kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Физика сабағын бағалау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Физика сабағын формативті, сумативті бағалау

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Физика сабағын бағалау»

Физика пәнінен оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру

Құрманәлі.А

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік институты.,Арқалық қ

Сабақ қызық болғанда ғана оқушыға барлығы түсінікті болады. Демек, сабақ оқушы үшін қызық болуы тиіс. И.Герберттің айтуы бойынша «қызығушылық» оқу уәжінің синонимі екенін есте сақтау керек. барлық оқытуды тізбектесек: «қалаймын- орындаймын- қызығушылықпен орындаймын-жекелеп-әрқайсымызға маңызды» (И. С. Якиманская), осы құрылымның ортасында және қызығушылық тұрғанын байқаймыз. Осы түсінікті оқушыларда қалыптастыру үшін, оқушының белсенділігін арттыруымыз, өз бетінше жұмыс жасауын қамтамасыз етуіміз керек; қосымша мәліметтерді сабақта да, үйде де жігерлене іздеу; проблемалық жағдаят туғызу; оқыту әдісінің әртүрлілігі; сабақ үстіндегі атмосфералық ортаны қалыптастыруымыз керек.

Кез-келген дәстүрлі сабақтардағы бағалау – оқушы өтілген тақырыпты өзі түсінгені бойынша айтып береді немесе демонстрациялайды. Ал XXI - ғасыр мектебіндегі бағалау мақсаты кең көлемді және әртүрлі болып келеді, нәтижесінде оқу сапасы артады.
– оқушы қажеттілігін бағалау
– оқушылардың жеке және бірлесіп жұмыс жасауын марапаттау
– оқу барысын бақылау
– қаншалықты түсінгенін тексеру және тақырып мазмұнын қаншалықты мағыналы түсінгеніне қарай марапаттау (тек теориялық түрде ғана түсінгені жеткіліксіз)
– түсінгенін демонстрациялау (түсінгенін практикада қолдана білу)
-Оқушылардың оқу жетістігінің нәтижесін көру, білім деңгейін анықтай алу, пәнге деген ынтасын, күш-жігерін қалыптастыру,өзіне деген сенімділігін арттыру.
Бағалау әдістері:
– оқу тапсырмалары арқылы бағалау (пікірталастар, күнделіктер, оқытуды дамыту үшін қолданылатын барлық материалдар);
– топта, жұпта, сыныпта талқылау;
– өзін-өзі және бірін-бірі бағалау;
– оқушы портфолиосы (оқушы жинаған бағалар, марапаттар, жетістіктер т.б.
Қазіргі кезде елімізде сабақтың сапасын арттыру негізгі мәселеге айналды.Сабақтың сапасын арттыру мақсатында физика сабағында бағалаудың келесі түрлерін тиімді деп алғым келеді: бірін - бірі бағалау; өзін - өзі бағалау; топтардың бірін - бірі бағалауы; стикерлер арқылы бағалау; бағалау критерийлерін оқушылармен бірге құру және сол критерийлер арқылы топбасшысы топ мүшелерінің балдарын кестеге қойып отырады және оны бағаға айналдырады; тестер; Сұрақтар (жіңішке, жуан); сауасақтар арқылы бағалау. Қарастылырып отырған тақырыбым бойынша: «Диалогтік оқыту арқылы физика сабағында оқушылардың белсенділігін арттыру» болғандықтан, сабақ жоспарым осы тақырыпқа негізделіп құрылған еді. Сол себепті жұптық жұмыста тек қана жұптық жұмыс орындамай, бірін -бірі бағалауды қолдандым. Бірін- бірі бағалауда келесі шарттар орындалуы керек 1) менің көршім тақырыпты меңгеруде маған жақсы көмектесті (үйреніп жатқан тақырып бойынша ортақ сұрақтарға көмектесті, мысалдар келтіріп, формулалардың физикалық мағынасын толық түсіндіре білді, есептер шешуде формулаларды тиімді пайдаланды -3балл: 2) менің көршім ортақ сұрақтардың бір бөлігіне жауап берді, есептер шешуде аздаған түсініктеме де бере алды - 2балл: 3) менің көршім тақырып мазмұнын шешуде аздап ғана көмектесе алды - 1балл; 4) менің көршім маған көмектесе алмады-0 балл деген балдарды қойып көршісін немесе серігін бағалап отырады. 0 балл. Өзін – өзі бағалауда оқушы әрбір дұрыс орындаған тапсырмасын 1-балдан қойып отырады; бұрыс орындалған тапсырмаға – 0 балдан қояды. Бұл тәсілді көбіне мен үй тапсырмасын қорытуда (физикалық диктанттарда) қолданар едім. Топтардың бірін-бірі бағалауында топтар бір -бірінің орындаған топтық жобаларын қаншалықты мазмұны мен мағынасының ашылуына байланысты стикерлермен баға қояды және қысқа түсініктеме береді.

Бағалау критерийлері бойынша бағалауда көбінесе толық сабақ тапсырмаларына байланысты мұғалім мен оқушылар бірге бағалау критерийлерін жасап шығады және әр тапсырмаға 1-балдан қойып отырады, әрбір тапсырмадан кейін топбасшы қай оқушы қаншалықты өз үлесін қосты және қанша балл алғанын жариялап отырады. Сонда әр оқушы сабақтағы әр тапсырманы орындаудағы белсенділік дәрежесін біліп отырады және одан әрі не істеу керектігін ойланады. Бағалауға арналған жаңаша бір әдіс «Білім пирамидасы». Пирамиданың жоғары деңгейге дейін кезең-кезеңмен қозғалып, ең төменгі үдерістен жоғарыға қарай баратын сатыларын оқушының білім сапасын көрсеткіші. Қорытындылауға арналған бірнеше тақырыптар бойынша пысықтауға түрлі деңгей тапсырмалар дайындалады. Тапсырмалар міндетті түрде күрделене түседі, содан күрделенген тапсырмаларды орындау сатысына бүкіл сынып оқушыларын 100% орындап, шыңға жетпейді. Ол биікке тек қана қайталауға берілген тапсырмаларды толық игерген, оны қажетті жерде талдап өз ойын дәлелді, нақты жауаптарымен ерекшеленетін сыныптағы оқушылардың 10-15 % жетуі мүмкін. Ал сатылардың көтерілу деңгейі:

  • 1-саты 0-20%-дық білім – кіріспе, танымдық қабілет;

  • 2-саты 20-30%-дық білім – қанағаттанарлық деңгей (кейбір сұрақтарға қиналады);

  • 3-саты 40-60%-дық білім – тақырыпты жақсы біледі;

  • 4-саты 60-90%-дық білім – қосымша ақпараттар біледі;

  • 5- соңғы саты -90-100%-дық білім – көшбасшы (өз білгендерін дәлелдеп, қолдана алады). Нәтижесінде бұл тәсіл оқушының сабақта оқу-білімге деген қызығушылығы мен белсенділігін едәуір арттырды.  

Сабақтың рефлексия кезеңінде: «Мен бүгін не үйрендім!», ББҮ-кестесін толтыртқызуға болады; сабақты қорытындылау кезеңінде смайликтер арқылы, білім ағашына бүгінгі сабақ туралы ой пікірлерін жазып жабыстырады, бұл кері байланыс еді. Сабақ соңында осы смайликтердің кейбірінде: «бүгінгі сабақ кешегіден де қызық болды, рахмет!», «маған бүгін мынандай тапсырма немесе сұраққа жауап беру қиын болды!», «маған бүгін сабақтың мына жері ұнамады!» деген сияқты өз ойларын еркін жаздыруға болады. Смайликтердегі ұсыныстарды оқып болғаннан кейін келесі сабақ құрылысына өзгертулер енгізу қажет.
Нәтиже: Осы әдістер арқылы оқушылардың белсенділігі мен шығармашылығын арттыруға, алған білімдерін өмірде еркін қолдана алатын болады.



Пайдаланылған әдебиттер:

1.Б.С.Арызханов «физика» Алматы «Рауан» 1994ж.

2.Сайт:www.uchkopilka.ru


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Физика сабағын бағалау

Автор: Құрманәлі Ақшолпан Бақбергенқызы

Дата: 27.03.2017

Номер свидетельства: 403850

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(167) "Физика саба?ында о?ушыларды? сапалы? есептер шы?арту негізінде сын т?р?ысынан ойлауын дамыту"
    ["seo_title"] => string(90) "fizikasabagyndaokushylardynsapalykiesieptiershygartunieghizindiesynturgysynanoilauyndamytu"
    ["file_id"] => string(6) "269166"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450777846"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(98) ""Физика саба?ында инновациялы? ?дістерді ?олдану" эссе "
    ["seo_title"] => string(57) "fizika-sabag-ynda-innovatsiialyk-distierdi-k-oldanu-essie"
    ["file_id"] => string(6) "154902"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421225977"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(130) "Физика саба?ында о?ушыларды? танымды? белсенділігін арттыру м?селелері "
    ["seo_title"] => string(75) "fizika-saba-ynda-o-ushylardy-tanymdy-bielsiendilighin-arttyru-m-sielielieri"
    ["file_id"] => string(6) "104927"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1402770655"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(135) "Физика саба?ында о?ушыларды? танымды? белсенділігін арттыру м?селелері.docx "
    ["seo_title"] => string(80) "fizika-saba-ynda-o-ushylardy-tanymdy-bielsiendilighin-arttyru-m-sielielieri-docx"
    ["file_id"] => string(6) "104952"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1402773213"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Физика – табиғат туралы ғылым"
    ["seo_title"] => string(31) "fizika_tabig_at_turaly_g_ylym_2"
    ["file_id"] => string(6) "458251"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1518982515"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1760 руб.
2520 руб.
1480 руб.
2110 руб.
1850 руб.
2640 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства