар үйлесімі, мүсін Диалогқа/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестері: Талқылауға арналған сұрақтар: - Сендер денелеріңді ширыққан күйде ұстаған кезде, мысалы, снарядтарда жаттығулар орындаған сәтте, бұлшық еттеріңді қалай сезінесіңдер? - Сендерде бұл тапсырмада басқа қауіпсіздік ережелерің бар ма және бар болса, неліктен? - Сендер соңғы қозғалыстар реттілігін әр алуан әрі қарама-қайшы ету үшін кеңістіктегі қозғалыстарыңды өзгерте аласыңдар ма (деңгей/бағыт)? -Сендерге гимнастикада қозғалыстар реттілігін не үшін жоспарлау керектігін айта аласыңдар ма? |
Құндылықтарды дарыту | Бір-біріне деген жолдастық көмек, сыйластық және құрмет |
Пәнаралық байланыстар | Дене бұлшық еттердің дамуы ж/е жүрек соғысының өзгерісі туралы биология, анатомия пәндерімен байланыстыру |
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта арқылы гимнастика бөлімі туралы теориялық мағлұмат беру |
Бастапқы білім | Оқушылар алдыңғы сыныптарда, сондай-ақ үйде және білім беру бағдарламасынан тыс алынған, денені басқаруды жақсартуға көмектесетін дене жаттығулары туралы білімдерді меңгерген |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы 10 минут | (Б,ЖЖ) Оқушыларды сапқа тұрғызу,сәлемдесу, қауіпсіздік ережесі. Активити: «Қаршыға мен тауық» ойыны. Қатарда тұрғандар бір-бірінің белінен ұстап тұрады. Алдыңғы жақта тұрған (тауық) өзінің алдындағы (қаршығаға) бағанды жауып тұрған келесі оқушыны ұстап алуға кедергі келтіреді. Сұрақты талдаңыз: Дене жаттығулары кезінде біздің денеміздің температурасы неліктен көтеріледі? Сабақтың оқу мақсатын түсіндіріп мәлімдеу . Бір орында: саптағы жаттығуларды қайталау 1.Арнаулы гимнастикалық, секіру жаттығулары; 2. Орнында тұрып жалпы дамыту жаттығулары 3. Ынталандыру, сергіту ойыны | Әрбір әрекет үшін кең, таза кеңістік |
Сабақтың ортасы 25 минут | (Ж, Б) Оқушылар жұптарда және шағын топтарда жұмыс істеп, гимнастикалық снарядтардағы элементтерді кешенде орындайды (мұғалімнің таңдауы бойынша), мысалы, гимнастикалық снарядтардағы күшпен сығымдап көтеру, бұрылып көтеру, тірекке шығу, алға бұрылып күшпен көтеру. Кіші ағаш аттан секіру:(С, Т) -Серіппеден қос аяқты қоя жоғары секіру -Жүгіріп келіп серіппемен екі аяқпен жанынан секіру -Жүгіріп келіп серіппемен екі аяқты ашып секіру (Б, Ф)Командалардан 10 мара қашықтықтар екі оқушы тұрады және құрсауларды еденде тік күйінде ұстайды. Құрсаудың артында гимнастикалық маттар жатады және одан әрі бағандар тұрады. Мұғалімнің белгісі бойынша командалардағы бірінші ойыншылар жүгіреді, құрсауға алға қарай аударылып түсіп секіреді, одан әрі бағандарды айналып өтеді және кері құрсаудан өтеді (жүгіріп өтеді) де, эстафетаны келесі ойыншыға береді. Дескриптор -секіру кезінде қауіпсіздік ережесін біледі. -акробатикалық жаттығулар мен перамидалар жасайды. -кіші ағаш атты екі қолмен үстап түрып секіргіште жоғары сермеледі. -екі аяқпен секіргіш көмегімен кіші ағаш аттан оң немесе сол жанға өте секіреді Бағалау Оқушылар берілген дескриптор арқылы бірін бірі бағалайды. | Үлкен шарлар, гимнастикалық төсеніштер
Әрбір тапсырма үшін үлкен бос кеңістік. Гимнастикалық снарядтар.
Әрбір тапсырма үшін үлкен бос кеңістік, гимнастикалық снарядтар және қажетті құралдар |
Сабақтың соңы 5 минут | (Б,ЖЖ)Тыныс алу жүйесін қалпына келтіру ойыны: «Шимақталған шеңбер тізбегі» Оқушылар шеңбер жасап тұрадыда, әрбір ойыншы оң ж/е сол жағындағы оқушыны естерінде сақтап, жан- жаққа тарап кетеді. Бастаушының белгісімен көздерін жұма жүріп бастаушының жанына жиналып көздерін ашады да жиналған жерде қозғалмай әрқайсысы өз көршілерін қолдарын созып тауып алады, қозғалмай тұрып оң ж/е сол көршісінің қолынан ұстайды. Осылайша шимақталған шеңбер тізбекті қолдарын жіберместен қозғалыс арқылы, топпен ақылдаса отырып шешімін тауып, бастапқы қалыпты құрайды. Рефлексия (Кері байланыс) «Жетістік баспалдағы» Үйге тапсырма: Созылу және секіру жаттығулары. | |
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Композициялық тапсырмалар кезінде нәтижесі, тапсырмасы мен жабдығы бойынша айырмашылық. Өз қимылдар сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қою. Сәл әлсіз оқушыларға көмектесу үшін композициялық тапсырмаларды және де топ мүшелері санын азайту немесе жеңілдету. | -Байқау, тыңдау, сұрақ қою. -Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма? -Оқушылариірілу мен бұрылу арасындағы айырмашылықты біле ме? -Оқушылар алаң мен динамикадағы өзгерістер қалай көрінетінін және қалай сезілетінін біле ме? -Топтық композиция мен талқылау сапасы |
|
Сабақбойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқумақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардыңьбарлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Неліктен біз гимнастикада қозғалыстар үйлесімін орындау кезінде қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты сақтау үшін мұқият болуымыз керек? Сендерге гимнастикада қозғалыстардың реттілігін жосарлау не үшін керектігін айта аласыңдар ма? | |
Жалпыбаға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |