Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Тақырыбы: « Көңілді ботақандар »
Мақсаты:
Қолданылатын құралдар: эстафеталық кедергілер, доп (үлкен, кіші), құм салынған қапшық, арқан, құрсау, қап.
Сайыстың барысы:
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті спорт сүйер қауым! Бүгін біздің бөбекжайымызда ортаңғы топ балалары мен тәрбиешілері арасында сайыс оздырылғалы отыр.
Салауатты өмір салтын ұстану – осы іс шараның бір баспалдағы.
Жалпы дене шынықтыру шәкірттердің ғана емес, ересектердің де күш – қуатын өсіріп, олардың денсаулығын шыңдап, қан тамырларының жүйелі жұмыс жасауына ықпал етеді.
Таза ауа, спорт болсын дәріміз.
Еңбек етіп келгенінше әліміз,
«Алға» - деген бір – ақ мақсат ұстанып,
Сайысқа аттанайық бәріміз!
Жеңіс сәтін тағат таппай күткелі.
«Спорт» десе таза біздің арымыз,
Сайысатын топтарды бүгінгі
Қарсы алайық қошаметпен бәріміз.
Ортаға тәрбиешілермен балалардан құралған, сайысқа түскелі тұрған топтарымызды шақырайық:
І топ: «Сұңқар»командасы
ІІ топ: «Қыран» командасы
ІІІ топ: «Жалын» командасы
Үш топ жүріп өтіп, ойын алаңына барып орналасады.
Жүргізуші: Құрметті жарысқа түскелі тұрған бәсекелестер, тәрбиешілер, әділқазы алқалары және сайысымыздың қонақтары! Сайысымыздың әр бөлімімен таныстыруға рұқсат етіңіздер. Сайысымыз 10 турдан тұрады.
Олар:
Сайысымыздың турларымен таныс болсақ, әрбір турымызға әділ бағасын беретін әділқазы алқаларымен таныс болыңыздар.
1. №38 «Жазира» бөбекжайының директоры- Муканова Меңдігүл Тулейқызы.
2. №38 «Жазира» бөбекжайының әдіскері- Ишангалиева Нұргүл
Қадырғалиқызы.
3. №38 «Жазира» бөбекжайының медбикесі- Кенжегалиева Айгүл Ерешқызы.
Олай болса бірінші сайысымызды бастайық.
Жүргізуші: Ал, құрметті спорт сүйер қауым, асыға күтіп отырған боларсыздар, бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздары анықталды.
Қорытынды сөзді әділқазылар алқасына береміз.
Құттықтау.
Жеңіске жеткен командаларды марапаттау.
Жүргізуші:
Құрметті спорт сүйер қауым!
Бір тілек айтарымыз,
Берекелі заман болсын,
Баршаңыз аман болыздар!
Жиырма бірінші ғасырда,
Ашық аспан астында,
Денсаулықтарыңыз мықты болсын!
Жанұяларыңыз қуанышқа толсын!
Бүгінгі « Көңілді ботақандар» жарысын,
Осымен аяқтаймыз!
Мейрамдарыңыз құтты болсын! Рахмет.
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт