Бұл сабақ жоспары тұрақты токтың жұмысы мен қуатына арналған. Үйге берілген тапсырмаларды тексеріп, жаңа сабақ түсіндіруге таптырмас сабақ жоспары. Есепке дейін қамтылған.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Тұрақты токтың жұмысы мен қуаты»
«Бекітемін»
Мұғалім: Наушек Г.
Күні: 12.02.2017
Сыныбы: 8
Пәні: физика
Сабақтың аты
§42 Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль –Ленц заңы
Сілтеме
Жоспар
Жалпы мақсаты
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль –Ленц заңы жайлы мағлұмат беру
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль –Ленц заңын күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету
Күтілетін нәтиже
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль –Ленц заңы жайлы мағлұмат алады
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль –Ленц заңын күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді.
Негізгі идеялар
А-электр өрісіндегі заряд орын ауыстырғанда атқарылатын жұмыс,q – заряд; U –кернеу.
Электр тогының жұмысы –ток күші, кернеу және жұмысты істеуге кеткен уақыттың көбейтіндісіне тең.
ХБЖ-де электр тогының жұмысы 1Дж=1Аּ1Вּ1с.
Токтың қуатын табу үшін өткізгіштегі ток күшін және кернеуді өлшеп, олардың көбейтіндісін табу керек.
ХБЖ-же қуат бірлігі 1Вт.
1Вт=1Аּ1В.
Өткізгіштердің қызуы олардың кедергілеріне тәуелді болады; өткізгіштің кедергісі неғұрлым үлкен болса, ол соғұрлым қатты қызады.
Джоуль-Ленц заңы:
Өткізгіш бойымен ток жүрген кезде, өткізгіште бөлінетін жылу мөлшері ток күшінің квадартына, өткізгіш кедергісіне және токтың жүру уақытына тура пропорционал болады:
Тапсырмалар
Жеке жұмыс
Топтық жұмыс
Жеке жұмыс
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру
Сәлемдесу
Түгелдеу
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Физикалық тест алу.
1.Тізбектеп қосуда қандай шама тұрақты болады?
а) I ә) U б) R
2. Параллель қосқанда ток күші қалай өзгереді?
а) I =0 ә) I = I1 + I2 б) I = I1 - I2
3. Тізбектеп қосқанда толық кернеу неге тең?
а) U = U1 + U2 ә) U = 0 б) U = U1 -U2
4. Параллель қосқанда тізбектің жалпы кедергісі қалай өзгереді?
а) артады ә) кемиді б) өзгермейді
5. Тізбектеп қосқанда тізбектің жалпы кедергісі неге тең?
а) R=0 ә) R = R1 + R2 б) R = R1 - R2
6. Параллель қосуда қандай шама тұрақты болады?
а) I ә) U б) R
7. Тізбектеп қосуда жалпы кедергісі қалай өзгереді?
а) артады ә) кемиді б) өзгермейді
8. Тізбектегі ток күші барлық жерде бірдей болса, өткізгіштер қалай қосылады?
Сонымен біз электр тогының бар екенін оның жылулық,химиялық,магниттік және биологиялық әсерлері бойынша білуге болады дедік. Осы әсерлер арқылы элкетр тогы,нақты айтқанда электр тогының көзі жұмыс жасайды.Мысалы ток өткенде өткізгіш қызады,соның салдарынан олардың ішкі энергиясы өседі.Ал өтзгіштің ішкі энергиясының артуы ток жұмысының есебінен жүреді, осы жұмысты есептейік. Сонда электр өрісі А=q*U жұмыс өндіреді.Ток күші I=q/t болғандықтан жұмыс мынаған тең: A=IUt
Тізбектің бөлігі үшін Ом заңына сүйеніп Токтың жұмысының өрнегін мыны түрде жазуға болады. A=I2Rt. Тізбектің бөлігіндегі токтың жұмысы ток күшінің кернеуге және жұмыс өндіруге кеткен уақытқа көбейтіндісіне тең.
Токтың жұмысы джоульмен (ДЖ) өлшенеді. 1ДЖ= 1А*1В*1с
ІІ.Токтың қуаты – Кез келген электр приборы – электр шамы,электр двигателі т.б. уақыт бірлігінде белгілі бір энергия тутынуға есептелген.
Сондықтан токтың қуаты деген ұғымның маңызы,токтың жұмысы ұғымымен қатар жүреді.,яғни бірін –бірі толықтыратын физикалық ұғымдар.
Токтың қуаты t уақыттағы ток жұмысының сол уақыт аралығына қатынасына тең шама;
P=A/t=IU=I2R=U2/R
ІІІ.Джоуль-Ленц заңы. Егер өткізгіш қозғалмаса, токтың барлық жұмысы өткізгішті қыздыруға жұмсалады. Сол кезде бөлінетін жылу мөлшері мынаған тең болады Q=A=I2Rt. Бұл формула Джоуль-Ленц заңын сипаттайды.
Өмірмен байланыстыру-Өндірісте,тұрмыста қолданыстағы электр приборларының жылуының мөлшері осы заңға негізделген. Заңның тұжырымдамасы: Өткізгіштегі токтың бөліп шығаратын жылу мөлшері ток күшінің квадратына,өткізгіш кедергісіне және электр тогының өту уақытына тура пропорционал
Бұл заңды тәжірибе жүзінде 1841 жылы ағылшын ғалымы Дж.Джоуль және 1843 жылыПетербург академигі Э.Х.Ленц ашқан. Сонымен электр тогының жылулық әсерін тусіндіретін заң Джоуль-Ленң заңы болды.
Элэктр тогының жылулық әсері тұрмыстық,өнеркәсіптік жылу қондырғыларында қолданылады.Олар электр шамдарында,өлшеу техникаларының аспаптарында,электрлік дәнекерлеуде,тағы да басқа көптеген қазіргі заманғы техниканың салаларында пайдаланылады.
ҮІ. Практикалық тапсырма. (3 топқа бөлініп беріледі)
Егер қалта фонары шамының кернеуі 3,5В,ал ток күші 0,28 А болса,ондағы электр тогы 5 минутта қандай жұмыс істейді?
Егер резистордағы ток күші10мА,ал кедергісі 1кОм болса, онда 10 минут ішінде қанша жылу мөлшері бөлініп шығады?
Кернеуі 400В электр двигателіндегі токтың күші 92А.Электр двигателінің орамындағы токтың қуатын анықтаңдар ?