Просмотр содержимого документа
««Физика әлемі – тамаша әлем!» сайыс сабақ»
«М.Абдулов атындағы НЖББМ» КММ
Сыныптан тыс шара.
«Физика әлемі – тамаша әлем!»
Өткізген: Ә.М.Бисен.
2017 жыл.
Күні:
Қатысатын сыныптар: 8-9
Шараның тақырыбы: «Физика әлемі – тамаша әлем»
Шараның мақсаты: Оқушылардың физика пәнінен алған білімдерін саралау, әр түрлі әдістер арқылы оқушылардың физика пәніне деген қызығушылықтарын ояту.
Шараның барысы:
Мұғалім. Құрметті М.Абдулов атындағы мектеп ұжымы және «Жас Ұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымынының мүшелері бүгінгі 8-9 сыныптар аралығына өткелі отырған «Физика әлемі – тамаша әлем» атты сайыс сабағымызға қош келдіңіздер. Физика жақын туыс мына бізге, Қозғалыс, энергия, қуат, күш те Біздерсіз есептелу мүмкін емес, Жария ғып айтайықшы мұны біз де,- дей келе бүгінгі сайысымызды бастаймыз. Ортамызға сайысқа қатынасушы 8 және 9 сынып оқушыларын шақырамыз. Өздері мектебіміздегі ең көп оқушылары бар сынып болса да сыныпта достықтары жарасқан 9 – сынып оқушыларын қошеметтеп ортамызға шақырамыз.
Мектепшілік сайыстардан қалмай жүлделі орындарды иелену үшін бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білетін 8-сынып оқушыларына құрмет көрсетейік.
Барлығыңыз бүгінгі сайысқа қош келдіңіздер. Ендеше бүгінгі сайысымызды бастамас бұрын бір тамаша ойын ойнап алайық. «Менің бейнем» ойыны адамның сезімталдығын және ойының жинақылығын белдіреді. Барлығымыз шеңбер болып ортаға тұрамыз содан соң қолымызға ақ бет қағаз бен қалам алып музыкаға ілесіп билеп тұрып өзіміздің бет – бейнеміздің суретін саламыз. Қағазды төбемізге орналастырамыз.
Көп көп рахмет!
Ендеше орындарыңызға жайғасуға сұқсат. Ең алдымен сіздерге бүгінгі сайысымыз әділ өтуі үшін білімдеріңізді саралайтын әділ қазылар алқасымен танысырып өтейін. 1. 2. 3.
«Білімді біреуден – біреуге, ыдыстан – ыдысқа құйғандай құюға болмайды»- деп Платон бекер айтпаса керек.
Сіздердің физика бөлімі бойынша саралайтын,ұмытқандарыңызды еске түсіретін сайыс бөлімдерін танысытырып өтпекпін. І. Таныстыру. ІІ. «Сұрақ меннен – жауап сізден» ІІІ. «Әуенді сайыс» ІV. «Бұл қай ғалым?» V. «Бірге есептейміз» VІ. «Мозайкалар» VІІ. Қорытынды.
Сайысымыздың бірінші бөлімін бастаймыз. І.Таныстыру. әр топ топ аттары мен ұрандарын айтады.
ІІ. «Сұрақ меннен – жауап сізден» сайысысы. Бұл бөлімде әр топқа 10 сұрақ қойылады. Сол сұрақтардың нешеуіне жауап берсе сонша ұпай иеленеді. Жоғары балл 10 балл, жауап толық емес болса 5 балл. Топ жауап бере алмаған жағдайда келесі топқа мүмкіндік беріледі.
8- сыныпқа қойылатын сұрақтар. 1. Физиканың негізгі мақсаты 2. Булану деген не? 3. Диффузиф қандай құбылысы? 4. Денелердің суда жүзуі үшін орындалатын шарттар саны нешеу? 5. Заттың тығыздығы қандай әріппен белгіленеді? 6. Қысымның өлшем бірлігі ретінде не алынады? 7. Температура деген не? 8. Су неше градуста қайнайды? 9. Планеталар саны? 10. Вольтметр құралының ағылшынша атауы.
9-сыныпқа қойылатын сұрақтар. 1. Физика қандай ғылым? 2. Найзағай қандай құбылыс? 3. Табиғат құбылыстары деген не? 4. Ток күшін қандай құралмен өлшейді? 5. Судағы денеге қандай күштер әрекет етеді? 6. Қатынас ыдыстарға қандай ыдыстарды жатқызамыз? 7. Массаның өлшем бірлігі қандай? 8. Салмақсыздық деген не? 9.Салмақ пен ауыоһрлық күші бір-біріне тең шама ма? 10.Ауырлық күші деген не?
ІІІ. «Әуенді сайыс». Екі топ бір-біріне өткен материалдардан сұрақтар қояды. Және ол сұрақтар мен жауабын әндетіп жеткізуі керек.
ІV. «Бұл қай ғалым?»
9-сыныпқа: Физика тарихында бірінші ұстаз атанған ғалым кім? (Аристотель)
8-сыныпқа: Физика тарихында екінші ұстаз атанған ғалым кім? (Әбу Насыр әл-Фараби)
9-сыныпқа: Бүкіл әлемдік тартылыс заңын кім ашты? (И.Ньютон)
8-сыныпқа: Алғаш рет денелердің барлығы да өте кішкентай бөлшектерден тұрады деген көзқараста болған ғұлама ғалым кім еді? (Демокрит)
9-сыныпқа: МКТ-ның негізгі қағидаларын анықтаған ғалым кім? (М.В.Ломоносов)
8-сыныпқа: Ең алғаш қыздыру шамын 1872 жылы Санк-Петербургте ойлап тапқан ғалым кім еді? (Лодыгин)
VІ. «Мозайкалар» бөліміне кезек береміз. Бұл бөлімде сіздердің алдарыңызға қиылған қағаздар беріледі. Ол қағаздарда физикалық лобороторияларды құралдар жасырылған сол құралды құрастырып атын атап, қысқаша мағұлмат беріп өтулеіңіз керек.
«Электорскоп» денелердің электрленуін анықтайтын құрал.
«Амперметр» ток күшін өлшейтін құрал.
«Таразы» денелердің массасын өлшейтін құрал
«Вольтметр» электр кернеуін өлшейтін құрал VІІ. Қорытынды.
Ойнайық, ойлайық та ойнайық, Білімділік көрсетейік сынайық. Жеңсек те, жеңбесек те ренішсіз болайық, Қаймықпай көңілді боп тарайық.