Тең үдемелі қозғалыс кезіндегі дененің үдеуін анықтау.
Жұмыстың мақсаты:көлбеу науамен домалайтын кішкене шардын үдеуін есептеу.Ол ушін шардың белгілі бір t уақытта жүріп өтетін sорын ауыстыруының ұзындығын өлшейді.
Өлшеу құралдары: өлшеуіш таспа, метроном.
Құрал –жабдықтар: науа,шар,қысқышы бар тұрғы, металл цилиндр.
Жұмыстың орындалуы:
1)Тұрғы арқылы науаны көкжиекпенкішкене бұрыш жасайтындай етіп бекіту керек. Науаның төменгі шетіне металл цилиндрді қоямыз.
2)Метроном дыбыс берген бойда шарды науаның жоғарғы басынан жіберіп, ол цилиндрге барып соғылғанға дейін метрономның неше рет соққанын санаймыз. Тәжірбие жүргізілгенде метрономды минутына 120 рет соғатын етіп қоямыз.
3)Науаның көкжиекке көлбеулік бұрышын өзгерте отырып, оның цилиндрге барып соғылуына дейін метроном 4 рет соғатындай етуге болады.