жарық көзі; нүктенің кескіні; түскен сәуле;
Линза арқылы өтетін сәуле; линзаның бас фокусы;
линзаның фокальдік жазықтығы; О-линзаның оптикалық центрі;
Просмотр содержимого документа
«Линзалар. Жұқа линза формуласы»
«Бекітемін»
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: М.Камалова
Күні: 09.12.13
Сыныбы: 11
Пәні:физика
Сабақтың аты | §4.11 Линзалар. Жұқа линза формуласы |
Сілтеме | Жоспар |
Жалпы мақсаты | |
Күтілетін нәтиже | Линзалар. Жұқа линза формуласы жайлы мағлұмат алады Линзалар. Жұқа линза формуласы күнделікті тұрмыста есеп шығаруда қолдана білуге үйренеді Бірін-бірі бағалай алатын болады |
Негізгі идеялар | Жұқа линза формуласы: жарық көзі; нүктенің кескіні; түскен сәуле; Линза арқылы өтетін сәуле; линзаның бас фокусы; линзаның фокальдік жазықтығы; О-линзаның оптикалық центрі; ОВ-линзаның қосымша осі; В –линзаның қосымша фокусы; нәрседен линзаның оптикалық центріне дейінгі қашықтық; линзаның ортикалық центрінен кескінге дейінгі ара қашықтық. Бұл формуланың ерекшеліктері: Жинағыш линза нақты кескін берсе, , және . Онда Жинағыш линза жорамал кескін берсе, , және . Онда Шашыратқыш линза әр уақытта жорамал кескін берді, яғни , және . Онда |
Тапсырмалар | Топтық жұмыс |
Жеке жұмыс |
Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» |
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру (2 минут)
Сәлемдесу
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
Түгелдеу
1.2. Топқа бөлу (1,2сандарына байланысты 2 топқа бөлінеді)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут)
Жарықтың шағылуы дегеніміз не? Ол қандай заңдарға бағынады?
Жарықтың шағылу заңын қорытып шығарыңдар.
Шағылудың қандай түрлері бар?
ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)
Линза дегенді қалай түсінесіңдер?
Линза түрлерін білеміз бе? Қандай?
ІҮ. Топтық жұмыс «Джигсо» (15 минут)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
Бақылаушының бағалау парағы
№ | Бағалау өлшемдері | Көш басшы | Хатшы | Баяндамашы | Уақыт сақшысы |
1 | Тақырыптың ашылуына үлес қосу | | | | |
2 | Міндетін атқару | | | | |
3 | Топтық жұмысқа атсалысуы | | | | |
Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.
Топ пікірлерін тыңдау.
Ү. Жеке жұмыс (5 минут) (формуланы түсіндіру)
VІ. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» (13 минут)
1 | Білу | Линза дегеніміз не? | |
2 | Түсіну | Жұқа линза формуласын ата? | |
3 | Қолдану | Линзалардың қолданылуын түсіндір? | |
4 | Талдау | Ойыс және дөңес линзаларды салыстыр? | |
5 | Жинақтау | Линзалардың түрлеріне мысал келтір? | |
6 | Бағалау | Линзалардың маңызы қаншама? | |
Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.
ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)
Кейінгі тапсырмалар | Эссе жазу |
Кейінгі оқу | §4.11 Линзалар. Жұқа линза формуласы |