Сабақтың басы 10минут | І.Ұйымдастыру кезеңі Ұйымдастыру бөлімі: - Оқушылармен сәлемдесу; - Оқушыларды түгелдеу; - Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру; - Оқушыларды топқа суреттер топтамасы арқылы біріктіру: 1-топ «Ток күші» тобы 2-топ: «Кернеу» тобы 3-топ: «Кедергі» тобы Алдыңғы білім: «Фишбоун» әдісі «Фишбоун» немесе «Балық қаңқасы» Сипаттамасы: 1.Жоғарғы «қосымша бұтақтарында» проблеманың себебі белгіленеді, төменгі «сүйекшелерінде» оқу барысында себепті нақтылайтын дәйектер жазылады. Балықтың «құйрығына» бүгінгі сабақтағы тірек сөз жазылады. Алдыңғы білім туралы тапсырма беру арқылы оқушыларда тыңдалым, айтылым, оқылым дағдыларын қалыптастырады. Тапсырма №1 1-тапсырма: Ток күші,кернеу, кедергі шамаларына қатысты мәлімет айту (анықтамасы, белгіленуі, формуласы, өлшем бірлігі) 2-тапсырма: Ток күші, кернеу, кедергі шамаларының өлшеу құралы, шартты белгісі жұмыс барысындағы қауіпсіздік ережесі Электр тізбегі Дескриптор 1. Ток күші, кернеу, кедергі шамаларына қатысты мәлімет айтады (анықтамасы, белгіленуі, формуласы, өлшем бірлігі) 2.Ток күші, кернеу, кедергі шамаларының өлшеу құралы, шартты белгісі жұмыс барысындағы қауіпсіздік ережесін айтады Бағалау: Топ бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Сипаттамасы: Бас бармақ әдісінде оқушылар бас бармақтарын көрсету арқылы топтар бір-бірінің жауабы бағаланады. Бас бармақ жоғарыға қарап тұрса = жақсы. Бас бармақ көлденең тұрса = орташа. Бас бармақ төмен қарап тұрса = нашар | Электр приборлары суреті салынған қима қағаздар Амперметр, вольтметр, резистор стике |
Сабақтың ортасы 25 мин | «Ойлар ағыны» әдісі арқылы оқушылар зертханалық жұмыс мәтінін оқып шығады. Құрал жабдықтарды реттейді, электр тізбегінің шартты белгілерін еске түсіріп, әр топ ойласып, пікірлесіп схема құрастырады. Мұғалім бағыт беріп отырады. Тапсырма№2: 1. Амперметр мен вольтметр бөлік құнынанықтау, суреттегі схема бойынша тізбек құрастыру. 2. Әр жағдай үшін амперметрдің көрсетуін жазып, тізбектің сұлбасын сызу, ток көздерін, екі резисторларды, кілтті тізбектей қосып, электр тізбегін жинау. 3.Тізбекті тұйықтап, әр резисторлардың ұштарындағы U1 , U2 кернеулерді және екі резистордан тұратын тізбек бөлігіндегі кернеуді өлшеу 4.U1 + U2қосындысын есептеп, U кернеумен салыстыру, кестені толтырып, қорытынды жасау. 1-сурет 2-сурет 3-сурет Кесте Дескриптор 1. Амперметр мен вольтметр бөлік құнын анықтап, суреттегі схема бойынша тізбек құрастырады. 2. Тізбектің сұлбасын сызу, ток көздерін, екі резисторларды, кілтті тізбектей қосып, электр тізбегін жинайды. 3. Әр жағдай үшін амперметрдің көрсетуін жазып, ток күшінің мәнін анықтайды. 4. Тізбекті тұйықтап, әр резисторлардың ұштарындағы U1, U2 кернеулерді және екі резистордан тұратын тізбек бөлігіндегі кернеуді өлшейді 4.U1 + U2 қосындысын есептеп, U кернеумен салыстырып, кестені толтырып, қорытынды жасайды Бағалау: Екі жұлдыз, бір тілек Топтағы екі жақсы жұмысты мадақтап, бір ұсыныс беру «ДЖИГСО» әдісі Сипаттамасы: Берілген тақырыпты топ ішінде талқылап, топтық жұмыс жасайды. Басқа топтарға өкілдерді жіберіп, өз жұмысы туралы топта талқылау, идеялармен бөлісу, ынтымақтастықты дамытады, тақырыпты ашады. Тапсырма: 1. Эксперименттік тапсырма нәтижесінде алынған ток күші мен кернеудің сандық мәнінің шамасын талқылаңдар. 2. Сан мәндерін пайдаланып ток күшінің кернеуге тәуелділік графигін тұрғызыңдар. 3. График бойыншы қорытынды жасаңдар. 4.Сынып бөлмесіндегі ток көзіне ажыратып қосқыш розеткалардағы кернеу мен ток күшінің шамалары туралы не айта аласыңдар? 5. «220 B», «10 А» деген кернеу мен ток күшінің шамаларын күнделікті өмірде қайда көріп жүрміз? Бұл шамалар қандай мағынаға ие? 6. Тізбектегі кернеу мен ток күші шамасы айтылған мәндерден асып кетсе, қандай жағдайлар орын алуы мүмкін? Дескриптор: Эксперименттік тапсырма нәтижесінде алынған ток күші мен кернеудің сандық мәнінің шамасын талқылайды. Алынған нәтиже бойынша график тұрғызып, қорытынды жасайды. Сынып бөлмесіндегі ток көзіне ажыратып қосқыш розеткалардағы кернеу мен ток күшінің шамалары туралы айта алады. Техникада және тұрмыстаға электр тізбектеріндегі ток күші мен кернеудің шекті мәндерін талдайды. | Амперметр, вольтметр,резистор,кілтт,ток көзі Схема ,кесте суреті Бағалау: Екі жұлдыз, бір тілек Мадақтаумен бағалау АКТ слайд |
«Фишбоун» әдісі арқылы алдыңғы білімге шолу жасаймын,зертханалық жұмысты орындауға қажетті дәйектер нақтыланады «Ойлар ағыны» әдісі арқылы оқушылар ой қозғап, электр тізбегін құрастырады, шапшаң ойлау қабілеті дамиды, сөздік қоры молаяды «Джигсо» әдісі арқылы қабілеті жоғары оқушылармен сабақты бекіту, идеялармен бөлісу, «Борт журналы» әдісі арқылы жұмыстың түйінді ойын тұрмыста, техникада пайдалануын кестеге толтырады. | Топтық жұмыстардағы тапсырмаға сай берілген дескрипторторлар арқылы оқушы өзінің қай деңгейде екенін анықтап, білімдері қалыптасады. Сабақтың өне бойында оқушыларға ауызша кері байланыс беріп отырамын, сол арқылы оқушыларды ынталандырып, қолдау көрсетемін. "Бұл - жақсы жауап" "Сен жетістіктерге жетудесің!" «Жауабын өте ұтымды болды» «Тапқырлық таныта білдің» Топтық жұмыстарына «Екі жұлдыз бір тілек», «Бағдаршам» әдісімен бағалау жүргізіледі. | Зертханалық жұмыс жасау барысында техника қауіпсіздігінің сақтауын қатаң қадағалаймын Белсенді сергіту қозғалыс |