Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ тақырыбы: Физиканы зерттеудің әдіс-тәсілдері»
Күні:
Сыныбы: 7
Пәні:физика
Сабақтың тақырыбы:
§ 7 Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері.
Сілтеме
Жоспар
Жалпы мақсаты
Ø Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері жайлы мағлұмат беру
Ø Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету
Ø Өзін-өзі бағалауға баулу
Күтілетін нәтиже
Ø Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері жайлы мағлұмат алады
Ø Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістерін күнделікті өмірде қолдануға үйренеді
Ø Өзін-өзі бағалай алатын болады
Негізгі идеялар
Табиғат туралы білім арнайы зерттеу әдістерін қолдану арқылы жинақталады.
Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері: бақылау, эксперимент, теориялық зерттеу.
Болжам – ғылыми деректермен негізделген жорамал.
Кез келген болжамның шынайлылығын тек практикалық тәжірибе, яғни эксперимент тексере алады.
Эксперимент – физиканың ең басты зерттеу әдістерінің бірі.
Тапсырмалар
Топтық жұмыс «Жигсо»
Тапсырмалар
Жұптық жұмыс
Тапсырмалар
Жеке жұмыс «»
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру (2 минут)
Сәлемдесу
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
Түгелдеу
1.2. Топқа бөлу (бақылау, эксперимент, теория сөздері арқылы 3 топқа бөлінеді)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут)
Астрономия ғылымының дамуына қандай қажеттілік себеп болды?
Астрономия нені зерттейді?
Астрономияның ұандай салалары бар?
Ертедегі Орталық Азия елдері ғалымдарынан кімдерді білесің? Олардың ғылыми еңбектері туралы қандай хабарың бар?
Аспан денелеріне байланысты халық арасында айтылатын қандай аңыздарды білесіңдер?
ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)
Табиғатты зерттеудің мәні неде?
Табиғатты зерттеуге қандай әдіс-тәсілдер қолдануға болады?
Гипотеза дегенді қалай түсінесің?
ІҮ. Топтық жұмыс «Жигсо» (15 минут)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
Бақылаушының бағалау парағы
№
Бағалау өлшемдері
Көш
басшы
Хатшы
Баяндамашы
Уақыт сақшысы
1
Тақырыптың ашылуына үлес қосу
2
Міндетін атқару
3
Топтық жұмысқа атсалысуы
Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.
Топ пікірлерін тыңдау.
Ү. Жұптық жұмыс (5 минут)
Берілген сөздерден шағын эссе жазу
Найзағай
Судың кебуі
Күннің шығуы
Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру
V. сергіту сәті (3 минут) (видео)
VІ. Жеке жұмыс «жалғасын тап» (10 минут)
Болжам——
Бақылау———————-
Эксперимент……………………..
Теориялық зерттеу………………………………………………
Телескоп ……………….
Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.
ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)
Кейінгі тапсырмалар
Күнделікті өмірде тапсырмаға байланысты өзің байқаған құбылыстар жайлы шағын эссе жазу.
Кейінгі оқу
§7 Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері.
7-сынып.
Сабақ тақырыбы: §1,§2. Табиғат және адам. Физика –табиғат туралы ғылым. Физика және техника.
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға физикалық құбылыстар, физиканың мақсаты, физика заңдары, физикалық ұғымдар, қазіргі заманның ғылыми-техникалық жетістіктерінің ерекшеліктері туралы түсінік алуға жағдай жасау.
Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін жетілдіру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Сабақ көрнекілігі: слайдтар
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Физика кабинетіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері туралы.
ІІІ.Жаңа сабақ.
Физикалық құбылыстар: механикалық, жылу, электр, жарық құбылыстары.
«бірінші ұстаз» «екінші ұстаз» орыс тіліне физика сөзін
алғаш енгізген ғалым
Физиканың мақсаты –табиғаттағы болып жатқан әр түрлі физикалық құбылыстарды өзара байланыстыратын заңдарды ашу.
Физикалық құбылыстарды және оларды сипаттайтын заңдарды бір жүйеге түсіру арқылы физикалық теориялар жасалады.
Физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың мәнділік мазмұнын ашып беретін терминдар физикалық ұғымдар деп аталады.
Кеңістікте белгілі бір пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсені дене деп атайды.
Дененің сапалық тектілігін сипаттайтын материя түрін зат деп айтады.
Физика мен техникаға байланысты жетістіктер:
Физиктер атом ядросындағы энергияны алу жолын тапты.
ХХ ғасырда адамзат физика мен техникаға жетістіктерінің арқасында ғарышқа көтерілді.
Лазердің дүниеге келуі.
Кибернетика мен электрондық есептеуіш техникасының дамуы.
ІV. Пысықтау.
«Табиғат» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Табиғат пен адамның бірлігін білдіретін қандай нақыл сөздерді, мақалдар мен мәтелдерді білесіңдер?
Табиғат құбылыстары деп нені айтамыз?
Қандай табиғат құбылыстары физикалық құбылыстарға жатады?
Физиканың мақсаты неде?
Физика заңдары қалай ашылды?
Физикалық теориялар қалай жасалды?
Физикалық терминдар мен ұғымдар дегеніміз не?
Ғылыми –техникалық жетістіктерді ата.
Қорытындылау.
VІ. Үйге тапсырма: §1,§2,§3. Қазіргі заманның техникасы жөнінде қосымша әдебиеттерден баяндама жазыңдар.