kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Опорный конспект "Механика"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Опорный конспект "механика" можно использовать на уроках физики, имеется теория и формулы, схемы. Рассматриваются кинематика, динамика. Имеется определения по основным физическим величинам механики. Опорный конспект легко используется на уроке и легко применяется и хорошо восприменяется учащимися. при решение задач можно применять без особой трудности. так учащихся не всегда запоминают формулы по физике этот материал можно применить для запоминания формул. Материал содержит углубленные изучения части физика механика. Так как в девятом классе изначально начинается механика учащиеся могут с легкостью использовать на уроке и при решении практических работ, самостоятельных работ и лабораторных работ. По этим схемам, формулам, определениям могут составит дополнительные тестовые задания по темам кинематика, динамика, энергия. так же если у учителя имеется факультатив по предмету физика рассчитан на 34 часа, можно использовать виде готовых поурочных планах.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Опорный конспект "Механика"»

МЕХАНИКА НЕГІЗДЕРІ

Механика денелердің және олардың жеке бөліктерінің бір-біріне қатысты орын ауысытыруынан тұратын материялық қозғалыстың ең қарапайым формасы туралы ілім.





Статика –

Денелердің тепе-теңдікте болу шартын қарастырады. Тепе –теңдік қозғалыстың дербес жағдайы болғандықтан да, статика заңы динамика заңының табиғи салдар болып табылады.

Динамика-

Механикалық денелер қозғалысы сол қозғалысты тудыратын себептерге байланысты қарастырады.

Кинематика –

Денелер қозғалысын сол қозғалысты тудыратын себепке байланыссыз қарастыратын механикалық бөлімі.









негізгі түсініктер

  • Күш

  • Масса

  • Инерциялық санақ жүйесі


Қозғалыс түрі





қисық сызықты қозғалыс



Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс













МЕХАНИКА

БІРҚАЛЫПТЫ ТҮЗУ СЫЗЫҚТЫ ҚОЗҒАЛЫС

Бір қалыпсыз қозғалыс



Түзу сызықты бір қалыпты қозғалыс

Түзу сызықты бір қалыпты айнымалы қозғалыс

S=S(t)


S=S0+V(t-t0)







a=

a=0

a=тұрақты

«+-» - деген а оң болса «+», тері болса «-»

Есептің шартына байланысты бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдықты табуға арналған формулалар:

  • уақытқа байланысты орташа жылдамдық:

  • жүрілген жолына байланысты орташа жылдамдық:



Үдемелі қозғалыс


Кемімелі қозғалыс



S=+

S=+





ҚИСЫҚ СЫЗЫҚТЫ ҚОЗҒАЛЫС

Айналмалы қозғалыс

Бір қалыпсыз қозғалыс

Бір қалыпты айнымалы

Бір қалыпты қозғалыс

Шеңбер бойымен қозғалыс

φ=φ(t)




φ=ωt=













ε= тұрақты








  • центрге тартқыш үдеу:

  • сызықтық жылдамдық пен бұрыштық жылдамдық арасындағы байланыс:

  • жиілік:

  • периоды:















Қисық сызықты қозғалыстың қарапайым түрлері горизонталь лақтырылған және горизонтқа бұрыш жасай лақтырылған дене қозғалыстары. Бұл жағдайларда да денелер траекториясы парабола болады, яғни денелер парабола бойымен қозғалады.

ГОРИЗОНТАЛЬ ЛАҚТЫРЫЛҒАН:































ГОРИЗОНТҚА БҰРЫШ ЖАСАЙ ЛАҚТЫРЫЛҒАН:

x0=0 y0=0





x, траекториясы –парабола

Ұшу уақыты

Ұшу қашықтығы =sin2α

Максимал биіктік =

Жылдамдық векторының кез келген уақыт мезетіндегі бағытталған бұрышы:

Кез келген уақыт мезетіндегі дененің жылдамдығы жанама бойымен бағытталады:

=



Үдеудің тенгенсиал және нормальдық көрсеткіші былай классификациялауға болады.

  1. Егер аt=0, аn=0 болса, онда қозғалысты бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс болады

  2. аtn=тұрақты, аn=0 болса, онда қозғалысты айнымалы түзу сызықты қозғалыс болады.

  3. аt=f(t) аn=0, мұндай қозғалысты үдеуі айнымалы түзу сызықты қозғалыс дейміз

  4. аt=0, аn=тұрақты, мұндай қозғалысты жылдамдық модулі бойнша емес, бағыты бойынша өзгеретін қозғалысты айтады.

  5. аt=0, аn=R тұрақты, яғни радиусы тұрақты, онда шеңбер бойымен бір қалыпты қозғалыс болады.

  6. аt=0, аn0, мұндай қозғалыс бірқалыпты қисық сызықты қозғалыс дейді.

  7. аt=тұрақты, аn0 болса, қисық сызықты айнымалы қозғалыс дейді.

  8. аt=f(t) аn0, үдеуі айнымалы қисық сызықты қоозғалыс дейді.

  9. Толық үдеу:


аt



an аn







аt










ДИНАМИКА

Ньютон заңдары

Ньютонның бірінші заңы

(Инерция заңы)

Ньютонның екінші заңы

Ньютонның үшінші заңы

Егер денеге басқа денелер әрекет етпесе немесе олардың әрекеті теңгерілген болса, онда дене не тыныштықтағы күйін сақтайды, не түзусызықты және бірқалыпты қозғалысын жалғастырады.

Денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура, ал масасына кері пропорционал:

F=ma

Әрекет етуші күшке әрқашан тең қарсы әрекет етуші күш бар болады. Басқаша айтқанда, денелердің бір-біріне әрекет етуші күштері өзара тең және бағыттары қарама-қарсы:

F=-F


Күш









ауырлық күші

F=mg

серпімділік күші

|F|=kΔL

үйкеліс күші

F=μN

тіректің реакция күші

F=mg






анықтама

Тіректің реакция күші деп денелер тікелей жанасқанда пайда болатын күшті айтады және ол күш әрдайым жанасу бетінің бйымен қозғалыс бағытына қарама- қарсы жаққа бағытталады.

Үйкеліс күші – деп денелер тікелей жанасқанда пайда болатын күшті айтады және ол күш әрдайым жанасу бетінің бойымен қозғалыс бағытына қарама-қарсы жаққа қарай бағытталады.

Fүйк

Серпімділік күші деп дененің пішіні мен көлемі өзгерген кезде пайда болатын күшті айтады.



Ауырлық күші деп денелердің Жерге тартылу күшін айтады. (мұндағы m-дененің массысы, g-еркін түсу үдеуі)













N









Бүкіләлемдік тартылыс заңы

F=G

Ньютон 1687 жылы бүкіләлемдік тартылыс заңын былайша тұжырымдады: Екі дене бір-біріне массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал, ал арақашықтықтарының квадратына кері пропорционал күшпен тартылады.

мұндағы G- гравитациялық (латынша gravitas – «ауырлық» деген сөзді білдіреді) тұрақты деп аталатын әмбебап тұрақты шама. Ол сандық мәні жағынан бір-бірінен 1 м қашықтықта орналасқан, әрқайсысының массасы 1 кг болатын екі дененің тартылыс күшіне тең.

Денелердің ауырлық күші әрекетінен қозғалуы

Жер бетінен Һ биіктіктегі еркін түсу үдеуінің модулі үшін


Жер бетінде еркін түсу үдеуінің модулі


Әртүрлі биіктіктегі еркін түсу үдеуі



Жасанда серіктердің қозғалысы



=7,9 км/с

=11,2 км/с

=16,7 км/с

Дененің салмағы. Салмақсыздық.

Дененің Жерге тартылуы салдарынан оның тірекке немесе аспаға әрекет ететін күші дененің салмағы деп аталады.

P-әрпімен белгіленеді.P=mg













Тіректің немесе аспаның үдемелі қозғалысынан туындайтын дене салмағының артуын асқын салмақ дейді.



Дененің салмағы нөлге тең болатын дененің күйі салмақсыздық деп аталады.









Механика бөлімінің негізгі түсініктері мен шамалардың анықтамалары

  1. Материялық нүкте деп қарастырылып отырған есептің шартына байланысты өлшемдерін ескермеуге болатын дене.

  2. Материялық нүктенің жүйесі деп механикалық денелер жиынтығын материялық нүктелер жүйесі деп аталады, егер әр нүкте материялық нүкте деп қарастырылса.

  3. Механикалық жүйе деп материялық нүкте жүйесін айтады, егер әрбір нүктенің жүйесі, басқа қалған нүктелерге тәуелді болса.

  4. Механикалық жүйені – абсолют қатты дене деп аталады, егер кез келген екі нүктенің ара қашықтығы өзгермейтін болса, онда механикалық жүйесі болады.

  5. Тұтас орта –оған газдар, сұйықта жатады.

  6. Санақ жүйе – механикалық денелердің кеңістіктегі орнын басқа басқа бір кез-келген қозғалмайтын денеге немесе денелер жүйесіне қатысты ғана анықтауға болады. Сол қозғалмайтын денеге немесе дененің қозғалысы зерттелетін, уақытқа байланысты жүйені санақ жүйесі деп аталады.

  7. Траектория –материялық нүктенің кеңістікте жүріп өткен ізін көрсететін үзіліссіз сызықты таректория деп аталады. Траектория түрі – координат жүйесін таңдап алуын байланысты болады.

  8. Координаттар басы- санақ басталатын нүктені айтады.

  9. Радиус вектор деп координаттар бас нүктесінен қозғалыстағы нүктеге жүргізілген бағытталған түзуді айтады. Нүкте қозғалған кезде оның радиус векторы уақыт бойынша өзгереді.

  10. Жол –қандай да бір уақыт аралығында дене жүріп өткен траекторияның ұзындығы осы уақыт ішінде жүрілген жол деп аталады.

  11. Орын ауыстыру – дененің (немесе материялық нүстенің) орын ауыстыруы деп дененің бастапқы орнын оның келесі орнымен қосатын кесіндіні айтады.

  12. Жылдамдық - радиус ветордың уақыт бойынша алынған туындыны жылдамдық деп аталады. Векторлық шама болып табылады. Оның бағыты траектория жүргізген жанама бағытымен бағыттас нүктесінің жылдамдығы бағыттас болады.

  13. Үдеу – материялық нүктенің жылдамдық векторының өзгерісін сипаттау үшін үдеу деген ұғымын енгізеді.

  14. Үдеу- жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын шама.

  15. Айналу периоды деп нүктенің шеңбер бойымен бір айналым жасауға кеткен уақытын айтады.

  16. Жиілік – периодқа кері шама.

  17. Бұрыштық жылдамдық- бұрылу бұрышының уақыт өтуімен өзгеруін бұрыштық жылдамдық арқылы сипатталады.

  18. Бұрыштық жылдамдық деп дененің бұрылу бұрышының осы бұрылуға кеткен уақытқы қатынасымен өлшенетін шаманы айтады.

  19. Центерге тартқыш үдеу (немесе нормаль траекторияға перпендикуляр) – шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалатын дененің үдеуі шеңбердің кез келген нүктесінде радиус бойымен оның центріне қарай бағытталады.

  20. Тангенсиал (жанама) үдеу- үдеу векторын траекторияға жанама бойымен бағытталған үдуді тангенсиал үдеу деп аталады.

  21. Тербеліс деп белгілі бір дәрежеде қайталығыштығымен анықталатын процестерді айтады.

  22. Еркін (меншікті) тербелістер деп қозғалысқа келтірілгеннен кейін немесе орнықты қалпынан шығарылғаннан кейін, өзінен-өзі қалатын жүйеде тербеледі.

  23. Еріксіз тербелістер деп тербелмелі жүйеде әлсін өзгеріп отыратын сыртқы күштің әсерінен кез болатын тербелісті айтады.

  24. Гармоникалық тербелістер – яғни тербелетін шаманы (маятниктің ауытқуы) уақыт өзгерісіне байланысты sin, cos заңына сәйкес өзгеретін тербелістерді қарапайым тербелістер қатарына жатады.

  25. Өшетін тербелістер -уақыт өткен сайын амплитудасы азайып отыратын тербелістер өшетін тербелістер деп аталады.

  26. Тербеліс амплитудасы деп дененің тепе-теңдік күйінен ең үлкен ығысуының мәнін айтады.

  27. Математикалық маятник деп созылмайтын салмақсыз жіңішке ұзын жіпке ілінген кішкентай ауыр шарды айтады.

  28. Серіппелі маятник –серіппеге ілінген жүктің тербелісін айтады.

  29. Резонанс – мәжбүр етуші күштің тербеліс жиілігі мен тербелмелі жүйенің меншікті жиілігі дәл келген кездегі еріксіз тербелістер амплитудасының кенет арту құбылысы резонанс деп аталады.

  30. Механикалық толқын- тербелістердіңсерпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бір бөлшегіне таралу процесі механикалық толқын деп аталады.

  31. Көлденең толқын –бөлшектрінің тербеліс толқынының таралу бағытына перпендикуляр бағытта жүзеге асатын толқынды көлденең толқын деп атайды.

  32. Бойлық толқын –бөлшектерінің тербеліс толқынның таралу бойында жүзеге асатын толқынды бойлық толқын деп атайды.

  33. Сиреулер- бөлшектердің ауытқуы кезінде бір-бірінен алыстайтын бөліктер сиреулер деп аталады.

  34. Сейсмикалық толқын –үкен ауқымдағы қатты денелердегі толқындық қозғалыстың мысалына жер сілкінісі кезіндегі тербелістердің таралуы жатады.

  35. Дыбыс толқындары немесе акустикалық дыбыстар – тербеліс жиілігі 16 Гц-тен 20 000 Гц-ке дейінгі механикалық толқындар адамда дыбыс әсерін туғызатын толқындар.

  36. Ультрадыбыстар –жиілігі 20 000 Гц-тен жоғары толқындар.

  37. Инфрадыбыстар – 16 Гц-тен төмен толқындар.

  38. Музыкалық дыбыстар- камертондардың немесе басқа гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары музыкалық дыбыстар деп аталады.

  39. Тон- тон биіктігі тербеліс жиілігімен анықталады, яғни тербеліс жиілігі үлкен болса, тон да биігрек болады.

  40. Тембр- адамнң дауысына немесе аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы.

  41. Шу –әр түрлі жиіліктегі дыбыстардың ретсіз қабаттасуы болып табылады.

  42. Жаңғырық –қандай да бір кедергіден шағылған және бастапқы таралған орнына қайта оралған дыбыс толқындары.

  43. Реверберация –дыбыстың әр түрлі кедергілерден шағылуы барысында естілуі ұзақтығының артуы реверберация депаталады.

  44. Инерциялық санақ жүйесі –денеге басқа денелер әрекет етпегенде немесе олардың әрекеті теңгерілгенде, дене бірқалыпты және түзусызықты қозғалыстың (немесе тыныштық күйі сқтайды) санақ жүйесі инерциялық санақ жүйесі ретінде алынады.

  45. Күш – денелердің бір-біріне әрекетінің сандық өлшемі сипаттайтын физикалық шаманы күш деп атайды.

  46. Ауырлық күші деп денелердің Жерге тартылуы күшін айтады.

  47. Серпімділік күші деп дененің пішіні мен көлемі өзгерген кезде пайда болытын күшті айтады.

  48. Үйкеліс күші деп денелер тікелей жанасқанда пайда болатын күшті айтады және ол күш әрдайым жанасу бетінің бойымен қозғалыс бағытына қарама-қарсы жаққа қарай бағытталады.

  49. Тіректің реакция күші деп тіректің денеге әрекет ететін серпімділік күшін айтады.

  50. Теңәрекетті күш деп денеге бір мезгілде әрекет ететін бірнеше күштің әрекетіндей әрекет жасайтын күшті айтады.

  51. Инерттілік – дененің өзінің алатын үдеуіне ықпал ететін қасиетін инерттілік деп атайды.

  52. Дененің массасы –оның инерттілігінің, яғни күштің әректінен белгілі бір үдеу алу қабілетінің сандық сипаттамасы болып табылады.

  53. Салмақ –дененің Жерге тартылуы салдарынан оның тірекке немесе аспаға әрекет ететін күші дененің салмағы деп аталады.

  54. Асқын салмақ – тіректің немесе аспаның үдемелі қозғалысынан туындайтын дене салмағының артуын асқын салмақ дейді.

  55. Салмақсыздық –дененің салмағы нөлге тең болатын дененің күйі салмақсыздық деп аталады.



















































































Павлодар облысы

Ақтоғай ауданы

Жалпы білім беретін Харьков орта мектебі











9 сыныпқа арналған

физиканың «механика» бөлімі бойынша тірек конспект











2015 жыл









Авторы: физика мұғалімі

Раисова Толкын Серикбаевна



АЛҒЫ СӨЗ



Бұл тірек конспекте оқушы физика ғылымының «механика» бөлімін оқу барысында физикалық шамалардың анықтамаларын және сызбаларды қолдана алады. Бұл материал оқушыға физиканың негізгі бөлімі болып саналатын «механика» бөлімін түсініп, ұғынуы үшін осы тірек конспект үлкен пайда әкеледі. Осы сызбаларды пайдалана отырып әрбір оқушы «механика» бөлімін оқу барысында оны оңай меңгеріп және есеп шығару барысында қолдана алады.

Осы тірек конспектің мақсаты –оқушылардың білімін жетілдіру, оқу материалын жетік меңгеруге, есеп шығаруға бейімдеуге, сабаққа деген ынтасын жоғарлату.

Яғни кинематика бөлімінің қозғалыс түрлері және оларды сипаттайтын формулалар. Денелердің горизонтқа лақтырылған немесе горизонтқа бұрыш жасай лақтырылған қозғалыс кезінде негізгі шамаларды анықтайтын формулаларды таба аласыз. Үдуге байланысты қозғалыс түрлерін анқтай алатын негізгі шартарды таба аласыз.

Динамикадан күш түрлерін, анықтамаларын және оларды сипаттайтын формулаларды, дененің әртүрлі биіктіктегі еркін түсу үдеуін, ғарыштық жылдамдықтар, салмақ, салмақсыздық туралы түсініктер енгізілген.

Сонымен қатар механика бөлімінің негізгі түсініктері мен анқтамалары келтірілген.















ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР



  1. «Физика» 9 сынып оқулығы , авторы: Р. Башарулы, Д. Казахбаева, У. Токбергенова, Н. Бекбасар, -Алматы «Мектеп» 2013 ж .

  2. «Курс общей физики» том 1, автор: И.В. Савельев, - Москва « НАУКА» главная редакция физико-математической литературы 1982 г.

  3. «Физика Қазақстан мектебінде» №2 (32), 2011ж

  4. Интернет ресурс: http://www.alleng.ru



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Опорный конспект "Механика"

Автор: Раисова Толкын Серикбаевна

Дата: 11.01.2016

Номер свидетельства: 274927

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "ОПОРНЫЕ КОНСПЕКТЫ ПО МЕХАНИКЕ "
    ["seo_title"] => string(34) "opornyie-konspiekty-po-miekhanikie"
    ["file_id"] => string(6) "221961"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1435693881"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(145) "Конспект урока по математике на тему "Уравнение касательной к графику функции" "
    ["seo_title"] => string(85) "konspiekt-uroka-po-matiematikie-na-tiemu-uravnieniie-kasatiel-noi-k-ghrafiku-funktsii"
    ["file_id"] => string(6) "101815"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1402456143"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Система уроков по теме "Силы" "
    ["seo_title"] => string(30) "sistiema-urokov-po-tiemie-sily"
    ["file_id"] => string(6) "102183"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1402485357"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) "Свободные и вынужденные электромагнитные колебания."
    ["seo_title"] => string(59) "svobodnyie-i-vynuzhdiennyie-eliektromaghnitnyie-koliebaniia"
    ["file_id"] => string(6) "306159"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458059141"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(235) "Открытый урок на тему  ""Основные положения молекулярно-кинетической теории и ее опытное подтверждение.Масса и размеры молекул" "
    ["seo_title"] => string(143) "otkrytyi-urok-na-tiemu-osnovnyie-polozhieniia-moliekuliarno-kinietichieskoi-tieorii-i-ieie-opytnoie-podtvierzhdieniie-massa-i-razmiery-moliekul"
    ["file_id"] => string(6) "132322"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1416326296"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства