І кезең – «Үміткерлер сайысы»
- Табиғат жайындағы ғылымдардың бірі
- «Физика» сөзі қандай мағына береді?
- Заттың ең ұсақ бөлшегі?
- Судың көлемін өлшейтін құрал?
- Қиярды тұздау қандай құбылысқа негізделген?
- Заң ашуына алма себепкер болған ғалым?
- Температура дегеніміз не?
- Зат неден тұрады?
- Күн тобындағы ғаламшарлар
- Заттың қандай күйлері бар?
- Теңізде қандай тас жоқ?
- Динамометр
- Ареометрлер
- Деформация нешеге бөлінеді?
- Ауырлық күші мен салмақ бір шама ма?
Просмотр содержимого документа
«Жұмыс, қуат, энергия тарауын қайталау»
Тарауды қайталау(Жұмыс,Қуат,Энергия)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Физика пәні бойынша оқушылардың ой-өрісі мен танымдық белсенділіктерін ойын элементтерін пайдалану арқылы арттыру.
Дамытушылық: Оқушыларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа баулу.
Тәрбиелілік: Пәнге қызығушылығы мен ізденісін арттыра отырып, жауапкершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: «жұлдызды сағат» ойыны
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар,интертақта, компьютер, физикалық құралдар
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Зейінді шоғырландыру (дене мүшелерімен сандарды жазып шығу)
ІІ. «Жұлдызды сағат» ойынын бастау.
Кіріспе сөз: Құрметті, Ұстаздар мен балалар,
Біздерде де алғыр, білгір дана бар.
Бүгінгі «жұлдызды сағат» ойыны
Білімнің тұңғыш бастауы боп саналар.
Ашайық «жұлдызды сағат» беттерін
Тереңірек ұғынайық физиканың өткелін.
І кезең – «Үміткерлер сайысы»
Табиғат жайындағы ғылымдардың бірі
«Физика» сөзі қандай мағына береді?
Заттың ең ұсақ бөлшегі?
Судың көлемін өлшейтін құрал?
Қиярды тұздау қандай құбылысқа негізделген?
Заң ашуына алма себепкер болған ғалым?
Температура дегеніміз не?
Зат неден тұрады?
Күн тобындағы ғаламшарлар
Заттың қандай күйлері бар?
Теңізде қандай тас жоқ?
Динамометр
Ареометрлер
Деформация нешеге бөлінеді?
Ауырлық күші мен салмақ бір шама ма?
ІІ кезең – Суреттерді сөйлету(шамалардың анықтамасын айту)
Жұмыс Қуат
Энергия
ІІІ кезең – Ой толғаныс.
Әр топтан екі оқушыдан шығып,берілген шамалардың формуласын табу.
1-жұмыс
2-қуат
3-потенциалдық энергия
4-кинетикалық энергия
5-серіппенің потенциалдық энергия
6-механикалық энергия
ІҮ кезең - Мағынаны тану.Әр топқа есептер беріледі,плакатта орындап,тақтаға ілінеді.Әр топ бір-бірінің тапсырмасын тексеру.
1-топ. Ат арбаға 400Н күш түсіре отырып,0,8м/с жылдамдықпен оны бірқалыпты тартып келеді.Ат 1 сағатта қандай жұмыс істейді?
2-топ.Массасы 50кг бала,сатымен 30м биіктікке,10 минут ішінде көтерілген болса,баланың өндірген қуатын анықтаңдар.
3-топ. Массасы 100т ұшақ,200 м/с жылдамдық алып,10км биіктікке көтерілсе,ұшақтың жермен салыстырғандағы механикалық энергиясы қандай?
Ү кезең – Сергіту сәті.(көл,арал,пальма,бір шетіне мен және сен)
ҮІ кезең – Көсемдікке ұмтылу. Тәжірибе жасау.
ҮІІ кезең – Қорытындылау