Ұлт ойындары атадан-балаға, үлкеннен-кішіге мұра болып жалғасып отырған.Ойын тек адамның дене күш-қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке т.б. тәрбиелеп қана қоймай, адамның ақыл-ойының толысуына, есейіп өсуіне де көп пайдасын тигізеді.Манашыұлы Тұяқпай жырында: «Балалармен ойнайды, ойнап жүріп ол бала кеудеге ақыл ойлайды» - деп түйіндейді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ұлттық ойындар – халық мұрасы.»
Ұлттық ойындар – халық мұрасы.
Ұлт ойындары – ата-бабамыздан бізге
жеткен, өткен мен бүгінгіні
байланыстыратын баға жетпес
байлығымыз, асыл қазынамыз.
Ұлт ойындары атадан-балаға, үлкеннен-кішіге мұра болып жалғасып отырған.Ойын тек адамның дене күш-қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке т.б. тәрбиелеп қана қоймай, адамның ақыл-ойының толысуына, есейіп өсуіне де көп пайдасын тигізеді.Манашыұлы Тұяқпай жырында: «Балалармен ойнайды, ойнап жүріп ол бала кеудеге ақыл ойлайды» - деп түйіндейді.Бұдан көретініміз ойын тек көңіл көтеру мен ермек үшін жасалмаған, қайта халықтың жазу өнері әлі дамымаған, оқу орны болмаған кезде өз ұрпақтарын өмірге әзірлеу мүмкіндіктерін пайдаланатын іс-әрекет қызметін атқарған.Қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа өте бай және алуан түрлі болып келеді.Сондықтан оны үйренудің күнделікті сабақта пайдаланудың маңызы зор.Ойын адамның алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, өміріне ұщтаса береді.Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ, болуы да мүмкін емес.Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен терезе сияқты, ол баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған ортаны тану арқылы түсінік алады.
Ойын дегеніміз – тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.
Сондықтан, қай жерде жүрсекте қазақтың салт-дәстүрлерін, қазақтың ұлттық ойындарын, ырымдарын ұмытпай, дәріптеп жүрейік, ағайын!