kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Методическая разработка "Адаптация первоклассников"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Методическая разработка "Адаптация первоклассников"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Методическая разработка "Адаптация первоклассников"»

41


Жаңа ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көзалдымызға елестете  алмаймыз. Сондықтан да балабақшамыздағы тәрбие ісінің  негізгі міндеттерінің бірі - «Балаларды айналамен таныстыра отырып, оларға экологиялық тәрбие беру» болып табылады.  Біз күнделікті жұмысымызда баланы өз туған өлкесін табиғатын сүюге, оны аялай білуге, оны қорғауға, қызығушылығын арттырып жауапткершілігін күшейтуге, табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйретуді мақсат тұтамыз. Әдістемелік нұсқаулық «Таным» білім саласы бойынша тәрбиешіге жақсы көмекші құрал болып табылады. Балалар тірі және өлі табиғат арасында, тірі организм мен олардың өмір сүру ортасындағы байланыстарды орнатуды бақылау арқылы үйренеді. Нұсқаулық табиғатты танып, білу –мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен эстетикалық қарым-қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып, сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді. Әдістемелік нұсқаулық тәрбиеші жұмысын жеңілдетуге көп септігін тигізед

Түсінік хат

Мектепке дейінгі кезеңде бала қоршаған ортаны танып біледі. Баланың табиғатты танып білуге деген қызығушылығын оята отырып, педагог оны табиғатпен таныстырып қана қоймай, оны түсінуге, өсімдіктер мен жануарларды қамқорлауға, табиғаттың сұлулығын сезіне білуге үйретеді.

Қарапайым экологиялық түсініктерді меңгерту баланың қоршаған орта нысандарына танымдық қызығушылығын арттырумен тығыз байланысты. Баланың танымдық дамуы ойын барысында, табиғи нысандар мен құбылыстарға бақылау жасау, заттарды қарап, зерттеу кезінде, табиғат пен табиғат күнтізбесіндегі ауа-райы жағдайына бақылау нәтижелерін айта білу, еңбек және басқа да әрекеттер барысында жүзеге асады.

Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде баланың танымдық дамуы эмоционалдық қарым-қатынастар арқылы қалыптасады. Әрбір жеке бала - қоршаған ортаны қызығушылықпен қабылдайтын кішкентай зерттеуші. Бала белсенді әрекеттерге талпынады. Сондықтан да бақылау мен зерттеу сияқты әдістер балаға неғұрлым жақын болып табылады.

Көрнекті психолог С.Л.Рубинштейн бақылауды баланың ойлау қабілетін дамытатын мағыналы қабылдаудың нәтижесі деп қарастырады. Бұл жерде бала табиғи нысандар мен құбылыстардан нені көре алады және нені көру керек деген сұрақ туындайды. Міне, «Райхан» балабақшасы тәрбиешілерінің алдында тұрған мәселе осы еді. Экологиялық тәрбие әдістемелерін, басқа балабақшалардың озық тәжірибелерін зерттей келе, табиғатты бақылаудың бағдарламасын жасақтау тиімді деп шештік. Біріншіден, арнайы бағдарлама пайдалану оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау кезінде жеңілдік туғызса, екіншіден,бақылауды жүргізуге қойылатын талаптар сақталады. Балалардың танымдық құзіреттілікті меңгеруі, бақылау нәтижесі педагогтың қолданатын әдіс-тәсілдері мен бақылауды ұйымдастыруына тікелей байланысты.

Баланың жан-жақты дамуы оның қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынасы негізінде қалыптасады. Бұл тұрғыда «Сезіну-танып білу- жүзеге асыру» - осы үш бағытта жұмысты ұйымдастыру қажет. Ол үшін тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап алудың маңызы зор.





Бақылауды өткізудің әдістемелік-ұйымдастырушылық жұмыс түрін анықтау:

1. Бақылауды циклдік ұйымдастыру.Барлық білік-дағдылар көлемін бірнеше бөлікке бөлу және мерзімін анықтау.

2. Бақылау кеңістігін ұйымдастыру. Бақылау жүргізілетін нысан әр баланың қабылдауына ыңғайлы болуы қажет.

3. Бақылаудың ұзақтығы. Табиғи нысанды қабылдау, зерттеу баланы шаршатпауы тиіс. Бала бақылауды жақсы көңіл-күймен бастап, сондай жақсы әсермен аяқталуы тиіс.

4. Бақылаудың құрылымы. Құрылымның үш құрамдас бөлігі- кіріспе, негізгі бөлім, соңы. Кіріспе- баланың зейінін шоғырландырып, назарын аудару. Негізгі бөлім-балалардың қабылдаған сенсорлық мәліметін саралау үшін әдіс-тәсілдерді қолдану. Соңы – бақылауды қорыту, нәтиже.

5.Бақылауға дайындық және оны ұйымдастыру.

Сонымен, аталған талаптарға сай бақылауды өткізу тәрбиешінің арнайы дайындығы болған жағдайда жүзеге асады.Дайындық келесі жұмыстардан тұрады:

1.Бақылау мазмұны және ұйымдастыру.

2. Бақылауды өткізу орны және уақыты.

3.Қатысатын бала саны.

4. Бақылау дың әр бөлімінде пайдаланатын әдіс-тәсілдер.

Бақылау барысында шешілетін міндеттердің де маңызы зор. Біз бақылаудың бағдарламасын жасақтадық. Жоспарда әр бақылаудың тақырыбы мен мақсаты нақты көрсетілген. Әр айға бақылаудың нақты 5 тақырыбы көрсетілген. Перспективалық жоспар несімен тиімді? Перспективалық жоспарда міндеттер жүйелі түрде шешіледі.

Міндеттердің жүйелі шешілуіне мысал келтірейік:

  • Балаларды топырақпен және оның қасиеттерімен таныстыру;

  • Ылғалды және құрғақ топырақты ажырата білуге үйрету;

  • Тастардың әр түрлі болатынына назар аудару және оны топырақпен салыстыру;

  • Балаларды екі табиғи компонент: саз бен топырақты ажыратуға үйрету;

  • Топырақтың қасиеттерін атап айтуға үйрету;

  • Топырақтың адам өміріндегі маңызын анықтау.

Әр бақылаудың өз мазмұны, мақсаты бар, басқаларын қайталамайды, бірақ бір-бірімен байланысты.Бақылау барысында бала белгілі бір табиғи нысан туралы мағлұмат алады. Әр педагог ауа-райындағы өзгеріске, баланың жеке мүмкіндігіне және басқа да себептерге байланысты бақылау түрін өзгертуіне болады.





Перспективалық жоспарға бақылау бетшелері жасалды.Оларда:

1.Бақылау тақырыбы;

2.Бақылау мақсаты;

3.Сұрақтар мен мәліметтер;

4.Көркем шығарма немесе эксперимент;

5.Табиғаттағы еңбеккөрсетілген.

Бұл бағдарламаны қолдану педагогқа бақылауды қалай болса солай емес, белгілі бір жүйемен жүргізуге мүмкіндік береді. Жұмыс барысында келесі ережелерді сақтау қажет:

1.Жұмыстың тақырыбы мен мақсатымен толықтай танысу;

2.Жүру барысымен толық танысу, саралау, оны тәрбиелік, білімдік жағынан бағалау;

3.Әр әрекетке шығармашылық, зейін таныту.

Сонымен, ересек бүлдіршіндер бақылау арқылы күрделі табиғи құбылыстар мен заңдылықтармен танысады.

























Әдістемелік нұсқау.

Күз мезгілі

1.Құрғақ топырақпен танысу.


Мақсаты: Балаларды өлі табиғаттың құрамдас бөліктерінің бірі- топырақпен таныстыру.

Мазмұны мен сұрақтары:Бір уыс құрғақ топырақты ақ немесе қара түсті қағаз бетіне салып, қарау. Әр балаға тәрбиеші лупа беріп, мұқият қарауға мүмкіндік береді.

Топырақтың түсі қандай? (Сары немесе қоңыр). Топырақ неден тұрады? (Уақ ұнтақтардан). Әртүрлі топырақтарды қарап, салыстыру.Олар қандай? (Өте кішкентай, дөңгелек, жылтыр, қатты,тегіс емес, түстері әртүрлі). Топырақты қалай атауға болады? (Сусымалы).

Тәжірибе:

Үлестірмелі материал әр балаға:қағаз бетіне салынған аздаған уыс топырақ.

Мақсаты:Топырақты мұқият, асықпай қарап мүмкіндігінше көбірек ерекшелігін табу.

Қарапайым топырақтан балалар көп қызық нәрсені табады: олардың ұсақ, ірілеу, түсіне қарай ( ашық, күңгірт), жылтырлығына қарай (жылтыр, түссіздеу).

Табиғаттағы еңбек: Топырақты қоқыстан тазарту.

2.Бақылау «Біздің аулада қыркүйектің басында қандай өсімдіктер өседі?»


Мақсаты: Балаларға аулада өсетін өсімдіктерді табуды және олардың атауларын дұрыс айтуға үйрету.

Мазмұны мен сұрақтары: Біздің ауламызда қандай өсімдіктер өседі? Көктемде біз қандай гүлдер отырғыздық? Гүлдерді өз ауламызға не үшін отырғыздық? Ең сүйікті гүлің қандай? Неліктен?

Ауланы бақылау, гүлдеген өсімдіктерді табу, олардың атауларын анықтау. Ауланың жайқалған гүдерімен сұлуланып тұрғаны атап өтіледі. Балалар гүлдерді қызықтайды. Әрбір өсімдіктің несімен әсем екенін айтып береді.

Көркем сөз:

Раушан

Қызыл, күлгін, ақ, сары

Шешек атқан шақтағы

Хош иісі сүйсінткен

Ең әсем гүл бақтағы.


Көп ел егіп күтеді

Сатады әр гүл дүкені

Араларыңда абайла

Сабақта бар тікені.


Табиғаттағы еңбек: Гүлдердің жас тұқымдарын жинау

3. Бақылау. Ауа дегеніміз не?


Мақсаты: Балаларға табиғат құбылысының бірі ауа туралы түсінік беру және оның ерекшеліктерімен таныстыру.

Сұрақтары: Біз немен тыныс аламыз? Алдымен терең тыныс алып, содан соң демімізді сыртқа шығарайық. Қалай ойлайсыңдар,біз қазір нені жұттық? (Ауа). Ал ауа дегеніміз не екен? Ауаны көргендерің бар ма? (Біз оны көрмейміз, бірақ ол үнемі біз болған жерде болады). Біз оны неліктен көрмейміз? (ауа – жеңіл, түссіз). Тыныс алатынымызды қалай дәлелдеуге болады?

Тәжірибе: Алақандарыңды алдымен ауыздарыңа, содан соң мұрындарыңа тақап тыныс алыңдар. Не сезіп тұрсыңдар?

(алақандарың демдеріңнен жылына бастайды).

Жұмбақ шешу:

Бір нәрсе жер мен көктің арасында,

Көрінбейді өзі түгіл, қарасы да.

Білінбей жер үстінде жүрсе-дағы,

Пайдалы адамзаттың баласына.

(Ауа)

Табиғаттағы еңбек: Көшеттерден құрғақ талдар кесіп алу.




4. Күз мезгілінде жәндіктерді бақылау.


Мақсаты: Жәндіктердің күз мезгіліндегі іс-әрекеттерін жүйелендіру

Сұрақтары: Шөпте шырылдаған шегірткелер қайда жоғалып кетті? Қанқыздар неге көрінбейді? Қоңыздар мен көбелектердің барлығы қайда кеткен? (Олар тығылып қалған). Олар сонда кімнен немесе неден тығылып қалған? (Олар тоңған соң салқындықтан тығылып қалған). Олар қайда тығылды сонда? (ағаштардың, үйлердің ұсақ қуыс жерлеріне). Олар онда не істеп жатыр? ( Олар ұйықтап жатыр).

Тәжірибе: Жәндіктердің ұзақ суық қыста өліп қалмау үшін тығылған жерлерін табу (ағаштардың қуыстарынан, жерге түскен жапырақтар арасынан). Жерден құрғақ жапырақтарды жинап, жайып қарау. Қорытынды: жапырақтарда көптеген тірі ағзалар бар. Соларды қарап шығу.

Табиғаттағы еңбек: Аймақты жапырақтардан тазарту.



5.Мақсатты серуен. Тақырыбы «Күзбен кездесу»

(саябаққа саяхат)


Міндеттері: Балаларға табиғаттағы өзгерістерді байқауды және сол өзгерістерге сүйсінуді үйрету. Балаларды өлі табиғат құбылыстарымен таныстыруды жалғастыру: күннің көзі жаз мезгіліндегідей көп ысытпайды, аспан әлі көгілдір, бірақ жиі бұлттанады. Жаңадан жөке ағашымен таныстыру, өзіне тән қасиеттерін атап көрсету (діңгегінің бітімін, бұтақтарының орналасуын, жапырақтарының пішінін),балалардың ағаштар туралы білімін жүйелендіру.Балалардың саябақ туралы – жасанды жасақталған өсімдіктер қауымдастығы ретінде білімдерін кеңейту. Саябақтың күзгі көрінісін тамашалау; ағаштар мен бұталар өзінің күзгі бояуын өзгертті (олар түрленіп бояуын өзгертіп, құбылып тұр)


6. Құстарға бақылау
Мақсаты: Балаларға құстар туралы білімдерін бекіту. Құстардың дене пішіндерін айта білуге үйрету. Құстарға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Құстарға қамқор бола білуге баулу.
Көркем сөз
Құстар бейне жастардай
Тұра алмайды ән салмай.
Боз ала таңда боз торғай
Қоя алмайды қарсы алмай.
Мысал сұрақтар:
- Қандай құстарды білесіңдер?
- Құстарды біз қандай досымыз дейміз?
- Неге күзде кейбір құстар жылы жаққа ұшып кетеді?
- Қыстап қалған құстарға қандай қамқорлық жасауымыз керек?
- Құстардың адамға пайдасы бар ма?
- Егер құстар болмаса не болады?
- Құстар қалай жуынады?


7. Шықты бақылау.


Мақсаты: Балаларды табиғат құбылыстарының бірі-шықпен таныстыру.

Мазмұны мен сұрақтары:Шөптер неге дымқыл? Бұл ылғал қайдан пайда болды? Бұл қандай құбылыс? (Шық) Шық қайдан пайда болды? (Оның пайда болған себебі, жер, шөптер, жапырақтар күн батқан соң суи бастады. Ал ауа әлі жылы.Ауадағы сулы бу суыған жерге түсіп, шөптердің бетіне тамшы болып тұрып қалады).Шық қандай жерлерге көп түседі?(Шық өзендердің, тоғандардың төңірегінде көбірек болады).Ол қандай ауа райы кезінде пайда болады?Бұлтты ауа райы кезінде ме,әлде бұлтты ауа райы кезінде ме?(Шық ауа райы бұлттанып тұрғанда болмайды,ол тек аспан шайдай ашық кезде пайда болады).Ал адамға шық керек пе? Оның пайдасы бар ма?(Жаңбыр сияқты шық та өсімдіктерге өте қажет және пайдалы.Шықтың тамшыларын шөптердің бетінен құстар мен жәндіктер ішеді).



Табиғаттағы еңбек: Гүл атқан өсімдіктерді аймақтан топқа ауыстыру.



8. Бақылау. Бала бақша аймағын тексеру

(«Тыңшылар» ойыны)


Мақсаты: Балалардың назарын табиғаттағы, өздеріне таныс гүлдердегі, ағаштардағы, көшеттердегі өзгерістерге аударту.


Сұрақтары: Аймақта жасыл желек көп пе? Гүлдер ше? Соларды табайық. Осы аймақ тірі ағзалардың үйі болып табыла ма? Қандай тірі ағзалардың мекені? Бұл үйде аумақтың мекендеушілеріне пайдалы не бар? (Аймақ – көптеген өсімдіктердің үйі, олар осы жерде өседі және өздерін жақсы сезінеді, себебі олардың тіршілік етуіне керекті нәрсенің барлығы бар: құнарлы топырақ, жеткілікті мөлшердегі ылғал, күннің көзі және жылу.) Таза әрі әсем аймақта серуендеу балалардың денсаулығына да пайдалы. Сондықтан аймақты күтіп таза ұстау керек. Енді іздеп көрейік, аймағымызда қанша жәндіктер бар екен? Олар жазда қанша еді? Олардың қазіргі іс-әрекеттері қандай? (күздегі)? Жаз мезгіліндегімен салыстыру.


Көркем сөз:


«КҮЗ»

Көк майсалы көрікті

Алқаптағы көп егін

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін


Табиғаттағы еңбек: Жапырақтарды кептіріп гербарий жасауға дайындау.


9. Ауа райын бақылау.


Мақсаты: Ауа райын сипаттайтын белгілермен таныстыру.


Мазмұны мен сұрақтары: аспанды байқап көру ұсынылады және оның түсі қандай екені, не көріп тұрғандары (бұлт, күн), жаңбыр жауып тұрғандығы немесе аспанның ашық екендігі айтылады. Аспанға қарап ауа райы анықталады (бұлттанған, ашық, жаңбырлы). Ары қарай желдің бар-жоқтығы анықталады (желді байқауға болатын белгілерді іздеу). Ауа райы басқаша сипатталады: желді (тынық). Содан соң ауа райының температуралық ерекшеліктері туралы айтылады. Балалардың киіміне, оның жыл мезгіліне, ауа райына сәйкестігіне назар аударылады және ауа райын анықтау ұсынылады (жылы, салқын, өте жылы, шамалы салқындау, суық). Қорытынды шығарылады.


Көркем сөз:

«Күз»

Жел тынымсыз гуілдеп

Болып кетті тым бұзық

Шуылдайды тал, терек

Жапырағын жұлғызып.

Табиғаттағы еңбек: Кіші топтың сыртқы бөлмесін тазалауға көмектесу.





10. Құстардың жылы жаққа ұшып бара жатқанын бақылау


Мақсаты: Құстардың азайғандығына назар аудару. Себебін анықтау.


Мазмұны мен тақырыбы: Қазір шыбындар, масалар, көбелектер бар ма? Олар қайда? Олармен басқа тірі табиғат өкілдері қоректене ме? (құстар) Ол құстар қазір немен қоректеніп жатыр? (Оларға қоректенетін ештеңе қалмады). Олар қорексіз қалай тірі қалады? Олар не істеп жүр екен? (Олар жылы жаққа ұшуға дайындалуда) Олардың ұшып кетейін деп жүргенін қайдан білдіңдер? (Олар топтаса біресе ұшуға дайындалып ауада қалықтаса, біресе сымдарға қонып ұзақ сапар туралы ақылдасқандай бір-бірлерімен сыбырласқандай болады) Біз оларды бірнеше күннен соң көре аламыз ба? (Бірнеше күннен соң біз оларды көре алмаймыз, олар ұшып кетеді).


Көркем сөз:

Киімі ала, ісі бар шала,

Мекені- орман, дала...

(сауысқан)

Жасыл орман желекті,

Оның күтіп, баққаны.

Тоқылдатса теректі-

Құртын қуып жатқаны.

(тоқылдақ)


Табиғаттағы еңбек: Құстарды жемдеу үшін жапырақтар мен өсімдіктер дәндерін дайындау.




11. Мақсатты серуен. Тақырыбы «Қоршаған ортаның жан-жануарларға әсері»

(Қарағайлы тоғайға саяхат)


Міндеттері: Қарағайлы тоғайда кездесетін ағаштар мен көшеттер туралы білімін жүйелендіру (қарағай жарықты жақсы көреді, сондықтан қарағайлы ормандарда үнемі жарық болады, қарағайдың иісі ауру тудыратын бактериялардың көбеюіне кедергі болады) Балаларды жемісті көшеттермен таныстыру: қарақат пен бүлдірген (олардың бір-біріне қандай ұқсастығы және айымашылығы бар, адамдар оларды қалай пайдаланады). Жануарладың өмірі қоршаған орта жағдайларына тәуелді екендігіне балалардың назарын аудару (қарағай көптеген жануарлар мен құстарға қорек беріп, ұя салуға мүмкіндік береді:үкілерге, ақтиіндерге т.б.). Туған жердің табиғатын сүюге, қарағайлы тоғай, орманның сұлулығна сүйсіне білуге тәрбиелеу.

12. Күзгі ағаштарға бақылау.
Мақсаты: Балалардың ағаш туралы білімдерін бекіту. Сұрақ-жауап арқылы сөздік қорларын, ой-өрісін дамыту. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру. Адамгершілік сезімге тәрбиелеу.
Көркем сөз
Отырғыз ағаш көктемде,
Жөн болар еңбек еткенің.
Келмесе шамаң еккенге,
Сындырма жұрттың еккенін
Мысал сұрақтар:
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Ағаштардың жапырақтарының түсі қандай?
-Неге күзді Алтын күз деп атайды?
-Неге күзде жапырақтар жерге түседі?
-Жерде жатқан жапырақтар неге ұқсайды?

13. Аула тазалаушының еңбегіне бақылау.
Мақсаты: Балаларға аула тазалаушы еңбегі жөнінде мағлұмат беру. Үлкендер еңбегін бағалай білуге. Қоршаған ортаны таза ұстау мақсатында азда болса өз үлестерін қосуға шақыру.
Көркем сөз
Қамымызды ойлайды
Тазалайды, жинайды
Құрметтейміз бәріміз
Тазалықшы ағайды
Мысал сұрақтар:
-Аула тазалаушы қандай еңбек етеді.
-Ол кісінің қолында қандай құралдар бар.
-Біз өз ауламызды, тұратын жерімізді ластауымыз керек пе?
-Үлкендер еңбегін қалай бағалауымыз керек?

14. Күзгі табиғатқа бақылау.
Мақсаты: Балаларды табиғат құбылысымен таныстыру. Күзгі табиғат әсемдігінен ләззат ала білуге баулу. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көркем сөз
Ұшты талдан жапырақ
Сары көбелек секілді
Аспанда жай шатырлап
Тамшы жерге секірді
Мысал сұрақтар
- Қазір қай жыл мезгілі?
- Күзде неше ай бар?
- Қазір қай ай?
- Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Неге алтын күз, жомарт күз, қара күз деп атайды?

15. Жерде жатқан жапырақтарға бақылау.
Мақсаты: Балалардың жапырақтар туралы білімдерін бекіту. Сұрақ –жауап арқылы сөздік қорларын молайту. Ойлау, қиялдау қабілеттерін арттыру. Табиғат әсемдігін сезіне білуге тәрбиелеу.
Жұмбақ
Ағайынды бәрі
Шықса жасыл
Түссе сары (жапырақ)
Мысал сұрақтар
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Жерде нелер жатыр?
- Жапырақтың түсі неге ұқсайды?
- Жапырақтар неліктен көктемде шығып, күзде түседі?
- Жапырақтан не жасауға болады?

16. Қарға құсқа бақылау.
Мақсаты: Балалардың қарға туралы білімдерін бекіту. Сұрақ –жауап арқылы сөздік қорларын молайту. Құстарға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көркем сөз
Қарға, қарға, қарғалар
Қар үстінде жорғалар
Боран соқса қор болар
Бұтаға келіп қорғалар
Қысып кетсе сары аяз
Мысал сұрақтар
- Балалар сендер қандай құстарды білесіңдер?
- Қарға қандай құс?
- Оның түсі қандай?
- Ол неге жылы жаққа ұшып кетпейді?
- Қарға қайда өмір сүреді?
- Ертегі кейіпкерінде қандай рол ойнайды?

17. Тұманды бақылау.

Мақсаты: Балаларды табиғи құбылыстың бірі – тұманмен таныстыру.

Мазмұны мен сұрақтары: қалай ойлайсыңдар тұман қалай пайда болады?(жылы әрі ылғал ауа ыссы жер бетінен жоғары көтеріледі де, салқынырақ ауамен араласады. Су буы ауадан ұп-ұсақ су тамшыларына айналады. Бұл тамшылар өте ұсақ болғандықтан, олар жерге тамбайды, оларды жел ұшырмайынша немесе күннің көзі кептірмейінше ауада қалықтап тұрады.) жылдың қай мезгілінде тұман тұрады? (Қалың тұмандар күз мезгілінде жиі тұрады). Тұман тәуліктің қай мезгілінде жиі тұрады? (Таңертең) Тұманды таң салқын бола ма, жылы бола ма? (күзгі тұманды таңда ауа райы дымқыл әрі салқын болады). Алыстан үйлер анық көріне ме? Жолдар? Ағаштар ше? (Қалың тұман тұрғанда өте нашар көрінеді).

Көркем сөз:

«Тұман»

Бұлттар төніп,

Жерге төгіп,

Дымқыл тұман басады.

Тбиғаттағы еңбек: Жерден түсі солған өсімдіктердің тамырын жұлу.



18. Бақылау «Бақ гүлдерінің тұқымдарын жинаймыз».


Мақсаты: Балаларды пішіні әртүрлі гүлдер тұқымдарымен таныстыру. Түсінік қалыптастыру: біржылдық және көпжылдық өсімдіктер.


Мазмұны мен сұрақтары: Тұқымның жетілгенін қалай анықтауға болады? Тұқымдарды не үшін жинау қажет? Біз жинап үлгермеген тұқымдарға не болады? Ол тұқымдардан гүл өсіп шыға ма? Қандай гүлдер өсіп шығады? Гүлдерді бақылау, піскен тұқымдарды жинап қорапшаға немесе дорбашаға салу. Тәрбиеші бір гүлде көп тұқым бар екеніне назар аударады. Демек келесі жылы көп гүл өсіруге болады.


Ойын:

«Гүл тұқымдары» дүкені

МАҚСАТЫ: Таныс гүлдердің тұқымдарының сыртқы пішінімен таныстыру. Гүл егудің кейбір тәсілдерін балалардың естеріне түсіру.

ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ: Сатып алушы өзіне керекті тұқымды және одан өсіп шығатын гүлді суреттеп, тұқымды егудің тәсілін айту керек.


Табиғаттағы еңбек: Балаларға тұқымдарды қорапшаға жинауды, олардың қайсысы қай гүлдің тұқымы екенін шатастырмау үшін, гүлдің суретін жабыстырып қоюды ұсыну.



19. Ауа райын салыстыру әдісімен бақылау.


Мақсаты: ауа райын салыстыру әдісімен анықтауды үйрену.


Сұрақтары: Кеше ауа райы қандай болды, естеріңде ме? Бүгін де ауа райы дәл сондай ма әлде өзгеше ме? Аспанға қарап айтыңдаршы, кеше қандай болды, бүгін қандай екен? Желдің бар-жоқтығын анықтаңдар және кешегі күнмен салыстырыңдар. Бүгінгі күн жылы ма салқын ба, сендер кешегідей киініп алдыңдар ма? Қорыта келе ауа райы толықтай жалпы анықталады.


Көркем сөз:


«Күз»

Күз де келді, күз келді

Күдерін жаз үзгенді

Күз де келді, күз келді

Көкте бұлттар жүзді енді.


Табиғаттағы еңбек: Аймақты жапырақтар мен бұтақтардан тазарту.



20. Жапырақтарды бақылау



Мақсаты: Балаларға табиғаттың жылдың барлық мезгілінде де сұлу екенін көрсету.


Сұрақтары:

Бақ түрлі түсті,

Жапырақтар үзіліп,

Жерге түсті!...


Өлеңде қандай табиғат құбылысы туралы айтылған? Күз мезгілінде жапырақтар неліктен жерге түседі? (Күзде жапырақтарға жылу мен күннің көзі жетіспейді). Ағаштар қысқы суыққа қалай дайындалады?(жапырақтарын түсіріп). Түрлі ағаштардың жапырақтарының түсі бірдей бола ма? (түрлі ағаштардың жапырақтарының түсі әртүрлі болады). Сендерге түрлі түсті жапырақтар ұнай ма? Оларды жинау сендерге ұнай ма? Неліктен?

Көркем сөз:

Алтын, сары, қызыл, көк...

Алуан, алуан жапырақ,

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Табиғаттағы еңбек: Жапырақтарды кептіріп аппликация жасауға дайындау.

.


21. Аймақтағы өсімдіктер мен олардың әр мезгілдегі ерекшелігін бақылау.


Мақсаты: Табиғи құбылыстар мен жыл мезгілдерін салыстырып, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын табу.


Мазмұны мен сұрақтары: Ағаштардың бірі қарастырылады. Бұл ағаш қалай аталады? Жапырақтарының түсі қандай? Сары түсті жапырақтары көп пе әлде жасыл түстілері көп пе? Сары түсті жапырақтары қай жерде орналасқан: жасыл түстілері ше? Ағаш түбінде түскен жапырақтар бар ма және олар қандай түсті? Ағаштағы жапырақ көп пе әлде жерге түскен жапырақ көп пе? Түрлі түсті жапырақтармен ағаш әдемі көріне ме?

Содан кейін аймақтың басқа да ағаштары туралы айтылады және күздің белгілері сөз болады. Ағаштарға қарап қайсысы ұнайтынын айтыңдар. Неліктен?

Көркем сөз:

Күзде

Қайтқан құсты көрдің бе,

Қаптай ұшқан әуелеп.

Күткен күзім келдің бе,

Сыңсып бағың мәуелеп.


Табиғаттағы еңбек: Артық бұтақтарды кесу.



22. Қайыңды бақылау.


Мақсаты: Қайыңда алдыңғы бақылаудан бергі пайда болған өзгерістерге балалардың назарын аудару.



Сұрақтары: қайың күздің аяғында, қыстың басында – желтоқсанда қандай болады? Біздің қайың қандай? Оның діңгегі қандай? (Қайың өте әдемі, ұсақ бұйра жапырақтары бар, діңгегі ақ, ол тіп-тізу). Жапырақтарының түсі қандай? Сары жапырақтары көп пе әлде жасылдары көп пе? Ағаштағы жапырақ көп пе, әлде жерге түскен жапырақ көп пе? Түрлі түсті жапырақтармен ағаш әдемі көріне ме?



Табиғаттағы еңбек: Ағаштар түбін қопсыту.


23. Желді бақылау.


Мақсаты: Балаларды табиғи құбылыстардың бірі желмен таныстыру.


Мазмұны мен сұрақтары: Қалай ойлайсыңдар, жел қайдан пайда болады? (Жел дегеніміз қозғалысқа ұшыраған ауа. Жылы ауа жоғарыға көтеріледі, ал салқын ауа төменде болады. Демек жылы ауа салқын ауадан жеңіл деген сөз.). жел не істейді? (шулайды, ызыңдайды, гүрілдейді, жапырақтарды жайқалтады, бас киімімізді ұшырып әкетеді). Жел қандай болады? (күшті, жай, тыныш, самал, жылы, үскірік, салқын, ыстық). Неліктен желді құбылмалы деп айтады? (Жылы жел салқын желге ауысып кетуі мүмкін) неліктен желді еркін деп айтады? (Ол барлық жерде есе алады, оны ұстау мүмкін емес) Сендерге қандай жел ұнайды және неліктен? Қандай желдерді кездестірдіңдер? Ал қандай желдерді кездестірген жоқсыңдар?

Ойын: Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.


Жұмбақ:

Қанаты жоқ ұшады,

Аяғы жоқ қашады.

(Жел)

Табиғаттағы еңбек: Жабайы өсімдіктердің тұқымдарын құстарды жемдеу үшін жинау.



24. Бақылау. Аула сыпырушының еңбегі.


Мақсаты: Балаларды аула сыпырушының қыс мезгіліндегі жұмыстарымен таныстыру.


Мазмұны мен сұрақтары: Біздің аймақты кім сыпырады? Ол не үшін сыпырады? Ол нені тазалайды? Жерге түскен жапырақтар көп пе? Неге көп? (күз бітті, қыс түсті) Бір-екі аптадан кейін қаншамасы түседі? Ол жапырақтарды қайда шығарады? Жапырақты уақтылы жинамаса, қардың астында қалады. Оны өртеуге бола ма? Неліктен?



Жұмбақтар шешу:

Аспандағы көлеңке жерге суын шашады.

(Бұлт пен жаңбыр)

Табиғаттағы еңбек: Аула сыпырушыға көмектесу – жеміс ағаштарының түбін қопсыту.


Қыс мезгілі

1. Бақылау. Алғашқы суық күндер.


Мақсаты: Балалардың ауа райының суытуының себептерін анықтай білулерін жетілдіру.


Мазмұны мен сұрақтары: қатқақ деген не? Ол неліктен пайда болады? (температураның төмендеуінен) Суық ауа райы кезінде не пайда болады? (Қырау) Ол не? (Ағаштарда, жердің бетінде, барлық нәрселерде мұз қабыршақтардың пайда болуы). Ол қандай болады? (Кейде инелер тәрізді қатады). Оны немен салыстыруға болады? (Қысқы қыраумен). Термометрге қараңдаршы, сынап бағанасы нөлден жоғары ма, төмен бе? Сонда бүгін температура қанша болғаны?

Тәжірибе: Алғашқы суық күндер.

Мақсаты: Судың күйінің ауа температурасына тәуелділігін көрсету.

Мазмұны: Екі ыдысқа бірдей мөлшерде су құю. Бір ыдыс суық күні сыртқа шығарылады да, екіншісі топта қалады. Балалармен бірге сырттағы және топтағы ауа температурасын өлшеу. Судың қату себебін анықтау.

Табиғаттағы еңбек: Сарымсақты қыста егу.


2. Қардың түсуін бақылау.


Мақсаты: Қысқы табиғат құбылыстарының бірі-қар туралы мағлұмат беру.

Мазмұны мен сұрақтары: Қар деген не? Ол неліктен пайда болады? (Температураның төмендеуінен) Қар қандай болады?(түсіне қарай-ақ, түссіз,жылтыр, көлеміне қарай-үлкен, кіші,күйіне қарай-ұлпа, жеңіл, дымқыл, жапалақтаған) Ол неге ұқсайды?(Ақ мақтаға) Оны немен салыстыруға болады?(Қыраумен) Қар жерге қалай түседі? (Қалықтап, жеңіл,себелеп, кейде жапалақтап тез жауады)

Көркемсөз:

Ақша қар

Айналамда ұшып жүр,

Ақ мамық қар себелеп.

Қалт-құлт еткен бейне бір,

Ақ қанатты көбелек.

Жұмбақ шешу:

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады.

(Қар)


Аппақ етіп айналаны,

Ақ көбелек айналады.

(Жапалақтаған қар)

Табиғаттағы еңбек: Аула сыпырушыға көмектесу.


3. Қарға бақылау
Мақсаты: Балаларға қыс көркі қар туралы білімдерін бекіту, табиғат әсемдігін сезіне білуге баулу. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көркем сөз
Бейне ақ бұлт қоныпты
Аулаға қар толыпты
Атам аңға шығатын
Нағыз сонар болыпты
Мысал сұрақтар
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қазір қай ай?
- Бұл қыстың қай кезеңіне жатады?
- Жерде нелер жатыр?
- Қардың түсі қандай?
- Қар неге ұқсайды?
- Қардан не жасаймыз?
- Жазда қар жауа ма? Неліктен

4. Қысқы ағаштарға бақылау
Мақсаты: Балалардың ағаштар туралы білімдерін бекіту. Сұрақ –жауап арқылы сөздік қорларын, ой-өрістерін дамыту. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Жұмбақ
Өсіп тұрған бұл не?
Жаз болса жайнап
Саясында ән салып,
Құстар жүрген сайрап.
Салқын түссе шешіліп,
Қалады өзі жайрап. (ағаш)
Мысал сұрақтар
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Бүгін ауа –райы қандай?
- Қандай ағаш түрлерін білесіңдер?
- Ағаштардың бұтағынан не көріп тұрсыңдар?
- Ағаштың пайдасы бар ма?
- Ағаштан не жасайды?
- Ағаштарды орынсыз шауып тастауға бола ма?

5. Желге бақылау
Мақсаты: Балалардың жел туралы білімдерін бекіту, табиғат құбылыстарын бақылай білуге үйрету, сөздік қорларын, ой-өрісін дамыту.
Көркем сөз
Желдет, желдет.
Жетіқара дауылдат,
Өрісін құлат,
Баласын жылат,
Тай терісін қалтырат.
Науа-астауын жалтырат.
Мысал сұрақтар
- Қазір қай жыл мезгілі?
- Бүгін ауа-райы қандай?
- Жел бар ма?
- Жел қай жақтан соғып тұр?
- Жылы жел ме, әлде салқын жел ме?
- Желдің пайдасы бар ма?

6. Аязға бақылау
Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін бекіту. Табиғат құбылыстарын бақылай білуге баулу. Сөздік қорларын, ой-өрісін дамыту. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көркем сөз
Шашқандай түнде күміс,
Аспан, жер екі арасы,
Сияқты бұл көрініс,
Аяздың шекарасы.
Мысал сұрақтар
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыстың қай айы?
- Бүгін ауа-райы қандай?
- Аяз терезелерге не салып қояды?
- Аяз екенін қайдан білдіңдер?
- Неге аяз болғанда күміс шашқандай дейді?

7. Мұзға бақылау
Мақсаты: Балаларға мұз туралы білімдерін бекіту. Сұрақ-жауап арқылы сөздік қорларын, ой-өрістерін дамыту.
Жұмбақ
Отқа жанбайды,
Суға батпайды. /мұз/
Мысал сұрақтар
- Қазір қай жыл мезгілі?
- Мұз қалай пайда болады?
- Мұздың түсі қандай?
- Неге мұз отқа жанбайды?
- Ол неге суға батпайды?

8. Қысқы табиғатқа бақылау
Мақсаты: Балаларды табиғат құбылыстарымен таныстыру. Қысқы табиғат әсемдігінен ләззат ала білуге тәрбиелеу. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыста неше ай бар?
- Қазір қай ай?
- Қыста табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Қыста қандай ойындармен ойнайсыңдар?
- Қыста даланың түсі қандай болады?
- Қыста ауа –райы қандай болады?


9. Торғайға бақылау
Мақсаты: Балалардың торғай туралы білімдерін бекіту. Сұрақ –жауап арқылы сөздік қорларын молайту. Құстарға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көркем сөз
Торғай, торғай тоқтаған
Торғайды торғай мақтаған
Бір торғай ұшса боранда
Бәрі жабылып жоқтаған
Мысал сұрақтар
- Балалар сендер қандай құстарды білесіңдер?
- Торғай қандай құс?
- Торғайлар неге жылы жаққа ұшып кетпейді?
- Торғай адам қолынан тамақ жейді ме?
- Біз қыстап қалған құстарға қандай қамқорлық жасаймыз?

10. Боран және бұрқасынды бақылау.


Мақсаты:Балалардың боран және бұрқасын туралы білімдерін кеңейту.


Мазмұны мен сұрақтары: Боран деген не? (Боран-қыс мезгілінде қардың ұйытқып соққан желдің әсерінен ауада қозғалысы) Ол неліктен пайда болады? (Ол суық желдің әсерінен пайда болады) Боран кезінде айналада қандай өзгерістер пайда болады? (Айнала аппақ болып, қар желмен ұйытқып бетке соғады, ештеңе көрінбейді) Бұрқасынның бораннан қандай айырмашылығы бар? (Бұрқасын бораннан гөрі жәй, жеңіл ғана борайды, боран сияқты қатты ұйытқып соқпайды).

Көркемсөз:

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды,

Мұз болады, қатады,

Жып-жылтыр боп жатады.


Табиғаттағы еңбек :Қардан шағын үйінділер жасау.

11. Қысқы ауаны бақылау
Мақсаты: Балаларға қыс туралы түсінік беру, қыстың өзгешелігіне, сұлулыққа сүйсінуге тәрбиелеу. Ақыл –ойын дамыту.
Қар жауып тұр, күн шығып тұр, жылы, салқын, аяз, сияқты жаңа сөздер қатарларының мазмұнын түсіндіру.
Мысал сұрақтар:
- Балалар қазір жылдың қандай маусымы?
- Оны қайдан білеміз?
- Балалар, біз қандай киім киіп жүреміз?
- Бүгін күн қандай?
- Балалар, қар қалай жауып тұр?
- Қардың ақ ұлпалары жерге қалай қонып жатыр?
Жұмбақ
Қыста ғана болады
Ұстасаң қолың тонады (қар)
Қолы жоқ сурет салады
Тісі жоқ, тістеп алады (аяз)
Жалт –жұлт етеді
Ұстасаң еріп кетеді (қар)

12. Қырауды бақылау.


Мақсаты: Бақылау арқылы қырау туралы білімдерін жетілдіру.


Мазмұны мен сұрақтары: Қырау деген не? Ол қандай болады? (аппақ, жылтыр, түрлі пішінді болады) Қыраудың қардан қандай айырмашылығы бар?(Қар жерде, үйлердің шатырында жатады, ал қырау ағаштарда, бағандарда, ток сымдарында болады)

Көркемсөз: Аппақ, аппақ, қар аппақ,

Қар жамылған дала аппақ,

Қырау-қырау тал аппақ.

Айналаның бәрі аппақ.


Жұмбақ: Терезеге қонады,

Әсем ою ояды.

(Қырау)

Табиғаттағы еңбек: Күркешені қардан тазарту.


13.Ауа-райының қыс мезгіліндегі ерекшеліктерін бақылау.


Мақсаты: Қысқы ауа-райына сипаттама бере білуге үйрету.


Мазмұны мен сұрақтары: Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады? (Күн суық, жиі қар жауады,жел тұрып боран соғады) Айналада қандай өзгерістер болады? (Айнала аппақ қарға оранады, кең тыныс алғанда салқын, таза ауа сезіледі, терезелерге аяз өрнек салады)Қыс мезгілінде қандай киімдер киеміз? ( Қыс мезгілінде біз қалың киімдер: басымызға бөрік немесе малақай, үстімізге жылы тон, қолымызға қолғап, аяғымызға жылы етік киеміз)


Көркемсөз: Жапалақтап ақша қар,

Жауды күнде қайталап.

Қырға шықты балалар,

Шаңғыларын арқалап.


Табиғаттағы еңбек: Үлкендердің еңбегін бақылау.



14. Қардың суға айналуы.


Мақсаты: Тәжірибе жасау арқылы қардың суға айналуын бақылау.


Мазмұны мен сұрақтары:

Тәжірибе: Ыдысқа салынған қарды тәрбиеші бөлмеге әкеліп қояды. Ыдыстағы нәрсе қар екендігіне балалар көз жеткізеді. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін, тәрбиеші балалар мен бірге ыдысты қарайды. Ыдыстың ішінде су.

Қар қайда? (Қар суға айналды) Қар неліктен суға айналды? ( Жылы ауаның әсерінен қар еріп кетті)



15. Қар мен мұзды салыстыру.


Мақсаты: Қар мен мұздың қасиеттерін айыра білу.

Мазмұны мен сұрақтары: Қар қандай?(Ақ, ұлпа, жеңіл) Ал мұз ше? (Мұз қатты,түссіз, жылтыр) Қар еріп,жылы ауаның әсерінен суға айналады. Ал еріген суды салқын жерге қойса, ол қатып мұзға айналады.

Тәжірибе арқылы балаларға түсіндіру.


16. Қар үстіндегі іздерді бақылау.

Мақсаты: балаларды қар үстіндегі адамдардың, жануарлардың, құстардың ізін айырып, білуге үйрету. Балаларды байқағыш, ойлау қаситтерін қалыптастырып, толықтыра түсу.

Қар үстіндегі іздерге назар аударып, оны анықтай білуге көңіл қою. Ауа райының қай кезінде іздер жақсы көрінеді?

Көркем сөз:

Ақ киімді денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау танымас тірі жанды,

Үсті – басы ақ қырау түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

(Абай)

Еңбек: құс тар үшін жемсалғыш жасап, оны ағашқа іліп қою, жем салу.

Мақсаты: қыстаған құстарға, хайуанаттарға қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Қимылды ойын: «Ақ қоян»

Мақсаты: балаларды ептілікке баулу.

Жеке жұмыс: бір құстың лабиринттен шығу жолы туралы ертегіні ойластыру.

Мақал:

Жемберсең құсқа қыста, сауабы тиер оның жазда.

17. Қар (ұлпаларының) ұшқындарына бақылау жүргізу.

Мақсаты: балаларды қар ұшқындарының қалай пайда болатынын, олардың құрлысымен таныстыру, сонымен бірге балаларды байқағыштыққа тәрбиелеу.

Балаларға қар ұлпасын қағып алып, зейін қойып, анықтауғаұсыну. Қар ұшқыны алты қанаттан тұрады, олар бір—біріне өте ұқсас келеді.

Қар ұшқыны жаңбыр сияқты, бұлтта жаратылады. Су буы өте жоғары көтеріледі: сол жоғарыда ауаның температурасы өте төмен болғандықтан, сол су буларынан кішкентай ғана мұз қиыршықтары пайда болады. Алты қырлы мұз түйіршіктері өсіп кішкентай жұлдызшаларға айналады, сөйтіп қар ұшқындары жерге түседі.

Көркем сөз:

Жазда көлге мұз қатты,

Табанымды мұздатты.

Мұз ойылып кетті тез,

Күліп едік, біз қатты.

Қимылды ойын «Ортаға түспек»

Мақсаты: тез жүгіріп секіруге, ептілікке үйрету.

Еңбек: қар атжалдарын жасауға балаларды үйрету.

Жеке жұмыс: шаңғыда жүре білуге машықтану.

Мәтел:

Қар көп болса, астық көп болады.

Жұмбақ:

Қолы жоқ, сурет салады

Тісі жоқ, тістеп алады.

18. Қар жауып тұрған құбылысты бақылау.

Мақсаты: қардың жауып тұрғанын бақылау, ауа райына байланысты құбылыстарды түсіндіру, аязды күнде қар жеңіл болады, олар ауада би билегендей, жылырақ күнде қар ауырлау тартады,- қалықтап жерге түседі, суық күнде қар ұшқындары жеделдеп жауады.

Тапсырма: «Қыс» тақырыбына символдар арқылы суреттер салуды ұсыну.

Көркем сөз:

Тазалашы мұз болған,

Есік алды тайғанақ жата берсін.

Біз оған теуіп жүрміз сырғанақ,

Шыға беріп жалтақтай,

Ұшып түсті қалпақтай.

Қимылды ойын: «Аңшы мен қояндар»

Мақсаты: жылжымалы лақтырған нысанға затты тигізу, жүгіруге өрмелеп шығуға жаттықтыру.

Еңбек: Тәрбиеші жұмысты әркімге бөліп беруге көмектеседі. Бірі қарды жинаса, енді бірі оны тасиды, шанаға артады, ұжым болып бәрі қарды тазалауға қатысады.

Мақсаты: жұмысты бірігіп атқаруға бағыт беру.

Жеке жұмыс: «Адасқан қар қиыршықтары» тақырыбына шығармашылқ әңгіме құрастыру.

Жұмбақ: Құм сиақты ұсақ болғанымен, жер бетін жауып үлгереді.

(қар)


19. Қырауды бақылау.

Мақсаты: балаларға қыраудың қалай болатынын айтып кету. Қырау түскен ағаштарды бақылау. Темір затқа үрлеп көрейік. Оған қырау түсті, біздің буымыз суықтан қырауға айналды. Сонымен қырау бұл кәдімгі бу, ол әйнек шынысына, ағаш бұтақтарында, бұтақтарында, басқа заттарда қатып, қырауға айналған. Қырау әдетте күннің ашығында пайда болады.

Көркем сөз.

Тазартып бар кір шаңнан,

Қыс өнерін бастады.

Терезеге қыраудан,

Сурет салып тастады.

Қимылды ойын: «Суыққойлар»

Мақсаты: қимылды жаттығуларды жасауды үйрету, тапқырлық таныта білу.

Еңбек: бір біріне кедергі жасамай, жұмыс істеуге үйрету.

Жеке жұмыс: тәжірибе жасау: мұз бу су (заттың бір түрден басқа түрге айналуы)

Жорамал:

Ағашқа қырау түссе, аяз болады.

Тұман болса, күн жылынады.

Егерде түнде қырау түссе, күндіз қар жаумайды.

Жұмбақ:

Қанат сияқты ақ,

Ұлпа боп жерде жатады.


20. Мұз сүңгісін бақылау.

Мақсаты: балаларға мұздың қасиеті туралы мол түсінік беру. Байқағыштық қасиетті қалыптастырып, іске баға беріп, қортынды жасай білуге үйрету.

Тапсырма: «Сүмелек мұз» тақырыбына сурет салу.

Сұрақтар:

Сүмелек мұз жөнінде не айтуға болады?

Ол қандай? Сәбіз сияқты

Сүмелек мұз қай жерде, қалай пайда болады?

Күнгей жақта ма, әлде терістік жақта ма?

Олар қайдан пайда болады?

Осыдан қандай қортынды жасауға болады?

Көркем сөз:

Көл бетінде жатыр айдын – мұзойнақ,

Қыстың өзі жасағандай бізді ойнап,

Шаңғы теуіп жарысамыз желменен,

Күнде осында қызықтаймыз біз ойнап.

Мұзафар Әлімбаев

Қимылды ойын: «»Үйсіз қалған қоян

Мақсаты: ойынның тәртібін сақтай отырып, секіріп алға жүгіру.



21. Қайың ағашын бақылау.      (Қиялдау)

Мақсаты: қайың ағашының қысқы көркін бақылау.

Балаларды табиғаттың қорғаушысы болуға тәрбиелеу.

Тапсырма: ағаш туралы суреттер бойынша шығармашылық әңгіме құрастыру. Әр балаға суреттер таратылады.

Көркем сөз

Ағаштар тұр жүдеп,

Жапырақ сәні енеді.

Соғады жел үдеп,

Қыстың кеп сәлемі. 

Еңбек: қайың ағашының түбіне қар жинау.

Мақсаты: балаларға ағаштың түбін қармен жабудың сырын, пайдасын түсіндіру.

Қимылды ойын: «Біз көңілді баламыз»

Жеке жұмыс: «Жұмбақты шеш» сюжетті ойын ойнату.

Жұмбақ:  

Жазда жатсаң көлеңкесінеалады,

Қыста жақсаң, жаның рахат табады.

Ағаш

22. Терезедегі өрнектерді бақылау.

Мақсаты: балаларға құбылысты түсіндіру. Олардың ойын толықтыру. Терезедегі өрнектерді бақылау.

Тапсырма: трафареттің көмегңмен «Аяз атаның терезеге салған келемежді суреттері» атты ұжымдық жұмыс жасау.

Көркем сөз:

Бір топ бала сырғанап,

Барады әне жарысып.

Қалды артта қыр қалып.

Қимылды ойын: «Айлакер түлкі»

Мақсаты: оңды – солды жалтырап жүгіруге жаттығу.

Еңбек: қардан бекініс жасауды үйрету.

Мақсаты: күрекпен қарды ойып, үй салуды, бекет тұрғызуды үйрету.

Жеке жұмыс: қар атжалына секіріп шығу және одан жерге түсуге үйрету.

Жорамал: қыз аязды болса – жаз ыстық болады.

Жұмбақ:

Отта жанбайды

Суда батпайды.        ( Мұз)

23. Желді бақылау.

Мақсаты: желдің бағытын қапалық арқылы анықтау.

Сұрақтар:

Желдің бағытын, күшін қалай біліп, анықтауға болады?

- үй мұржаларынан шыққан түтіннен

- қағаздың ұзыншалау кішкентай кескінділерінен т.б. жорамалдарынан анықтап білуге болады.

2. Қыста жел қандай болады?

Көркем сөз

Қыстағы қар, жаздағы жаңбыр – жерге жауған нұр.

Қимылды ойын: «Әткеншек»

Мақсаты: алғашқыда асықпай, сонан соң тез айналып жүгіру.

Еңбек: алаңшаны көркейту үшін түрлі-түсті мұз кесінділерін дайындап қою.

Мақсаты: суды қатырып, мұз қалпына келтіру, заттың алғашқы күйінен екінші күйге көшіру.

Жеке жұмыс: екі аяқпен бірдей қарлы жолмен секіру.

Жорамал: қарғалар мен шауқарғалар ағаштың төменгі бұтақтарына отырса – күн желді болады.

24.  Аула сыпырушы еңбегімен танысу

Мақсаты: аула сыпырушының қыс кезіндегіеңбег, оның жұмысы туралы балалардыңтүсінігін толықтыру. Балғындардың еңбегін бағалап, құрметтеуге тәрбиелеу.

Тапсырма «Ауланы тазалаушының еңбегін қалай жеңлдетсем» деген тақырыпқа шағын әңгіме құрастыру.

Көркем сөз

Қолынамкиіп қолғапт,

Ауланы ағай сыпырды.

Тазалап қарды мұздарды,

Бәрімізге ол жол ашты.

Еңбек: аула сыпырушыға балабақшаның ауласын сыпруға көмектесу.

Мақсаты: ересек адамдарға қолдан келгенше көмек беруге деген балалардың ынтасын қолдап, еңбекке баулу.

Қимылды ойын: «Сауыққойлар» (қысқы спорт ойындары.)

Жеке жұмыс: «Кім алысқа секіреді?» Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру.

Жаңылтпаштар:

Қаңтар айы болды, күн суытты

Қалың қар жауды, боран соқты.

Жапалақтап ақ жауды


25. Алаңдағы ағаштарды бақылау

Мақсаты: балалардың ағаштарды қыс кезінде қалпын анықтап, білімін толықтыру.

Тапсырма: «Таңғажайып ағаштарды безендіреміз» тақырыбына сурет салу.

Ағаштарды сыртқы түсінен, түрінен, бұтақтарынан қалай орналасуынан танып, айыруға үйрету.

Балаларды табиғатқа қамқоршы болуына тәрбиелеу.


Сұрақтар:

Жапырақсыз ағаштарды қалай атаймыз?

Жапырақтар неге күзде түсіп қалады?

Ағаштар бір біріне немен ұқсас?

Ордың айырмашылығы қандай?

Дидактикалық ойын: «Сөзбен суреттеп айт» ағаштың түрін таны.

Қимылды ойын: «Ордағы қасқыр»

Мақсаты: секіруге, затты лақтыруға жаттықтыру.

Еңбек: ағаштардың түбін қармен жабу.

Мақсаты: қар ағаштың түбін аяздан қорғайтынын балаларға түсіндіру. Балаларды табиғатқа қамқоршы болуына тәрбиелеу.

Жеке  жұмыс: шаңғымен жаттығулар жасау: екі аяқпен кезек-кезек оңға, солға.


26. Қар жинайтын машинаның жұмысын бақылау.

Мақсаты: адам еңбегін жеңілдететін машинамен таныстыруды жалғастырып, қоршаған орта білімдерін толықтыру.

Тапсырма: «Ауланы тазалаушының еңбегін қалай жеңлдетсем» деген тақырыпқа шағын әңгіме құрастыру.

Сұрақтар:

Бұл машинаның аты  қалай?

Ол не істейді?

Ол қарды қалай жинайды?

Балалар сендер адам еңбегін жеңілдететін тағы қандай машиналарды білесіңдер?

Көркем сөз:

Кәне, кімнің бойы ұзын,

Паровозы ол поездың.

Қатар-қатар тұратың

Поезды біз құрайық.


Қимылды ойын:       «Аңшы мен коян»

Мақсаты: нысаңаға  затты лақтырып тигізу, жугіру,өрмелеп жоғары шыға білу.

Еңбек: гүлзарға,ыдысқа түрлі-түсті мұзды қатырып қою.

Мақсаты: балалардың эстетикалық танымдарын арттыру.Айналаны әсем етіп көріктендіру.

Жеке жұмыс: шанғы тебе білуге үйрету.Шанғы жолымен сырғанай отырып жүру.

Жорамал: Қыс қарлы болса-Жаз жаңбырлы болады.


27. Саябаққа саяхат.

Мақсаты: қыстың (нышаны) белгілері туралы балалардың білімін анықтап, толықтыра түсу.Балалардың сөз құрамында:қыс,қар, мұз, аяз,қар қырш-қырш еттеді,жалтырайды,жылтылдайды басқа қысқа байланысты сөздер қолдану.Балаларды табиғаттың қамқоршысы,жанашыры етіп тәрбиелеу.

Тапсырма: «Қыс кемпірдің бқзықтығы» атты тақырыпта шағын әнгііме қүрастыру,қыстың жағымды,жағымсыз құбылыстары туралы.


Көркем сөз:

Ақ қар жауды,

Енді аппақ жер өңі

Қардаң таулар

Көлеңкесін көреді.


Қимылды ойын: «Біз көңілді баламыз»

Мақсаты: тез жүгіруге,жүгірген баланы тез ұстап алуға  жатықтыру.


Жеке жұмыс: жүгіріп келіп қарды алысқа лақтыруға жатықтыру.

Кім бәрінен алысқа лақтырса-сол жеңімпаз.


Жұмбақтар:                                    Мәтел:

Қанаты жоқ ұшады,                      Қыстағы қар,жаздағы жаңбыр-

Аяғы жоқ желеді,                            Жерге жауған нұр.

Аузы жоқ ұлиды. (боран)

28. Күн көзін бақылау.

Мақсаты: күннің көзін қыс мезгілімен (қыстың басы, ортасы,аяғымен ) байланыстырып, балаларға барынша мол түсінік беру.Күн қысқарады-желтоқсанның 22-сі ең қысқа күн  болып есептеледі. Күннің көзі «ұясынан» сәл ғана көтеріліп, біраздан соң кешкі ұясына  барып  қонды.

Күн қысқа әрі суық .Көлеңке ұзарды.


Көркем сөз:

Батар күннің атар таңы бар.

Қимылды ойын: «Жұп болып эстафета ойының жүргіжу»

Мақсаты: шанамен сырғанақ тебу.Балаларды эстафета бір-біріне беруге үйрету.Жолдасы үшін жанашыр,жақсы жолдас болуға  тәрбиелеу.


Еңбек: Аққала жасау.


Мақсаты: қармен жұмыс істеуге үйрету.

Жеке жұмыс: өз қиялдарымен әнгіме-салаттарды құрату.


Жұмбақ;                                                             Мақал:

Таңмен көзін ашады,                                        Мезгіл жетсе,

Әлемге нұрын шашады.                                   Мұз да ерір.


29. Ауа райының жайсыз жағдайын бақылау.


Мақсаты:  Балаларға ауа райының  жағдайын байқап, белгілеуді  ұсыну. Қатты желге  назар аудару. Қатты жел әсіресе  ақпан айында  жиі болады,

ұйтқыған  боран мен бұрқасын борандарда қар бір жердең бір жерге жөңікіліп жүреді.


Көркем сөз:

Қыстың кенже баласы ақпанбысың,

Аспан астың ораған ақ ьқармысың.

Алай-түлей бораның, язында,

Әппағым-ау аз –аздан шақтармысың?!


Қимылды ойын: «Үшінші артық»

Мақсаты: Шапшандыққа баулу.


Еңбек: Ауланы қардан тазалау.

Мақсаты: күректі пайдалана білуге үйрету.


Қимылды ойын: Денені тік ұстап, жатығуларды дұрыс білу.


Жаңылпаштар:

Қар аппақ, дала аппақ-бәрі аппақ....

Қыс қыспаса, қыс па? Құс ұшпаса, құс па?


30. Саябаққа саяхат.


Мақсаты: балалардың қыс жөніндегі түсініктерін  толықтыра түсу.

Туған табиғатқа деген балалардың сүіспеншілігін қалыптастырып,арттыру, оның ғажап сұлуғын балаларға сүйсіндіру.

Сұрақтар:

Қазір жылдың қай мезгілі?

Жердің беті қандай?

Күн көзінің нұры қандай?

Жылуы қандай, жылыта ма?

Сендер аязды сезінесіндер ме?

Бұрынан таныс ағаштардың, құстардың атын еске алып, олар туралы сұхбат жүргізу.Саябақты аралап,оның гүлденгенін сүйсіне білу.

Көркем сөз:

Күн мейрімін төгеді,

Жазаламай ешкімді

Сәулесімен өбеді, кәрі еменді, өскінді,

Жаз құшағы шуақты, күн анамыз сияқты.

Қимылды ойын: «Суық аяз»

Мақсаты: тез жүгіруге жүгірген баланы ұстап алуға жаттықтыру.

Жеке жұмыс: алға қойылған тосқауылдардан екі аяқпен бірдей секіріп, өте білу. (айналадағы жатқан заттарды да пайдалануға болады)


31. Қыстың негізгі белгілерін бақылау.

Мақсаты: балаларды қыстың белгілерін ажырата білуге үйрету..

Көркем сөз:


Аппақ, аппақ ақшақар

Бірін ұстап алайын...

Ұстадым!

Жоқ, ақша қар,

Қайдан іздеп табайын?

(Жақан Смаков)

Қимылды ойын: «Аяз»

Мақсаты: тез жүгіруге жаттықтыру.

Еңбек: үйдің ауласын қардан тазартып қою.

Мақсаты: күрекпен жұмыс істеуге үйретіп, еңбекке баулу.

Қимылды жаттығулар: мұзды жолмен сырғанай білуге жаттықтыру.

Жорамал:

Түтін будақтап шықса, аяз болады.


32. Қала көшелерін бақылау

Мақсаты: тәрбиеші көшеде тәртіп сақтау туралы, жол жүру ережесі туралы, көліктердің көптеген түрі туралы білімдерін анықтап, толықтыру.

Сұрақтар:

Көшедегі үйлер қандай?

Көшедегі көліктер бір бағытта жүре ме, әлде екі бағытта жүре ме?

Жүргіншілер қайда, қандай жолмен жүрулері керек?

Көркем сөз:

Менің атым «бағдаршам» мекен жайым тұрақты,

Жақсы білем міндетімді, мүдірмеймін ешқашан.

Жол сілтейтін белгілер бөлінеді төрт топқа.

Қимылды ойын: «Жанады жанбайды» ойыны.

Мақсаты: тез жүгіруге, шыдамдылыққа жаттықтыру.

Еңбек: балабақшаның маңын қардан тазарту.

Мақсаты: күрекпен жұмыс істеуге, бірлесіп еңбек атқаруға, істі аяғына дейін тиянақты орындауға үйрету.

Жеке жұмыс: мұздың үстімен сырғанай білу.

Жұмбақтар:

Менің үш көзім бар,

Бір көзім «кідір» дейді,

Бір көзім «жүгір» дейді,

Бір көзім «абайла» дейді,

«Қарап ал маңдайға!» - дейді

(Бағдаршам)

33. Өзен, көл, су тоғандарына саяхат.

Мақсаты:   Балаларды өзен, көл, су тоғандарының қыстағы өзгерістерімен таныстыру. Мұздың қасиетімен, қалпымен жете таныстыру. Мұз қауіпсіздігіне арналған ережелермен таныстыру?

Тапсырма: «Сүмелек мұз» тақырыбына сурет салу.

Сұрақтар:

Өзендегі суға не болды?

Су неге қатты?

Өзеннен нені көруге болады?

Қай кезде мұздың үстімен жүріп, коньки тебуге болады?

Көркем сөз:

Тез қарасын батырды,

Қар жаңбырлы сиқыр бұлт.

Жел көк мұзды қатырды,

Жердің бетін типыл ғып.

Балалардың берген жауабын қорытындылау: Мұздың жұқа кезінде оның үстімен жүгіруге, коньки тебуге болмайтынын балаларға айту.

Қимылды ойын: «Шортан мен табан балықтар»

Мақсаты: тез жүгіруге, жүгірген баланы тез ұстап алуға жаттықтыру, айналаны бағдарлай білуге үйрету.

Жеке жұмыс: денеңді тепе тең ұстап, мұз үстімен сырғанай білу.

Жұмбақтар

Отқа жанбайды,

Суға батпайды.       (мұз)



34. Қардың қасиетін бақылау

Мақсаты :қар туралы балалардың білімдерін толықтыру, ақ, ұлпа сияқты, күн нұрына шағылысып жылтырайды.


Көркем сөз:

Аққала

Аула сырты баққа да,

Тұрғызамыз аққала

Аққаланы айналып,

Ойлаймыз біз шаттана.


Қимылды ойын: «ұстап ал»

Мақсаты: белгі берілісімен бірден іске кірісіп, жаттықтыру.

Еңбек: қарды күреу.

Жеке жұмыс: қарды жұмырлап, қатты қысу.

Жұмбақтар:

Мамықтай ұлпа,

Қанттай ақ.

Қыста жер бетін басады,

Жазда сайға қашады.

Мақал:

Сыртта «тау» болып жатса,

Үйде су болып тұрады.

Далада қар болса,

Қамбада астық болады.

35. Құстарды бақылау.

Мақсаты: қыстайтын, алаңға келетін құстардың аттарын анықтау. Олардың сыртқы бейнесін, қандай жемді жақсы көретінін, қалай тұрып, қалай жүретіндерін анықтау.

Балаларды байқағыштыққа, құстарға жанашыр болуға тәрбиелеу.

Көркем сөз:

Мың торғай қамаса қораға,

Бір торғай тұрмайды...

Бір торғай тұрмайтын қораға

Мың торғай тұрмайды.

Қимылды ойындар: «Ұядағы құстар»



36.  Табиғат күнтізбесі бойынша ауа райын бақылау.

Мақсаты: ауа райын бақылау. Ауа райына көңіл бөліп, байқау өткізулерін ұсыну.

Сық па, жылы ма?

Күн желді ме, жоқ па?

Балалар қалай киінген?

Ауа райының жайы қалай анықталады?

Күн шуақты ма, әлде бұлыңғыр ма?

Қар жауып тұр ма?

Жуырда қар жауып, өттіме ме?

Серуендеп келген балаларға бүгін өздері көріп, бақылаған ауа райының жайын күнтізбеге белгілеулері керектігін естеріне салу.

Тапсырма: бұлттың суретін салу.

Көркем сөз

Далада қандай тамаша,

Ақ мамыққа оранған.

Ақ дастархан жапқандай,

Көз тоймайды қарасаң.

Қимылды ойын: «Арқан тарту!»

Мақсаты: қимыл-қозғалыстарын қалыптастыру.

Еңбек: кішкентай балдырғандардың ойнайтын ауласын қардан тазарту.

Мақсаты: балаларды өздерінен кішілерге қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Жеке жұмыс: алдағы тосқауылдан өтерде: жүгіру, еңбектеп жүгіруге, секіруге жаттықтыру.


37. Табиғат күнтізбесі бойынша ауа райын бақылау.

Мақсаты: өткен күндердегі дей ауа райын бақылау. Ағаштарды анықтап зерттеу. Күзде олар қандай болғанын еске түсіру. Қандай өзгеріс бар? Бір ағашты анықтап, суретін салып, оны күнтізбеге сақтау.

Балалар бала бақшада тәрбиешінің көмегімен ауа райының жағдайын күнтізбеге белгілеу.

Тапсырма: «Ашық аспан» тақырыпта сурет салу. Қағаз түстерінің бояуын түстеп, бір бояудың үстіне екінші бояуды жаға отырып, түсін келтіруге үйрету.

Көркем сөз:

Бүрсең қағып жапырақтар,

Көше кезіп көшіп жатыр.

Тыныш қалған атыраптар,

Аппақ қарға тосып жатыр.

Қимылды ойындар: «Соқыр теке».

Мақсаты: шеңберде тез жүгіруге жаттықтыру, ептілікке үйрету, ойынның сөздерін дұрыс айтқызып жаттату.

Еңбек: қатқан мұз жолын тазалап, су құйып ретке келтіру.

Мақсаты: алаңшада тазалық, тәртіп сақтап, судың мұзға айналғанын көріп, қызықтау...

Жеке жұмыс: «Кім алысқа лақтырады?». Қар түйіршіктерін алысқа лақтыруға жаттықтыру.

Жорамалдар:

Қыс аязды болса – жаз ыстық болады.

Қыста қар мол болса – жазда жаңбыр мол болады.

Ағашқа қырау тұрса – күн жылы болады.

Көктем мезгілі

  1. Ағып жатқан суға бақылау
    Мақсаты: Балаларды табиғат құбылыстарымен таныстыру. Сұрақ –жауап арқылы сөздік қорларын, ой-өрісін дамыту. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
    Көркем сөз
    Алақай –ау, алақай
    Көктем келді балақай
    Құстар келіп ән салып
    Жылғалардан су ақты
    Мысал сұрақтар
    -Балалар қазір қай жыл мезгілі?
    -Көктемде неше ай бар?
    -Қазір қай ай?
    -Далада қандай өзгерістер болып жатыр?
    -Қар еріп неге айналды?
    -Жылғалардан нелер ағып жатыр?

    2. Көктемгі табиғатқа бақылау
    Мақсаты: Балаларды табиғат құбылыстарымен таныстыру. Көктемгі табиғат әсемдігінен ләззат ала білуге баулу. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
    Көркем сөз
    Жайраңдасып кәрі жас
    Құстар келе бастады
    Қыс киген ақ шапанды
    Көктем сөгіп тастады.
    Мысал сұрақтар
    -Қазір қай жыл мезгілі?
    -Көктемде неше ай бар?
    -Қазір қай ай?
    -Көктемнің хабаршысы деп қай құсты атайды?
    -Көктем сендерге несімен ұнайды?

  2. Суға бақылау
    Мақсаты: Балалардың су туралы білімдерін бекіту. Сұрақ –жауап арқылы сөздік қорларын, ой -өрісін дамыту.
    Жұмбақ
    Жылт –жылт еткен
    Жылғадан өткен (су)
    Мысал сұрақтар
    -Балалар далада не ағып жатыр?
    -Су неден пайда болады?
    -Бүгін ауа –райы қандай?
    -Судың түсі қандай
    -Сусыз адам өмір сүре ала ма?
    -Неге су тіршілік нәрі деп атайды?
    -Егер су болмаса не болады?

    4. Ұшаққа бақылау
    Мақсаты: Балалардың ұшақ туралы білімдерін молайту. Сұрақ –жауап арқылы сөздік қорларын, ой -өрісін дамыту.
    Жұмбақ
    Аспанда ұшар қалықтап
    Құс қанаты секілді (ұшақ)
    Мысал сұрақтар
    -Аспанда не ұшады?
    -Ұшақты неменеге ұқсатады?
    -Балалар сендер қандай ұшақ түрлерін білесіңдер?
    -Ұшақ не үшін керек?
    -Ұшақ күнделікті көлік жүретін жолмен жүре ала ма?
    -Ұшақты кімдер жүргізеді?

    5. Құстың ұясына бақылау
    Мақсаты: Балаларға құстың ұясы тупалы мағлұмат беру. Ұяны құстар неден және қалай жасайтыны туралы мағлұмат беру. Құстарға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
    Жұмбақ
    Тал басында түндіксіз отау (ұя)
    Мысал сұрақтар
    -Балалар біз ағаштың басынан не көріп тұрмыз?
    -Құстар ұяны не үшін жасайды?
    -Қай құс ұясын балшықтан жасайды?
    -Құстың ұясын бұзуға бола ма?
    -Қандай құс ұя салмайды?
    -Біз құстарға ұя жасауымыз керек пе?

    6. Көктемгі еріп жатқан суға бақылау
    Мақсаты: Балалардың қар туралы білімдерін тиянақтау. Қоршаған ортаға деген Қамқорлық сезімін ояту.
    Көркем сөз
    Аппақ-аппақ қарымыз,
    Кірлене олар бастады.
    Күндіз-түні ол еріп
    Жоғала олар бастады.
    Мысал сұрақтар
    -Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
    -Көктемде неше ай бар?
    -Қазір қай ай?
    -Далада қандай өзгерістер болып жатыр?
    -Неге көктемде қар ери бастайды?
    -Қазір жерде жатқан қардың түсі қандай?

    7. Табиғатқа бақылау
    Мақсаты: Балалардың айналадағы табиғатты бақылай білуге баулу. Сұрақ –жауап арқылы, ой -өрісін дамыту. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
    Көркем сөз
    Күннің көзі алтын түске боялып
    Бар тіршілік кетіпті ғой оянып
    Тиін өрлеп, торғай қонып ағашқа
    Балалардың жетпейтіндей бойы анық
    Мысал сұрақтар
    - Қазір жылдың қай мезгілі?
    - Бүгін ауа –райы қандай?
    - Қазір қай ай?
    - Айналамызда қандай өзгерістерді көріп тұрсыңдар?


8. Күнге бақылау
Мақсаты: Күн туралы білімдерін бекіту, күннің көзінің шуағы не үшін керек екенін түсіндіру. Сөздік қорларын, ой-өрісін дамыту.
Көркем сөз
Алақай, алақай
Күн шықты
Жер үстіне, нұр шықты
Мысал сұрақтар
- Күннің көзі қай мезгілде шығады?
- Күннің көзі бізге не береді?
- Күннің түсі қандай№
- Егер күннің көзі шықпаса не болады?
- Күннің көзінің адамға пайдасы бар ма?
- Күннің пішіні қандай?

9. Аспанға бақылау
Мақсаты: Балалардың аспан туралы түсініктерін молайту. Сұрақ –жауап арқылы сөздік қорларын молайту.
Көркем сөз
Аспан, аспан арайлым
Саған жиі қараймын
Сені көзбен шамалап
Мен ғарышкер боламын
Мысал сұрақтар
- Қазір қай жыл мезгілі?
- Бүгін аспан қандай?
- Аспанда бұлт болса не болады?
- Аспанда қандай көлік түрлері ұшады?

10. Көп қабатты үйлерге бақылау
Мақсаты: Балаларға көп қабатты үйлердің кімдер және неден жасайтыны туралы мағлұмат беру. Ой-өрісін дамыту.
Көркем сөз
Қалада көп биік үй
Соның бәрі біздің үй
Барады үйлер биіктеп
Төбесіне тиіп көк
Мысал сұрақтар
- Балалар біз қай қалада тұрамыз?
- Қалада қандай үйлер көп?
- Сендер тұратын үй қандай?
- Көп қабатты үйлерден басқа тағы да қандай үйлер болады?
- Үйлерді кімдер салады?
- Құрылысшылар неден үй салады?


11. Жаңбырға бақылау
Мақсаты: Балалардың жаңбыр туралы білімдерін бекіту, сұрақ –жауап арқылы сөздік қорларын, ой-өрісін дамыту. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көркем сөз
Жау, жау, жаңбыр
Жау жаңбыр
Жер көгерсін, көк өссін
Жау, жау, жаңбыр
Жау жаңбыр
Мысал сұрақтар
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қазір қай ай?
- Бүгін ауа –райы қандай?
- Далада не жауып тұр?
- Жаңбырдың қандай пайдасы бар?
- Егер жаңбыр жаумаса не болады?
- Жаңбыр қайдан жауады?

Жаз мезгілі

  1. Жазғы табиғатқа бақылау
    Мақсаты: Балаларды табиғат құбылыстарымен таныстыру. Жазғы табиғат әсемдігінен ләззат ала білуге баулу. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
    Көркем сөз
    Балақай, алақай
    Жаз келді алақай
    Жалаң аяқ жүреміз
    Балақты да түреміз
    Көлден балық сүземіз
    Мысал сұрақтар
    - Қазір жылдың қай мезгілі?
    - Жазда неше ай бар?
    - Қазір қай ай?
    - Жазда табиғатта қандай өзгерістер болады?
    - Құрт –құмырсқалар не істеп жүр?
    - Жаз сендерге несімен ұнайды?
    2. Өрмекшіге бақылау
    Мақсаты: Балалардың өрмекші туралы білімдерін бекіту. Сұрақ –жауап арқылы сөздік қорларын, ой-өрімін дамыту.
    Жұмбақ
    Тоқыған ауы
    Шыбынның жауы (өрмекші)
    Мысал сұрақтар
    - Балалар біз нені көріп тұрмыз?
    - Өрмекші қайда жүреді?
    - Ол не тоқып жүреді?
    - Өрмекті не үшін тоқиды?
    - Өрмекшінің адамға пайдасы бар ма?
    3. Гүлге бақылау
    Мақсаты: Балалардың гүлдер туралы білімдерін бекіту. Гүлдерді ажырата білуге үйрету. Тірі табиғатқа деген қамқорлық сезімге тәрбиелеу.
    Көркем сөз
    Біз доспыз гүлдермен
    Текке оны жұлмаймыз
    Той күні бір –бірден
    Аналарға сыйлаймыз
    Мысал сұрақтар
    - Балалар алаңда не өсіп тұр?
    - Сендер қандай гүлдерді білесіңдер?
    - Гүлдерді жұлуға бола ма?
    - Гүл неге керек?

    4. Құмырсқаға бақылау
    Мақсаты: Балалардың құмырсқа туралы білімдерін кеңейту.Сұрақ қоя отырып ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Құмырсқа ерекше жәндік екенін балаларға айту.
    Жұмбақ
    Алға, артқа қарай жүреді
    Еңбек сүйгіш
    Оны бәрі біледі (құмырсқа)
    Мысал сұрақтар
    - Балалар жылдың қазір қай мезгілі?
    - Біз нені көріп тұрмыз?
    - Ол неге жүгіріп жүр?
    - Құмырсқаның үйін не дейді?
    - Ол илеуіне не тасып жүр?
    - Ол не үшін керек?
    - Құмырсқа қыста бола ма?
    - Құмырсқаның илеуін бұзуға бола ма?

    5. Көбелекке бақылау
    Мақсаты: Көбелек туралы білімдерін бекіту. Сөздік қорларын молайту. Тірі табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
    Көркем сөз
    Көк шалғында Төребек,
    Қуып жүрді көбелек,
    Қызыл-жасыл қанаты,
    Қызғалдақтай керемет.
    Мысал сұрақтар
    - Қандай жәндіктерді білесіңдер?
    - Көбелек қандай жәндік?
    - Түр-түсі қандай?
    - Көбелек қайда қонады?
    - Көбелектің адамға пайдасы бар ма?

    6. Мысыққа бақылау
    Мақсаты: Балалардың мысық туралы білімдерін бекіту. Жануарларға деген қамқорлық сезімін ояту.
    Көркем сөз
    Пеш қасында мысық отыр,
    Екі көзін қысып отыр,
    Тышқан етін жегісі келіп
    Тісі оның қышып отыр.
    Мысал сұрақтар
    - Балалар мысық қандай жануар?
    - Мысық неден қорқады?
    - Мысық немен қоректенеді?
    - Мысық қалай жуынады?
    - Ол қандай жабайы аңға ұқсайды?

    7. Итке бақылау
    Мақсаты: Балалардың ит туралы білімдерін бекіту. Сұрақ-жауап арқылы сөздік қорларын, ой-өрістерін дамыту. Жануарларға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
    Жұмбақ
    Адамға серік,
    Күзетте берік. (ит)
    Мысал сұрақтар
    - Ит қандай жануар?
    - Неге итті адамға серік дейді?
    - Қандай иттерді білесіңдер?
    - Иттен қандай жануар қорқады?
    - Иттің адамға пайдасы бар ма?

    8. Шыбынға бақылау
    Мақсаты: Балаларға шыбын туралы білім беру. Сұрақ-жауап қоя отырып сөздік қорларын молайту.
    Жұмбақ
    Ызыңдап ән салады,
    Лас жерге қонады. (шыбын)
    Мысал сұрақтар
    - Қазір жылдың қай мезгілі?
    - Далада не ұшып жүр?
    - Шыбын қандай жәндік?
    - Ол қандай жерлерге қонады?
    - Шыбынның адамға пайдасы бар ма?

    9. Араға бақылау
    Мақсаты: Балалардың ара туралы білімдерін бекіту. Сұрақ-жауап арқылы сөздік қорын, ой-өрісін дамыту.
    Жұмбақ
    Ұшады, қонады
    Гүлдерді бағады.
    Түр-түсі сары-ала
    Бұл не? (ара)
    Мысал сұрақтар
    - Далада не ұшып жүр?
    - Оның түр-түсі қандай?
    - Ара немен қоректенеді?
    - Араның тұмсығы қандай?
    - Араның адамға пайдасы бар ма?
    10. Инелікке бақылау
    Мақсаты: Балалардың инелік туралы білімдерін бекіту. Жәндіктерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Сөздік қорларын молайту.
    Жұмбақ
    Өзі төрт қанатты
    Және алты аяқты.
    Сонда да тік ұшақ
    Моделі секілді. (инелік)
    Мысал сұрақтар
    - Балалар инелік қандай жәндік?
    - Оның неше қанаты, неше аяғы бар?
    - Инелік неге ұқсайды?
    - Инелік қайда өмір сүреді?
    11. Қоңызға бақылау
    Мақсаты: Балалардың қоңыз туралы білімдерін бекіту. Сұрақ-жауап арқылы сөздік қорларын молайту, ой-өрісін дамыту.
    Жұмбақ
    Ұшқанда өлең айтады,
    Қонғанда жер қазады,
    Мұны ойлап көріңіз
    Шешімін кім табады? (Қоңыз)
    Мысал сұрақтар
    - Қазір жылдың қай мезгілі?
    - Қоңыз қандай жәндік?
    - Олар не үшін жер қазады?
    - Ұшқанда қандай өлең айтады?
    12. Тасбақаға бақылау
    Мақсаты: Балалардың тасбақа туралы білімдерін бекіту. Сұрақ-жауап арқылы сөздік қорларын дамыту. Тірі табиғатқа деген қамқорлық сезімге тәрбиелеу.
    Жұмбақ
    Асты тас, үсті тас
    Ортасында шындыр бас. (тасбақа)
    Мысал сұрақтар
    - Балалар тасбақа қайда өмір сүреді?
    - Ол немен қоректенеді?
    - Тасбақа өз жауларынан қалай қорғанады?
    - Ол суда өмір сүре







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Методическая разработка "Адаптация первоклассников"

Автор: СМАИЛКАНОВА АЙСУЛУ СЕРГЕЕВНВ

Дата: 14.02.2017

Номер свидетельства: 391730

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(202) "Методические рекомендации: «Адаптация первоклассников посещающих общеобразовательную и музыкальную школу »"
    ["seo_title"] => string(80) "metodicheskie_rekomendatsii_adaptatsiia_pervoklassnikov_poseshchaiushchikh_obshc"
    ["file_id"] => string(6) "613159"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1663392493"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(250) "Методическая разработка "Работа с родителями как необходимое условие эффективной организации адаптационного периода первоклассников""
    ["seo_title"] => string(135) "mietodichieskaiarazrabotkarabotasroditieliamikaknieobkhodimoieusloviieeffiektivnoiorghanizatsiiadaptatsionnoghopieriodapiervoklassnikov"
    ["file_id"] => string(6) "317633"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1460402926"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(198) "Методическая разработка тематического родительского собрания "Проблема адаптации первоклассника в школе" "
    ["seo_title"] => string(118) "mietodichieskaia-razrabotka-tiematichieskogho-roditiel-skogho-sobraniia-probliema-adaptatsii-piervoklassnika-v-shkolie"
    ["file_id"] => string(6) "212588"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1431875779"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "Методическая разработка: Первый раз в первый класс!"
    ["seo_title"] => string(55) "mietodichieskaia-razrabotka-piervyi-raz-v-piervyi-klass"
    ["file_id"] => string(6) "276696"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452777130"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(107) "Методический материал на тему "Адаптация первоклассников""
    ["seo_title"] => string(58) "mietodichieskiimatierialnatiemuadaptatsiiapiervoklassnikov"
    ["file_id"] => string(6) "336162"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1466932304"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства