kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Ұстазымыз және біз, Спорт сүйер балғынбыз!»

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Ұстазымыз  және  біз, Спорт  сүйер  балғынбыз!». 5 сынып. Эстафеталық ойындар.  

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Ұстазымыз және біз, Спорт сүйер балғынбыз!»»



«№32 ЖОББМ» ММ

















/5- сыныптар/


Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері:

Бураханов А.С Қайырлы Д.











«Ұстазымыз және біз,

Спорт сүйер балғынбыз!»


Мақсаты: Оқушыларды дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануға тарту, белсенділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ой-өрісін жетілдіру, балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, денсаулықтарын нығайтуға әсер ету.

Түрі: жарыс түрінде.

Қатысатын командалар: 5 класс оқушылары, капитан командалары – класс жетекшілер.

Керекті құралдар:кегли, қағаз-қалам, доптар, секіртпелер т.б.

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Негізгі бөлім.

Шынықсаң шымыр боласың,

Сауығып айдай толасың,

Спортты серік ете біл,

Чемпион болу оңай ма

Арман болған талайға

Болмасаң да ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда.

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Ұстазымыз және біз, спорт сүйер балғынбыз!» атты спорттық жарысқа қош келдіңіздер! Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» жолдауында «Қазақстан азаматтары мен балаларымыз құқығын қорғайтын борышын ұстайтын азамат етіп тәрбиелеу қажет. Біздің оқушыларымыз дені сау, саналы, білімді, өрісі биік, денсаулығы мықты болып өсуі тиіс» деп айтқан болатын. Әрбір Қазақстан азаматының алдына қойған басты мақсаты өз елінің, жерінің, халқының денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады. Адам баласының спортпен шұғылдану басты міндеттерінің бірі болу керек. Олай болса, бүгінгі өтетін «Ұстазымыз және біз, спорт сүйер балғынбыз!» атты эстафеталық ойындар жарысын көріп тамашалаңыздар!

Жарысқа қатысатындарды шақырамыз,

Әр таңды бақытпенен атырамыз

Сайысқа қатысуға енді ортаға

Спортсмен оқушыларды шақырамыз.

Жарысқа қатысқалы отырған сынып жетекшісі бастаған оқушыларымызды ортага шакырамыз. Қарсы алыңыздар!



1 топ – 5 «А» класс

2 топ – 5 «Б» класс

3 топ – 5 «Д» класс

4 топ – 5 «Е» класс

5 топ – 5 «Г» класс


Ал, құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер.

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңдер!

Жарысты бастамас бұрын, ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстыра кетейік.

  1. Мектеп директорының тәрбие - ісінің меңгерушісі Молдаханова Бахытгуль Слямбековна

  2. Мектеп директорының тәрбие - ісінің меңгерушісі Рахымжанов Шаріпхан Қалиханович

  3. Мектеп психологы Матеева Гульнур Қайнарбекқызы

Келесі кезекте 4 «а» сыныбының оқушысы Слямханова Ұлжаның әсем әнін қабыл алыңыздар

Жарыстың шарттарымен танысып өтейік:

  1. Таныстыру

  2. Теннис добын алып жүру

  3. Арқан тартысу

  4. Кенгуру

  5. Ойлан тап.

  6. Қызықты эстафета.







Құрметті сайыскерлер, сіздерге сәт – сапар!

  1. Бірінші сайысымыз таныстыру,әр топты ортаға шақырамыз. Өз-өздерін таныстырып өтсе.

  1. ші таныстыру кезегі 1 топ – 5 «А» сынып

2 топ – 5 «Б» сынып

3 топ – 5 «Д» сынып

4 топ – 5 «Е» сынып

5 топ – 5 «Г» сынып.

Жүргізуші:Ал енді әділ қазы мүшелері әр топтың бағасын беріп өтсеңіздер.

Келесі біздің сайысымыз.

2.«Теннис добын алып жүру» теннис добын ракеткаға қойып допты белгіленген жерге алып барып ,қайтып, келесі адамға тапсыру.

Жүргізуші: ондай болса екінші сайысымызды корытындылап,бағаласаңыздар,

Келесі сайысымыз арқан тартысу

  1. Арқан тартысу

5а -5б 5/аб-5г 5/абг-5/де

5д-5е

  1. Кенгуру (секіртпе доппен кедергілер арасынан секіріп өту)



Ал енді 4-ші сайысты әділ қазылар бағалап өтсеңіздер.


Келесі 5 сайысымызды бастауға рұқсат етсеңіздер



5.Ойлан тап.

Әр топқа 6 есептен беріледі.Кедергілер арқылы доппен өтіп, есепті шығару.


6.Қызықты эстафета. Секіртпемен секіріп барып,төсеніште бір рет аунап допты шелекке түсіру.

Осымен сайысымыз аяқталды .әділ қазылардың шешімдері дайын болғанша .4 «А» сыныбының оқушысы Акангалиева Ажардың музыкалық сәлемін қабыл алыңыздар.



ІІІ. Қорытынды бөлім.

Өнерге биік сеніңіз

Думанға қызық келіңіз.

Әділқазы ел сенген

Өнерге баға беріңіз!

Құрметті қауым! Сөз кезегі әділқазылар алқасында (әділқазылар сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды жариялай отырып, марапаттайды).

Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа!

Өмірде бақыттысың денің сауда.

Денсаулық терең бақыт деген сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай атамыз да – дей отырып, барлығыңызға дендеріңіз сау болсын, деген тілекпен сайысымызды аяқтаймыз.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
«Ұстазымыз және біз, Спорт сүйер балғынбыз!»

Автор: Бураханов Саганбай Кайсанович

Дата: 14.05.2017

Номер свидетельства: 415166

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(110) "Ашық шара тақырыбы: "Ұстазым және біз, спорт сүйер балғынбыз""
    ["seo_title"] => string(60) "ashyk_shara_takyryby_ustazym_zh_ne_biz_sport_suier_balgynbyz"
    ["file_id"] => string(6) "481618"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1540204992"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Ұстазымыз және біз,спорт сүйер балғынбыз!"
    ["seo_title"] => string(45) "u_stazymyz_zh_nie_biz_sport_suiier_balg_ynbyz"
    ["file_id"] => string(6) "386583"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1485963565"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(138) "?стазымыз ж?не біз Спорт с?йер бал?ынбыз! Наставники и мы По спорту мы сильны!"
    ["seo_title"] => string(81) "u-stazymyz-zh-nie-biz-sport-suiier-balg-ynbyz-nastavniki-i-my-po-sportu-my-sil-ny"
    ["file_id"] => string(6) "286163"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454307194"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства