Просмотр содержимого документа
«"Дискімен ж?мыс" (?ндірістік о?ыту жоспары)»
ӨНДІРІСТІК ОҚУ САБАҚ ЖОСПАРЫ
Тақырыбы: «Дискімен жұмыс»
Сабақтың мақсаты: Ақпараттық: Ақпаратты тасымалдауыштар жөнінде түсінік беру. CD-ROM диск-жетегінің жұмысымен таныстыру. Коммуникативтік: Ақпарат тасуыштардың қолданылу мақсатын, түрлерін, негізгі параметрлерін түсіндіру. Проблеманы шешу: Оқушыларды дискі құрылғысымен жұмыс жасауға үйрету.
Сабақтың жоспары:
1.Ұйымдастыру бөлімі-5мин
2.Кіріспе нұсқау-40мин
3.Өздік жұмыс-215мин
4.Қорытынды нұсқау-10мин
5.Бақылау сұрақтары
6.Үйге тапсырма. Жаңа тақырыпты қайталау
Өтетін орыны: №_____________________
Ұйымдастыру бөлімі:
- Оқушыларды журнал бойынша түгендеу.
- Оқушыларды жұмыс орнына орналастыру
- Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды үлестіру.
Кіріспе нұсқау:
-Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
-Қауіпсіздік ережелерін қайталау.
-Қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, арнайы журналға қол қойдыру керек
Дискі - есептеуіш техникада жазылған ақпаратты ұзақ уақыт есте сақтай алатын, магниттік қабықшамен қапталған, дөңгелек пластина түріндегі дерек жинақтауыш құрылғы. Ақпарат пластина түрінде жазылған жолсызықтар арасындағы секторлар бетінде сақталады. Әр түрлі жолдардағы бірдей нөмірлі мәліметтер жиыны сектор деп аталады.
Компакт – дискілердің салмағы 15 грамм және диаметрі 12 см. Оған шамамен 700 МБ ақпарат жазуға болады. Дискінің жұмыс бетін қорғайтын арнайы қабығы жоқ, сондықтан оларды арнайы орауышта сақтайды. Оның негізгі бөлігі шағылдырушы қабат, оның асты түссіз пластикпен жабылған, осы қабаттан соң оған түрлі-түсті суретпен түссіз пластик жабылған.
Технологияның дамуына байланысты, дискілер де көптеген өзгерістерге ұшырады.
2-сурет. CD-ROM және DVD-RW диск-жетектері
Диск-жетектердің жұмысы. Компакт дискілердегі ақпаратты оқу үшін арнайы дискжетектер CD-ROM қолданылады. Дискжетектің арнайы дискіні қозғалтқыш құрылғысы болады, ол дискіні айналдырып, деректі дискіге жазуды, қажет кезінде оны оқуды атқаратын бастиекті керекті сектор маңына жеткізіп тұрады. Олар сонымен бірге аудио компакт дискілерді де ойната алады. Қазіргі таңда тек оқып қана қоймай лазерлік дискілерге жаза алатын да дискжетектер қолданылады.
Ағымдағы нұсқау :
Оқушылардың өзбетімен жұмыс жасауға дайындығын тексеру, жұмысты атқаруға қажетті құрал-жабдықтарды үйлестіріп, оқушыларды жұмыс орындарына орналастыру. Берілген тапсырманың орындалу ретіне бақылау жасау, құрал-жабдықтарды орынды және дұрыс пайдалануын қадағалау, қажет болса оларды пайдаланудың тиімді тәсілдерін жасап көрсету. Техника қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бақылау, егер одан қателіктер кетіп жатса дереу жұмысты тоқтатып, қайтадан техника қауіпсіздігі ережелері нұсқауын өткізіп, жұмыс барысында қайта жалғастыру.
-Жұмыс барысында оқушыларға қосымша нұсқаулар беру.