Сәлеметсіздер ме?
Құрметті оқушылар ! Бүгінгі болатын «Кім жылдам?» атты сайысымызға хош келдіңіздер.
Бүгінде физика барлық жерде,
Құрылыста, техникада, өндірісте.
Сырларын бұл ғылымның біліңдер,
Шәкірттер, зерделікпен үйреніңдер.-деп сайысымызды бастайық.
Ортаға 7, 8- сынып оқушыларын шақырайық.
Мақсаты:Оқушылардың пән бойынша алған білімдерін пысықтау, өз ойларын жеткізе білуге дағдыландыру және пәнге деген ынтасын дамыту.
Сайысымызды бастамас бұрын
Алдарыңызда бұл тұрғандар
Білім жолын қуғандар
Қателесе көрмеңіздер
Әділ баға беріңіздер,- деп әділ-қазылар алқасын сайлайық.
1.
2.
Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан қойылады.
Ал енді «Ойлан,тап» атты сайысымыз мынадай кезеңдерден тұрады:
«Таныстыру»
«Бәйге»
«Шапшаңдық»
«Дұрыс жолды таңда»
«Ойлан,тап»
«Кім жылдам?»
«Таныстыру» Екі топ топтың атын,эмблемасын және ұранын құрастырып таныстырады.
Қазақпыз ғой бәйге десе қозатын
Қосатұғын күрең атын боз атын.
Басталады «Бәйге» атты жарысың.
Шықсын шәкірт шыңдарға қол созатын
2. «Бәйге» сұрақ-жауап сайысы
1.Астрономия нені зерттейді? (аспан денелерін)
2.Күштің өлшем бірлігі? (Ньютон)
3.Заттың неше күйі бар? (3 күйі бар;газ,сұйық, қатты )
4.Тұңғыш ғарышкер кім? (Т.Әубәкіров)
5.Заттың тығыздығының формуласын ата? (ρ=m/v)
6.Ағаш зат па, әлде дене ме?(Зат)
7.Галилео Галилей қай елдің ғалымы? (Итальян ғалымы)
8.Қандай өлшеуіш құралдарды білесіңдер?(таразы,сызғыш, мензурка ж/е т.б)
9.Күн жүйесінде неше планета бар?(Олар:9 Жер, Меркурий,Плутон,Нептун,Уран,Шолпан,Марс, Сатурн,Юпитер.)
10.Көкөністерді, балықты және басқадай азық-түлікті тұздау қандай құбылысқа негізделген?(диффузия құбылысы)
11.Термометрмен нені өлшейді? (дененің жылулық күйін сипаттайды)
12.Жылдамдықтың формуласы ?(υ=S/ t)
13.Физика қай тілден шыққан ,қандай мағынаны білдіреді?(Гректің «фюзис» «табиғат» деген мағынаны білдіреді)
14.Деформация деп қандай құбылысты айтамыз?(дененің пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруін айтамыз)
15. Инерция сөзінің мағынысы (әрекетсіздік)
16.Атом құрылысын ашқан ғалым кім?(Резерфорд)
17.Энергияның қандай түрлері бар? (кинетикалық және потенциалдық энергиялар )
18.Жұмыстың өлшем бірлігі (Джоуль)
19.Ауырлық күшінің формуласы қандай? (Ғ = mg)
20.Будың сұйыққа айналу құбылысы? (конденсация)
21.Ток күшінің өлшем бірлігі ( Ампер)
22.Сұйықтар мен газдарға түсірілетін қысымның барлық бағытта таралатындығын ашқан ғалым кім ?(Блез Паскаль)
23.Кернеуді өлшейтін құралды қалай атаймыз? (Вольтметр)
24.Жылу мөлшері қандай әріппен белгіленеді?(Q -ку)
25. Қысымның қандай еселік бірліктерін білесің? (гПа,кПа,МПа)
26.Денелердің массаларын өлшеуге арналған құрал?(таразы)
27.1кНда неше Н бар? (1000 Н)
28.Күшті өлшейтін құрал? (Динамометр)
29. Дененің қалдырған ізі (траектория)
30. 36 км/сағ қанша м/с бар (10 м/с)
3. «Шапшаңдық» сайысы
1.Мына сөздердегі әріптерді өзгерту арқылы физикалық шамаларға ауыстыр. Дұрыс жауабы:
Керуен 1.Кернеу
Мысық 2.Қысым
Самса 3.Масса
Тауық 4.Уақыт
2.Төмендегі сөздерден заттарды немесе химиялық элементтердің аталуын жаз:
Дұрыс жауабы:
ЛАТЫН 1)Алтын
СЫМ 2)Мыс
МҮКІС 3)Күміс
ЫНСАП 4)Сынап
3.Мына физикалық шамаларға қарап ретімен орналастыр:
Көлем, ток күші, температура, масса. Дұрыс жауабы:
1)амперметр мензурка
2)термометр амперметр
3)таразы термометр
4)мензурка таразы
4.“Дұрыс жолды таңда”
1. Физикалық шамаларға жатпайды
Масса, жылдамдық, уақыт, гүл, ағаш, күш, газ, тығыздық, салмақ, аудан.
2 . физикалық құралдарға жатпайды:
Таразы, мензурка, сызғыш, сұйық, динамометр, спидометр, білеуше, термометр.
3. Өлшем бірлік емес:
Уақыт, Ньютон, м, кг, с,масса.
5.«Ойлан тап» сайысы (жұмбақ шешу)
1.Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр,
Дабылдап дабылын ол қағып тұр
От жағып ,дабыл қағып тұрғанында
Сабалап төмен қарай су ағып тұр. (Жаңбыр,найзағай, физикалық құбылыс)
2.Сатайын десем ауыр кілем ,
Сатпайын десем тәуір кілем . (жер, планета)
4.Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа,заттың газ күйі)
5.Көкке қараған , жұлдыз санаған (Телескоп, аспан денелерін зерттейтін құрал)
6.Қос сүрлеу бар жолымда
Екі қамшы қолымда.
Міндім де екі арғымақ .
Таудан түстім қарғып –ақ . (шаңғы,сырғанау, уйкеліс күші)
7.Алтын теңге кетеді,
Күміс теңге келеді. (күн мен ай,табиғи жарық көзі)
8.Отқа жанбас,суға батпас. (мұз, заттың қатты күйі)
9.Тұмсығымен қозғалар
Соңында аппақ із қалар. (бор, жұғу құбылысы)
10.Табаныма байлады
Қос таяқпен айдадым. (шаңғы, сырғанау,үйкеліс күші)
11.Жылт-жылт етеді,
Жылғадан өтеді. (су, заттың сұйық күйі)
12.Жоқ өзінде бас та, қаста, мойында,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш,өлшеуіш құрал )
13.Аспандағы алып доп,
Жарқырайды жарық боп. (Күн ,жарық көзі)
14.Тар шеңберді айналып,
Тұр құдықта байланып,
Қаға берер таңдайды.,
Әдетінен танбайды. (сағат, құрал)
6.«Кім жылдам?»сайысы (формулалар жазу)
Ендігі сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз.
Сайыста белсене қатысқан оқушыларымызды ------------------- марапаттаймыз.
Осымен бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.Хош сау болыңыздар.