Просмотр содержимого документа
«Халық педагогикасын дене шынықтыру сабағында қолдану»
халық педагогикасын
дене шынықтыру сабағында қолдану
Қазақтың ұлттық қимыл қозғалыс ойындары
Ақ сандық , көк сандық
Ақ серек, көк серек
Ақ сүйек
Аларман
Аңшылар
Арынды арқан
Бақташы мен қой
Әріп таңдау
Әуе таяқ
Аттамақ
Ақ сандық, көк сандық
Дайындық: Ойынға ер балалар қатысады. Күш шамалары тең екі топ құрады.
Өткізілетін орын: Алаң, дене шынықтыру залы.
Өткізілуі: Ортаға екі жұп шақырылады. Екеуі қолдарын айқастыра ұстап отырады. Содан кейін ойын жүргізуші тақпақтап:
«Ертең аулым көшеді ,
Уық бауын шешеді,
Қара қойым қашады,
Құмалағын шашады.
Ақ сандық, көк сандық
Арқан тарт, кілем арт!» -
дейді. Соңғы «арт» деген сөз екі ойыншыға берілген белгі. Соңғы сөз айтылғанда қолдасып отырған екеуі тез тұрып кетуі керек. Қайсысы қарсыласын арқалап кетсе, өз тобына ұпай әкеледі. Жеңіске көп ұпай жинаған топ жетеді.
Тәрбиелік мәні: Ойын күшті, шыдамдылықты, шапшаңықты жетілдіреді. Күреске дайындық ретінде қолданылады.
Ақ серек, көк серек
Дайындық: 9 – 12 жас. Ойнаушылар - 2топ.
Өткізілетін орын: Ашық алаң, дене шынықтыру залы.
Өткізілуі: Аралары 20 – 25 метр қашықтықта 2 топ қарама – қарсы тұрады. Ойынды бірінші топ былай деп бастайды:
«Ақ серек, көк серек,
Бізден сізге кім керек?» - деп сұрайды. Ал оларға 2 – топ:
«Ай керек – ау, ай керек
Айдың жүзі дөңгелек.
Ақ серек пен көк серек,
Тауып алдым дөңгелек
Сонау тұрған Серіктің өзі керек!» - деп қарсы жақтың бір баласының аты айтады. Аты аталған бала жүгіріп келіп, өзін қуып жете алмайды – ау деген біреуді алақанынан ұра сала өз тобына қайта қаша жөнеледі. Ұрылған ойыншы оны қуып жетсе, ойыншы ұсталады, ал егер ұстай алмаса қуған ойыншы қолға түседі де, қарсы топқа қосылады.
Тәрбиелік мәні: Ойын жылдамдыққа, шапшаңдыққа және бірлікке тәрбиелейді.
Ақ сүйек
Дайындық: Ойнаушылар – ортаңғы және жоғарғы буын оқушылары, әсіресе ер балалар, 2 топ 10 – 12 адам.
Өткізілетін орын: Дене шынықтыру залы.
Көрнекі құрал – жабдықтар: Шағын доп, сүйекке ұқсас зат.
Өткізілуі: Жүргізуші өзі сүйекті залдың кез – келген жеріне жасырып қояды. Содан кейін жүргізушінің белгісімен екі топ іздеуге шығады. Бірінші болып тапқан топ жүргізушіге әкеліп беруі керек.
Тәрбиелік мәні: Ойын шапшаңдықты, күшті, тапқырлықты, айлакерлікті дамытады.
Аларман
Дайындық: 10 – 16 жас. Ойнаушылар - топ, 5 – 7 адам бір ойыншыға қарсы.
Өткізілетін орын: Дене шынықтыру залы, алаң.
Өткізілуі: Ойнаушылар бірінің белінен бірі ұстап тізбек құрып тұрады. Бір ойыншы «аларман» болып, тізбектің басындағы ойыншымен қарама - қарсы тұрады. «Аларман» тізбектің біресе оң жағына, біресе сол жағына шығып, ең соңғы ойыншыны ұстауға тырысады. Ал тізбектің басындағы ойыншы «аларманның» бағытымен бірге қозғалып тұрады. «Аларман» ең соңғы ойыншыны ұстаған жағдайда өзі тізбектің басына тұрады да, ұсталған ойыншы «аларман» болады. Осылайша ойын жалғаса береді.
Ұйымдастыру – әдістемелік нұсқау: Тізбекте тұрған ойыншыларға қолдарын жіберіп тізбекті үзуге болмайды.
Тәрбиелік мәні: Ойын жылдамдықты, шапшаңдықты, күшті жетілдіреді. Бірлесіп қимылдауға тәрбиелейді.
Көрнекі құрал – жабдықтар: Әр ойыншығы (аңшыға) доптан.
Өткізілетін орын: Дене шынықтыру залы, алаң.
Өткізілуі: Ойнаушылар «аңшылар» мен «қасқырлар» болып екі топқа бөлінеді. Диаметрі 4 – 6 метр шеңбер сызылып «қасқырлар» соның ішіне орналасады. Жүргізушің белгісімен «аңшылар» сырттан «қасқырларды» атқылайды. «Аңшыларға» тигізген добы үшін бір ұпай беріледі, ал «қасқырларға» әр қағып алған допқа бір ұпайдан «аңшылардан» шегеріледі. Соңынан ұпай саналып топтардың орыны ауыстырылады.
Ұйымдастыру – әдістемелік нұсқау: Допты кезекпен лақтыру керек. Бір ойыншы бір – ақ рет доп лақтырады.
Тәрбиелік мәні: Ойын күшті, ептілікті, допты лақтыру техникасын жетілдіреді.
Арынды арқан
Дайындық: 8 – 10 жас.
Көрнекі құрал – жабдықтар: 2, 3 метр арқан, ұзындығы 1 метр таяқ.
Өткізілетін орын: Дене шынықтыру залы, алаң.
Өткізілуі: Ойнаушылар дөңгелене шеңбер бойына тұрғаннан кейін, қолында арқаны бар бір бала топ ортасына шағады да, ал екінші бала таяғын арқанның бір ұшына байлап топтың сыртында топты айналып жүреді. Ойыншылар арқаннан секіріп өтіп оны аяқтарына тигізбеулері керек. Кімде кім ақраннан секіре алмай ұстап қалса, жазаланады (өлең, тақпақ айтады). Немесе секіре алмай қалған ойыншы ойыннан шығады. Осылайша жеңімпаз анықталады.
Тәрбиелік мәні: Жылдамдыққа, секіруге, тез қимылдауға тәрбиелейді.
Әріп таңдау
Дайындық: 6 – 7 жас. Ойнаушылар жекелей.
Өткізілетін орын: Дене шынықтыру залы, алаң.
Өткізілуі: Ойнаушылар дөңгелене отырысып, әркім әріп таңдайды. Ойын жүргізуші ортаға кез - келген ойыншыны шақырады. Ортаға шығарып:
- «Сен қандай әріпті алдың ?»
- «А»
Ойыншы жүргізушінің қойған сұрақтарына тек «А» әрпінен басталатын сөзбен жауап береді. Сөздерді көп ойланбай тез айтуы шарт. Мысалы:
- Сенің атың кім?
- Асан!
- Фамилияң кім?
- Ахметов!
- Қайдан келдің?
- Астанадан т.с.с. «А» әрпінен басқа әріпке басталатын сөз айтып қойса жазаланады (өлең, тақпақ айту).
Тәрбиелік мәні: Ойын тілді, тапқырлықты, ойлау қабілетін дамытады.
Әуе таяқ
Дайындық: 12 – 16 жас.
Көрнекі құрал – жабдықтар: Ұзындығы 80 см, диаметрі 2 – 3 см таяқшалар, қағаз бен қалам.
Өткізілетін орын: Дене шынықтыру залы, алаң.
Өткізілуі: Ойынға қатысушылар жұпқа немесе 2 топқа бөлінеді. Ойын жүргізушісі бірінші жұпты немесе әр топтың бірінші ойыншыларын шақырады. Екі ойыншының біреуі қолындағы таяғын мәре сызығында тұрып алға қарай жоғарылата лақтырады. Оның соңынан екінші ойыншы қолындағы таяғын жоғары лақтырып қарсыласының ауадағы таяғына тигізуге тырысады. Егер тигізсе ол ұпай алады. Ары қарай осы сарында ойынды қалған ойыншылар жалғастырады. Екінші кезеңде топтар рольдерін ауыстырады. Кім көп ұпай жинаса сол топ жеңеді.
Тәрбиелік мәні: Ойын дәлдікті, қол күштерін дамытады.
Көрнекі құрал – жабдықтар: Ұзындығы 3 – 4 метр үш жіп, көз байлайтын орамал.
Өткізілетін орын: Дене шынықтыру залы, алаң.
Өткізілуі: Бұл ойында үш жіпті керіп ұстап тұрады. Бірінші жіп төмен тұрады, аттап өтетіндей. Екіншісі биік, еңкейіп өттетіндей, үшіншісі төмен. Алдымен бір ойыншыны көзін жауып осы жіптерден өткізіп дайындайды. Кейін жүргізушінің белгісмен жіпті жинап алады, ал ойыншы өзінше әрекеттеніп аттап өтуі керек.
Тәрбиелік мәні: Балаларды жастайынан есте сақтау қабілетін дамыту.
Көрнекі құрал – жабдықтар: Көз байлайтын орамал , қоршау жасайтын заттар ( гимнастикалық орындық , скакалка т . б .).
Өткізілетін орын: Дене шынықтыру залы, алаң.
Өткізілуі: Ойынға қатысушылар арасынан бір « бақташы » таңдап алынып , көзі байланады да , қоршаудың ортасында тұрады . Қойлар сыртта жүреді. « Бақташы » : « қойым, қойым , қойларым , мен мұндамын » - деп шақырады. Қойлар қоршаудан секіріп өтіп , бақташыға келіп : « Қойшы, қойшы, маған қанша адам бересің ? » - деп сұрайды . Қойшы әр қойға 10 адам шейін айтады , содан кейін қойлар сонша адамға барып тұрады . Барлық қойлар кетіп болғанан кейін қойшы : « Менің қойларым қайдасыңдар ?» - деп дауыстайды. Сол кезде қойлар «Бе – Бе!» деп дауыстайды. Қойшы оны дауысынан танып, атын айтады. Таба алмаса айып төлейді ( өлең айтады немесе тақпақ айтады).
Тәрбиелік мәні: Ойын сақтыққа бағдарлай білуге тәрбиелейді.