kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?ра?ты токты? ж?мысы мен ?уаты. Джоуль-Ленц за?ы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Т?ра?ты токты? ж?мысы мен  ?уаты. Джоуль-Ленц за?ы. 

Саба?ты? ма?саты:

Студенттерге жетектеу с?ра?тар ?оя отырып, т?ра?ты токты? ж?мысы ж?не ?уаты, Джоуль- Ленц за?ы туралы т?сінік беру.     

Саба?ты? міндеттері:        

?т?ра?ты токты? ж?мысы мен ?уатыны?  физикалы?    ма?ынасын ашу,                формуласын ?орыту ж?не есептер шы?ару жолдарын ?йрету

?студенттерді? ой-?рісін, шы?армашылы? ж?не танымды? ?абілеттерін                                            дамыту                 

??з бетінше жеке ж?мыс жасау?а, жауапкершілікті сезіне білуге, ?зіндік         шы?армашылы? ізденімпазды??а т?рбиелеу

Саба?ты? типі: жа?а білімді ?алыптастыру

Саба?ты? ?дісі: с?ра?- жауап, баяндау-т?сіндіру, есептеу, логикалы? ойлау                                 

П?н аралы? байланыс: математика,сызу,информатика

К?рнекі  ??ралдар :проектор, экран, слайдтар топтамасы, электронды о?улы?,       т?жірибеге ?ажетті ??рал-жабды?тар                              

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?ра?ты токты? ж?мысы мен ?уаты. Джоуль-Ленц за?ы»


М.Тынышпаев атындағы ҚазККА

Ақмола колледжі

Физика пәні оқытушысы

Тулегенова Сабиткул Кожахметовна



Ашық сабақтың әдістемелік жоспары

Пәні: Физика

Тақырыбы: Тұрақты токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы

Сабақтың тақырыбы: Тұрақты токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы.

Сабақтың мақсаты:

Студенттерге жетектеу сұрақтар қоя отырып, тұрақты токтың жұмысы және қуаты, Джоуль- Ленц заңы туралы түсінік беру.

Сабақтың міндеттері:

●тұрақты токтың жұмысы мен қуатының физикалық мағынасын ашу, формуласын қорыту және есептер шығару жолдарын үйрету

●студенттердің ой-өрісін , шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту

●өз бетінше жеке жұмыс жасауға , жауапкершілікті сезіне білуге , өзіндік шығармашылық ізденімпаздыққа тәрбиелеу

Сабақтың типі: жаңа білімді қалыптастыру

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, баяндау-түсіндіру, есептеу, логикалық ойлау

Пән аралық байланыс: математика,сызу,информатика

Көрнекі құралдар :проектор, экран, слайдтар топтамасы, электронды оқулық, тәжірибеге қажетті құрал-жабдықтар

«Көзге елестеткен мың ойдан,

қолмен істеген бір іс артық»

(М.В.Ломоносов)

Сабақтың барысы



І. Ұйымдастыру кезеңі:

Студенттерді түгендеп, зейінін сабаққа аудару. Студенттердің білімін бағалау

үшін бағалау белгілері (толық жауап үшін жұлдызша - 5, толық емес жауап үшін

төртбұрыш - 4, орташа жауап үшін үшбұрыш - 3) беріледі

II. Үй тапсырмасын сұрау:

1.Жедел сұрақтар ( миға шабуыл )

1.Ток күші дегеніміз не?

2.Электр қозғаушы күш дегеніміз не?

3.Тізбек бөлігі үшін Ом заңы

4.Өткізгіштерді тізбектей жалғау заңдылықтары

5.Өткізгіштерді параллель жалғау заңдылықтары

6.Толық тізбек үшін Ом заңы

2. Есеп жарыс

№ 805. Шамды ЭҚК-і 1,5 В-қа тең элементтен қоректендіргенде тізбектегі ток күші 0,2 А-ге тең болады. Элемент ішіндегі 1 минуттағы бөгде күштердің жұмысын табыңдар.

№ 806. ЭҚК-і 12 В-қа тең және ішкі кедергісі 1 Ом ток көзіне кедергісі 5 Ом-ға тең реостат қосылған. Тізбектегі ток күшін және ток көзінің қысқыштарындағы кернеуді табыңдар.

№ 809. ЭҚК-і 30 В-қа ішкі кедергісі 2 Ом-ға тең ток көзіне электромагнитті қосқанда ток көзі қысқыштарындағы кернеу 28 В болған. Тізбектегі ток күшін табыңдар. 5 минутта ток көзінің бөгде күштері қанда й жұмыс атқарады?

ІІI. Жаңа сабақ

Теориялық бөлім:

1.Электр тогының жұмысы

Сонымен біз электр тогының бар екенін оның жылулық, химиялық, магниттік

және биологиялық әсерлері бойынша білуге болады дедік. Осы әсерлер арқылы

электр тогы, нақты айтқанда электр тогының көзі жұмыс жасайды. Мысалы ток

өткенде өткізгіш қызады, соның салдарынан олардың ішкі энергиясы өседі. Ал

өтзгіштің ішкі энергиясының артуы ток жұмысының есебінен жүреді, осы

жұмысты есептейік. Сонда электр өрісі А=q*U жұмыс өндіреді.Ток күші I=q/t

болғандықтан жұмыс мынаған тең: A=IUt Тізбектің бөлігіндегі токтың

жұмысы ток күшінің кернеуге және жұмыс өндіруге кеткен уақытқа

көбейтіндісіне тең.

Тізбектің бөлігі үшін Ом заңына сүйеніп токтың жұмысының өрнегін мына

түрде жазуға болады. A=I2Rt формуласын өткізгіштерді тізбектей қосқанда

пайдалану қолайлы, себебі бұл жағдайда барлық өткізгіштердегі ток күші бірдей.

Параллель қосуда A=U2t/R формуласын пайдалану қолайлы, себебі барлық

өткізгіштердегі кернеу бірдей.

Токтың жұмысы джоульмен (Дж) өлшенеді. 1Дж= 1А*1В*1с Көбіне жұмыс

ватт-сағатпен немесе киловатт-сағатпен өрнектеледі Втсағ= 3600 Дж

1 кВт сағ=103 Вт сағ=3,6 106 Дж

2.Токтың қуаты

Кез келген электр аспабы– электр шамы,электр двигателі т.б. уақыт

бірлігінде белгілі бір энергия тұтынуға есептелген.Сондықтан, токтың

жұмысымен қатар токтың қуаты деген ұғымның да маңызы зор,яғни бірін –бірі

толықтыратын физикалық ұғымдар.

Токтың қуаты t уақыттағы ток жұмысының сол уақыт аралығына қатынасына

тең шама;

P=A/t=IU=I2R=U2/R

Аспаптардың көпшілігінде олардың тұтынатын қуаты көрсетулі болады.

Қуаттың өлшем бірлігі Вт, 1Вт=Дж/сек, бұдан Дж=1 Вт сек

3.Джоуль-Ленц заңы.

Егер өткізгіш қозғалмаса, токтың барлық жұмысы өткізгішті қыздыруға

жұмсалады. Сол кезде бөлінетін жылу мөлшері мынаған тең болады

Q=A=I2Rt

Бұл формула Джоуль-Ленц заңын сипаттайды.

Өндірісте,тұрмыста қолданыстағы электр приборларының жылуының мөлшері осы заңға негізделген. Заңның тұжырымдамасы

Өткізгіштегі токтың бөліп шығаратын жылу мөлшері ток күшінің квадратына,өткізгіш кедергісіне және электр тогының өту уақытына тура пропорционал.

Бұл заңды тәжірибе жүзінде 1841 жылы ағылшын ғалымы Дж.Джоуль

және 1843 жылы Петербург академигі Э.Х.Ленц ашқан. Сонымен электр тогының

жылулық әсерін түсіндіретін заң Джоуль-Ленц заңы болды.

ІY. Жаңа сабақты бекіту

1.Теориялық есептер

1.Қалта фонарына арналған шам астында 3,5 В, 0,28 А жазылған. Жұмыс

режиміндегі тұтынылатын қуатты табу керек.

2.Қыздыру шамының кернеуі 220 В, ал ток күші 0,28 А болса, ондағы электр

тогы 5 минутта қандай жұмыс істейді?

3.Кедергісі 1кОм резисторды кернеуі 100В тізбекке қоссақ,онда 10 минут ішінде қанша жылу мөлшері бөлініп шығады?

2.Тәжірибелік есептер – электр құралдарын пайдалану арқылы

1. Қарапайым электр лампысынан тұратын тізбек жинап ,атқарған жұмысты табу керек

2.Қуаты 100 Вт электр шамы күніне 6 сағ. жанады. 1 ай (30 күн) ішіндегі токтың атқарған жұмысын тап, 1 кВт*сағ біздің қалада 8 теңге тұрады?

3.Әр студент үйдегі электр есептеуіштің берілгені бойынша бір айда тұтынған энергияның құнын есептеп шығару керек

4.Магистраль электровоздардың тұрақты тогының келтірілген техникалық мәліметтері бойынша желіден тұтынған қуатты Р табындар


Марка

Көрсеткіш

ВЛ8жүк таситын

ВЛ10жүк таситын

ЧСЗ жолаушы таситын

Түйісетін желі

кернеуі, U, кВ

3

3

3

Бір двигательдің

ток күші, I, A

190

232

247

Двигательдер

саны, n

8

8

4


V.Жаңа сабақты қорытындылау:

Тест жұмысы арқылы бірін-бірі тексеру

1.Ток жұмысын есептейтін құрал:

А) Ваттметр Ә) Спидометр Б) Амперметр В) Электр санауыш

2.Қуаты 0,25 кВт электр двигатель 1000 Дж жұмыс жасау үшін кеткен уақыт:

А) 40с Ә) 4c Б) 25с В) 2,5c

3.Қыздыру шамы баллонында 220В; 60 Вт деп жазылған.Жұмыс режиміне

сәйкес ток күші:

А) 0,47A Ә) 0,17A Б) 0,27А В) 0,37А

4.Электр қуатының формуласы:

А) N=A/t Ә) N=mgh/t Б) P=UI В) P=mv


VI.Рефлексия

- Жаңа тақырыпты қалай меңгердіңдер?

- Сабақта сендерді не қызықтырды?

- Бүгінгі алған білімдерің өмірде қажет бола ма?

VІI.Студенттерді бағалау Студентердің жауабына сәйкес жинаған бағалау белгілерінің (жұлдызша-5,төртбұрыш-4,үшбұрыш-3) қортындысы бойынша алған бағаларын журналға қою. Сабаққа белсене қатысқан студенттерді атап өту.

VІІI. Үйге тапсырма: Б.Кронгарт және т.б. Физика 10-сынып 9.7-9.8,

19 жаттығу 1,2




















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Т?ра?ты токты? ж?мысы мен ?уаты. Джоуль-Ленц за?ы

Автор: Тулегенова Сабиткул Кожахметовна

Дата: 14.04.2016

Номер свидетельства: 318619


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства