Ең жақсы баяндамашыны анықтау арқылы өзара бағалайды. (2 жұлдыз , 1 ұсыныс) Топ мүшелері сұраққа бірлесіп,кеңесіп жауап жазады.Берілетін тапсырмалар: А деңгейі №1. Массасы 100г 4м биіктікте 36км/сағ жылдамдықпен қозғалған дененің толық механикалық энергиясын табыңдар. №2. Массасы 3 кг дененің қандай биіктікте потенциалдық энергиясы 60 Дж болады? №3. Дене 4м/с жылдамдықпен қозғалса, кинетикалық энергиясы 16 Дж тең. Дененің массасы қандай? В деңгейі №4 Дененің импульсі 8 кг *м/с,ал кинетикалық энергиясы 16 Дж.Дененің массасы мен жылдамдығын табыңдар. №5 7м/с жылдамдықпен жүгіріп келе жатқан массасы 70 кг адам, 2 м/с жылдамдықпен кетіп бара жатқан , массасы 30 кг арбаны қуып жетіп, оған секіріп мінеді. Осыдан кейін арба қандай жылдамдықпен қозғалады? С деңгейі №6 Суы бар шелектің массасы 10 кг. Егер шелектің потенциалдық энергиясы 100 Дж-ден 135 Дж-ге артса, ауырлық күші қандай жұмыс атқарады? Шелек қандай биіктікке көтеріледі? 19-тапсырма,№3, 88-бет І нұсқа Тест 1.Дене импульсінің өрнегі А) P = B) P= m · j C) P = m·t D) P = I· t 2. Массасы 2 кг дене 3м/с жылдамдықпен қозғалғанда кинетикалық энергиясы қандай? А) 4,5 Дж; В) 4 Дж; С) 3Дж; D) 9 Дж 3. Бірқалыпты күштің әсерінен 4 с ішінде дене импульсінің өзгерісі 20кг*м/с тең.Күштің мәні А) 1Н В) 2Н С) 5Н D) 3Н ІІ нұсқа 4. Дене импульсінің өлшем бірлігі А) кг В) м/с С) кг*м/с D) Н 5. Жер бетінен 2 м биіктікке көтерілген массасы 3 кг дененің потенциалдық энергиясы қандай? А) 60 Дж В) 20Дж С) 6 Дж D) 3 Дж 6. Екі өзара әсерлесуші денелер үшін импульстің сақталу заңы: А) = m В) m1 1+ m22 = m1 1+ m22 ; С) 2 + m 1 ; D) +mgh1= 2 7.Денеге 10 с бойы 5 Н күш әсер етеді. Күш импульсін табыңдар. А)50 Н с; В) 5 Н с; С) 0,5 Н с ; D) 15 Нс; |