Просмотр содержимого документа
«"Біздер мықтымыз"»
«Біздер, мықтымыз»
(Отбасылық спорттық шара)
Мақсаты: Отбасылық сайыстар арқылы баланы өмірде белсенді болуға, алға қойған мақсатты орындауға үйрету, қимыл- қозғалыс қабілеттерін дамыту. Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу, отбасы құндылықтарын құрметтеуге баулу.
Қолданылатын құрал- жабдықтар: доптар, кеглилер, арқан, таяқшалар.
Алдын- ала жүргізілген жұмыстар: командаларға ат қою, эмблемалар дайындау, ұрандар жаттау.
Барысы:
- Қайырлы күн, құрметті ата- аналар, балалар! Сіздерді отбасы күнімен шын жүректен құттықтай отырып, «Біздер, мықтымыз!» атты мерекелік отбасылық спорттық шарамызға қош келдіңіздер!- дейміз.
Ендеше, бүгінгі сайысқа қатысып отырған отбсылық командаларымызды ортаға шақырамыз.
Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой- көгінде бақылаңыз.
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң
Отбасыларымызды шақырамыз!
(Әр отбасы орындарына келіп тұрады.)
1. «Бәйтерек» тобы- «Балапан»
2. «Болашақ» тобы- «Тұлпар»
3. «Жас қыран» тобы- «Көгершін»
4. «Жас ұлан» тобы- «Аққоян»
Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер,
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!
Сайысты бастамай отырып, сайыты бақылап отыратын бақылаушыларымызды таныстырып өтейік.
Қатысушылар кезекпен кегли арасымен таяқшаны ұстап жүгіріп барып, жүгіріп қайтып таяқшаны келесі қатысушыға беріп жалғастырады.
3. «Ептілік».
Басымызға кітап қойып, кегли арасымен жүріп өту. Бала құм салынған қапшықты қойып өтеді.
4. «Доппен секіру».
Допты екі аяғымыздың арасына қойып, кедергілер арасынан секіріп өту.
5. «Навигатор».
Бір топтан екі адам (ата- аналары) шығып, жұптасып, бір- біріне арқа сүйеп, допты түсірмей кедергі арасымен алып жүру, балалар допты қолға ұстап, кедергі арасымен жүгіріп өтіп келу.
6. «Арқан тартыс».
Сайыс соңында бақылаушылар сөз алып, көзге түскен, ептілік, шапшаңдық, күштілікпен қатар, отбасы бірлігін көрсеткен топтарға алғыс айтады.
Марапаттау рәсімі.
Болашаққа нық қадаммен бастаймыз
Салауатты өмір салтын сақтаймыз
Отбасы құндылығын ұғындырған,
Ынтымақ, бақыт, бірлік салт- санамыз.
Құрметті қатысушылар, ата- аналар, балалар! Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Назарларыңызға үлкен рақмет! Отбасы күні құтты болсын!