Дайындық бөлімі: 12-10* | Оқушыларды сапқа тұрғызу. Кезекшінің мәліметін қабылдау. Сәлемдесу. Сабақтың мақсатын түсіндіру. 1.Саптағы жаттығулар: «оңға!», «солға!», «айнал!», «орныңда адымда!» пәрмендерін орындату. 2.Жүгірудің түрлері: -екі қол белде, оң - сол жақпен тіркес адыммен жүгіру; -екі қол кеуде тұсында, тізені жоғары көтеріп жүгіру; -екі қол белде, аяқтарын артқа сілтей жүгіру; -екі қол белде, оң иық алдыға, аяқты айқастыра жүгіру; -жәй жүгіру; -жүру, тыныс алуға арналған жаттығулар. 3.Жалпы дамыту жаттығулары (ЖДЖ): -1-2-3-4 санақ бойынша иықты алдыға, 5-6-7-8 санақ бойынша артқа айналдырады; - оң қол жоғарыда, сол қол төменде, 1-2-3-4 с.б. алдыға қарай айналдыру; 5-6-7-8 с.б. артқа қарай айналдыру; -Б.қ. қол алда, екі қолды бірге айналдыру; -әр қадам сайын еңкейіп саусақтарын аяқ ұшына тигізу; -екі қолды мықынға қойып, аяқ ұшымен жүру; -екі қолды мықынға қойып, өкшемен жүру; - екі қолды мықынға қойып, аяқтың сыртқы , ішкі жағымен жүру; -екі қол белде, жартылай отырып, жүру; -тыныс алуды қалпына келтіретін жаттығуларды жасату. | 1-2* 5-6 рет 5-6 рет 5-6 рет 5-6 рет 5-6 рет 5-6 рет 5-6 рет 5-6 рет 5-6 рет 10 рет 10 рет 1 айнал.1 айнал. 1 айнал. 1 айнал. 5-6 рет | Спорттық киімдеріне және бұйрықтың дұрыс орындалуына көңіл бөлу; Пәрменнің дұрыс орындалысын қадағалау; Бір қалыпты жүгіруін қадағалау; Саптан шықпауларын тексеру; Денені тік ұстауларын қадағалау; Тізені бүкпеу; Жаттығудың дұрыс орындалысын қадағалау; |
Негізіг бөлімі: 28-30* | 1 - аялдама - допты кедергілер ( фишка) арасынан алып жүру ( сол және оң қолмен). Бәсең үзіліс ( пассивная пауза) 2- аялдама – допты айдап барып, орнында тұрып шығыршыққа тастау. Белсенді үзіліс (активная пауза) 3- аялдама – допты екі қолмен кеуде тұсынан еден арқылы әріптесіне беру Белсенді үзіліс 4- аялдама - допты екі қолмен кеудеден беру; Эстафеталық ойын. Баскетбол элементтерін пайдалана отырып, өткізу. | 3-4* 3-4* 3* 3* 16-22* | Допты жерге оң, сол қолмен кезек ұру арқылы кедергілер арасынан өту, допты алақанмен ұрмау, жерге қолмен итеру арқылы алып жүру; Допты шығыршыққа тастау; Айып добын тастау; Кеуде тұсындағы допты жылдам қимылмен өз әріптесіне беру; 2 топпен ойнатылады |
Қорытынды бөлімі: 3-5* | Оқушыларды сапқа тұрғызу. Жәй жүру арқылы тыныс алуды қалпына келтіретін жаттығуларды жасату. Қорытынды жасау, үйге тапсырма беру. | 1 * 2-3* 1* | Тыныс алу, терең тыныс шығару. Сабақ барысында жасалған қателіктерді айту |