kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білімінің, іскерліктің болуын қамтиды. Жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын қамтамасыз етеді. Сондықтан да оқу орындарындағы оқу процесінің негізгі мақсаты – оқушыларды білім жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймай физика сабағында олардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін де дамыту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру»

Дюсенбаева Гүлжан Амангазиевна

ШҚО. Аягөз қаласы.

КМҚК «Аягөз қаласының политехникалық колледжі»




Білім берудегі ақпараттық технологияның маңызы.


Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,

ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында.

Н.Ә.Назарбаев

Қазіргі заман – ақпараттық технологиялар заманы. Олай болса ұстаздың мақсаты – оқушыларды алған білімдерін пайдалана алатын, қазіргі жағдайларға байланысты өздігінен әрекет ете алатын, азаматтық және ұлттық құндылықтарды сақтай алатын, Отанына қызмет ете білетін адам қалыптастыру. Ал ол үшін ұстаз ашылып жатқан жаңалықтар мен өзгерістерді қамти отырып, талмай ізденісте болуы керек.

Осылайша оқу-тәрбие үрдісінде жаңа заманауи технологияларды қолдану заман талабынан туындап отыр. Ақпараттық технология оқу барысында компьютерді пайдалануға, электронды оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетпен жұмыс істеуге, компьютерлік оқу бағдарламаларына негізделген.

Білім беруді ақпараттандыру – жаңа технологияны пайдалана отырып дара тұлғанын дамуына ықпал ету. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандарттқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»- деп, Елбасымыз атап көрсеткендей, оқушыларға білім беруде ақпараттық технологияны қолданудың маңызы зор. Қазіргі уақытта оқытушылар сабақта ақпараттық технологияны қолдану оқушылардың материалды жақсы игеруіне көмегін тигізіп отырғанын аңғарып жүр. Өз тәжірибемде көрсеткендей жаратылыстану және нақты ғылымдарды оқытуда қиыңырақ тиетіні оқушылардың қойылған есепті оңай жолмен шешу дағдысын дамыту және осы дағдыны әртүрлі жағдайларды сараптауда қолдануы. Бұл мәселе оқытуда интерактивтік әдістерді қолдану қажеттілігін көрсетіп отыр. Оны ел Президенті Н.Ә.Назарбаев 2020 жылғы Қазақстан халқына жолдауында «оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек» деп атап көрсетті. Өзіміз білетіндей оқу барысы төрт компоненттен тұрады:

  1. сабақтың мақсаты мен міндеті;

  2. сабақ өткізудің әдісін, тәсілдерімен құрылымын жоспарлау;

  3. жоспардың орындалуын ұйымдастыру;

  4. сабақ нәтижесін сараптау мен бағалау.

Осыларды басшылыққа ала отырып оқытушы оқу процессінің дәп ортасында болатын. Бірақ оқытушы жаңа технологияларды қолдана отырып, оқушы да өз бетімен ізденіс жасап, берілген тапсырмаларды өзі орындай алатын мүмкіндіктерді беріп отыр.

Сонымен қатар проекциялық аппараттар мен дыбыстық құралдарды қолдану жаңа материалдарды өтуде әр түрлі ұғымдар мен құбылыстарды, заңдылықтарды түсіндіруде үлкен көмек көрсетуде. Сонда интерактивті тақтаны қолдану арқылы оқушының күнделікті электрондық жұмысын ұйымдастыруға болады. Бұл уақытты үнемдейді, оқушының шығармашылық ойлау қабілетін арттырады және бүкіл топпен жұмыс істеуге көмектеседі.

Білім берудегі интерактивті технология – мұндағы интерактивті сөзі – «inter» бірлесу, «act» әрекет жасау ұғымын білдіреді. Сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатынаспауы, немесе бөлініп қалуы мүмкін емес. Яғни интерактивті технология бірін-бірі толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту. Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды – ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал.

Интерактивті тақтамен жұмыс істеу материалдарды оңтайлы түрде қолдануды ұйымдастыруды талап етеді. Сабақ барысында қажетті файлдар мен слайдтарды , беттерді, видеожазбаларды және тағы да басқа ресурстарды алдын-ала, бір-бірімен жүйелі түрде байланыстырып, орнымен қолданып отыру қажет. Бұл керекті материалдарды тақтаға жазып жатудан немесе интернеттен іздестіруден, сол сияқты дисклерден ашып жатуға уақытты үнемдейді. Барлық ресурстарды экраннан қалам арқылы көрестуге, сонымен қатар сабақты бекіту немесе қайталау кезінде тест құрастырып, оның нәтижесін бірден экраннан көруге, сабақты сақтап қойып қайталау кезінде өтілген сабаққа қайтып келіп негізгі мәліметтерді қарастырып шығуға болады. Бұл жерде интерактивті тақтамен жұмыс жасаудың мүмкіншілігі зор. Интерактивті тақтамен дұрыс жұмысты ұйымдастыру, көрнекті де тартымды флипчарттар құру, сол секілді сиқырлы қаламды қолдану, сөзжұмбақтар, тізбектер құрастыру, контейнермен жұмыс, «AktiVote» ортасында тест құрау, флипчартқа электронды оқулықты қолдану және тақтаның тағы да басқа мумкіндіктерін пайдалана отырып оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын оятып, өз бетімен жеке жұмыс істеуіне, шығармашылыққаи талпындыра отырып әрбір сабақты тартымды да қызықты етіп өткізуге болады. Сонымен қатар үй жұмысын сұрауда немесе жаңа тақырып бойынша алған білімдерін қалай игергенін анықтау үшін интерактивті тақтамен жұмыстың көмегі ерекше. Себебі объектілер мен жазбаларды оңай қозғалту, текстерге, суреттерге, тізбектерге жазуды кірістіру, берілген тапсырмаға дұрыс жауапты сиқырлы қалам немесе перде көмегімен тексеру оқушылардың жауап беру кезіндегі қызығушылықтары мен белсенділіктерін көтеруге септігін тигізеді. Интерактивті тақтада қолданатын материалдардың әртүрлілігі оқушылардың жаңа ұғымдарды жылдам игеруіне ықпал етеді, сабақтың сапасын арттырады. Әрине ол үшін мұғалім жан-жақты ізденісте және жалықпай жұмыс жасауы керек.

Әр мұғалім сабақты өткізген уақытта оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды, сонымен бірге компьютер мен интерактивті тақтаны қолдана отырып жүргізсе оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.Сабақтың қызықты да түсінікті болуы мұғалімнің шеберлігі мен ізденімпаздығына тікелей байланысты.

Сонымен қатар кәсіптік оқу орындарында заманауи ақпараттық технологияны қолдану оқушылардың жас ерекшеліктеріне де сәйкес келеді, өйткені ақпараттық технология құралдарын пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін күшейтеді, ал ол өз кезегінде оқушылардың дайындық сапасын арттыруға себеп болады.

Компьютер және интерактивті құралдар арқылы жасалып жатқан оқыту үрдісі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелі байланыстар мен заңдылықтарды табуға итермелеп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады.

Оқушылардың интерактивті құралдар көмегімен қалыптасатын және жүзеге асатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болғандықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, қабылдауы, есте сақтауы жоғары деңгейде болады.

Ақпараттық-интерактивтік технологияны оқу-тәрбие үрдісінде қолдану оқушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлкен үлес қосады.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Математика және физика. №3-2005 жыл

  2. Қазақстан мектебі. №9-2006 жыл

  3. Қазақстан мектебі. №5-2002 жыл

  4. Қазақстан мектебі. №8-2002 жыл

  5. Бағдарлы мектеп және кәсіптік білім 1-2 – 2011 жыл

  6. Мұғалім.kz №6(21) – 2012 жыл



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру

Автор: Дюсенбаева Гульжан Амангазиновна

Дата: 16.12.2017

Номер свидетельства: 444701

Похожие файлы

object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(127) "Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру- сапалы білім кепілі"
    ["seo_title"] => string(71) "ok_ushylardyn_funktsionaldyk_sauattylyg_yn_arttyru_sapaly_bilim_kiepili"
    ["file_id"] => string(6) "438727"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1510644051"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(108) "«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары»"
    ["seo_title"] => string(59) "ok_ushylardyn_funktsionaldyk_sauattylyg_yn_arttyru_zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "398144"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1488802221"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(154) ""Химия саба?тарында о?ушыларды? функционалды? сауаттылы?ын арттыру жолдары" баяндама"
    ["seo_title"] => string(81) "khimiiasabaktaryndaokushylardynfunktsionaldyksauattylygynarttyruzholdarybaiandama"
    ["file_id"] => string(6) "273545"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1452246003"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(142) "Баяндама:Математика пəнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру"
    ["seo_title"] => string(80) "baiandama_matiematika_p_ninien_ok_ushylardyn_funktsionaldyk_sauattylyg_yn_arttyr"
    ["file_id"] => string(6) "453312"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1517211085"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(113) "Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – өмір талабы"
    ["seo_title"] => string(61) "ok_ushylardyn_funktsionaldyk_sauattylyg_yn_damytu_omir_talaby"
    ["file_id"] => string(6) "443618"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1513003835"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства