Күтілетін нәтиже | А. Электр тогының жұмысы мен қуатының маңыздылығын түсінеді, формуласын сипаттайды. В. Токтың жұмысы мен қуатын анықтайтын формуланы түрлендіріп, есептер шығарады. С. Электр тогының жұмысы мен қуатының техникада, өмірдегі байланысын біле отырып, қолданады. |
Керекті жабдықтар | оқулық, нұсқаулық, ресурс парақтары, жұмыс дәптері, топшамалар, маркер, электонды оқулық, |
Кіріспе | Оқушылармен амандасу. «мазайка» әдісі арқылы оқушыларды топқа бөлу. 2 минут Топтағы оқушыларға бағалау парақтары беріледі. Үй тапсырмасын «Крестиктер-нөлдіктер» әдісімен тексеремін. Сұрақтар: 10 минут | Мұғаліммен амандасады. Топтарға бөлінеді. Топтың бір мүшесі бағалау парағын толтырып отырады. Топ мүшелері сұрақтардың жауабын айтады. Дұрыс жауап берілген ұяшыққа х қойылады. |
Тұсаукесер | «Стоп кадр» арқылы сурет көрсетіледі. Суреттен қайқағаныңыз? Суреттегі бейнелер біздің сабағымызға қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар? 3 минут Балалар, бүгін біз теориялық және экспериментальдық қызықты есептерді «Токтың жұмысы және қуаты» тақырыбына шығаратын боламыз. Ол үшін техника қауіпсіздігін сақтауымыз керек. | Суретті сөйлетіп, әр топтан өз ойларын айтады. |
Негізгі бөлім | Оқулықпен жұмыс. Жаңа тақырыпты «Тесттік сауалдар» әдісі арқылы түсіндіріледі, талдайды. 10 минут. (оқулықпен жұмыстануға 3 минут, талдауға 7 минут) Балалар, жұмыс туралы не білеміз? Үйден сабаққа келе жатырғанда біз жұмыс жасадық па? Жұмысты не жасады? (Қол, аяқ) Бұл бізде қандай жұмыс? (Механикалық) Ал біз бүгін электр тогының жұмысы туралы әңгімелесеміз. Жұмыс қандай әріппен белгіленеді? А) А В) U В) q Г) R Механикалық және электрлік жұмыс та А әрпімен белгіленеді. Кім біледі неге? (Неміс тілінен аударғанда ARBEITEN сөзі жұмыс деген мағынаны білдіреді.) Жұмыстың өлшем бірлігі қандай? А) Ампер Б) Джоуль В) Кулон Г) Вольт Екінші түсінік қандай? (қуат) Мынадай мысал келтірейік, 1000 кірпіш тасты 9 этажға көтеру керек. Оны екі жағдайда көтеруге болады. (Кранның және жұмысшылардың көмегімен) Нәтижесі бірдей, себебі кірпіш тастар 9 этажға көтеріледі. Екі жағдаймен көтергенде олардың айырмашылығы қандай? (Жылдамдығында). Жұмыстың жылдамдығын не сипаттайды екен? (Қуат) Біздің тақырыбымыз электрлік қуат жөнінде. Сонымен токтың қуаты қандай әріппен белгіленеді екен? А) А Б) U В) Р Г) R Неге P әрпімен белгіленеді, себебі ағылшынның POWER сөзі қуат дегенді білдіреді. Балалар, ата-аналарынызбен электрүтік, микротолқынды пеш т.б сатып алуға барасыздар. Этикетте 2400W деп жазулы тұрады, бұл қандай мағынаны білдіреді? (2400Вт) Джеймс Уаттың құрметіне Ватт деген өлшем бірлік алынған екен. Токтың жұмысы қандай теңдеумен анықталады? А) q = It Б) A = UIt В) U = IR Г) A = Fs Электр тогының қуаты қандай формуламен анықталады? А) U = IR Б) A = Uq B) q = It Г) P = UI Эксперименттік есептер | Мәтінді оқып, топта талдайды. Топтан бір оқушы тақтаға шығып, басқа топқа түсіндіреді. Оқушылар тапсырманы жеке орындап,топта талдайды. Топ мүшелері тақырыптарын қорғауға шығады. Түсіндіруге шыққан топқа «басбармақ» әдісімен басқа топтар баға береді. |
Үйге тапсырма | §50,51, 39-жаттығу. § 52 оқып келу. 1 минут | Үй тапсырмасын күнделікке жазады. |