Сапалы оқыту – мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс болып табылады, ол өзі белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалынған кезде жүзеге асырылады. Сапалы оқыту оқушылардың, қоршаған орта жағдайы және оқыту, білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 9-бет) Бүгінгі күннің талабы әр ұстаз өзінің сабағын оқушының жас ерекшелігін, қабілетін, қабылдауын, ынтасын, деңгейін, қызығушылығын ескере отырып жоспарлауы тиіс. Оқушыларды сабақта өз бетімен жұмыстандыра отырып бағыт-бағдар беріп тұрады. Мұғалім сабағында оқушыларға сыни тұрғыдан ойландыратын мәртебелі сұрақтар және тапсырмалар береді. Оқушылармен пікір алмаса, диалог жүргізе отырып білім береді. Оқушыларды сабақта өзін-өзі реттеу, өзін-өзі бағалау және құрдастарын бағалау дағдыларын қалыптастырады, өзінің алдына мақсат қоя отырып заман талабына сай дами алатын құзіретті оқушы қалыптастыра алады деп ойлаймын. Мен мектептегі тәжірибе кезіндегі сабақтарымда осы жеті модульді кірістіре отырып, жоғарыдағы мақсаттарды жүзеге асыруға тырыстым. Үшінші сабағымның тақырыбы «Механикалық энергия. Механикалық энергияның сақталу заңы».Мақсатым: - энергияның түрлері мен олардың физикалық мағынасын ашуып ұғындыру; - заңның орындалу шарттары мен мәнін түсіну; - өткен тақырып бойынша потенциалдық энергия мен кинетикалық энергияның түрлеріне жеке жеке тоқталып, қайталап отыру; -сұрақты ұстап ал әдісі арқылы сұрақтарға жауап бере отырып, тақырыпқа байланысты формулаларды есте сақтауға жағдыландыру; -Суретпен жұмыстанып, суретке байланысты сұрақ қойып, талдау жұмыстары арқылы сыни ойлауға дағдыландыру; -Формулаларды қолдана отырыпғ есеп шығаруға дағдыландыру; - Оқушылардың жауаптарына теріс пікір айтпай, керісінше мадақтауларды жиі қолдану арқылы өздеріне сенімділіктерін арттыру Алдымен оқушыларды ел арасында көп тараған , кеңінен таныс әндердің бір шумағы мен қайырмасы жазылған картоцкалар таратылып берілді. Оқушылар «Атамекен», «Достар жыры», «Көк тудың желбірегені» сол әндерге байланысты топқа бөлініп, карточаларда келтірілген әндерді бірлесе орындады. Александер (2004) оқытудағы әңгімелесу–қарым- қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдағандай, оқушыларды ойлантуға мүмкіндік бере отырып, пікірлерін айтқызып, Мерсер сипаттаған диалогтік әдістің түрткі болу сұрақтары арқылы балалардың жаңа сабаққа қызығушылығын тудырдым. Мысалы: -Балалар, мына суреттен қандай заттарды байқап отырсыздар? Шарға қандай күштер әсер етеді? Жерге құлаған сайын шардың энергиясы қалай түрленеді? Шар болат тақтаға құлағанда қандай құбылыс болады? Шар биіктікте тыныштықта тұрса, онда оның потенциальдық және кинетикалық энергиялары неге тең болады? Деген секілді сұратар қойдым. Оқушылар суретке мұқият қарап алды. Ахбалин Дияс шарға ауырлық күші, жерге қарай тарту күші әрекет ететінін айтты, жерге құлаған сайын шардың энергиясы арта түседі. Карабалина Нұрайым шар жоғарыда тұрғанда онда потенциалдық энергиясы жоғары болады да кинетикалық энергиясы нөлге тең болады, ал төмен түскен сайын потенциалдық энергиясы кеміп, кинетикалық энергиясы арта бастайды деп жауап берді. Шынар шар болат тақтаға келіп түскеннен киін кинетикалық энергия пайда болады да, потенциалдық энергиясы нөлге тең болады. Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы осындай потенциалдық энергия мен кинетикалық энергияның қосындысы жалпы механикалық энергия жөнінде болмақ, деп жаңа сабақтың тақырыбын айттым. Не болады деп ойлайсыз? | Шын мәнісінде не болды? | | | Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулінде «Әр сабақта оқушыларға оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсенді қатысу керек: олар өздерінің болжамдары мен сұрақтарын құрастырады, бір-біріне кеңес береді, өз алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды, идеялармен эксперимент жасайды және қателер оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге барады» (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 33-бет) деп жазылған. Алдыңғы сабақтарымда үнемі оқушыларға күрделі тақырыптар болғасын өзім түсіндіріп меңгертсем, бұл сабағымда осылай болжата отырып меңгерту оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттырды. Әсіресе, белсенділігі төмен Мирлан есімді оқушы болат тақтаға соғылған болат шар қандай қозғалыста болады деп ойлайсыңдар? деген сұраққа «Болат тақтаға түскен соң қайтадан серпіліп, жоғары қарай көтерілетін болар» деп болжамын айтты. Оқушылардың алдына топ көшбасшыларына бағалау критерийлерін бергендіктен оларға топ мүшелерін бағалап отыруларын естеріне түсіріп отырдым. Бағалау парағының үлгісі: Критерий | Дескриптор | Ұпай | Суретті болжау барысындағы сөйлем құрастыруы | Сөйлем құрылысы толық құрылған, қиял ұшқырлығы жоғары | 3 | Сөйлем құрылысы толық емес, болжамы тиянақсыз. | 2 | Сөйлемдері жалаң | 1 | Тақырыптың мазмұнын ашу үшін, толық жұмыстану үшін салыстыру мақсатында үш топқа үш түрлі тапсырмалар бердім. 1 топ. Толық механикалық энергия және тұйық жүйе ұғымын енгізу. (зерттеушілік әңгіме) 2 топ: Тұйық жүйедегі механикалық энергияныңсақталу заңын тұжырымдау және формуласын қорытып шығару. (плакаттар компаниясы арқылы жарнамалау) 3 топ: Энергияның сақталу заңына есеп шығару үлгісін талдау.(талдау, баяндау) Есеп: Массасы 10г оқ 800м/с жылдамдықпен ағашқа тиеді де 10см тереңдікте тоқтайды. Ағаштың кедергі күшін тұрақты деп есептеп, оның шамасын табыңдар. Топқа тапсырманы орындауға он минуттан уақыт бердім. Топ ішінде жұмыстану барысында бірінші топта тақырыптың құрылымына талдау жасау бойынша Анел есімді оқушы топ көшбасшысы Асылжанға көмектесіп, оқушылардың айтқан жоспарларын дәптерлеріне жазып отыруды, құрылымына сәйкес болжамдарын жинақтап, отырды. Екінші топта Дияс есімді оқушы тұйық жүйедегі механикалық энергияныңсақталу заңын тұжырымдауға дайындалып отырды. Ал топ мүшесі Аяна болса формуласын қорытып шығарып, формуладан өлшем бірлігін қортып шығаруға дайындалып отырды. Оған топ көшбасшысы Шынар қойылуы мүмкін сұрақтар төңірегінде айтып, көмектесіп отырды және басқа топ мүшелеріне плакаттарын әдемілеп, ретімен жасауды тапсырды. Ал үшінші топта Жанерке есімді оқушы энергияның сақталу заңына байланысты берілген есепті шығарып, талдап түсіндіріп беруге дайындалып отырды, оған есепті шығаруға топ басшысы Нұрайым да көмектесті. Топтағы белсенділігі төмен оқушы Расулға топ оқушылары бірлесе отырып есеп шығаруға көмектесті. Бұл тапсырманы бағалау критерийлері төмендегідей болды. Критерий | Дескриптор | Ұпай | Тақырып бойынша жұмыс | Тақырып толық ашылды, мазмұнды, мағыналы | 3 | Тақырып жартылай ашылды | 2 | Тақырып ашылған жоқ. | 1 | Үш топ өздеріне берілген тапсырманы ойдағыдай қорғап болған соң потенциалдық және кинетикалық энергияны қалай меңгергендігін анықтау мақсатында үш топқа бәрдей А,В,С деңгейіндегі үш есеп берілді. Оқушылар топ болып, бірлесе отырып есептерді шығарды. Түсінбеген жерлерін бір бірінен сұрап, әрі қарай білімдерін толықтырып отырды. С деңгейінің есебіне келген кезде үш топта формуласын қортып шығаруға қиналды, бірақ үшінші топтың мүшесі Карабалина Нұрайым бұл формулада уақыттың формуласын қосып, уақыттан құтылатынын түсіндіріп жіберді. Оқушылар осылайша бір біріне көмектесіп есепті ұйымшылдықпен бітіре білді. Бірінші А деңгейіндегі есепті І топтың мүшесі Елдос тақтаға анықтап жазып түсіндірді. В деңгейіндегі есепті екінші топтың мүшесі Дэльназ тақтаға жазды. С деңгейіндегі есепті үшінші топтың топ басшысы Нұрайым тақтаға, ауызша түсіндіре отырып жазды. Критерий | Дескриптор | Ұпай | Әр есепті шығаруда қойылатын талаптар | Егер есепте формулаларды түрлендірулері дұрыс болып, бірақ математикалық есептеуі қате болса | 1 | Егер есеп жауабына жетіп, дұрыс шығарылған болса | 2 | «Сыни ойлау» түсінігіне анықтама бере отырып белгілі ғалым Дайана Халперн – ол ойлаған нәтижеге жету үшін танымдық техникаларды пайдалану арқылы шығармашылықпен әрі қарай бағыттай ойлан деген пікір білдіреді. Сыни ойлау –белгілі бір мәселе туралы бар идеяларды жинақтап, оларды қайта ой елегінен өткізу және шешім қабылдаумен аяқталатын күрделі психологиялық үрдіс екенін атап өте отырып, авторлар сыни ойлауға қай жаста да үйренуге болатындығына, ол үшін арнайы жинақталып жүйеге келтірілген жаттығуларды тұрақты және мақсатты түрде жүргізу қажеттігіне тоқталады. Оқушылардың сыни түрде ойлануын дамыту мақсатында осы сабағымда суретпен жұмыс әдісім ерекше болды. Өйткені, Дияс бар білімін ортаға салып, өзінің ойының жүйрік екенін көрсете біліп, болат шардың қозғалысы жайлы айтып берді. Мысалы: Мирлан есімді оқушы «Болат тақтаға түскен соң қайтадан серпіліп, жоғары қарай көтерілетін болар» деп болжамын айтты. Нұрайым болса потонциалдық энергияның қай жерде артып, кинетикалық энергияның қай жерде кемитінін ажырата алды. Екінші топтың басшысы Шынар болса суретке қарап отырып өз болжамын ашқ айта білді және дұрыс болжам жасады. Бірінші топтың топ басшысы Асылжан постер қорғаған кезде тек қана кітапта келтірілген болат шармен болат тақтаны ғана мысалға келтіріп қоймай, сонымен бірге оқушыларға түсінікті, әрі естерінде сақтауға оңай болу мақсатында өз ойынан қарапайым доптың жермен салыстырғандағы қозғалысын мысалға келтіріп, түсінікті тілмен оқушыларға жеткізе білді. Технологиялық, педагогикалық және мазмұндық білім арасында өзара байланысты іске асыруға қабілетті мұғалім жоғары деңгейдегі кәсіпқой болып табылады» деп Мишра және Кёлер (2006 ) тұжырымдағандай сабағымды түрлендіре отырып, білім беруді тиімді іске асыру мақсатында АКТ технологияларының мүмкіндіктерін пайдаландым. Жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергендігін білу үшін «Бинго» әдісі арқылы әр оқушыға интербелсенді тақта арқылы сұрақтар қойдым. Олар тақтада кқрсетіліп тұрған латолардан өздеріне ұнаған санды таңдайды да, кезекпен латоның артында жасырылған сұрақтарға жауап беріп отырады. Сабақтың осы кезеңінде ақпараттық-коммуникативтік технологиялар мүмкіндігін пайдаланып, алған білімдерін шапшаң көрсете білуге, жауап берген бойда жауаптың дұрыс-бұрыстығына көз жеткізуі, уақыт үнемділігі, бағасының әділдігіне көзін жеткізуі-тиімді. Бұл тапсырманы төмендегідей бағалайды. Критерий | Дескриптор | Ұпай | Сұрақтарға жауап беру | Жауабы толық, нақты жауап берді | 2 | Жауап жартылай дұрыс | 1 | Жауап жоқ | 0 | Василий Александрович Сухомлинскийдің пайымдауынша «Сыныптағы ақыл-ой жұмысын шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің білімге деген құштарлық, биік мақсатқа жетуге деген құлшынысы оятатынын айтады. Жаңашыл мұғалімдердің сабағында әр оқушы өзін жеке тұлғамын деп сезінеді, мұғалімнің өзіне деген адал ниетін көреді». Сабақ соңында топ көшбасшылары топты бағалау парағына топ құрамындағы оқушылардың қорытынды бағаларын шығарды. Бұл топ жетекшілерінің өз жауапкершіліктерін сезінуге, топ мүшелерін топтық жұмыстары үшін әділ баға беруді үйренуге көп көмегі тиді. Сабақтың соңында оқушыларға рефлексивтік парақ үйлестірдім. Ұнады | Неліктен? | Қиын болды | Неліктен? | | | | | Бұл оқушылардың осы сабақта нені үйренгенін және нені білу қажет екенін түсініп, өзін-өзі реттеуіне көмектесті деп ойлаймын. Рефлексивтік парақтарын талдап болған соң оқушыларға үй тапсырмасын бердім. Үйге Меаникалық энергия. Механикалық энергияның сақталу заңы тақырыбын оқып келу. 33- жаттығуды орындау. Оқушылар үй тапсырмасын дәптерлерін жаззып алды. Мен осы сабағымды курстың жеті модулін ықпалдастыра отырып,мақсатқа жетуге тырыстым. Оқушылардың барлығының сабаққа ынтасы жоғары болды. Олар ұйымшыл болуды, бірін-бірі әділ бағалауды, өздерінің білім деңгейін анықтауды, өзін-өзі реттеуді, есеп шығаруда бір біріне көмектесуді үйренді. Мен өз тарапымнан сабақты түрлендіріп өткізу үшін ізденуді, әріптестеріммен кеңесуді, оқушылардың барлығының да қабілетін ашуды, оларды әрі қарай білім алуға деген қызығушылығын арттыруды, өздеріне деген сенімділігін арттыруды, өзін-өзі реттей отырып өздерін ары қарай жетілдіруге үйретуді, оқушыларға сенім білдіруді, өз іс-әрекеттеріме рефлексия жасауды үйрендім. Осы сабақта оқушылардың С деңгейіндегі есептерге қиналатындығын және жоғары мәртебелі сұрақтардың бұрын жиі қойылмауы және сөздік қорының аздығынан жауап беруге қиналыңқырағаны және топтық жұмыстарда кейбір оқушылардың ұйымшылдыққа бейімделмегенін (мысалы: Расул, Дияс, Елдос, Әділ топтық тапсырманы жеке орындауға тырысты) байқадым. Осыны ескере отырып алдағы сабақтарымда мәртебелі сұрақтарды жиірек қою және топтық, жұптық тапсырмаларды орындауға жиі тапсырма және С деңгеіндегі есептерді жиі беру қажеттілігін айқындадым. Пайдаланған әдебиеттер Hattie,J., (2009). Visible Learning. [Көзге көрінетін оқу] London.,Routledge. Alexander, R., (2004). [Диалогтік сөйлесуді оқыту: сыныптағы әңгімелесулерді қайта түсіну.] Mercer, N., (2000). [Сөздер мен ойлар. Сөздер мен сана: бірлесіп ойлану үшін тілді қалай қолданамыз?] Халперн Дайана. Сыни тұрғыдан ойлаудың психологиясы. - Санкт-Петербург, 2002ж | |