kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ата-аналық парызға адалдық

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                                                          

М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Баяндама тақырыбы:             «Ата-аналық парызға адалдық!»

  Өндірістік  оқыту шебері:            Жүзбембетов Б.Ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылорда қаласы,2018 ж

 

 

 

 

 

 

 

 

               

                                        Жоспар

 

 І.     Кіріспе

 

 ІІ.  Негізгі бөлім

 

2.1  Отбасы –алтын дінгек

2.2  Келешегіміз жастардың қолында

2.3 Ата-анамызды құрметтеу ол борыш!

 

ІІІ.  Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                               Адамның адамшылдығы – ақыл,
                                                                                       ғылым, жақсы ата, жақсы ана,
                                                                                      жақсы құрбы, жақсы ұстаздан
                                                                                       болады.
                                                                                                                                               Абай
Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.
Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» – деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе?Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар.
Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде:
Білімді жас — ел ертеңі Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай – 20 қадам                                                                                                                                                Егемен еліміз демократия жолымен алға жүріп, әлемде өзіне лайықты орын алу үшін еңбектеніп келеді. Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеялармен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне лайықты үлес қосып келеді. Болашақта ел тізгінін ұстайтын, еліміздің әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті, экономикасы дамыған, өркениет көшінен лайық орын алатын, еліміздің қарқынды дамуына өзіндік үлес қосатын қоғамның негізгі белсенді күші жастар екені сөзсіз.Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің болашағы. Бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ел ағасы. Бүгінгі алдыңғы толқын аға буынның орнын басар, ізін жалғастырар артында өсіп келе жатқан жастар екені даусыз. Еліміздің ендігі дамуы мен өркендеуі, келешегі жастарға тікелей байланысты. Әрі білімді, бәсекеге барынша қабілетті, сонымен қатар дені сау яғни салауатты өмір салтын ұстануы алғы шарт болып табылады. Ұлы Мағжан Жұмабаев айтқандай, «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қырағы — Мен жастарға сенемін» дегендей, бүгінгі қоғам, қазіргі нарық  бәсеке заманын талап етіп отыр. Жүректерінде жалыны, бойларынан күштері бар жиырма бірінші ғасырдың жастары күнделікті өзгеріп жатқан өмірге, құбылыстар мен жаңалықтарға шошып қарамай, батыстың қитұрқы өміріне еліктемей, «жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп» жатса, бұл керемет болар еді.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Еліміздің келешегі жастардың қолында» деген сөзі жастарымызға қандай жауапкершілік жүктеп отырғанын айқын көрсетеді. Ел ертеңі-бүгінгі ұрпақ екенін үнемі жадында сақтайтын жастар Пентіміздің бағыт-бағдар берген сара жолмен ілгері басып келеді. Жас ұрпақты талапты да тапқыр, талғампаз да терең ойлы, төзімді де табанды етіп тәрбиелеу – біздің басты мақсатымыз.

Қай мемлекеттің болсын ертеңi – бiлiмдi жастардың қолында екені даусыз. Сондықтан, ата-бабамыз «Бұлақ көрсең көзiн аш» деп, тегін айтпаса керек.Қазіргі таңда жастарды бiлiмге бағыттау аса маңызды мәселе болып отыр. Елбасы: «Қазақстанның болашағы бүгiнгi жастар. Сiздер оларға қалай бiлiм берсеңiздер, Қазақстан сол деңгейде болады» деп, өзінің Назарбаев Университетіндегі «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты интерактивті дәрісінде айтқан болатын.Бүгінгі таңда, жастардың тәртіпті әрі белсенді, оташыл болып өсуіне де баса назар аударылып, Қ.А.Ясауи атындағы халық­аралық қазақ-түрік университеті заң факультетінің оқытушы профессорлар құрамы студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түрлі тәрбие сағаттары, ашық сабақтар, заң органдарының қызметкерлерімен кездесулер, пікірсайыстар өткізуде.Қазіргі таңда тәуелсіз мемлекетімізде жастарға білім мен тәрбие беру, оларды барынша әлеуметтік тұрғыда қолдау, ел келешегіне өз үлесін қосатын азамат болып қалыптасуына барлық жағдай қарастырылған. Сондықтан, жастарымыз Тек қана «Алға!» деген ұранды ту етіп алға ғана ұмтылу керек.Қазіргі жаһандану заманында Қазақстан Республикасы – жастардың бiлiм мен бiлiктiлiкке талпынып әрекеттенуiн, еңбектенiп өсуiн талап етiп отыр. Осы тұста Елбасының мына бір сөзін айта кетудің орны ерекше: «Елiңнiң ұлы болсаң, елiңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың мемлекетiн нығайтып, көркеюi жолында терiңдi төгiп еңбек ет. Жердiң де, елдiң де иесi екенiңдi ұмытпа». Сондықтан, жастарға ЖОО-да бiлiм беретiн ұстаздар да ұлы мұрат жолында жалынды еңбек етуге даярмыз.«Біліксіз қалар жырақта, білімді жетер мұратқа» деген өсиетпен басталған пікірсайыс ел Президенті «Бұл заман-білекке сенетін емес, білімге сенетін заман» деп айтуы тегін емес.Президенттің сәуірде өткен Қазақстан халқы ассамблеясының отыры­сында қойған «жастардың рөлін арттыру» туралы тапсырмасы аясында 2020 жылға дейінгі «Жастар саясаты тұжырымдамасы» бекітілетіндігі бәрімізге мәлім. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік жастар саясатын реттейтін, қазіргі заман талабына жауап беретін жаңа заңнама қажеттігін атап көрсеткен болатын. Қазіргі таңда, бұл бағыттар бойынша біршама жұмыстар атқарылуда. Солардың бірі, «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңының жобасы Мәжілісте талқылануда. Оған депутаттар 127 ұсыныс қосып, нақты шаралармен нығайтпаққа ниеттенуде. Оның ішінде 57 бап қаржы шығындауды талап етеді. Атап айтқанда, студенттерді оқу кезінде жатақханамен қамтамасыз ету, олардың жолақыларын ең кем дегенде 50 пайызға өтеу, жастар тәжірибесі және басқа да жайттар. Дегенмен осы жерде мына бір мәселеге назар аударған дұрыс сияқты, Қазақстан халқының жас бөлігінің күткені – «жас­тар» санатына кіретіндердің жасын ұл­ғайту мәселесі. Себебі, қазіргі жастар табысты жұмыс тауып, аяққа тік тұрып кетпейінше, отбасы құрмауға тырысады. Нәтижесінде кеш үйленеді. Ал ел Үкіметі болса, «жас отбасылар» санатына кіретін жанұялар қатарын «ерлі-зайыптының екеуі де 29-дан аспаған болуы керек» деп, шектеп отыр. Осының кесірінен, көптеген жас отбасылар «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасының қызығын көре алмайтын болды.
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ата-аналық парызға адалдық»

М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжі



















Баяндама тақырыбы: «Ата-аналық парызға адалдық!»

Өндірістік оқыту шебері: Жүзбембетов Б.Ж















Қызылорда қаласы,2018 ж









Жоспар

І. Кіріспе

ІІ . Негізгі бөлім


2.1 Отбасы –алтын дінгек

2.2 Келешегіміз жастардың қолында

2.3 Ата-анамызды құрметтеу ол борыш!


ІІІ. Қорытынды

























Адамның адамшылдығы – ақыл,
ғылым, жақсы ата, жақсы ана,
жақсы құрбы, жақсы ұстаздан
болады.
Абай

Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.
Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» – деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе?Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар.
Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде:
Білімді жас — ел ертеңі Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай – 20 қадам

Егемен еліміз демократия жолымен алға жүріп, әлемде өзіне лайықты орын алу үшін еңбектеніп келеді. Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеялармен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне лайықты үлес қосып келеді. Болашақта ел тізгінін ұстайтын, еліміздің әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті, экономикасы дамыған, өркениет көшінен лайық орын алатын, еліміздің қарқынды дамуына өзіндік үлес қосатын қоғамның негізгі белсенді күші жастар екені сөзсіз.

Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің болашағы. Бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ел ағасы. Бүгінгі алдыңғы толқын аға буынның орнын басар, ізін жалғастырар артында өсіп келе жатқан жастар екені даусыз. Еліміздің ендігі дамуы мен өркендеуі, келешегі жастарға тікелей байланысты. Әрі білімді, бәсекеге барынша қабілетті, сонымен қатар дені сау яғни салауатты өмір салтын ұстануы алғы шарт болып табылады. Ұлы Мағжан Жұмабаев айтқандай, «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қырағы — Мен жастарға сенемін» дегендей, бүгінгі қоғам, қазіргі нарық  бәсеке заманын талап етіп отыр. Жүректерінде жалыны, бойларынан күштері бар жиырма бірінші ғасырдың жастары күнделікті өзгеріп жатқан өмірге, құбылыстар мен жаңалықтарға шошып қарамай, батыстың қитұрқы өміріне еліктемей, «жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп» жатса, бұл керемет болар еді.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Еліміздің келешегі жастардың қолында» деген сөзі жастарымызға қандай жауапкершілік жүктеп отырғанын айқын көрсетеді. Ел ертеңі-бүгінгі ұрпақ екенін үнемі жадында сақтайтын жастар Пентіміздің бағыт-бағдар берген сара жолмен ілгері басып келеді. Жас ұрпақты талапты да тапқыр, талғампаз да терең ойлы, төзімді де табанды етіп тәрбиелеу – біздің басты мақсатымыз.

Қай мемлекеттің болсын ертеңi – бiлiмдi жастардың қолында екені даусыз. Сондықтан, ата-бабамыз «Бұлақ көрсең көзiн аш» деп, тегін айтпаса керек.

Қазіргі таңда жастарды бiлiмге бағыттау аса маңызды мәселе болып отыр. Елбасы: «Қазақстанның болашағы бүгiнгi жастар. Сiздер оларға қалай бiлiм берсеңiздер, Қазақстан сол деңгейде болады» деп, өзінің Назарбаев Университетіндегі «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты интерактивті дәрісінде айтқан болатын.

Бүгінгі таңда, жастардың тәртіпті әрі белсенді, оташыл болып өсуіне де баса назар аударылып, Қ.А.Ясауи атындағы халық­аралық қазақ-түрік университеті заң факультетінің оқытушы профессорлар құрамы студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түрлі тәрбие сағаттары, ашық сабақтар, заң органдарының қызметкерлерімен кездесулер, пікірсайыстар өткізуде.

Қазіргі таңда тәуелсіз мемлекетімізде жастарға білім мен тәрбие беру, оларды барынша әлеуметтік тұрғыда қолдау, ел келешегіне өз үлесін қосатын азамат болып қалыптасуына барлық жағдай қарастырылған. Сондықтан, жастарымыз Тек қана «Алға!» деген ұранды ту етіп алға ғана ұмтылу керек.

Қазіргі жаһандану заманында Қазақстан Республикасы – жастардың бiлiм мен бiлiктiлiкке талпынып әрекеттенуiн, еңбектенiп өсуiн талап етiп отыр. Осы тұста Елбасының мына бір сөзін айта кетудің орны ерекше: «Елiңнiң ұлы болсаң, елiңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың мемлекетiн нығайтып, көркеюi жолында терiңдi төгiп еңбек ет. Жердiң де, елдiң де иесi екенiңдi ұмытпа». Сондықтан, жастарға ЖОО-да бiлiм беретiн ұстаздар да ұлы мұрат жолында жалынды еңбек етуге даярмыз.

«Біліксіз қалар жырақта, білімді жетер мұратқа» деген өсиетпен басталған пікірсайыс ел Президенті «Бұл заман-білекке сенетін емес, білімге сенетін заман» деп айтуы тегін емес.

Президенттің сәуірде өткен Қазақстан халқы ассамблеясының отыры­сында қойған «жастардың рөлін арттыру» туралы тапсырмасы аясында 2020 жылға дейінгі «Жастар саясаты тұжырымдамасы» бекітілетіндігі бәрімізге мәлім. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік жастар саясатын реттейтін, қазіргі заман талабына жауап беретін жаңа заңнама қажеттігін атап көрсеткен болатын. Қазіргі таңда, бұл бағыттар бойынша біршама жұмыстар атқарылуда. Солардың бірі, «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңының жобасы Мәжілісте талқылануда. Оған депутаттар 127 ұсыныс қосып, нақты шаралармен нығайтпаққа ниеттенуде. Оның ішінде 57 бап қаржы шығындауды талап етеді. Атап айтқанда, студенттерді оқу кезінде жатақханамен қамтамасыз ету, олардың жолақыларын ең кем дегенде 50 пайызға өтеу, жастар тәжірибесі және басқа да жайттар. Дегенмен осы жерде мына бір мәселеге назар аударған дұрыс сияқты, Қазақстан халқының жас бөлігінің күткені – «жас­тар» санатына кіретіндердің жасын ұл­ғайту мәселесі. Себебі, қазіргі жастар табысты жұмыс тауып, аяққа тік тұрып кетпейінше, отбасы құрмауға тырысады. Нәтижесінде кеш үйленеді. Ал ел Үкіметі болса, «жас отбасылар» санатына кіретін жанұялар қатарын «ерлі-зайыптының екеуі де 29-дан аспаған болуы керек» деп, шектеп отыр. Осының кесірінен, көптеген жас отбасылар «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасының қызығын көре алмайтын болды. Бұл олқылықты жою үшін депутаттар «жас отбасылар» санатына кіретіндердің жасын 32-35-ке дейін көтеру мәселесін көтерген болатын. Қазіргі таңда «Жастар қатарына елімізде қазір тек 14 пен 29 жас аралығындағы қазақстандықтар ғана кіреді екен. Қазір депутаттар ол жасты ұлғайту мәселесін көтеруде. Ол әлі жоба күйінде.

Елiмiздiң болашағы жастардың еңбекқорлығына, талап-тiлегiне, арман-мұратына байланысты. Олар ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жаңғыртып, оны алға ілгерілетіп қана қоймай, экономикасын, ғылымын да дамытуға, жiгерлене ел үшiн еңбектенуге мiндеттi. Ендеше жастар еңбек жолына түскенде ғана мемлекетті дамытуға үлес қоса алады. Отансүйгіш, патриот мемлекет жастары болмаған елдiң болашағы бұлынғыр.

Бүгінгі жастар – мемлекетіміздің ертеңін ойлайтын, ел тұтқасын ұстар азаматтар. Бұл ұлы сөзді Елбасы ешқашан естен шығарған емес. Мемлекет басшысы жастар үшін қазіргі таңда жан-жақты жағдай жасап, үлкен мүмкіндіктер туғызып отыр. Ең алдымен бұл деген жастарымызды пайдалы еңбекпен қамту, ел ертеңі үшін маңызды істерге жетелеу. Кеңес Одағы тұсында дүркіреп аты шыққан студенттік құрылыс отрядтары бүгінде қайтадан жанданып, жазғы демалыс уақытында студент жастар үшін студенттік және еңбек отрядтары құрылып, жастарымыз барлық салаларда білек сыбана қажырлы еңбек үлгісін көрсетуде.

Жақында ел Үкіметі қаулы шы­ғарды, соған сәйкес, Жастар саясаты ко­митеті өмірге жолдама алып отыр. Яғни Білім және ғылым министрлігіндегі департамент орнына комитет құрылады. Осыған орай бүкіл облыстарда басқар­малар ашылады. Ол комитетке Мемлекет басшысының Жарлығымен қосымша 38 штат бірлігі бөлінді. Осылайша мем­лекеттік жастар саясаты күшейтілуде.

Міне, мұндай бағыт­тарға Президентіміз «Қазақстанның әлеу­мет­­тік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласындағы тапсырмалар арқылы қол жеткізе аламыз. Елбасының бұл бағдарламалық мақаласы Қазақстандық жастарға әл-ауқатқа өмірдің жаңа сапасына қол жеткізуін қаматамасыз ете алатын «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» идеясын танымал етуге және ілгерілетуге ықпал етеді. Мұндағы айтылған кең ауқымды жаңғыртуды жү­зеге асыру үшін жастардың әлеумет­тен­дірілуі, оны инновациялық экономиканы тұрғызу және нығайтуға, демократияны дамытуға тарту өте маңызды. Өйткені әлем дағдарысты бастан кешуде. Тиісінше, қоғамда өте көп қиыншылықтар туын­дауда. Біздің мемлекеттің міндеті – еңбек бірінші орынға қойылатын қоғамға келу.

Қазіргі таңда, Елбасының тапсырмасына сәйкес ауыл жастарын қолдауға бағытталған «Ауыл жастары» бағдарламасы негізінде «Дипломмен ауылға» жобасы жүзеге асырылып келеді. Жастар аудан экономикасының қай саласында да нәтижелі еңбек етіп жүр. Дәлірек айтсақ, ауданда ауыл шаруашылығы саласында, әсіресе мал шаруашылығында да іскерлігімен танылып келеді.

Отбасы – шағын мемлекет,
Мен – президент, сен – премьер,
дегені бар. Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс-шығыс бюджеті, қастерлеп ұстанатын рәміздері, т.б. болатыны сияқты, әр отбасы болмыс-тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық пен қосшылықты қажет етеді. Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген. «Отан отбасынан басталады» деген сөздің мәнісі де осында.
Ата-ана өз отбасын нығайта отырып, сонымен бірге оның балағатқа толған мүшелерін үй болуға, өз шаңырағын көтеруге әзірлеуі басты әрі өте жауапты міндет болып саналады. Жас отаудың түтіні түзу шығып, махаббат пен тату-тәттілік, береке-бірлік орын тепкен жылы ұяға айналуы, босағасы берік, болашағы нұрлы болуы көбіне-көп жас жұбайлардың үлкен үйде алған тәрбиесі, көрген өнегесіне байланысты.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда, соны ілерсің», «Анасына қарап, қызын ал», — деп, халық бәрін бастан кешіп, сынақтан өткізгендіктен айтқан.
Хан ордасы, салтанатты сарайларда талай күн аунап-қунап жатып, өзінің шұрқ тесік құрым киіз лашығына қайтып оралғанда Жиренше шешен: «Айхай, менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім», — деп, жаны жай тапқан екен. Бұл аңызда үлкен шындық, терең мән бар. Әркімге, оның ішінде балаға өз үйінен ыстық, өз үйінен кең де керемет мекен жер жүзінде жоқ. Кавказ халықтарында «Нағыз жайлы орын: қылышқа – қынабы, отқа – ошағы, ер жігітке — өз үйі» – деген тамаша нақыл бар.
Адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын ықылас-пейілменен баланың көкірегінде орын тебеді.
Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін шеше, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап-тілектері – баланың «әдепті бала» болып өсуі.
Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген.
Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.
Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған.
Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір-шапағат көзі — әйел. Әйелдің бұл рөлі отағасының жамағатына, бала-шағаның анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас-қабағынан, жанарынан танығыштықпен нығая, биіктей береді. Әрине, әйел де өзінің аналық борышын ұмытпағанда, әсіресе, ерімен қабағы жарасып, тату – сүйіспеншілікте тұрғанда мәртебесі арта түспек.
Әйелдің еріне қарым-қатынасы балалардың әкеге көзқарасының сипатын анықтайтыны берік есте болуға тиіс. Мұның өзі, бір жағынан, үй ішіндегі әдептің бастау көзі екені анық. Демек, балалар үшін әке беделі аналарының сөзі, іс-қимылы, қас-қабағы арқылы қалыптасады. Мысалы, ерлі-зайыптылар балалар көзінше бір-біріне қатты, балағат сөздер айтыспақ түгіл, дауыс көтеріп, керісуге тиіс емес. Олай еткенде, өз беделдерін жоғалтудың, бала – шағаның жүрегін шошытып, зәресін ұшырудың үстіне, олардың жанына кейін өздері үй болғанда, алдарынан шығатын жаман әдеттің ұрығын егеді.
Бұл жағынан аналардың балаларға: «әкеңмен ақылдас», «әкең біледі», «әкеңнің айтқанын істе» т.б. сияқты дәстүрімізде бар сөздерді айтып отыруы қандай ғанибет! Атақты «Абай» эпопеясында халқымыздың осыған орайлас қадірлі дәстүрін танытатын мынадай бір тағылымды эпизод бар. «… Семей қаласында үш жыл оқып, жайлаудағы әке үйіне күн кешкіре жеткен, 13 жасар шәкірт бала – Абай аттан түскен бетте, амандасу үшін, шешеге қарай жүреді. Сонда ақылды да байсалды ана Ұлжан: «Әй балам, анда әкеңдер тұр, әкеңе барып, сәлем бер!» – дейді. Бір сәтке балалық сезім жеңіп, қателік жіберіп алғанын түсінген жас Абай кілт бұрылып, ортасында әкесі Құнанбай бар шеткерірек тұрған оқшау топқа қарай адымдай жөнеледі». Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов мұны халықтың жүрекке жылы осындай тамаша дәстүрінен хабардар ету үшін ғана емес, оның тәрбиелік зор маңызын жоғары бағалағандықтан да келтіріп отырғаны анық.
Ата-ананың бір-бірінің қадір-қасиетін осылайша ардақтап, беделін өсіруі, араларында өкпе-наз, кикілжің туа қалғанда, оны балалардан оңашада, екеу ара шешіп отыруы – шынайы инабаттылық, әдептілік.
Сайып келгенде, қоғамда әдеп-инабат өлшемдерінің терең тамырланып, кең жайылуында отбасының маңызы орасан зор. Әрбір ұяның қос тіреуі – ерлі-зайыптылар өздеріне қатысты әдеп-адамгершілік талаптарын, құқықтары мен міндеттерін мүлтіксіз орындаса, бүкіл қоғамда, елде бейбіт те берекелі тұрмысқа негіз қаланбақ, демек, ұрпақтарына құтты қоныс, жайлы болашақ қамтамасыз етілмек!

 



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ата-аналық парызға адалдық

Автор: Жузбембетов Батырбек Жумахметович

Дата: 13.10.2018

Номер свидетельства: 480511


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства