kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Механикалы? энергия. Механикалы? энергияны? са?талу за?ы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба? 7 сыныптар?а арнал?ан. Саба?ты? ??рылымы о?ушыларды?  топты?, шы?армашылы? ж?мыстануына негізделген. Интерактивті та?тада та?ырып?а байланысты керекті суреттерді к?рсете отырып о?ушыларды? ?з ойларын орта?а салулары к?зделеді. Саба?та о?ушылар ??рыл?ан критерий бойынша ба?аланады ж?не саба?ты ба?алауда ?арастырыл?ан.    

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Механикалы? энергия. Механикалы? энергияны? са?талу за?ы. »

7 – сынып

Сабақтың тақырыбы: Механикалық энергия.

Механикалық энергияның сақталу заңы

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың механикалық энергияның туралы білімдерін негіздеу, толықтыру, дамыту. Механикалық энергияның сақталу заңы аясында күнделікті өмірмен байланыстарын анықтау, пайдалану бағытында шығармашылық жұмыстану. Оқушылардың арасында топтық жұмыстар ұйымдастыра отырып бірлікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірме материалдар

Сабақтың типі: ой – толғау

Сабақтың әдісі: шығармашылық жұмыс

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен амандасу, сабақта жоқ оқушыларды анықтау. Көңілдерін көтеру (үйдегілер аманба, қозы – лақтарың көбейді ма? – деген оқушылар күтпеген сұрақтар қоя отырып).

Топқа бөлу: Бүгінгі сабаққа сәйкес дайындалған суреттерді құрастыру (топқа бөлуге байланысты 3 суретті 5,6 бөлікке қиып араластырып партаға қоямын әрбір оқушы өз қиындысы келетін топқа бірігеді).

Топтасып болғаннан кейін топ басшысын сайлау. Өткен тақырыптан әрбір топқа бір сұрақтан қою, кім жылдам жауап береді сол топ басшысы немесе топтағы оқушылардың өздеріне таңдау жасату.

Бағалау парағы (интерактивті тақтада көрсетіліп тұрады)туралы түсіндіріп айту. Бағалау парағы топ басшыларына беріледі, әрбір топ басшысы өз тобындағы оқушыларды жауап беруіне байланысты бағалап отырады. Топ басшыларын мұғалім бағалайды.












Үй тапсырмасын тексеру: Интерактивті тақтадан суреттер көрсету және олардың арасындағы айырмашылықтарды анықтау.(жүріп бара жатырған машина суреті. Сұрақ: қандай энергия түрі болуы мүмкін? Екеуінің арасындағы айырмашылық қандай?)

















Топтық жұмыс: осы берілген суреттерді топтарға бөліп беріп оқушыларға есептер құрастыруға тапсырма беру. Суреттер интерактивті тақтада көрсетіліп тұрады.






Жаңа сабақ: интерактивті тақтада тақырып жазылып тұрады. Жаңа ұшып бара жатырған самалет суреті. Сұрақ: осы суреттен қандай энергия түрлерін көруге болады?(жаңа сабақты өткен тақырыбпен байланыстыра отырып бастау бағытында және оқушылардың да алдыңғы тақырыптармен байланысын сезінулеріне. Жаңа тақырыбты түсіндіру оқушыларға сұрақтар қоя отырып жүзеге асады, бұл оқушылардың өздерінің жұмыстануына яғни тақырыбты жақсы ұғынуына себепші болады. Power Point бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып әрбір сұрақтарыңызды белгілі ретпен шыққан суреттерге байланысты қойып отыра аласыз)





Механикалық энергияны түсіндіріп алғаннан кейін энергияның сақталу заңына көшеміз Power Point бағдарламасын пайдаланып.






Энергияның сақталу заңын түсіндіріп болғаннан кейін баскетбол добын алып екі қолмен ұстап тұрып босатып жіберемін доп менің қолыма дейін қайтадан жеткен жоқ. Сұрақ: неге доп менің қолыма дейін жетпей қалды? Жаңа менің түсіндірген сабағым бойынша ол менің қолыма дейін жету керек еді. Оқушылардың ойланып жауап беруіне уақыт берген жөн және әртүрлі ойлар айтылғанда дұрыс емес жауап болса да «жоқ олай емес» дегеннен, «ия, аздап тағы да ойлану керек сияқты» деген жақсы деп ойлаймын. Оқушылардың ойларын қорытындылай келіп тұйық жүйені айтамыз және интерактиті тақтаға анықтамасын шығарып дәптерге жазғызып аламыз.

Анықтама: белгілі бір күштердің әрекет етуін қарастыратын жүйені тұйық жүйе деп атайды.

Механикалық энергияның сақталу заңы: Тұйық жүйені құрайтын денелер арасында тек қана ауырлық күші мен серпімділік күші әрекет ететін болса, онда тұйық жүйенің механикалық энергиясы өзгеріссіз сақталады.

Бекіту: Топтық шығармашылық жұмыс.

Тапсырма: Механикалық энергия көрініс табатын сурет салып есеп құрастыру.

(интерактивті тақтада жазылып тұрады)

Бағалау: Бағалау парақтарын жинап алып қорытынды бағалау шығару және топ мүшелерінің көз қарастарын қорытындылай отырып бағалау.

Үй тапсырмасы: §56 оқу. 33 жаттығу


Оқушылардың бүгінгі сабаққа деген көңіл күйлерін және өз сабағымыздың қандай деңгейде өткенін білу мақсатында сабақ соңында оқушыларға: «кімге бүгінгі сабақ ұнады тақтаға күн, кімге жартылай ұнады бұлттың астында тұрған күн, ал кімге ұнамады бұлт» салуларын айттым.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Механикалы? энергия. Механикалы? энергияны? са?талу за?ы.

Автор: Базаров Асхат Сагынтаевич

Дата: 17.02.2015

Номер свидетельства: 175018


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства