kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Күн жүйесі планеталары қозғалысының заңдары.

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Күн жүйесі планеталары қозғалысының заңдары.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Күн жүйесі планеталары қозғалысының заңдары.»

Сабақтың тақырыбы: Күн жүйесі планеталары қозғалысының заңдары.


Сабақтың мақсаты: Күн жүйесіндегі планеталардың қозғалысын Кеплер заңдары бойынша түсіндіру.


Сабақтың міндеттері:


Білімділік: Астроном ғалымдардың еңбектеріне тоқталу.


Дамытушылық: Кеплердің үш заңын тұжырымдау, есеп шығару, пәнге қызығушылығын арттыру.


Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа баулу.


Сабақтың типі: жаңа сабақ


Сабақтың түрі: жеке


Пәнаралық байланыс: математика


Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тапсырмалар парағы,слайд.


Сабақтың барысы: 


І.Ұйымдастыру кезеңі:

І.Үй тапсырмасын сұрау

ІІ.Жаңа сабақты түсіндіру

ІІІ.Жаңа сабақты пысықтау

А) Кім жылдам?

Ә) Есеп шығару

Б) Тест жұмысы

ІV.Оқушы білімін бағалау

V.Үйге тапсырма беру.


І.Үй тапсырмасын сұрау:

Оқушылар постер арқылы үй тапсыпмасын қорғайды, суреттің артында жасырылған сұрақтарға жауап береді.

Уақыттың негізгі бірліктері? (Тәулік, ай, жыл)

Өліаралық ай ұзақтығы қаншаға тең? (29,53 тәулік)

Тропиктік жыл дегеніміз не? (Жер орбита бойымен Күнді 365 тәул. 5 сағ 48 мин 46с айналып шығуын)

Күнтізбе түрлерін ата? (Ай, Күн, жұлдыз, Ай-күн)

Декреттік уақыт қай кезде ендіріледі? (1930 жылы)

Қазіргі кезде халықаралық деңгейде қолданылып жүрген күнтізбені кім, қашан енгізді? (Рим папасы Григорий, 1582 ж)

Тәулікті тең 24 сағатқа бөлген кім? (Грек астрономы Птоломей)

Юлиан күнтізбесі бойынша бір жылдың ұзақтығы қандай? (365 күн 6 сағ)

Не орнынан қозғалмай жүреді? (Уақыт)


ІІ.Жаңа сабақты түсіндіру:

Поляк ғалымы Николай Коперник күн жүйесінің гелиоцентрлік моделін жасаған кезде планеталардың шеңбер бойымен тұрақты жылдамдықпен қозғалады деген қағидасын сақтап қалды.

XVII ғасырдың басында неміс астрономы Иоганн Кеплер аспан денелерінің орбиталары шеңберден өзгеше екендігін анықтады. 1609-1619 жылдары планеталар қозғалысының үш заңын ашты.

Кеплердің бірінші заңы- планета орбитасының пішінін анықтайды: барлық планеталар Күнді эллипс бойымен айналады, оның бір фокусында Күн орналасады.

Орбитаның Күнге ең жақын нүктесін перигелий- (грекше peri-таяу, helios-күн), оның ең алыс нүктесін афелий (грекше алыс) деп аталады.

Астрономияда Жердің Күннен орташа қашықтығы Күн жүйесінде қолданылатын қашықтық өлшеу бірлігі астрономиялық қашықтық деп аталады. 1 а.б.=149 600 000 км.

Кеплердің екінші заңы –аудандар заңы планета қозғалыстарының бірқалыпты емес екендігін анықтайды: планетаның радиус –векторы бірдей аудандар сызып шығады.

Кеплердің үшінші заңы планеталардың орбиталық периодтары мен олардан Күнге дейінгі қашықтық арасындағы байланысты анықтайды.

Кез-келген екі планетаның Күнді айналу периодтары квадраттарының қатынасы олардың орбиталарының үлкен жарты осьтерінің кубтарының қатынасына тең болады.

Кеплер заңдарын тек Күн жүйесі денелерінің қозғалыстарына ғана емес, барлық аспан денелері жүйелерінің қозғалыстарына да қолдануға болады.


Сабақты пысықтау.

Кім жылдам? (6 әріптен келетін сөздерді табу)

Тақтаға ватманға әріптер жазылып ілінеді,оқушылар сол бойынша 6 әріптен тұратын сөз құрастыруы керек.

Жауаптары: Орбита, эллипс, Иоганн Кеплер, радиус-вектор, афелий

Есеп шығару. 35 жаттығу, №2

Сабақты бекіту.

Толықтыруды қажет ететін тестілер.

1. Поляк ғалымы .............. планеталардың шеңбер бойымен тұрақты жылдамдықпен қозғалады деген қағидасын сақтап қалды.

А) И.Кеплер Ә) Н.Коперник Б) Т.Браге В) И.Ньютон

2. Барлық планеталар Күнді ............ бойымен айналады, оның ......... Күн тұрады.

А) шеңбер, фокустарында Ә) эллипс, центрінде

Б) эллипс, фокусының бірінде В) шеңбер, фокусының бірінде

3. Орбитаның Күнге ең жақын нүктесі .........., ең алыс нүктесі ........... деп аталады.

А) афелий, перигелий Ә) афелий, перигей

Б) апогей, перигей В) апогей, перигелий

4. Планетаның радиус-векторы .......... уақыт аралығында шамалары бірдей ........ сызып шығады.

А) тең, көлем Ә) тең, аудан Б) бірдей, көлем В) бірдей, аудан

5. Күн жүйесінде қолданылатын қашықтық өлшеу бірлігі .......... деп аталады.

А) күннің бірлігі Ә) астрономиялық бірлік

Б) астрономиялық қашықтық В) күн қашықтығы

6. Кез-келген екі планетаның Күнді айналу ......... квадраттарының қатынасы олардың орбиталарының ............. кубтарының қатынасына тең болады.

7. Кеплер заңдарын......... жүйелерінің қозғалыстарына да қолдануға болады.

А) күн денелері Ә) жер денелері Б) планета В) аспан денелері

Оқушы білімін бағалау.

Үйге тапсырма: §45 Күн жүйесі планеталары қозғалысының заңдары



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Күн жүйесі планеталары қозғалысының заңдары.

Автор: Жусупова Гүлжанат Қозыбағарқызы

Дата: 24.11.2016

Номер свидетельства: 362243

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "К?н ж?йесі планеталары ?оз?алысыны? за?дары"
    ["seo_title"] => string(42) "kunzhuiiesiplanietalarykozgalysynynzandary"
    ["file_id"] => string(6) "298246"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456310445"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "«К?н ж?йесі планетасыны? ?оз?алысыны? за?дары». "
    ["seo_title"] => string(50) "kun-zhuiiesi-planietasynyn-k-ozg-alysynyn-zan-dary"
    ["file_id"] => string(6) "154625"
    ["category_seo"] => string(11) "astronomiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421170895"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(27) "Кеплер за?дары "
    ["seo_title"] => string(17) "kieplier-zan-dary"
    ["file_id"] => string(6) "196615"
    ["category_seo"] => string(11) "astronomiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428076631"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "К?н ж?йесі планеталары ?оз?алысыны? за?дары"
    ["seo_title"] => string(49) "kun-zhuiiesi-planietalary-k-ozg-alysynyn-zan-dary"
    ["file_id"] => string(6) "316654"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460131693"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "К?н ж?йесі планеталары ?оз?алысыны?  за?дары."
    ["seo_title"] => string(43) "kunzhuiiesiplanietalarykozgalysynynzandary2"
    ["file_id"] => string(6) "316655"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460131699"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства