Құрал жабдықтар:электорскоп,электорфор машинасы,шыны және эбонит таяқша,султан қағазы.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын тексеру.
Кристалдардың негізгі қасиеті ата?
Аморфты денелердің кристалдардан айырмашылығы?
ІІІ. Жаңа сабақ
Жаңа сабақтың мақсатын қою(өзім айтып берем)
Электродинамика – физиканың зарядталған денелер мен бөлшектерінің арасындағы өзара әрекетті іске асыратын материяның ерекше түрі – электр өрісінің заңдылықтарын және қасиеттерін зерттейтін бөлімі.
Макроскопиялық дене электр зарядына ие болу үшін теріс зарядтың белгілі бір бөлігін онымен байланысқан оң зарядтардан бөліп алу керек. Осы процесті электрлеу деп атайды.
Электрлеу кезінде электр зарядының ешқайдан алынбайтыны және ешқайда іс-түссіз жоғалмайды. Ол бір денеден екінші денеге өтеді, ал тұйқ жүйедегі денелердің толық заряды өзгермейді.
q1+ q1+ q1+... qn=const
Кулон заңы: вакуумдағы қозғалмайтын екі нүктелік зарядтың өөзара әрекеттесу күші зарядтар модулінің көбейтіндісіне тура пропорционал және олардың ара қашықтарының квадратына кері пропорционал. Бұл күш осы зарядтарды қосатын түзу бойымен бағытталады.
к=9·109Н·м2/Кл2
ε0=8,85·10-12Кл2/Н·м2
Кулон-бірлік уақыт ішінде өткізгіштің бірлік көлденең қимасының ауланы арқылы
1 А ток күшіне тең ток жүрген кезде өтетін заряд.
1Кл=1А·с
ε – ортаның салыстармалы диэлектрлік өтімділігі (епс0 мен епс айырмашылығы)
ε =Ғ0/Ғ=const
Ортаның диэлектрлік өтімділігі бұл затттың элеткрлік қасиетін және зарядтардың берілген ортадағы өзара әрекеттесу күші вакуумдағы өзара әрекеттесу күшінен неше есе аз болатынын көрсететін физикалық шама.
Суперпозиция қасиеті:
Ғ=Ғ1+Ғ2+Ғ3+...Ғn
Электр өрісі – электрмагниттік өрістің дербес бір түрі. Ол электр зарядының айналасында немесе бір уақыт ішіндегімагнит өрісінің өзгерісі нәтижесінде пайда болады. Электр өрісінің магнит өрісінен өзгешелігі – ол қозғалатын да, қозғалмайтын да электр зарядтарына әсер етеді. Электр өрісінің бар екендігін оның қозғалмайтын зарядқа әсер ететін күші бойынша байқауға болады