Сабақтың барысы: Электрлік монтаждау жұмыстарының маңызды үлесі, қондырғы бұйымдары мен шамды патрондарды, сөндіргіштерді, айырықты қосқыштарды (вилкаларды),ауыстырып-қосқыштарды, сақтандырғыштарды және шамды патрондарды дайындау, сонымен қатар, жарықтандырғыштардың жарық беру қалқандарын, басқару аппараттарын электр энергиясы шығынын есептеуге арналған құралдарды қондыру болып табылады. 1 тапсырма: Бір және екі батырмалы сөндіргіш арқылы жарықтандыру. Жұмыстың орындалу тәртібі: Зертханалық стендте кернеудің жоқтығына көз жеткізіңіз. Автоматты ажыратқыштың тұсына тыйым салатын плакатты іліңіз. Р-27 патрондарын ( 2 дана немесе оданда көп)алып, сыртқы қаңқасын ажыратыңыз. А) фазалық сымды –L патронның орталық контактісіне қосыңыз, Б) нөлдік сымды патрондардың гильзасының винтіне қосыңыз. 5. Патрондарды кері жинаңыз, зертханалық стендке орнатыңыз. 6. Екі батырмалы сөндіргішті алып, қақпағын ашыңыз және қысқыштарға сымды қосыңыз. 7. Сөндіргіштің қосылу сұлбасына қарап сымдарды жалғаңыз. 8. Сөндіргішті зертханалық стендке орнатыңыз. А) Зертханалық стендке тарату қорабын орнатыңыз. Б) фазалық сымды және нөлдік сымдарды саңылау арқылы кіргізіңіз. В) патрондар мен сөндіргіштен келетін сымдарды да осындай әдіспен қорапқа кіргізіңіз. 9. Берілген тапсырмаға сәйкес сұлбаны жинаңыз. 10 Өндірістік оқыту шеберінің рұқсатымен, техника қауіпсіздігін сақтай отырып, зертханалық стендте орындалған жұмысты кернеумен тексеріңіз. 11. Өндірістік оқыту шеберінің рұқсатымен сұлбаны бөлшектеңіз. Берілген тапсырманың электрлік сұлбасы (схемасы). 1.1-тапсырма бойынша жинақтау сұлбасы 1.2-тапсырма бойынша жинақтау сұлбасы 1.3-тапсырма бойынша жинақтау сұлбасы 2.Тапсырма. Жұмыстың орындалу реттілігі: Электр сесептегіштердің түрлерімен тансыңыз. Өлшеу аспаптың сипаттарына қараңыз. Өлшеу шамаларын біліңіз. Өлшеу аспабын сұлба бойынша тізбекке қосыңыз. 3.Тапсырма Жұмыстың орындалу реттілігі: Фотореленің құрылысын оқып, үйреніңіз, оның техникалық деректерін жазыңыз. Реленің қаңқасы мен бөліктерінде механикалық зақымданудың жоқтығына көз жеткізіңіз. Түйіспелердің (қозғалмалы және қозғалмайтын) жай-күйін тексеріңіз. Қозғалмалы және қозғалмайтын түйіспелердің тығыздығына көз жеткізіңіз, релені қолмен қосыңыз, түйіспе серіппелерінің жарамдығына көз жеткізіңіз. Сыртынан қараған кезде орауыштың сыртқы қабығында ақаудың жоқтығына, қатты қызу кезінде лактың ағып кетпеуін қадағалаңыз. Фотореленің көмегімен тұтынушыларды басқару сұлбасын сызыңыз. Оқытушының рұқсатымен тізбекті қосыңыз және реле жұмысының анықтығына көз жеткізіңіз. Тізбекті ажыратыңыз және бөлшектеңіз. Берілген фотореленің түрінде реттеу элементтерін анықтаңыз. Релемен реттелетін белгілі өлшемдегі ток күшін қалай өзгертуге болатынын анықтаңыз. |