Просмотр содержимого документа
«"Асығың алшысынан түссін"»
«Асығың алшысынан түссін!»
Асық атудан және бес тас ойнаудан сайыс
І.Мақсаты мен міндеті
1.Асық ату спортын және ұлттық спорт түрлерін жасөспірімдер арасында кеңінен насихаттау. 2. Жас спортшылардың шеберлігін шыңдау. 3.Оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және нашақорлықтың алдын алу.
Жарыстың өткізілу тәртібі
Қазақстан Республикасы ұлттық сорт түрлері қауымдастығының бекітілген ережесі негізінде ұлдар арасында бес табан және қыздар арасында бес тас ойыны бойынша өткізіледі. Әркім өзінің асығымен қатысуы тиіс, сақа ретінде құлжа пайдалануға рұқсат беріледі. Команда құрамында 3 ұл, 1 қыз. Жарысқа қатысу мектеп оқушылары болуы шарт. Ескерту: Асықтарымен тек қана табиғи түрінде ойнауға рұқсат беріледі. Қорғасын құйылған, егелген немесе әр түрлі бұйымдар салынған асықтармен ойнауға рұқсат берілмейді.
Асық ойыны – қазақы ортада ерекше кең тараған ұлттық ойынның түрі, оны көшпелі этномәдени орта тудырған төлтума өнер ретінде де бағамдауға болады. Ойынның негізгі объектісі де, құралы да – асық.
Асық және оның түрлері. Асық – төрт түлік мал мен қоңыр аңның санының (артқы аяғының) орта тұсындағы асық жілік пен жіліншік арасындағы буынның қозғалысын реттеп тұратын сүйек. Арқардың асығын құлжа, кішіректеу келген түрін топай, киік асығын шүкейт, ешкінікі – ешкімек (өкіршік) деп аталады. Арқар мен құлжаның ірілеу келген асығын қолқар деп атайды.
Қой асығынан бір жарым, екі есе ірі келетін қолқар сақа орнына да жүреді. Ал шүкейт пен ешкемекті асық ойнында қолданылғанымен, ату құралы ретінде қолданыла бермейді. Есесіне шүкейтпен төрт шүкейт деп аталатын құмар ойынын ойнайды. Сиыр асығы сомпа, түйенікі сақа деп аталады. Осындай мал түрлерінің және жоғарыда аталған аңдардың асықтарын және сақаларды арнайы өңдеп, түрлі ойындарға және болжам жасау үрдісіне қолданады. Басқа малдың түрлерінің, мысалы, жылқы түлігінің асығының пішіні аталмыш мал түліктері мен аңдардың асықтарының бітімінен өзгеше болғандықтан, ойынға қолданбайды. Ондай пішіні алабөтен асықтарды топай деп атайды.
Ойын үрдісінде асықтың әр жағының өзіндік мәні мен маңызы бар. Асық қырынан тұрғанда ойыстау беті – алшы, кері жақ жазықтау келген қыры – тәйке, ішкі қобылы – ойыс жағы – шіге (шік), сыртқы дөңес беті – бүге (бүк) деп аталады. Сондай-ақ, асықтың жілікпен ұстасып тұрған қобылы қырын омпа (оңқы), ал толарсақ пен топай сүйектермен байланысып тұрған доғал басы шомпа (шоңқы) делінеді. Асықтың бүйірлеп жартылай жантайып түскен түрін қынжы немесе жантай деп атайды.
Оң жіліктің асығын оңқай, сол жіліктікін солақай деп жіктейді. Адамдардың басым көпшілігі оңқай болып келетіндіктен, иіруге және атуға оңқай асық таңдалынады. Әдетте, Асықты иіргенде тек қана алшы түссін деп иіреді. Өйткені, асықтың барлық ойын түрлерінде алшы түскен
Асықтың шіге тұсының шұңқырына және алшы, тәйке жағына қорғасын құйылғандарын сақа деп атайды. Салмақты үлкен сақа жабайт, тәйке жағына қорғасын құйылған сақа көктабан деп аталынады (қ. Жабайт). Ал асықтың бүге мен шіге және алды-артының орта тұсын белдеулете қорғасын құйылған түрін мойнақ сақа деп атайды.
ІY.Жарыс жеңімпаздарын марапаттау.
Жарыста І, ІІ, ІІІ орын алған командалар мақтау қағаздарымен марапатталады.