1-тапсырма. Топқа бөлу.(Тақтаға стикерге бекітілген күлегештерден бүгінгі өзінің көңіл-күйін білдіретін кескінді таңдап және бейнелеп беру арқылы сыныпты 4 топқа бөлу.) (5 мин) 2-тапсырма. Өтілген тақырыпты пысықтау мақсатында жадында қалған білімдері қалай меңгергендігіне байланысты ой-қозғау сұрақтарын беру, диалог жүргізу арқылы мағынасын ашу. "Бес сұрақ" /7мин/ Жаңа сабақты ашу үшін бейнефильм және электрондық оқулықтан көрініс.(5 мин) 3-тапсырма.(Тапсырмалар жазылған ресурстар таратамын) (8 мин) 1 топ. Дененің механикалық энергиясы деп қандай энергияны айтады?( постермен қорғату) 2 топ. Механикалық энергия өзгерістерінің қандай мағынасы бар?( постермен қорғату) 3 топ. Механикалық энергияның сақталу заңы? (постермен қорғату ) 4 топ. Үйкеліс күші бар болса,механикалық энергия сақтала ма? (постермен қорғату ) Жаңа тақырыпты презентациямен толықтырып өтем. 4-тапсырма.Есептер шығару.(33 жаттығу. 10 мин) 1 топ. Массасы 10г оқ 800м/с жылдамдықпен ағашқа тиеді де 10см тереңдікте тоқтайды.Ағаштың кедергі күшін тұрақты деп есептеп,оның шамасын табу керек. 2 топ. Массасы 100т ұшақ Жерден 1 км биіктікке көтерілгенде жылдамдығы 200м/с болады.Оның Жермен салыстырғандағы механикалық энергиясы қандай? 3 топ. Массасы 5т жер серігін 100км биіктікке 8км/с болатын бірінші ғарыштық жылдамдықпен шығару үшін қандай жұмыс шығындалады? Жер серігінің орбитадағы механикалық энергиясы неге тең? 4 топ. Массасы 9г оқ қалыңдығы 5см тақтайға 600м/с жылдамдықпен соғылып,200м/сжылдамдықпен тесіп өтеді .Оның кинетикалық энергиясын,істеген жұмысын және тақтайдың кедергі күшін анықтаңдар.Кедергі күші өзгермейді деп алыңдар. 5-тапсырма.Топтастыру стратегиясы бойынша тапсырма орындау.(5 мин) 1 топ. "Энергия" Заңның аталуы | Орындау шарты | Заңның математикалық өрнегі | Заңның білінер тұсы | Энергияның сақталу заңы | | | | 2 топ. "Механикалық энергия" Бес жол өлең. 1. Зат есім. Не? 2. Сан есім. Неше?қанша? 3. Сын есім. Қандай? 4. Етістік. Не қылды, не істеді? 5. Тақырыптың синонимі немесе зат есімнің синонимі. Қысқаша жауап мына түрде болады. Механикалық энергия. Екі түрі бар. Потнециалдық жіне кинетикалық. Дененің жұмыс істеу қабілетін анықтайды. Механикалық энергия немесе жұмыс, қозғалыс. Яғни оқушылар міне осы бес жол өлең сртатегиясы бойынша білген, түсінген білімімізді қорытындылаймыз. 3 топ."Кинетикалық энергия" «Ил-2»- Талғат Бигелдинов, «Су-27», «МиГ-15»-Тоқтар Әубәкіров басқарған ұшақтар көрсетілген. 1)Батырлардың Жермен және ұшақтармен салыстырғандағы кинетикалық энергиялары қандай? 2)Ұшақтардың Жермен салыстырғандағы кинетикалық энергиялары қандай ? 4 топ."Потенциалдық энергия" Т е с т 1.Деформацияланған денелерге ... әрекет етеді. а) үйкеліс күші ә)ауырлық күші б)қысым күші в)серпімділік күші 2.Серіппе көбірек созылса, потенциалдық энергиясы ... а) Өзгермейді ә)кемиді б)артады в)нолге тең болады 3.Потенциалдық энергины сипаттайтын қасиеті... тәуелді өзгереді А)қозғалыс күйіне ә)қозғалыс жылдамдығына б)орналасу күйіне в)әрекеттесу күшіне 4.Дене жер бетіне жақындаған сайын жылдамдығы арта түседі де, ... өсе береді а) Потенциалдық энергиясы ә)Механикалық энергиясы б)толық энергиясы в)кинетикалық энергиясы 5.Жұмыстың орындалу тездігін сипаттайтын физикалық шама а)энергия ә)қуат б)уақыт в)күш Тест жауаптар: 1 – В 2 – Б 3 - Б 4 - В 5 - Ә |