Просмотр содержимого документа
«открытый урок "физика и химия"»
Күні: 21.10.2016 ж
Класы: 9 «А», 9 «Ә», 9 «Б», 9 «В»
Тақырыбы: «Физикалық-Химиялық құбылыстар әлеміне саяхат» сайыс сабағы
Мақсаты :
Білімділік: Оқушылардың физика және химия пәнінен алған білімін нақтылап, оны өз дәрежесінде көрсете білу.
Дамытушылық: Оқушының шығармашылық қабілетін қалыптастыра отырып, іскерлі, ізденімпаз, интеллектуалды қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру
Тәрбиелік : Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершілігін жетілдіру,біліміне деген сенімін арттырып үлкен жетістіктерге жетуіне тәрбиелеу;
Көрнекілігі: интерактивті тақта, карточкалар, презентациялар, химиялық және физикалық құрал-жабдықтар;
1-жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме, физикалық және химиялық сайысқа қатысушы сайыскерлеріміз, аяулы ұстаздарымыз, мектеп оқушылары!!Бүгін 9 сыныптар аралығында физика және химия пәнінен өткелі тұрған «физикалық және химиялық құбылыстар әлеміне саяхат» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Халқымызда жақсы бастама жалғасын тапса, сәтті болғаны деп жатады ғой. Ендеше, бүгінгі күн көпшілік қатысып отырған, сайысымыз сіздердің көңілдеріңізден шығып, қуанышқа бөлесе, жарқын бастамаға ұйытқы болған біздер де қуанарымыз әбден анық.
1-Жүргізуші:
Бәріңізге бір сәлем
Онда кешті бастайық.
Бәріміз асып-саспайық
Сөз кезегін келесі
Қатысушыларға тастайық.
Кеште өздеріне арналған
Топтар шықса бастайық.
2-Жүргізуші:
Олай болса сайысымызға қатысқалы отырған топтар:
1-топ
2-топ
Сайысымыздың турларымен таныс болайық:
Сайыстың барысы:
І тур. «Таныстыру» - әр топ өзінің мүшесін және командасын таныстырады
ІІ тур. «Сырлы сауалдар» (талас сұрақтар)
ІІІ тур «Ойлы болсаң, озып көр» (есептер шығару)
ІV тур «Кім тапқыр?»
V тур «Қалжыңы мен әзілі аралас cұрақтар?» - сұрақ-жауап
VI тур «Мақал – мәтелдер»
VII тур «Жұмбақтарды шешіңдер»
VIII тур «Сиқырға толы тәжірибелер» - зерханалық жұмыс орындау
2 – жүргізуші: ІІ тур. «Сырлы сауалдар » -әр дұрыс жауапқа 1 балдан беріліп отырады.
1-топқа берілетін сұрақтар:
1.Қыстыгүні қай үй жылы болады: ағаштан соғылғаны ма,әлде кірпіштен соғылғаны ма?(кірпіштен соғылған үй)
2. Алғаш рет химиктер оны көк аспан ауасы, өмірдің негізі ауасы деп атаған, ал қазір біз оны қалай атаймыз? (оттегі)
3.Желдеткіштен шыққан ауаның қатты ағыны суық болады.Осы ағында балмұздақты ерітпей сақтауға бола ма?(жоқ)
4.Қыстыгүні қандай аяқ киімнен аяқ тез тоңады: кең аяқ киімнен бе,әлде тар аяқ киімнен бе?(тар аяқ киім)
5.Оңтүстік ендіктерде тұратын халықтардың аптап ыстықта сенсең бөрік пен мақтадан сырып тігілген шапан киетіндері неліктен?(ыстық өткізбейді)
6.Жаздыгүні қандай түсті көйлек кисең ыстықтамайсың?(ақ түсті)
7.Қай темірде жылу жақсы өтеді темірде ме, әлде қорғасын да ма?(қорғасын)
2-топқа берілетін сұрақтар:
1.Айдың бетінде тұрып «аққан жұлдыздарды» көруге бола ма? (ия)
2.Сарқыраманың қай жерінде судың температурасы жоғары?(жоғары)
3. Альпинистер жоғары биіктікте тамақ дайындады, уақыты жеткенмен бірақ тамағы піспеді. Не үшін? (ауа сирек болады, от жанбайды)
4.Сынапты термометрмен бір тамшы ыстық судың температурасын өлшеуге бола ма?
5. Ежелгі грек ертегісіндегі батырдың атына сәйкес элемент?
6. Тайқазан 7 металдан құйылған, ол қандай металдар?
7. Бұл затты тамақпен уланғанда дәрі түрінде қолданады, оны қайыңды ауасыз жерде қыздыру арқылы алып, одан әрі өңдейді. Бұл қай дәрі?
1-Жүргізуші: ІІІ тур. «Ойлы болсаң, озып көр (есептер шығару)»-әр топқа 2 есеп беріледі. Дұрыс есепке 1 баллдан койылады.
1-топқа:
Күйтабақта ине 0,27 Н күшпен әрект етеді. Егер иненің ұшының ауданы 0,0003см2 болса, онда күйтабаққа түсіретін қысым? (9*106 Па)
250 г суды 50С қыздыру үшін қаншы жылу мөлшері керек? (5,2Дж)
2-топқа:
Массасы 3 кг, ал көлемі 200 см3 металдың тығыздығын есепте? (0,0006кг/м3)
100 кг антрацит толық жанғанда қанша жылу мөлшері шығады? λ=3*107Дж/кг (3*109 Дж)
ІҮ тур «Кім тапқыр? » - әр дұрыс жауапқа 10,20,30 балдан беріліп отырады.
V-тур бойынша «Қалжыңы мен әзілі аралас cұрақтар». әр дұрыс жауапқа 1 балдан беріліп отырады.
1.Үзіліс кезіндегі екі оқушының соқтығысуының арасындағы аралық неге тең ?(Еркін жүру жолының ұзындығына тең)
2. Қандай «кулонды» мойынға тағуға болмайды ? (Электр зарядының бірлігі – Кулонды)
3.Кез – келген адамның ала алмайтын сыйлығы? (Нобель сыйлығы)
4.Қандай «Бормен» тақтаға жазуға болмайды ?(Оге Бор атом ядросының құрылысы теориясын жасаған ғалым)
2-Жүргізуші:
VI тур. «Мақал – мәтелдер (сәйкестендіру)»-тапсырмалар орындау. Әр жауап 1 балл.
1-топқа:
1. Жеті рет өлшеп бір рет кес Диффузия
2. Көсеу ұзын болса қол күймес Физикалық шаманы өлшеу
3. Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді Жылу өткізгіштік
4. Отқа салса темірде балқиды Жылдамдық
5. Аттыға жаяу жолдас болмас Заттың агрегаттық күйі(балқу)
6.Дән себілмей астық өнбейді Булану конденсация
Дария буланбай шық түспейді
2-топқа:
1. Қарыстан сүйем жақын Жылу өткізгіштік
2.Тонның жылуы терісінен емес жүнінен Физикалық шама
3. Қимылдаған қыр асар Заттың агрегаттық күйі
4.Таумен тасты су бұзар
Адамзатты сөз бұзар Механикалық қозғалыс
5. Аяқ сүрінсе басқа салмақ түсер Жылдамдық
6. Шапшаң озар
Жатқан қалар Инерция
1-жүргізуші:
Ойын-толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыста
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста, деп келесі турымыз VI I «Жұмбақтар шешіңдер». Әр дұрыс жауапқа 1 балл беріледі!
1. Осы затпен ескі үйді аластайды. Түсіне қарасаң алтынға ұқсайды. (күкірт) 2. Бірінші буыным жалқы есімге қойылатын сұрақтан тұрады, екінші буыным сан есім. Өзім қай элементпін? (HeOH) 3. Бірінші буыным тасқын су, екіші бөлігім мал құлағына салынатын белгі. Қандай химиялық элементпін? (Селен) 4. Бірінші бөлігім көп емес, екенші бөлігім тілсіз жау деген мағынада, химиялық қай элементпін? (Азот) 5. Құрғақ жерде сақтайсың, Онсыз тамақ татпайсың(ТҰЗ)
VIII. «Сиқырға толы тәжірибелер» - 2 топтың ойыншысы 2 конвертті таңдайды.
Дұрыс жасалған тәжірибеге - 10 ұпай.
«А» конвертінің тапсырмасы:
Қажетті заттар: шикі жұмыртқа,
суы бар стақан, бірнеше қасық ас тұзы
Тапсырма: 1. Суы бар стақанға
жұмыртқаны ептеп, қасықпен сал.
Не байқалады?
Жұмыртқа стақан түбіне дейін
түседі, яғни батады.
Себебі: Жұмыртқаның тығызыдығы
судың тығыздығынан артық.
«B» конвертінің тапсырмасы:
1. Жұмыртқаны стақанның ішінен ал,
стақанға 10 шәй қасық тұз сал, толық
ерігенше араластыр. Енді жұмыртқаны
стақанға ептеп сал.
Не байқалады?
Жұмыртқа жоғары қарай қалқып
шығады, яғни батпайды.
Себебі: тұзды судың
тығыздығы жұмыртқаның
тығыздығынан артық, сондықтан
да жұмыртқа
«Көрермендердің көрімдігі» атты айдарымызға кезек берейік:
Физика сөзінің мағынасы Жауабы: Табиғат 2.Механикалық қозғалыс дегеніміз не? Жауабы:Уақыттың өтуімен дененің басқа денелерге қатысты кеңістіктегі орнының өзгеруі 3.Жер төңкергіш ғалым Жауабы: Архимед 4.»Физиканың оң қолы химия болса,математика оның көзі» деген ғалым Жауабы: М.В.Ломоносов 5. Ғылымда эксперименттік зерттеу әдісін алғаш рет қолданған ұлы итальяндық физик және астроном Жауабы: Галилео Галилей 7. Галилей 30 есе ұлғайтатын алғашқы телескопты қай жылы құрастырды? Жауабы: 1609 жылы
. Өнеркәсіптің негізгі металы? 2. Металдардың кернеу қатарын кім жасады? 3. Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл? 4. Азотты ашқан ағылшын ғалымы? 5. Қай элементтің таңбасы айдаһар бейнесіне ұқсайды? 6. Индекс, коэфициент нені көрсетеді?
1-жүргізуші:
Алдыңызда жайнаған жүздер әні
Сіздермен кезедесерміз біздер әлі
2-жүргізуші:
Әділқазы, көрермен сау тұрыңдар
Күтеді бізді жарқын күндер әлі – дей келе бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.