kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама. «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Алматы облысы,Талдықорған қаласы

№ 17 орта мектептің дене шынықтыру пәніннің мұғалімі:

 Асқар Қуаныш Иманмахамедұлы

[email protected]

Салауатты өмір салты – оқушы  үшін аса маңызды, денсаулықпен тікелей  байланысты құнды  форма. Ол адам мәдинетінің бір бөлігі. Ал денсаулық адам бақытының негізгі бөлігі. Қоғамның болашағы әрбір адам денсаулығына байланысты. Денсаулыққа тек дененің сыртқы бүтіндігі ғана деп қарау ағаттық, жалпы алғанда оны организмнің жан-жақты дамуымен бүкіл қызметтердің жүзеге дұрыс асырылуы деп ұққан жөн. Ендеше, оқушылардың денсаулығын дамытуда  дене тәрбиесі пәнінің атқарар маңызы өте зор. Осыған орай мектепте оқушыларымыз  спорт саласында елеулі орындарға ие болып отыр. Ол біздің жетістігіміз. Себебі «Денсаулық –зор байлық, адам бақытының бастауы» - дейді халқымыз. Ата -бабаларымыздың бұл дана ой –пікірі талай ғасырлар белесінен өтіп бізге жетіп отырған шындық. Ұлттың денсаулығы ұлан асыр байлық екені рас, тек оған ие болу үшін көп күштер жұмсауымыз қажет. Денсаулық адамға бірақ рет берілетін табиғат тартуы. Ол тұрақты, мәңгілікке берілмейді, үзбей өзгерісте болады. Оны сақтау үшін еңбек сіңіру, ауырмай тұрып іс - әрекет жасау керек. Оған нақты білім, ынта-ықылас, ерік –жігер қажет, онсыз баянды, әрі ұзақ денсаулықты сақтау қиын.

Денсаулық тәрбиесі – ортақ мәселе. Халық санының өсуі, оның сапасы, деннің саулығы мемлекет әл – ауқатының дамуына мұрындық болады. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде соның 4 негізгі күшін атап көрсетті. Оның бірі – жер үстіндегі байлық деп отырғанымыз – адам, оның білімі мен іскерлігі, таланты мен мәдениеті, денсаулығы.салауатты өмір сүру салты 3 категорияға бөлінеді:

1. Салауатты өмір сүру деңгейі;

2. Салауатты өмір сүрудің сапасы;

3. Салауатты өмір сүрудің стилі.

Салауатты өмір сүру деңгейі – адамның материалдық және моральдық-рухани қажеттілігін толығымен қамтамасыз ету.

Салауатты өмір сүру стилі – оқушының  қоғамдық орындарда өзін -өзі ұстап және көрсете білу.

Оқушы  денсаулығының жақсы және жаман болуы салауатты өмір сүру стиліне байланысты. Ал салауатты өмір сүру стилі тарихи және ұлттық дағды –дәстүрлер арқылы қалыптасады.

Қазіргі уақытта денсаулық бірнеше түрлерге және құрамдас бөліктерге бөлінеді:

1.  Тән денсаулығы — бұл адам мүшелері мен организм жүйесінің    ағымдағы күйі. Мұның негізі онтогенездік дамудың әр түрлі кезеңдерінде басымдық көрсететін, базалық қажеттіліктерге негізделген жеке дамудың биологиялық бағдарламасынан құралады.

2.  Дене денсаулығы — организм    мен мүшелерінің өсуі мен дамуының деңгейі. Мұның негізі бейімделу реакцияларын қамтамасыз ететін морфологиялық және функциялық сақтамалардан құралады.

3.  Жан денсаулығы — адамнаң психикалық өріс күйі.

Мұның негізі мінез-құлыққа бара-бар реакцияны қамтамасыз ететін жалпы рухани қолайлы күйден құралады.

Осыған орай оқушыларға үнемі айтып отыратын мына төмендегі

денсаулықтың негізгі өлшемдерін атап кетсек:

• тән және дене күйі үшін — мен істей аламын;

• психикалық күй үшін — мен тілеймін;

•  адамгершіліктік күйге — мен істеуге тиістімін.

Дені сау баланың көңіл-күйі көтеріңкі өмірге құштар,қандай іске болсын дайын, мақсатына жету жолындағы қиыншылыққа төзімді болады.

Ал, ауру – жас жеткіншектің  мүмкіндігін шектейді,көңіл күйі жабырқаулы болады. Оқушы  ештеңені жоспарлап,алдына айқын мақсат қоя алмайды. Баланың денсаулық жағдайы көптеген факторлардың әсеріне байланысты.Мысалы: ата-ананың денсаулығы, үйдегі жалпы жағдай, білім алу мүмкіншілігі, әлеуметтік жағдай,т.б.

Дене тәрбиесі сабағында мұғалім  оқушылардан  «Адам өзінің дені сау, бақытты сезіну үшін не істеу керек?» деген сұрақты негізге ала отырып, болашақта  спорт саласына  үлес қосу үшін  мектепаралық,  мектептен тыс үйірмелерге,  басқа  мектептер арасында өтетін волейбол, футбол  т.б. спорт жарыстарына қатысып,  жүлделі орынға жетуі үшін бағыттап, осы мақсатта дайындаймыз.

        Мектебімізде елеулі жаналықтардың бірі болып жарияланған,  20-қыркүйек айында Жетісу телеарнасында «Дені сау ұрпақ-ұлт болашағы» өнеге аларлық хабармен бөлісті. Онда: «Алматы облысындағы  мектептерде  сабақ таңғы жаттығудан басталды. Оқушылар әдеттегідей бірден мектеп партасына отырмай   сергіту жаттығуларын жасап, бой жазып  алғаннан кейін ғана білім алуға кірісті. Таңертеңгілік дене шынықтыру шарасын қоғамдық денсаулық сақтау институты мен Алматы облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы бірлесіп ұйымдастырды.
"Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш,
Бойға жинап күш.
Жаттығу жасап алайық,
Бiр дем алып қалайық".  Дәл осы ұранмен №17 орта мектептің оқушылары да дене шынықтыруды бастады. Бүгінгі таңғы жаттығу күндегіден өзгеше болды. Олар бой сергіту, жүрек-қан тамыры жүйесін, тұлға түзулігі қалыптастыратын жаттығуларды жасады. Таңғы уақыттарда оқушылардың денсаулығын нығайту мақсатында таңғы жаттығулар ұйымдастырылып, жүргізіледі. Балалар осы жаттығудан қалмайды. Ертерек келіп, көңілдерін көтеріп, сабаққа деген сергіту сәтінен өтеді.  Бұл шарадан мектеп ұжымы да тыс қалмады. Мұғалімдер де үлкен үзілісте  жаттығу  жасады.  Жалпы, бұндай жаттығу білім ордасында  тұрақты түрде ұйымдастырылады. Бастауыш сынып оқушылары үшін әр түрлі ойын, ал  жоғарғы сынып оқушылары үшін жаттығу  есебінде  өткізіледі. Педагогтардың айтуынша таңертеңгілік дене шынықтыру балалардың ой -қабілетін жақсартып, күні бойы белсенді болуларына септігін тигізеді. Бұл жаттығулар біздің денсаулығымызға өте пайдалы. Біз күнде жаттығу жасап, біраз сергиміз. Мектепте де сергек жүреміз. Көңіл-күйімізді көтереді. 
Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы. Дұрыс тамақтануды насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, халықтың денсаулығын нығайту қоғамдық денсаулық сақтау институтының басты міндеттері. Ал, бүгінгі  шара жаңа ғана қабылданған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған алғашқы жобалардың бірі»,- деп жариялады   Айман Асыл Тимур Байбосынов Жетісу телеарнасы.

            Қорытындылай келе: «Он екі мүшең сау болса - жарлымын деме»,- деп халқымыз денсаулықты адам өміріндегі орнын, тән сұлулығын,жан тазалығын еш нәрсемен айырбастауға, теңестіруге болмайтынын ұрпақтарына ескертіп отырған. Шәкәрім атамыз «адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын – адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек»,- деген еді. Көзге көрінбейтін нәзік сезімді, аса құнды қасиеттерді жүректен жүрекке жеткізу шебер тәлімгердің ғана қолынан келеді. Біздің тәрбие бастамамыздың негізі  салауатты өмірге  жас жеткіншектерді баулу және  оны қалыптастыру. Жастарымыздың жүзінен күлкі, жүрегінен жалын, саналы сезім төгілсе онда ұрпағымыздың денінің саулығы. Еңселі егеменді еліміздің ертеңінен үлкен үміт күтеміз. Жастардың денсаулығы, жігері, қайраты, білімі егемендігіміздің беделі, еліміздің мақтанышы болмақ.

 

Аннотация: Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл­ауқаты сай болуы үшін салауатты өмір салтына бейімдеу қажеттігін баса айтып келеді. Мақалада денсаулық адам баласының азбас қазынасы, асқан байлығы,өмірінің тірегі екенін түсініп, оны бағалай білу жайлы айтылған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама. «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру»»


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Баяндама. «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру»

Автор: Асқар Қуаныш Иманмахамедұлы

Дата: 26.10.2016

Номер свидетельства: 352339

Похожие файлы

object(ArrayObject)#868 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(156) "Та?ырыбы:  «Салауатты ?мір салтын жан?яда ?алыптастыруды? жолдары. Компьютерді? зияны» "
    ["seo_title"] => string(90) "tak-yryby-salauatty-omir-saltyn-zhanu-iada-k-alyptastyrudyn-zholdary-komp-iutierdin-ziiany"
    ["file_id"] => string(6) "177458"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424662694"
  }
}
object(ArrayObject)#890 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Ата-аналық парызға адалдық"
    ["seo_title"] => string(26) "ata_analyk_paryzga_adaldyk"
    ["file_id"] => string(6) "480511"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1539406523"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства