Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға допты беру, ұстау және алып жүру әдістерін үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың жан-жақты өсіп жетілуі, жылдамдық ептілік қасиеттерін арттыру және батылдық тез шешім қабылдау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа достыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Қолданылатын құрал - жабдықтар: Доптар, ысқырық.
Сабақтың барысы:
І. Дайындық бөлім (15 мин)
Оқушыларды сапқа тұрғызып сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу, спорттық киімдеріне назар аудару. Техника қауіпсіздік ережелерін ескерту.
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсат - міндеттерін хабарлау. Оқушыларды сапқа тұрғызып оңға, солға айнал дейтін бұйрықтарды дұрыс орындауға жаттықтыру. Бір мезгілде бұрылуды бірнеше рет қайталап орындату. Қол белге қойып аяқтың ұшымен жүру. Қолды желкеге қойып өкшемен жүру. Бірқалыпты жүгіру. Арнайы жаттығулар тізені жоғары көтеріп жүгіру, оң (сол) жанымен секіріп жүгіру; теріс қарап жүгіру; адымды кең ашып жүгіру. Шеңбер жасап тұрғызып, жалпы дамыту жаттығуларын жасату. Арнайы сабақ тақырыбына байланысты жаттығулар жасату.
Оқушылардың сапта тұруына спорт киімдеріне тәртіптеріне бұйрықты дұрыс орындауларына назар аудару. Жаттығу жасау кезінде ара қашықтықты сақтауын және жаттығуларды дұрыс жасауын қадағалау. Жаттығу барысында оқушылардың қателіктерін ескертіп түсіндіріп айту.