Жетелеу сұрағы: Допты суға батырып, қолды қоя бергеннен кейін, доп қайтадан су бетіне шығады. Доп неге су бетіне ытқып шығады? Оқушылар жауабы тыңдалады. Әр оқушының жауабы мұғалім үшін құнды болып табылады. Жаңа сабақ тақырыбы: §29. Архимед күші. Бүгін сіздер өздеріңіз тәжірибе жасау арқылы мынадай сұрақтарға жауап алатын боласыздар: Ол – қандай күш? Табиғаты қандай? Кері итеруші күштің пайда болу себебі неде? Архимед заңы қалай тұжырымдалады? Кері итеруші күш қандай физикалық шамаларға тәуелді? Ол үшін бірнеше тапсырмалар орындауларыңызға тура келеді. Қауіпсіздік техникасы. Тапсырма №1. W. Төменде берілген шағын тәжірибені орындап шығыңыз: Бағалау критерийі | Дескрипторлар | Тұзды суда жұмыртқаның су бетіне ыршып шығатынын байқайды. | ыдыстағы таза суға жұмыртқа салады; жұмыртқаны алып, суға 2-3 қасық тұз салып, араластырып, қайтадан жұмыртқаны салады; Ойланып, жауабын жазады. | Тапсырма №2. G. Төменде берілген шағын тәжірибені орындап шығыңыздар: Бағалау критерийлері | Дескрипторлар | 1)жүктің сұйықтағы салмағы ауадағы салмағынан аз екендігін біледі. 2) Ығыстырушы күштің сұйық тығыздығына тәуелді екендігін түсінеді. | 1.массасы 100 гр болатын жүкті алып, оның ауадағы салмағын динамометр көмегімен өлшейді; 2. динамометрге ілінген жүкті толықтай суға батырып, жүктің судағы салмағын табады; 3. динамометрге ілінген жүкті толықтай глицеринге батырып, жүктің глицериндегі салмағын табады; 4. «кейбір сұйықтардың тығыздығы» кестесін пайдалана отырып, кері итеруші күштің қандай шамаға тәуелді болатыны туралы қорытынды жасайды. | Мұғалім топтарды ауызша бағалайды. G. Сіздерге массасы 100 гр және көлемі әр түрлі жүк берілді. Төменде берілген шағын тәжірибелерді орындаңыздар: Бағалау критерийі | Дескрипторлары | Кері итеруші күштің дене көлеміне тәуелді екендігіне көз жеткізеді. | 1) динамометрдің көмегімен ауадағы салмағын табыңыз; 2)таза суға салып, судағы салмағын табыңыз; 3) кері итеруші күштің мәнін мына өрнек арқылы табады: Р ауа – Р сұйық = Fығыст | Мұғалім топтарды ауызша бағалайды. Мұғалім сөзі. Сонымен, Архимед күші немесе кері итеруші күш: сұйықтың тығыздығына; сұйыққа батырылған дененің көлеміне тәуелді екендігіне өздеріңіз көз жеткіздіңіздер. Ығыстырушы күш қалай пайда болады? р1- дененің жоғарғы қырына түсірілген қысым р2- дененің төменгі қырына түсірілген қысым Сұйық тарапынан дененің жоғары қырына түсірілген қысым төменгі қырына түсірілген қысымнан аз болады. Осы себептен сұйыққа батырылған денеге жоғары бағытталған күш әсер етеді. Бұл күш денені сұйықтан ығыстырады. Ол күш Архимед күші деп аталады. ФАКТ: дененің сұйықтағы салмағы ауадағы салмағына қарағанда аз болады. Бұл ауырлық күшіне қарсы бағытталған сұйық ішіндегі денені ығыстырушы күштің әсері болып табылады. Осы күштің мәнін тұңғыш рет ертедегі грек ғалымы Архимед (б.з.б.287-212) есептеп шығарған. және өзінің заңын ұсынды. Тәжірибе: «Архимед шелегі» Архимед заңы: сұйыққа батырылған денеге оның сұйыққа батқан бөлігі көлеміндегі сұйықтың салмағына тең ығыстырушы күш әрекет етеді. Бұл Архимед заңы деп аталады. Сабағымызды одан әрі пысықтайық. G. Диктант «Архимед күші» Сұйыққа не месе газға батырылған денеге кері итеруші күш (төменнен жоғары, жоғарыдан төмен) қарай бағытталады. Мысалы: Суға лақтырылған құтқару дөңгелегі қалқып шығады, серіппеге жүк іліп, оны сұйыққа батырған кезде серіппе (қысқарады, созылады, өзгермейді) Бұл күш шама жағынан сұйыққа батырылған дененің немесе оның сұйыққа батып тұрған бөлігінің (массасына, ауырлық күшіне, салмағына) тең. Кері итеруші күштің пайда болу себебі, сұйықтың немесе газдың тереңдігіне қарай оның (қысымының, тығыздығының) артуы болып табылады. Сондықтан ол күш денеге төменнен және жоғарыдан әсер ететін қысым күштерінің (қосындысына, айырмасына) тең болады. Архимед күші сұйыққа батырылған дененің (тығыздығына, көлеміне) байланысты болмайды. Ол сұйықтың немесе газдың (тығыздығына, көлеміне) және сұйыққа батып тұрған дененің көлеміне байланысты болады. Бағалау шкаласы. Дұрыс жауап саны | Бағдаршам түсі | 6, 7 сөз | Жасыл – түсіндім | 4, 5 сөз | Сары – түсінген сияқтымын | 1 – 4 сөз | Қызыл – мүлдем түсінбедім | Әр топ өз-өздерін бағалайды. «Аңыз адам». Қалай Архимед Сиракуз патшасының тәжінің алтыннан жасалғанын немесе алтын еместігін анықтады? І топ ІІ топ ІІІ топ Сутегімен толтырылған шар тышқанның құйрығына байланған. Денеге әрекет ететін ауырлық күшінің шамасы 0,4 Н-ға тең болса, ал кері итеруші күштің шамасы 0,2 Н-ға тең болса, шар тышқанды төбеге көтеріп әкете ала ма? Стикерге әр оқушы жауаптарын жазады. Мұғалім екі-үш жауапты дауыстап оқиды. Топ бірін-бірі бағалайды. Элективті тест. 1. Бірдей серіппелерге массалары бірдей шар ілінген. Егер шарларды толығымен суға батырса, қай серіппе көбірек қысқарады А. Сол жақтағы. Б .Ортадағы. В. Оң жақтағы Г. Барлық серіппе бірдей қысқарады. 2. Бірдей серіппеге ілінген жүктердің көлемдері мен массалары бірдей, бірақ пішіндері әр түрлі. Суға батырса қай серіппе көбірек қысқарады А. Сол жақтағы. Б. Ортадағы В. Оң жақтағы. Г. Серіппелердің созылуы бірдей болады. 3. Суретте әр түрлі сұйыққа батырылған бірдей денелер берілген. Қай ыдыстағы сұйықтың тығыздығы көп А.Сол жақтағы бірінші. Б. Сол жақтағы екінші. В .Сол жақтағы үшінші Г .Сол жақтағы төртінші Бағалау шкаласы. Дұрыс жауабы | Дұрыс жауап саны | Шапалақ | В | 3 | | Г | 2 | | Б | 1 | | Топ бірін-бірі бағалайды. |