Есеп шығару физиканы оқыту процесінің ұдайы бөлінбес құрамды бөлігі болып саналады, өйткені ол физика сабақтарының түгелдей барлық түрлері мен кездерінде және кластан тыс жұмыстарында кездеседі.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«ФИЗИКА САБАҚТАРЫНДА ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ ӘДІСТЕМЕСІ»
Иманбек А.Ғ.
Физика және арнайы пән оқытушысы
Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжі
ФИЗИКА САБАҚТАРЫНДА ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ ӘДІСТЕМЕСІ
Есеп шығару физиканы оқыту процесінің ұдайы бөлінбес құрамды бөлігі болып саналады, өйткені ол физика сабақтарының түгелдей барлық түрлері мен кездерінде және кластан тыс жұмыстарында кездеседі. Есеп шығару, физиканы оқытудың әдістері, тәсілдері, амалдары ретінде әр жақты мағынада қолданылады. Физика есептерін шығару білім алушылардың оқу материалдарын саналы түрде терең игеруіне қолайлы жағдай туғызады, олардың алған білімдерін пайдалана білу қабілетін қалыптастырады және бекітеді. Сонымен қатар, есептерді шығару білім алушылардың өздігінен ойлануын, қиыншылықтарды жеңуге деген жігерін және табандылығын арттыру құралдарының бірі болып есептелініп, оқу процесін жақсарта түседі.
Есеп шығару – оқу үрдісінің бөліп алуға болмайтын бір бөлігі болып табылады. Себебі, ол физикалық ұйымдарды қалыптастыруға білім алушылардың физикалық құбылыстарды ойлау қабілетін дамытуға, оны практикада қолданып білуге үйретеді.Физикалық теорияны үйренуде оның мағынасын терең түсініп қолдану жолдарын іздестіруде білім алушыларға жаттығу ретінде класта,үйлерінде өз бетінше түрлі есептер шығарудың мәні ерекше.
Физика есептерінің түрлері де, оларды шығарудың тәсілдері де көп.Есепті шығару - күрделі процесс. Білім алушылар есептерді тақырып бойынша шығара алмайтын болса, ол физиканы терең түсіне алмайды. Сондықтан оқу программасын меңгеру үшін физикалық есеп жаттығулар керек- ақ.
Физика есептерін шығару үшін теорияны терең түсініп,іс жүзінде практикада пайдалана білуі керек, терең ойланып күрделі мәселелерді, құбылыстарды талдап, зерттеп шеше алатындай болуы керек. Есептерді шығару кезінде білім алушылар көптеген құбылыстардың заңдарын анықтайды, теорияның мағынасын терең түсініп, өмірдегі ролін көреді, техниканың жаңалықтарымен танысады, олардың физикалық негіздерін анықтайды, жалпы білімдерін көтереді, политехникалық тәрбие береді.
Есеп шығару кезінде білім алушылар физикамен бірге өздерінің математикалық дайындықтарын тереңдетеді. Физика есептері математиканы жандандырады, оның мағынасын артырады, оны шығаруда білім алушылар түрлі электрондық есептеу машиналарымен жұмыс істеп, есептеу техникасын үйренеді.
Әрбір сабақта жеке білім алушылардың қабілеттерін ескерген жөн. Физикаға ереже қызығатын білім алушылар үшін үйірмелер ашып, олардың қаблеттерін жетілдіре түсіп, қиын есептерді ұсынып шығарту және де оларды физикалық олимпиадаларға қатыстыру керек.
Физика есептерін шығару әдістерін қарастыру алдында, қазіргі кезде қолданылып жүрген есеп шығарудың жалпы метадикасына тоқталайық.
1.Есептің шартымен танысу.
Есепте қарастырылып отырған мәселелерді толық ұғынып,қойылған сұрақтарды анық түсінуі керек. Есептің шартына байланысты берілген шамаларды, сұрақтарды, қосымша тұрақтыларды таңбалап жазу керек.Экспирменттік есеп болса, қажетті құрал - жабдықтарды алдын - ала түгелдеп, жұмыстың күйін тексеріп алу керек.
2.Есептің мазмұнын талқылау.
Есептің шартында берілген процестердің құбылыстардың қандай заңдарға бағынатынын анықтап,ол заңдарды сипаттайтын формулаларды жазу керек. Құбылыстар арасындағы байланыстарды анықтау қажет.Координаталар систамасын ыңғайлы етіп алып,секторлы шамалардың бағыттарын, кеңістіктегі орнын анықтау керек. Есепті талдау үшін мүмкін болған жағдайда оқиғаның суретін салу, оның графигін сызу керек.
3.Есепті жалпы түрде шығару керек.
Есептің сұрауларына талдау беретін, проблеманы анықтайтын теңдеуді жалпы формула түрінде қорытып шығару керек. Барлық уақытта осылау шығару міндет емес, кейде есепті бөлшектеп, есептеулерді жүргізіп шығарған ыңғайлы болады.
4.Есептеу.
Есепте берілген шамалардың барлығын ХБЖ өлшемдеріне келтіріліп, қорытып алынған жалпы формулаға шамалардың сандық мәндерін қойып,математикалық есептеулер жүргізу керек. Мүмкіндігі болса, арифметикалық жұмысты микрокалькуляторларда, есетеу машиналарында жүргізген жақсы.
5.Есептің жауабын тексеру.
Есептің жауабы шындыққа жақын болуы тиіс.Көп жағайда сандық мәннің шамасы есептің дұрыс шықпағандығын анықтауға мүмкіндік береді.Мысалы кез келген дене жылдамдығы жарықтың вакумдағы таралу жылдамдығынан артық бола алмайды.
Білімді игерудің нәтижелілігі таным үдерісіне адамның әртүрлі сезім мүшелерінің іске қосылуы және нақты заттар мен құбылыстарға бетпе-бет келгенде оны сезіну, көре білу және қабылдау арқылы артады. Бұл жағдайда физикалық эксперименттің маңызы зор.
Физикалық құбылыстардың негізін ұғыну, түсініктерді, теорияны игеру процесі әр білім алушыларда бірдей жүрмейді. Оқыған материалды біреулер тез игереді, енді біреулеріне ой қорытуына және есіне сақтауына көп уақыт қажет. Үйде білім алушылар әрқайсысы өз қарқынымен жұмыс істейді. Үй тапсырмасы дұрыс ұйымдастырылса сабақ кезіндегі алған білімдерін бекітуге және тереңдетуге көмектеседі. Үйге берілген бақылаулар мен тәжірибелердің қорытындылары, есептердің шешімі, шығармашылық тапсырмалардың орындалуы білім алушылардың үй жұмыстарына арналған дәптерлеріне жазылады. Үй жұмысының қорытындылары туралы мәліметтер жазу білім алушылардың өз ойын сауатты және қысқаша жеткізуге үйретеді. Сонымен қатар жазу мәдениеті, яғни белгілі жүйе, нақтылық пен реттілік қалыптасады. Үйдегі тәжірибелерді және бақылауларды баяндау оқушыға көргенін терең ойлауға, негізгіні ажырата білуге үйретеді. Эксперименттік есептерді шешу тәсілдері оларды шешудегі эксперименттік жұмыстың қойылуына тәуелді.
Физика сабақтарында есептер шығару білім алушылармен жұмыс жасау барысында әрбір мұғалімнің негізгі әдістемесінің құраушысына айналуы керек. Себебі, қазіргі заман талабына сай, білім алушыларды техникалық бағыттағы пәндерге атап айтқанда физика саласына бағыттау ең басты қажеттілік болып табылады.