Название проекта:?аза?ты? ?лтты? Ойындары-
халы?ты? м?дени м?расы.Данная работа является исследовательским проекта.В котором предметом исследования являются казахские национальные игры.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?аза?ты? ?лтты? Ойындары- халы?ты? м?дени м?расы »
Урицкий орта мектебі. Тақырып:Қазақтың ұлттық Ойындары- халықтың мәдени мұрасы.
Мақсаты:Қазақ халқының ертеден қалыптасқан,атадан-балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері туралы түсінік.Қазақтың ұлттық ерекшелігіне,күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты екенін түсіндіру.Балаға жастайынан дене тәрбиесін шынықтыру,оны батылдыққа,ептілікке,тапқырлыққа,күштілікке т.б.Әдемі адамгершілік қасиеттерге баулу.
Қазақтың ұлттық ойындарының
1. Ұлттық ойындарды оқу және тәрбие үрдісінде пайдаланудың өзектілігі Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі міндеттердің бірі. Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Осымен байланысты бағдарлама халқымызға тән әдептілік, қонақжайлық, мейірімділік, т.б. сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым-қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктер.
Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі,заманымыздың аса көрнекті жазушысы М.О.Әуезов:» Біздің халқымыздың өмір кешкен-ұзақ жылдарында,өздері қызықтаған алуан ойын өнері бар ғой.Ойын деген,менің түсінуімше,көңіл көтеру,жұрттың көзін қуантып,көңлін шаттандыру ғана емес,ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған »,-деп тегіннен тегін айтпаса керек.
Қазақтың ұлттық ойындары.
Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының тұрлері сан алуан.Солардың қай-қайсысы да адамға,соның игілігіне қызмет етуге бағытталған.
Осындай аса құнды мәдени ігіліктердің бірі-ұлт ойындары.Бүгінде ойынды халық педагогикасының құрамды бір бөлігі деп тегін айтпаса керек,адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп осы ойынның аталып жүруі де жайдан-жай емес.
Қазақ халқы-материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі.Сондай қомақты дүниелер қатарына ұлт ойындары да жатады.
. Жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді. Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойынды сабақта қолдану оқушылардың ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы. Бірақ оны жүргізуге арналған нақты әдістемелік құралдар жоқтың қасы. Зерттеу жұмысында орыс тілінде жазылған әдебиеттер қолданылды. Соның нәтижесінде қазіргі таңда тақырыптың өзектілігі туындап отыр. Халық педагогикасының адам, отбасы, өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу туралы арман-мақсаттарын, орныққан пікірлерін, ұсыныстарын қамтып көрсететін педагогикалық идеялар мен салт-дәстүрлері өткен мен қазіргінің арасындағы байланысты көрсетеді. Ол тарихи даму барысындағы әлеуметтік мәні бар ақпаратта (білім, білік) т.б. жиналып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады
2. Қазақ халқының ұлттық ойындарының зерттелуі Қай халықтың болмасын, оның ұлттық ойындарының белгілі бір мақсаты мен әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан ерекше қасиеттері болады. Сондықтан халық арасында қалыптасқан ойындар туралы сипаттамалық жинақтар, деректер және құжаттар дұрыс зерттеу мен талдауды қажет етеді. Ұлттық дәстүрлі халық ойындарының ел арасындағы беделі, тарихи қоғамдағы алатын орны және болашақ ұрпақты өсірудегі қажеттілігі, оның шығу тарихы туралы ғылыми тұрғыдан бізге дейінгі ғалымдар да көп ізденді. Осы мәселеге байланысты зертелеген ғылыми еңбектерді біз хронологиялық шектігіне қарай бірнеше топқа бөліп қарастырамыз
1. Орыстың отарлау саясаты кезеңіндегі алғашқы орыс әскери шенеуніктері мен миссионерлерінің көшпенділер хақындағы зерттеу жұмыстары; 2. Кеңес заманы кезеңіндегі Орта Азия және Қазақстан халықтарының ұлттық ойындары туралы жазылған ғылыми еңбектер; 3. Мектеп жасына дейінгі балаларды дене шынықтыруға баулу әдістерін педагогикалық сипаттағы бағыт-бағдарлама тұрғысынан зерттелген жинақтар. 4. Тәуелсіз егеменді елдер кезеңіндегі (1992 жылдан бүгінге дейін) аталған тақырыпқа қатысты ізденістер. Алғашқы топтама еңбектің тарихнамалық тізгінін Ә.Диваевтың еңбегін талдаудан бастайық. Ол өзінің «Игры киргизских детей» атты еңбегінде тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады
Ойынға зер салып,ой жүгіртіп қарар болсақ,содан үлкен де мәнді-мағыналы істер туындап өрбітінін байқаймыз.Өйткені,ең алдымен ненің болсын бас алып,жол бастар қайнар көзі болатыны белгілі.Ұлт ойындары біздің көз алдымызға тап осы сүреттерді елестетеді.Өйткені бір кезде ол бар өнердің басы,олардың нәр алатын бастауы болғаны анық.Шынында да,көне мәдениет пен әдеби туындылар,ең алдымен,сол халық жиналған думанды сауықта,ойын-той үстінде дүниеге келіп,көптін ігілігіне айналған.
1. Аңға байланысты ойындар: ақсерек-көксе-рек, аңшылар, аңшылар мен қояндар, кірпіше қарғу, қас-құлақ, ордағы қасқыр. 2. Малға байланысты ойындар: аларман (қойға қасқыр шапты), асау көк, бура-қотан, көксиыр, соқыр-теке, түйе мен бота. 3. Түрлі заттармен ойналатын ойындар: ағаш аяқ, аққала, ақпа, ақсүйек, ақшамшық, алакүшік, алты-бақан, арқан аттау, арқан тартпақ, арқан тартыс, арынды арқан, асау мәстек, асық, аттамақ, ауыртаяқ, әйкел, әуетаяқ, батпырауық, белбеу соқ, белбеу тартыс, дауыстап атыңды айтам, епті жігіт, жаяу көкпар, жемекіл, жігіт қуу, жігіт ойыны, күзетшілер, күміс ілу, қамалды қорғау, қараше, қимақ, қыз қуу, лек (шөлдік), монданақ, орамал тастау, сақина жасыру, сиқырлы таяқ, тапшы, кімнің дауысы, таяқ жүгірту, тепе-теңдік, тобық, тұтқын алу, түйілген орамал, шалма, шертпек, шілдік, хал қалай?
4. Зеректілікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар: айгөлек, айдапсал, атқума, аударыспақ, бағана өрмелеу, балтам шап, бөріктастамақ, бұғнай, бұғыбай, бұқатартыс, бұрыш, біз де, егер..., жасырынбақ, жаяу жарыс, көкпар, көрші, күрес, қарамырза, қассың ба, доссың ба?, қындық-сандық, орын тап, отырмақ, санамақ, сұрақ-жауап, тасымақ, тасымалдау, тең көтеру, тымпи-тымпи, ұшты-ұшты, үй үстіндегі кім?, шымбике. 5. Соңғы кезде қалып-тасқан ойындар: әріп таңдау, бригада, мейрамхана, нөмір, пароль, пошта, сымсыз телефон, сыңарын табу. Бұлардың ішінде бірқатар ойындар спорттық, той ойындары болып саналады. Ал енді, қазақтың ұлттық ойындарының ішінде «қуырмаш» тәрізді жас сәбилерге арналған да ойындар бар. Біз енді қазақтың ұлттық ойындарының негізгілерін талдап, тарқатсақ. Ақсүйек. Қыз-бозбалалар оны жазғы айлы түнде ойнаған.
Қазақтың ұлттық ойындары туралы қағаз бетіне түскен алғашқы деректер нешіңші ғасырда басталады?
Қазақ халқы ұлт ойындарына бай халықтардың бірі.Қазақтың ұлттық ойындары туралы қағаз бетіне түскен алғашқы деректер ХIII ғасырдан басталады.Оны алғаш жинап,Европа жұртшылығына таныстырған Италия саяхатшысы Плано Карпини болды.
Ойандарының түрлері:
Қыз қуу Ойын үшін жігіттер мен қыздар іріктеліп, ұшқыр, жүйрік аттарға мініп шығады. Қашықтығы 300, ал ені 30-40 метрлік тегіс, топырағы жұмсақ, ашық алаң таңдалып алынады. Жарыстың басталатын жері – алаңның бір маңдайында қатынасушылар орағытып өту үшін қарақшы қойылады. Бұған көбінесе қызыл жалау қағылады. Жарыс жекелей де өтеді. Егер екі топқа бөлінсе, онда қыздар мен жігіттердің саны тең болуы қажет. Төрешінің бірінші белгісі бойынша қыз жігіттен 10 метрдей алда тұрып, шабысқа дайындалады. Келесі белгіде олардың екеуі де аттарының басын жіберіп, шаба жөнеледі. Жігіт қызды бұрылысқа дейін қуып жетіп, жең ұшына ілінген орамалды ілгері алып қашуы керек. Егер жігіт сол бетімен – қарақшыдан сөреге дейін қуғыншыға жеткізбесе, онда – жеңгені. Ал егер қыз қуып жетсе, жігіттің атын, әйтпесе өзін қамшының астына алады. Мұнда қыз жеңді деп есептелінеді. Жарысқа қатынасушыға бір-бірінің атын тоқтатуға, алаңнан сыртқа шығуға, қарақшыға жетпей сөреге оралуға рұқсат етілмейді.
Күміс ілу
«Күміс ілу» - ептілікті, атқа жақсы отыруды керек ететін ұлттық ойын. Келін түсіру, қыз ұзату салтанатында қалыңдық орамалға түйіп, өзінің күміс шолпысын, әйтпесе жүзігін тастайды. Сондықтан да кей жерлерде бұл ойын «жүзік ілу» деп аталады. Қатты шауып келе жатқан шабандоз жігіт ат екпінін бәсеңдетпеспен, әлгі орамалды іліп алып кетуі керек. Сонда беташар айтуға ерік алады.
АСЫҚ ОЙЫНЫ
АСЫҚ ОЙЫНЫ Қазақ халқында ертеден келе жатқан ойындардың бірі - «Асық ойындары». Халық арасында асық ойындарының бірнеше
түрі сақталған. Бұл ойынды тек асығы бар ер балалар ғана ойнаған. Асық ойнаушылардың саны 4-8-ге дейін барады. Бұл ойының мақсаты – асық ұтып алу. Ойын ережесі: Көнге барлық ойыншы бір-бірден асық тігеді. Содан соң бір бала ойыншылардың кім-кімнен кейін ойнау керек кезектерін анықтау үшін басқалардың сақасын жинап алып иіреді. Иірген кезде алшы түскен сақаның иесі-бірінші, тәйке түскеннің иесі -екінші, бүк түскенді
кі - үшінші, шік түскендікі - төртінші болады
Әуе таяқ.
Бұл ойын көгалдарда,алаңдарда 10-12 адамның қатысуымен өтеді.Ойынға ұзындығы 80 см-ден аспайтын,жуандығы 4-5 см жұмыр таяқ керек.
Ойнаушылар бірнеше жұпқа бөлінеді.Ойын жүргізуші екі адамның әрқайсысына бір таяқтан береді)Олардың біреуі таяғын лақтырған кезде,екіншісі ұшып бара жатқан таяққа өз таяғымен лақтырып ұрып тигізуі керек.Таяқты лақтыруды және оны көздеуді жеребе бойынша жүргізуге де болады.Егер ойыншылар екі топқа бөлінсе,таяқтарын көп тигізген топ жеңген болып есептеледі,келесі жолы лақтырушылар мен тигізушілер орын алмасады.
«Көкпар»
Көкпар-жігіттердің күш қайратын,ерлік,ептілігін сынайтын-ұлттық ат ойыны.Көкпарға тақымы берік шабандоздар.Жарысқа түсетін бұл додалы сынға денесі жұмыр,аяқтары жуан сәйгүлік аттар қатыстырылады.Бұрындары мал баққан көшпелі халықтар көк бөріні соғып алғанда өлігін ат үстінде сүйрелеп,бір-бірінен ала қашып,лақтырып ойнаған.Кейін ол ұлттық ат спорты ойынына айналған.
Қорыта айтқанда ұлттық ойындар-салуатты өмір салтын мұрат тұтқан арманшыл,елі мен жерінің қамын ойлайтын,ұлтқа тән барлық қасиетті қадір тұтатын,дара тұлға-жаңа адамды тәрбиелеп шығарудың маңызды кұралы.Сабақ барасында немесе сабақтан тыс кезде баланы ұлттық ойын арқылы өмірге тәрбиелеу үздіксіз процестің жалғасы.Халықтың ұлттық ойындары-жас ұрпақтың қалыптасып өсіп-өнуіне әсер ететін факторлардың бірі және дәстүрлі мәдениетіміздің бір бағыты.Ойын-дене қозғалысы,шыныққан денесінің шеберлігі,көңіл көтеру,дем алу,бас қосып бірлесіп әдет-ғұрыпты жалғастыруға үндесу.Мектепте оқушылырға ұлттық ойындардың құндылығын насихаттаумен қатар,оларды қолданудың озық тәжірибелерін жинақтау және дамыту керек.
Ұлттық ойындар-ата-бабамыздан бізге жеткен мұра сияқты өткен күн мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес бапйлығымыз,асыл қазанамыз,өнеріміз.Сондықтан оны үйренүдің,күнделікті өмірде пайдаланудың пайдасы орасан зор.Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып,оның шығармашылық қабілетін оятып,бүкіл өмірімен жалғаса береді.Ойын сан ғасырлар өтсе де адамзат баласына ақыл-ой жетекшісі,денсаулық кепілі,өмір тынысы болып қала береді.
Ойын баланың денесін,тұлғасын жетілдіріп,сана-сезімін,намысында қалыптастыратын тәрбие құралы. Баланы -ойын өсіреді.Ойынға қатыспаған бала әлжуаз,қорқақ,өз күшіне сенімсіз,бос кеуде,қиыншылыққа мойығыш болып өседі.Ойында тәрбиелік мәнге ие ұлттық көптеген этнопедагогиқалық элементтнрі жетерлік.