Физика пәнін оқытуда жаңа технологиялық әдістерді пайдалану
Физика пәнін оқытуда жаңа технологиялық әдістерді пайдалану
Педагогикалық технология дегеніміз – педагогтардың жеке басының шығармашылық күш қуатын өрістетуді қамтамасыз етудегі, адамаралық және іс-әрекеттегі қарым-қатынасты рухани жоғарылатудағы, кәсіби еңбектегі адамгершілік жүйе болып табылады.
Оқытудың жаңа технологиялары ғылымға және тәжірибеге негізделген әр түрлі білім сапасын кең түрде игеруде, оларды іс жүзінде пайдаланғанда, аумағы кең, жаңа мәліметтер мен күнделікті іс-әрекеттегі ұсыныстарды іске асыруда аса пайдалы.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Физика пәнін оқытуда жаңа технологиялық әдістерді пайдалану»
Физика пәнін оқытуда жаңа технолгиялық әдістерді пайдалану
Жас жетекшілерге білім берудің жаңа технологиясы Америкада 1940 жылдары пайда болған. Алғашқыда бұл технологияның құрал-жабдықтары оқу-тәрбие жұмысы мақсатында пайдаланылып, қолданылып жүрді. Қазіргі уақытта «Педагогикалық жаңа технология» мұғалімдердің педагогикалық жұмысының негізделеген моделі болды. Дүние жүзі бойынша оқытудың пайдалы, мазмұнды жолдары мен жаңа әдістері іздестірілуде.
Педагогикалық технология дегеніміз – педагогтардың жеке басының шығармашылық күш қуатын өрістетуді қамтамасыз етудегі, адамаралық және іс-әрекеттегі қарым-қатынасты рухани жоғарылатудағы, кәсіби еңбектегі адамгершілік жүйе болып табылады.
Оқытудың жаңа технологиялары ғылымға және тәжірибеге негізделген әр түрлі білім сапасын кең түрде игеруде, оларды іс жүзінде пайдаланғанда, аумағы кең, жаңа мәліметтер мен күнделікті іс-әрекеттегі ұсыныстарды іске асыруда аса пайдалы.
Педагогикалық технология кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Оқытудың жаңа технолгиясын меңгерту үшін аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет болды. Бұл өз қызметіне, өз пәніне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамдарды қажет ететін жұмыс. Шындығында, әрбір педагог жаңа технологияны мегерту барысында өзін-өзі қалыптастырады.
Еліміз егемендік алып қоғамдық өмірдің барлық, оның ішінде білім беру саласын демократияландыру мен ізгілендіру мақсатында мектептегі болып жатқан көптеген дағдарыстардан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Қазіргі кезде біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Білім берудің мазмұнында жаңа көзқарас, басқаша адами қарым-қатынас, өзгеше ментаметет пайда болуда.
Қазір республиканың оқу орындары, педагогикалық ұжымдары ұсынып отырған көп нұсқалы байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялары, жаңа технологиялары бар.
Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және технологиялық ерекшеліктеріне орай тыңдап, тәжірибеде сынап қараудың мазмұны зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес, жаңа технологияны меңгерту мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдістерін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Оқу технологиясы мектепте оқу үрдісіне қажетті әдіс, тәсіл, амал, дидактикалық талап секілді психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Ол оқушылардың тәртібіне, пәнге деген ынтасына, оқу іс-әрекетіне игі әсер етумен қатар, педагогикалық нақты ғылымға жақындатып, мұғалімдердің интеллектуалдық шығармашылық қызметі болып табылатын педагогикалық іс-тәжірибесінің нәтижелілігіне, жинақылығына ұтымды әсер ететінде оқу-тәрбие үдерісінің басты күре тамырының рөлін атқарады.
Былайша айтқанда, педагогикалық технология оқу-тәрбие үдерісінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген әдістердің үйлесімділігі арқылы оқыту мен тәрбиелеу тиімділігін қамтамасыз ететін білімнің құрамдас бөлігі болып табылады.
Бір технологияның өзі әр мұғалімнің шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін. Тәуелсіз еліміздің жан-жақты қарыштап дамуы қоғамды инженер-техник мамандармен, физика-математика, техника, жаратылыстану саласындағы ғылымдармен қамтамасыз етуді талап етеді. Ал бұл үшін алдымен мектептегі оқу-тәрбие ісін пайдаланудың ғылыми негіздерін, атап айтсақ, физика және жаратылыстану, математика, информатика пәндерін оқытудың жаңа жолын жасаудың педагогикалық, психологиялық, дидактикалық негіздерін айқындап, зерттеу кезек күттірмейтін іске айналуы тиіс.
Физика ғылыми қоршаған әлемнің сансыз құбылыстарында орын тебетін табиғаттың жалпы заңдылықтарын қарастырады. Физиканың зерттеу ауқымы, оқыту технологиясы өте кең, сондықтан ол қоршаған әлем жайлы білімнің маңызды көзі болып табылады.
Физика адамзаттық мәдениеттің маңызды құраушысы ретінде тек ғылыми-техникалық қана емес, гуманитарлық потенциалға ие болып отыр. Сөйтіп, мектеп физикасы дүниетанымдық қызметпен қатар, дамытушылық және тәрбиелеушілік қызметтерді де қоса атқарады. Бұлар мектептегі физика курсынан білім берудің ең басты мәнін анықтайды.
Мектепке арналған физика курсының мәнділік қызметінің мазмұнына орай бұл пәнді жаңа технологиялық әдістерді пайдалана отырып оқытудың негізгі мақсаты мынаған саяды: оқушылардың ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту; физиканың қазіргі қоғам өміріндегі және жалпы адамзат мәдениетін дамытудағы рөлін ашу; табиғатқа ғылыми көзқарасты бекіту; адамның дүниеге қатынасына, жеке тұлғаның құндылық жүйесіне, физикадан берілетін білімді түрлі мәселені шешуге шығармашылықпен қолдануға алғы шарт болатын әлеуметтік мәні бар біліктер мен дағдыларды оқушы бойында қалыптастыру.
Мұндай мақсатқа жету жолдары сан алуан болып келеді де, соған сәйкес жаңа буын оқулықтары мен бағдарламалар жүйесі жасалынды. Солардың бірі ретінде жалпы білім беретін мектептің негізгі сатысы үшін ұсынылып отырған «Физика және астрономия – VII - IX» бағдарламасы негізінен мынадай мәселелерді шешу арқылы жүзеге асады:материя құрылыстар, ғылыми ұғымдар, заңдар, іргелі теориялар (атомдық-молекулалық және электрондық) элементтері, тәжірибелік фактілер, физика мен астрономияның зерттеу әдістері жайлы білімдерді қалыптастыру; оқушылардың ғылыми дүниетанымын дамыту, әлемнің физикалық бейнесінің біртұтастығы, ондағы адамның орны мен рөлі жайлы көзқарасты қалыптастыру; оқушылардың ғылыми ойлауын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін, табиғат құбылыстарын танып-білуге қызығушылығын, оқуға деген саналы түрдегі ынтасын дамыту; оларда ғылыми мәліметтерді түсінуді, ғылыми білімдерді өз бетінше игеруді және қолдануды, физикалық құбылыстарды бақылау мен түсіндіруді, өз бетінше зерттеулер жүргізуді қалыптастыру; қоршаған ортаға жеке тұлғалық қарым-қатынасты, технологияландырылған әлемде бағдар ала білуді, яғни білімді күнделікті өмірде жеке басы үшін маңызды мәселелерді шешуге қолдануды, этикалық және құқықтық нормаларды игеруді қалыптастыру; жауапкершілікке, ғылыми және экологиялық мәдениетке, физика ғылымының әлеуметтік рөлін түсінуге тәрбиелеу.
Негізігі мектептің физика курсының бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың практикалық әрекетіне үлкен мүмкіндіктер туғызады. Бұл курс оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамытуға, байқаулар жүргізу мен эксперименттік тапсырмалар орындау іскерлігін қалыптастыруға бағытталған. Мұнда зертханалық жұмыстар ерекше орын алады. Оқушылардың білімдері мен біліктілігіне қойылатын талаптар іргелі физикалық теориялар құрылымына сәйкес жүйеленгенін көреміз.
Жаңа технология бойынша ұстаз өзі сабақ беріп жүрген пәнінің мазмұнын анықтап, оқушының еріксіз білуі тиіс материалды сұрақ түрінде жазып, мақсаттарын анықтайды. Осы мақсаттардың мазмұнына қарап, топтап, технологиялық картаға орналастырады.
Оқу үрдісінде болып жатқан өзгерістерден бізде тыс қалмаймыз. Сол үшін оқытудың жаңа түрлерінің бірі – сабаққа оқытудың жаңа технолгиясын енгізу. Оның мақсаты - оқушының ізденуін, сабаққа қызығуын, ойлауын, пікір таластыру қабілетін іске асырып, күшейту. Қазір біздің республикамызда көптеген мектептер осы жаңа технологияны басшылыққа алып істеуде, оның нәтижесін де көруде. Мәселен, оқытудың жаңа технологиясы негізінде І деңгейден ІІ деңгейге өту әдісін алуға болады. Мұның өзі оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін, белсенділігін, пәнге деген қызығушылығын, білімін белсенді түрде еріксіз өз бетімен жұмыс істеуге ұмтылдырады.
Жаңа технологияда оқушы өз жұмысын ең төменгі деңгейдегі тапсырманы орындаудан бастайды. Бұл тапсырмалар төрт түрге бөлінеді:
А) Репродуктивті
Ә) Алгоритмді
Б) Эвристикалық
В) Шығармашылық
Репродуктивті деңгей – бұл бәріне бірдей білім негізінде берілетін тапсырмалар.Бұл деңгейдегі тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдері мен оқулықтағы бар мәселелерге байланысты құралады. Сол үшін оқушы бұл деңгейдегі тапсырманы орындағанда көп ойланбай, тез жауап беруі тиіс.
Алгоритмді деңгей – оқушы мұғалімнің түсіндіргені бойынша қабылдаған жаңа материалды пайдаланып, тапсырманы орындайды.
Эвристикалық деңгей – оқушы өзі ойланып, ізденіп қосымша әдебиеттерді пайдаланып жауап береді. Бұл тапсырманы орындағанда оқушының қисынды ойлау қабілеті қызмет атқарады.
Шығармашылық деңгей – оқушы өзінің белсенділігін көрсетеді. Жаңа тақырыпты оқушы өзінің ізденуі арқылы шығармашылыққа ұмтылады.
Физиканың қазіргі курсының ғылыми-әдістемелік идеялары оқушының өз ойы, пікірі бойынша жұмыс істеуді үйретуді талап етеді. Ал бұрынғы әдістеме бойынша оқушы сабақ бекітуде, өткен сабақты қайталау кезінде сұрақтарға жауап беріп қана қоятын, ал қазір кейбір факторларды, физикадан алған білімдерін тұрмыста және техникада қолдана алады.
Физиканы оқыту әдістемелері оның мазмұны мен оқыту әдістерін анықтайды. Оқушының зейінін, пәнге деген ынта-ықыласы белгілі бір сабаққа аудару және зейіннің тұрақтылығын қалыптастыру үшін шаралар қолдану қажет. Мұндай шараларға сабақты өткізудің әр түрлі әдістерін жатқызуға болады. Мұғалімнің әңгімелеуі, тәжірибелерді көрсетуі, лабораториялық жұмыстар, оқулықпен және дидактикалық материалмен өзіндік жұмыс, эксперименттік есептерді шығару, кестелерді, кино және диафильмдерді көрсету, оқушылардың хабары, сұрақ-жауап, тестік тапсырмалар, тағы сол сияқты әдістерді лайығына қарай кезектестіріп отыру керек.
Физиканы оқытудың алғашқы басқышында сабақтың ең жақсы түрі - әңгіме-сабақ болатыны анықталған. Мұғалім сабақты көрсету арқылы түсіндіреді, оқушылар бұған белсене араласып, сұрақтарға жауап береді, тәжірибелерден өзіндік қорытынды жасайды, құбылыстарды түсіндіреді.
Физиканы оқытудың жаңа технологиясына қойылатын жалпы талап дамыту мақсатындағы оқытуды қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі алға қойған мақсат оқушылардың физикалық ойлауын дамыту, олардың физикалық есептерді өздігінен шығара білуін қалыптастыру үшін проблемалық оқыту әдісін қолдану қажет. Кейбір мәселелерді оқып үйренгенде проблемалық жағдайлар туады. Оқушы өзін зерттеушінің орнына қояды да, өздігінен проблеманы шешеді, яғни оны дәлелдейді, тәжірибе жасайды. Оқушы жаңа есепті өзінде бұрыннан бар біліммен шығарады. Есеп шығару барысында оқушы алдына қойылған проблеманы шешу іске асырылады.
Көрсетілген тәжірибелер және лабораториялық жұмыстар арқылы оқушыларды ғылымдағы зерттеудің эксперименттік шеберліктері мен дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру. Экспериментті қою үшін мұғалімде қандай да алгоритм болуы тиіс. Үнемі сол мақсатты ұстауы және оқушыларды соған үйретуі керек. Мұғалімнің бақылауымен, басшылығымен жүргізілген жұмыстар оқушының физикаға деген сүйіспеншілігін дамытудағы әсерлі құрал бола алады. Қосымша әдебиеттерден оқитын, үйде бақылау және тәжірибе жүргізетін және алған мәліметтерін жауап бергенде пайдаланатын, баяндамалар, хабарламалар жасайтын, әзірленген приборларды көрсете алатын оқушылармен жекелей жұмыс жүргізу керек.
Берілген тапсырмаларды қаншалықты деңгейде орындағанына қарап, оқушы өзіне-өзі баға береді. Мұның өзі білім берудегі демократиялық критерий. Жаңа технололгия физика сабағының сапасын жоғарылатады және пайдалы жақтарын көрсетіп береді.
Әрбір оқушы өз біліміне, психологиясына байланысты өзінің алдына қойған мақсатына шыдамдылықпен жетуін қалыптастырады. Әрбір тапсырма олардың тәртібі мен мінез-құлқына әсер етеді, бастаған ісін толық аяқтауға және жауапкершілікпен қарауға тырысады. Мұндай әдістер оқушыны шығармашылықпен ізденуге, жұмыс істеуге ұмтылдырады. Сол үшін оқушыларды жаңа технология әдістері бойынша физика пәнін оқытудың маңызы зор.
Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет – оқушылардың шығармашылық білім дағдысын қалыптастыру. Білім берудің маңызды шарты оқу үрдісінде оқушылардың сабаққа қызығуын арттыру, өздігімен білім алуға құштарлығын таныту. Оқушыларды танымдық қабілетке жетелеу, олардың оқу еңбегін арттыру үшін дидактикалық материалдарды көбейту, күрделі физикалық есептерді шығару үшін, сұрақтарға жауап беру үшін негізгі формулалары мен заңдылықтарды пайдалана білуге үйрету. Оқушыларды физика пәнінің негізінен алынатын эксперименттік жұмыстарды бақылау және оларды сипаттайтын негізгі заңдылықтарды айқындау жөніндегі тапсырмаларды орындауын бақылау. Осылайша оқушының білім деңгейін саралау мақсатында қолданылып жүрген «жаңа педагогикалық технология» әдістеріне физика сабақтарында да орынды қолданып отыру керек.
Мектептің жоғарғы сатысындағы физика курстары негізгі ІХ – ХІ сыныптарда оқылатын жүйемен және сол мазмұнда жаңартылып, толықтырылып, оқушыға түсінікті де терең білім беретіндей болып қайта құрылғаны абзал, себебі көптеген зерттеулер, оқушылардың халықаралық физика олимпиадасы, осы кездегі физика курсының бағдарламасы дамыған елдердің бағдарламасына сәйкес келе бермейді. Сол себепті дарынды оқушыларды қарастырылып отырған бағыттар бойынша таңдау анықтау мақсатында диагностикалық зерттеулер жүргізіп, оқытуды іске асыру керек.
Қазіргі технологияны қолдану дегеніміз – келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау .