Жай механизмдер-күшті түрлендіріп, қозғалыс бағытын өзгерту үшін қолданылатын құралдар. Жай механизмдерге мыналар жатады: иіндік, блок,шығыр, көлбеу жазықтық, сына т.б.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. (Тренинг соңында қатысушылар дөңгеленіп қолдарын ұстайды)
Оқушылар бірдей суреттер бойынша бөлінеді.
I.Kahoot! (Өткен сабақты қайталауға арналған сұрақтар)
Сабақтың ортасы
15 минут
II.Жаңа сабақ:
«Brainstorming»
Оқушылар видео материал арқылы жаңа сабақ жайында бастапқы түсінік алады.
Өз бетінше білім алу. Жаңа сабақ «Джигсо2» әдісі арқылы түсіндіріледі.(Оушылар мәтін арқылы жаңа сабақты өздері түсіндіреді)
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
Қосымша №1
механизм
механизм
mechanism
блок
блок
block
жылжымайтын блок
неподвижный блок
fixed block
жылжымалы блок
подвижный блок
fall block
көлбеу жазықтық
наклонная плоскость
inclined plane
тіреу нүктесі
точка опоры
fulcrum
момент
момент
torque
сына
клин
wedge
бұранда
отвертка
screwdriver
иіндік
рычаг
lever arm
Қосымша №2
Механизмдер
• Архимед деген кім?
Архимед – біздің заманымызға дейінгі шамамен 287-212 жылдар аралығында өмір сүрген математик әрі инженер. Ол математика ғылымына үлкен үлес қосқанымен, механикада ашқан жаңалықтарымен кеңінен танымал. Оның Екінші Пун соғысы кезінде Сицилиядағы Сиракузды римдіктердің шабуылынан қорғау үшін сан түрлі машиналар ойлап тапқандығы жайлы көптеген қауесеттер кездеседі.
Архимед туралы танымал оқиға – оның тәждің расында да таза алтыннан жасалғанын тәжді суға батырғанда, судың қанша көлемін ығыстырып шығаруын байқай отырып, анықтауы. Бұл үшін ғалым толтыра су құйылған ваннаға түскен кезде кенеттен туындаған ойды қолданды. Бұл оқиғаның болғаны жайлы ешқандай деректер болмаса да, ол өзінің жүзгіш денелер туралы зерттеулерінде гидростатиканың негізгі заңдарын ашып, жүзгіштік принциптерін түсіндірді.
Қосымша сұрақтар
Архимед бұрандасы дегеніміз не?
Архимед бұрандасы қуыс цилиндрдің ішіне орнатылған бұрандадан жасалған. Егер цилиндр көлбеу орнатылса, бұранда айналған сайын, су цилиндр бойымен жоғары көтеріледі. Архимед бұл құрылғыны кеме түбіндегі суды кетіру үшін ойлап тапқан деп есептелінеді, дегенмен қазіргі уақытта да Архимед бұрандасы көптеген қызметтер атқарады. Ол суды ағызу және ауылшаруашылық өнімдерін суландыру мақсатында, сонымен қатар сорғыға қарағанда аз бітелетіндіктен, тазарту құрылғыларында кеңінен қолданылады.
Неліктен иінтірек үлкен денелерді қозғалтуды жеңілдетеді?
Егер қысқа қашықтық көп күшті қажет етсе, иінтірек үлкен қашықтықта аз күшті қолдану әдісін ұсынады. Иінтірек адамдарға орнынан қозғалту мүмкін емес ауыр денелерді көтеруге көмектеседі. Архимед иінтіректі ойлап таппаса да, оның жұмыс жасау принципін түсіндірді.
Иінтіректің бірнеше түрлері бар, соның ішіндегі ең қарапайымы – 1-ші санатты иінтірек. 1-ші санатты иінтірекке әткеншекті жатқызуға болады. Егер жүк, әсер ететін күш түсетін нүктеге қарағанда, орталық нүктеге (тіреу нүктесі) жақын болса, онда жүкке түсетін ауырлық күші әсер ететін күштен көп болады. Бұл – ауыр денелерді көтеруге қолданылатын қарапайым иінтіректердің немесе денелерді ажыратуға қолданылатын сүймендердің жұмыс жасау принципі.
• Ұсынылатын фильмдер
- Иінтіректер, дөңгелектер, блоктар
Дөңгелекті қолданудың қандай артықшылықтары бар?
Домалау үйкелісі сырғанау үйкелісіне қарағанда әлдеқайда аз болатындықтан, дөңгелек пен ось жүктің оңай көшірілуіне мүмкіншілік береді. Дөңгелектер мыңдаған жылдар бойы қолданылып келеді. Дегенмен, кейбір өркениеттерде дөңгелегі бар көлік түрлерін алып жүре алатын қолға үйретілген ат секілді жануарлардың жетіспеушілігінен, дөңгелек шектеулі қолданыста болды.
Дөңгелектер жолдар бар жерде ғана кең қолданыла алады, себебі олар жұмсақ немесе кедір-бұдыр жерлерде шектеулі қолданысқа ие. Осындай жерлерде жүруге арналған заманауи көлік түрлері көлік салмағын тең дәрежеде бөлу үшін және кедергілерге төтеп беру үшін дөңгелектерді қолданады.
Біздің дәуірімізге дейінгі заманда адамдар өз еңбектерін жеңілдету үшін әр түрлі механизмдерді қолданған. Сол механизмдердің көмегімен адамның күшінен бірнеше есе артық күш алып отырған. 3 мың жыл бұрын ежелгі Египттегі Пирамидаларды салу үшін қажетті тас плиталарды орнынан жылжытып, жоғары көтеру үшін жай механизмдерді қолданған.
Күшті түрлендіріп, қозғалыс бағытын өзгерту үшін қолданылатын құралдар жай механизмдер деп аталады.
Біз өмірлік тәжірибеден білеміз, адам ауыр жүктерді орнынан қозғалта алмайды. Себебі оның түсіретін күші дененің ауырлық күшінен аз болғандықтан дене орнынан қозғалмайды. Бірақ иіндіктің ұзын иіні арқылы көтеруге болады.
Иіндік – қозғалмайтын тіреудің маңайында айнала алатын кез-келген дене.
Аз күшті, иіндіктің көмегімен, үлкен күшпен теңестіруге болады.
Көлбеу жазықтық.Қарапайым механикалық қондырғы, ауыр денелерді көлбеу бұрышпен жоғары көтергенде күштен ұтыс алу үшін қолданылады.
Сына- көлбеу жазықтықтың бір түрі, бұл призмаға ұқсайтын қарапайым механизм.
Бұранда — қарапайым механизм. Цилиндрдің айналасындағы көптеген көлбеу жазықтықтар жиыны.
Блок дегеніміз- өз өсінің төңірегінде айнала алатын,шетінде науасы бар доңғалақ тегершік. Блоктар жылжымалы және жылжымайтын болып екіге бөлінеді.
Жылжымайтын блок деп – жүк көтергенде айналу осі не жоғары, не төмен қозғалмайтын блокты айтамыз. Күштен ұтыс бермейді.
Жылжымалы блок деп – жүкпен бірге блоктың айналу осі де көтеріліп немесе төмен түсіп отыратын блокты айтамыз. Күштен 2 есе ұтыс береді.
Механиканың «Алтын ережесі»
Жай механизмдердің көмегімен күштен қанша есе ұтсақ, орын ауыстырудан сонша есе ұтыламыз. Жұмыстан ұтыста, ұтылыста бермейді.