1. Баяндама жоспары:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім. «Өндірістік тәжірбиенің маңыздылығы»
IІІ. Қорытынды
Ғылыми жұмыстың мақсаты: Бухгалтерлік есеп мамандары студентерінің өз қабілетін бағалау арқылы түрлі кәсіби мамандықтарға қызығушылықтарын қалыптастыру: адам еңбек пен материалдық және рухани құндылықтарды жасайды, сонымен бірге өзі де жетіледі; көздеген мақсатқа жетудегі тұрақтылық, шыдамдылықты дамыту; экономикалық білім негіздеріне жетудегі ұмтылысты дамытуға үлес қосу.
Ғылыми жұмыс тақырыбыбының өзектілігі: Экономика саласы бойынша ең үлкен салалардың бірі болып бухгалтерлік есеп болып табылады. Бухгалтер мамандарының өз қызметіне деген қызығушылығын арттыру қажет. Сондықтан тәжірибеде экономиканы оқыту сынағының қойылуы өмір талабынан туындаған, көпшілік көңілінен шығатын жаңашылдық деп қабылдау керек
Просмотр содержимого документа
«Маханова доклад ғылыми»
М.Тынышпаев атындағы
ҚазККА Ақмола көлік колледжінің
арнайы пәндер оқытушысы
Маханова Нургул Жеткергеновна
Бухгалтерлiк есеп мамандары бойынша өндірістік тәжірбиедегі уақытты тиімді пайдалану жолдарын қарастыру
1 . Баяндама жоспары:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім. «Өндірістік тәжірбиенің маңыздылығы»
IІІ. Қорытынды
Ғылыми жұмыстың мақсаты: Бухгалтерлік есеп мамандары студентерінің өз қабілетін бағалау арқылы түрлі кәсіби мамандықтарға қызығушылықтарын қалыптастыру: адам еңбек пен материалдық және рухани құндылықтарды жасайды, сонымен бірге өзі де жетіледі; көздеген мақсатқа жетудегі тұрақтылық, шыдамдылықты дамыту; экономикалық білім негіздеріне жетудегі ұмтылысты дамытуға үлес қосу.
Ғылыми жұмыс тақырыбыбының өзектілігі: Экономика саласы бойынша ең үлкен салалардың бірі болып бухгалтерлік есеп болып табылады . Бухгалтер мамандарының өз қызметіне деген қызығушылығын арттыру қажет. Сондықтан тәжірибеде экономиканы оқыту сынағының қойылуы өмір талабынан туындаған, көпшілік көңілінен шығатын жаңашылдық деп қабылдау керек
Зерттеу әдістері: Шығармашылық іздену, баяндау
Күтілетін нәтиже: Бүгінде Қазақстан экономикасы біздің елімізде: әкімшілік тұрғыдан реттелетін экономикадан нарыққа өту, болашак мамандардын жетистиктерине жету жолына болды.. Сондықтан бухгалтер мамандарын бәсекелеге қабілетті , олар еліміздің қазіргі заманға сай әрі жоғары тиімді салаға айналдыруға бағытталған және әлемдік стандарт жүйесіне үйлесімді кіріге отырып, дамыған нарықтық, бәсекелестік жағдайында тұтынушылардың талаптарына барынша сәйкес келетін маман дәрежесіне жеткізу болып табылады.
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп жүйесіндегі реформа шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметі туралы ақпаратты және оның қаржылық есеп көрсетілуін қалыптастыруды халықаралық стандарттардың кезеңдерінен өтуді мақұлданған. Сондықтан бухгалтерлік мамандықтарының өндірістік тәжірбиеде көп тәжірбие алуына көп үлес қосуымыз қажет. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму заңдылықтарын нақты сипаттайтын болғандықтан және біз өмір сүретін қоғам болғандықтан, біздің ешқайсымыз да экономиканы өмірден бөліп қарап немесе экономикалық білімсіз өмір сүре алмаймыз.
Халықаралық экономикалық қатынастардың қалыптасқан және неғұрлым дамыған формасы – халықаралық сауда болғандықтан, сыртқы сауданың негіздерін игеру қажет. Ол үшін экономикасы дамыған, бәсекеге қабілетті елдердің күн сайынғы әлемдік экономика жаңалықтарынан хабардар болып отырамыз.
Экономиканың басты бейнесі – адам болып табылады. Экономика мен қаржылық сауаттылықты білу арқылы адамның жеке тұлғасы (еңбексүйгіштік, жауапкершілік, орындаушылық, үнемшілдік, белсенділік, іскерлік, тәртіптілік) дамиды. Сондай-ақ, экономикалық білім саласында адам өмірден өз орнын табуға, шешім қабылдауға, әл-ауқатын жақсартуға жағдай жасауға бағытталып отырады.
Кәсіби бағдар мен экономикалық мәдениетті қалыптастыруда адам белгілі бір еңбек, іс-әрекетті санасына ендіруге ұмтылу болып табылады.
Тәрбиелік міндеттері: өз қабілетін бағалау арқылы түрлі кәсіби мамандықтарға қызығушылықтарын қалыптастыру: адам еңбек пен материалдық және рухани құндылықтарды жасайды, сонымен бірге өзі де жетіледі; көздеген мақсатқа жетудегі тұрақтылық, шыдамдылықты дамыту; экономикалық білім негіздеріне жетудегі ұмтылысты дамыту, т.б. Алайда теориялық, әдістемелік және іс-тәжірбие сипаттарындағы көптеген мәселелер әлі шешімін тапқан жоқ. Кез-келген мамандықтарды алсақ , оны көзбен көру арқылы немесе қолмен ұстау арқылы көз жеткізуге болады, ал бухгалтер мамандығына өндірістік тәжірбиеде көрген кәсіпорын құжаттарымен жұмыс атқарып , сол мамандықпен ары-қарай жұмыс атқаруы көп сұрақ туындатады. Экономикалық тәрбие – бұл оқушының экономикалық санасын қалыптастыруға бағытталған арнайы ұйымдастырылған педагогикалық әрекет. Бұл салада тәрбиелік жұмыстар бекітіліп, сол арқылы қызықты да мазмұнды іс-шаралар өтуде. Олар: «Дүниенің кілті – экономикада» плакаттар сайысы, «Жарнамалық агенттік», «Жұмыссыздық» рөлдік ойындар, бизнес, банк, базар сияқты іскерлік, танымдық, логикалық ойындар, кәсіпкер, банк қызметкерлерімен кездесулер, шағын мектеп компания жұмыстары мен бизнес хабарлар және капитал әліппесі.
Қосымша мәліметтер бойынша айтсақ, заңға қайшы келетін экономикалық қылмыс түріндегі «сыбайлас жемқорлық» тақырыбы да жоғарғы сынып оқушылары арасында қарастырылып, елімізде парасатты экономика саясатын жүргізуде өз ойларын ашық түрде айта алады. Осындай мәселені көтеру арқылы елімізде келешек жастарды үлкен өмір жолында әділ де шыншыл, иманды да қарапайым, ар-ұяты таза, дұрыс өмір сүру деңгейіне көтереді. Экономикасы дамыған, бәсекеге қабілетті дамушы елдерде мұндай көлеңкелі мәселені ертеректе қолға алып, қазір де аз пайыздық мөлшерде ғана көрсеткіш береді.
Қортынды
«Қазақстан-2030» бағдарламасында: «Біздің балаларымыз білімі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен биржалардың иелері болады», «Келешектің иесі – жастар» делінген. Сондықтан, қоғам талабына сай, қоғамды көркейтетін, дамытатын жастарды тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз.
Осыған орай темір жол маманы қызметінің мазмұны жақсарып, жаңа мақсат, жаңа шешімдер мен мүмкіншіліктерді қажет етеді. Ондай мүмкіншіліктері тек білім арқылы келеді. Сол білімді экономика сабағындағы ойын әдістерімен жете меңгеруіне көп көңіл бөлу қажет. Жеке тұлға тәрбиелеуде жеке мамандықты меңгерген экономикалық, эстетикалық ойлауы дамыған күнделікті мәселелерді жылдам шешуге дағдылану болып табылады. 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан кешенді саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асыру жөнінде көп табысқа қол жеткізді Бүгін де бұл елдің жедел дамып келе жатқан және икемді нарықтық экономикасы бар, оның беріктігі түбегейлі реформалар мен табиғи байлықтардың молдығына негізделген.
Қазақстан өзіне тән даму жолын қалыптастырып, күннен-күнге өркендеп, алға қарай нық қадам басуда. Бәсекеге қабілетті, өркениетті елдер қатарына қосылу үшін үлкен де кең ауқымды шаралар атқарылуда. Жас ұрпақты жарқын болашаққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу және жақсы маман оқыту біздің парызымыз.