Уважаемые учителя,ученики! Добропожаловать на спортивное соревнование на эстафету «Наставники и мы по спорту мы сильны!»
ІІ. Негізгі бөлім.
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың,
Спортты серік ете біл,
Чемпион болу оңай ма
Арман болған талайға
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Ұстазымыз және біз, спорт сүйер балғынбыз!» атты спорттық жарысқа қош келдіңіздер! Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» жолдауында «Қазақстан азаматтары мен балаларымыз құқығын қорғайтын борышын ұстайтын азамат етіп тәрбиелеу қажет. Біздің оқушыларымыз дені сау, саналы, білімді, өрісі биік, денсаулығы мықты болып өсуі тиіс» деп айтқан болатын. Әрбір Қазақстан азаматының алдына қойған басты мақсаты өз елінің, жерінің, халқының денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады. Адам баласының спортпен шұғылдану басты міндеттерінің бірі болу керек. Олай болса, бүгінгі өтетін «Ұстазымыз және біз, спорт сүйер балғынбыз!» атты эстафеталық ойындар жарысынбастаймыз. Көріп тамашалаңыздар!
Ортаға жарысқа қатысқалы отырған оқушылар мен команда капитандарын шақырамыз.
Ойын шарты: команда мүшелері қапшықпен секіреді, соңғы ойыншы қолындағы туды тігіп келеді.
«Сурет салу».
Ойын шарты:
1 – бала ұш шығарғышты апару.
2 – бала қарындашты апару.
3 – бала қарындашты ұш шығарғышпен ұштау.
4 – бала ақ қағазды жеткізу
5 –бала берілген суретті салу
Барлық құралдарын жинап, әділқазыға тапсыру
«Акробатика».
Ойын шарты: Әр команда мүшелері гимнастикалық
орындықтан секіріп өтіп, аунап түседі және жүгіріп келеді.
5.Каропкамен жүгіру.
6.«Кім шапшаң?»
Ойын шарты: Трубадан еңкейіп өтіп ,қағазға есімін жазу.
7.«Доппен жугіру, шар жару»
Ойын шарты:
1-Допты соғып барып, секіртпемен қайту
2- Секіртпемен барып, допты аяғына қыстырып қайту
8.Кім алысқа секіреді
9. «Паравоз» ойыны.
Ойын шарты:команда ойыншылары ретсіз орналасып, бір-бірінің аяғынан ұстап тұрады, осы тізбекпен кедергілер арқылы өту.
10.Велосипедпен сырғанау. Велосипедпен кедергілерден өту
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Өнерге биік сеніңіз
Думанға қызық келіңіз.
Әділқазы ел сенген
Өнерге баға беріңіз!
Құрметті қауым!Сөз кезегі әділқазылар алқасында (әділқазылар сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды жариялай отырып, марапаттайды).
«Қаражорға биін нақышына келтіріп билеу».
Әрбір қазақ баласы
Дәл осылай билесін.
Жар салып алты Алашқа,
Әрбір қазақ баласы
Дәл осылай билесін, – дей отырып, соңғы бөлімді бастаймыз.
Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сауда.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай атамыз да – дей отырып, барлығыңызға дендеріңіз саулық, бастарыңызға амандық тілеп, сайысымызды аяқтаймыз.