Просмотр содержимого документа
«Ғылыми жоба "Диффузия".»
Ақжайық жалпы орта білім беретін мектебі
Зерттеу жұмысының тақырыбы:
«Біздің айналамыздағы диффузия»
Орындаған:Ермагамбетова Асылай –
8а сынып оқушысы
Жетекшісі:Айтлесова Н.Ж. – физика
пәнінің мұғалімі
2017-2018 оқу жылы
Мазмұны:
Кіріспе.
А) Диффузия дегеніміз не?
Ә) Диффузия құбылысының қатты денелерде, сұйықтарда және газдарда өтуі.
Негізгі бөлім.
А) Мен жасаған тәжірибелер.
Ә) Пайдалы кеңестер.
Қорытынды.
А) Диффузияның маңызы.
Ә) Диффузияның пайдасы мен зияны.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Зерттеу жұмысымның мақсаты:
Диффузияның қатты денелерде, сұйықтарда және газдарда жүру процесін зерттеу.
Диффузияның адамзатпен және табиғатқа маңызды, қажетті жақтарын анықтау.
Зерттеу жұмысымның міндеті:
Диффузия құбылысы туралы ақпарат жинақтау;
Диффузияның пайдасы мен зиянды жақтарын сипаттау;
Табиғаттағы диффузия құбылысын түсіндіретін бірнеше тәжірибе жасап, нәтижесін беру.
Зерттеу жұмысымның өзектілігі:
Диффузияның өсімдік, жануарлар және адам өміріндегі әсерін білу физика, биология және экология секілді ғылым салаларының арасындағы байланысты көрсетеді. Диффузия құбылысы күнделікті өмірде болып жатқан құбылыс. Қызығушылықпен бұл құбылыс жайында көбірек білгім келді.
Зерттеу объектісі –
қоршаған орта және адам.
Зерттеу нысаны –
диффузия құбылысы.
1. Бір заттың молекулаларының екінші заттың молекулаларының араларындағы бос орындарға өтіп, таралуындиффузиядеп атайды.
Диффузия қатты денелерде өте жай жүреді, сұйықтарда қатты денелерге қарағанда жылдамырақ, ал газдарда өте тез өтеді. Себебі: қатты дененің молекулалары мен атомдары өте жай қозғалады, ал сұйықтарда жылдамырақ, газдарда өте тез қозғалады.
Мен жасаған тәжірибелер
Тәжірибе №1. Шайы бар екі стаканға біреуіне суық су, екіншісіне ыстық су құямын. Сол кезде 6 сек ішінде шай ыстық суда тез еріп, су қою қызыл түске боялып, салқын су сарғыш түске боялады. Бұл сұйықтардағы диффузия құбылысы. Нәтижесі: ыстық судың температурасы жоғары болғандықтан, молекулалары мен атомдары тез қозғалып , диффузия тез жүреді. Ал салқын судың температурасы төмен болғандықтан, молекулалары мен атомдары жай қозғалып, диффузия жай өтеді.
Тәжірибе №2. Ыстық суы бар стаканға қант салсақ, ол ери бастайды. Шайға қарағанда жайырақ ериді, себебі қант қатты дене. Егер суды қасықпен араластырсақ, онда қант тез ериді. Себебі біз молекулалар мен атомдардың қозғалысын тездеттік. Қозғалыс тезірек болған кезде диффузия тез жүреді.
Тәжірибе №3.Калий перманганатының суда еруі. Бұнда диффузия құбылысы түгелімен 1 мин 30 сек-та жүрді.
Тәжірибе №4.Ас содасының суда және су мен сірке қышқылының қоспасындағы еруі.
Ас содасы судан гөрі су мен сірке қышқылының қоспасында тез ериді. Диффузия тез жүреді. Қоспада ас содасы 1-2 сек-та еріп кетеді. Себебі: сірке қышқылының молекулалары тез қозғалып, құбылыстың өтуін тездетеді.
Тәжірибе №5.
Брилиантты жасылды секерге тамызғанда, секер боялады. Бұл қатты денедегі диффузия құбылысының жүруі. Секер түгелдей боялмай, белгілі бір бөлігі ғана боялады. Себебі, қатты денелерде диффузия құбылысы баяу жүреді, қатты дененің ұсақ бөлшектері жай қозғалады.
Пайдалыкеңестер
Ал, бұршақ тез пісу үшін оған жарты шай қасық ас содасын саламыз. Нәтижесінде ас содасы бұршақ бөлшектерін тез қозғалысқа келтіріп, диффузия құбылысы тез жүреді.
Ет әдетте бір сағаттай піседі, оның пісу уақытын тездету үшін минералды су құямыз. Оның нәтижесінде диффузия құбылысы тез жүреді.
Пайдалы кеңестер
Су ағатын құбыр бітелген кезде, оны тазалау үшін бірінші ас содасын салып, арты-нан сірке қышқылын құяды. Сонда су еш кедергісіз тез ағып кетеді. Құбырдың бойындағы қоқыстар диффузия құбылысы-ның тез жүруінен жойылады.
3. Диффузия құбылысынан мынадай қорытынды туады:диффузия құбылысы денелердің температурасы жоғары болған жағдайда және молекулалары мен атомдары жылдам қозғалғанда тез жүреді.
Тұрмыста, табиғатта және адам мен жан-жануарлар әлемінде диффузияның пайдалы да, зиянды жақтары бар. Мысалы, ауадағы оттек суға диффузия арқылы өтетіндіктен ондағы жануарлар демалып, тіршілік ете алады. Нақ осы жолмен ауадағы оттек адам терісінен өтіп, оның организмін сауықтырады. Қоректік заттар диффузия арқылы адамдарға беріледі.
Диффузияның зиянды жақтарына келер болсақ, ауру тарататын микробтар, әртүрлі улағыш заттар адам организміне оңай сіңіп, зор зиян келтіреді.
Барлық жағдайда мен диффузия құбылысын байқадым.
Диффузия – бұл ерекше құбылыс. Диффузияның ұзақтығы заттың сипатына байланысты.
Температурада неғұрлым жоғары болса, жылдамырақ диффузия жүреді.
Мен бұл жұмысымда сұйықтар мен газдардағы, қатты денедегі диффузияны зерттедім.
Жасалған жұмыстардың негізінде адамның және жануарлардың өміріндегі диффузияның рөлі зор, бұл құбылыс болмаса, Жер бетінде өмір сүру мүмкін емес.
Бірақ бұл құбылыс жағымды жағымен қоса табиғатқа зиян келтіреді, біз адамдарға экологиялық проблемалармен күресуге, табиғатты қорғауға, жас кезімізден үлкен үлесімізді қосуымыз керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Прохоров А.М. Физический энциклопедический словарь. 1995 г.
2. Рыженков А. П.Физика Человек Окружающая среда. М.:Просвещение, 1996.
3. Энциклопедия для детей.Т.19. Экология: В 33 т./ Гл. ред. Володин В. А. – М.: Аванта +, 2004.