Просмотр содержимого документа
«"Асығың алшысынан түссін"»
«Асығың алшысынан түссін!»
Асық атудан және бес тас ойнаудан сайыс
І.Мақсаты мен міндеті
1.Асық ату спортын және ұлттық спорт түрлерін жасөспірімдер арасында кеңінен насихаттау. 2. Жас спортшылардың шеберлігін шыңдау. 3.Оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және нашақорлықтың алдын алу.
Жарыстың өткізілу тәртібі
Қазақстан Республикасы ұлттық сорт түрлері қауымдастығының бекітілген ережесі негізінде ұлдар арасында бес табан және қыздар арасында бес тас ойыны бойынша өткізіледі. Әркім өзінің асығымен қатысуы тиіс, сақа ретінде құлжа пайдалануға рұқсат беріледі. Команда құрамында 3 ұл, 1 қыз. Жарысқа қатысу мектеп оқушылары болуы шарт. Ескерту: Асықтарымен тек қана табиғи түрінде ойнауға рұқсат беріледі. Қорғасын құйылған, егелген немесе әр түрлі бұйымдар салынған асықтармен ойнауға рұқсат берілмейді.
Асық ойыны – қазақы ортада ерекше кең тараған ұлттық ойынның түрі, оны көшпелі этномәдени орта тудырған төлтума өнер ретінде де бағамдауға болады. Ойынның негізгі объектісі де, құралы да – асық.
Қой асығынан бір жарым, екі есе ірі келетін қолқар сақа орнына да жүреді. Ал шүкейт пен ешкемекті асық ойнында қолданылғанымен, ату құралы ретінде қолданыла бермейді. Есесіне шүкейтпен төрт шүкейт деп аталатын құмар ойынын ойнайды. Сиыр асығы сомпа, түйенікі сақа деп аталады. Осындай мал түрлерінің және жоғарыда аталған аңдардың асықтарын және сақаларды арнайы өңдеп, түрлі ойындарға және болжам жасау үрдісіне қолданады. Басқа малдың түрлерінің, мысалы, жылқы түлігінің асығының пішіні аталмыш мал түліктері мен аңдардың асықтарының бітімінен өзгеше болғандықтан, ойынға қолданбайды. Ондай пішіні алабөтен асықтарды топай деп атайды.
Ойын үрдісінде асықтың әр жағының өзіндік мәні мен маңызы бар. Асық қырынан тұрғанда ойыстау беті – алшы, кері жақ жазықтау келген қыры – тәйке, ішкі қобылы – ойыс жағы – шіге (шік), сыртқы дөңес беті – бүге (бүк) деп аталады. Сондай-ақ, асықтың жілікпен ұстасып тұрған қобылы қырын омпа (оңқы), ал толарсақ пен топай сүйектермен байланысып тұрған доғал басы шомпа (шоңқы) делінеді. Асықтың бүйірлеп жартылай жантайып түскен түрін қынжы немесе жантай деп атайды.
Асықтыңшігетұсыныңшұңқырынажәнеалшы, тәйкежағынақорғасынқұйылғандарынсақадепатайды.Салмақтыүлкенсақажабайт, тәйкежағынақорғасынқұйылғансақакөктабандепаталынады (қ. Жабайт).Аласықтыңбүгеменшігежәнеалды-артыныңортатұсынбелдеулетеқорғасынқұйылғантүрінмойнақсақадепатайды.
ІY.Жарыс жеңімпаздарын марапаттау.
Жарыста І, ІІ, ІІІ орын алған командалар мақтау қағаздарымен марапатталады.